Топтардың даму деңгейі

Жоспары.

  1. Бедел жетекшінің міндетті қасиеті.
  2. Ассоциоция, корпороция.Жетекшілік іріктеу құралы.

3.Композициялық топ. Топтар арасындағы қарым – қатынас. Топтың жеке тұлғаға жағымсыз әсері.

4.Конфоризмнің пайда болуы. Оқушылар арасындағы әлеуметтік көзқарас.

  1. Балалар топтарындағы өзара қатынастарын қалыптастырудың қоғамдық тарихи маңызы.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Негізгі:

  1. Ярошевский М.Г. История психологии. 3-е изд. М., 1985, стр. 573

2.Ярошевский М.Г. Психология в XX столетин. М, 1971.стр. 367

Қосымша:

3.Анцыферова Л.И. Материалистические идеи в зарубежной психологии. М. Наука. 1974.

4.Большоков В.В. Очерки истории русской психологии Нижнии Новгород 1994

5.Будилова Е.А. Социално – психологические проблемы в русской науке М,1983

6.История зарубежной психологии МГУ1986

7.История советской психологии труда МГУ 1983

8.Кузьмен Е.С., Якунин В.А. Развитие психологии внутри естествознания ЛГУ 1985

9.Логинова Н.А. , Ананьев Б.Г. выдающиися ученый в истории отечественной психологии. А, 1999

10.Петровскии А.В. Вопроси истории и теории психологии М,1984

Лекция мәтіні.

Лидердің негізгі қызметі – біріккен іс — әрекетті өмірдің түрлі салаларында қолданып, топтың басқа топпен өзара қарым – қатынасын жақсарту, топтың іс — әрекет нәтижелерінің сапасын өз мойнына алу, топтағы жағымды әлеуметтік психологиялық қарым – қатынасты орнату мен қалыптастыру. Лидерліктің екі түрін бөліп көрсетуге болады:

лидер

Қазіргі кезеңде лидер болуға қажет бірқатар психологиялық қасиеттер көрсетіледі:

  1. Интеллект
  2. Білімге құштарлық
  3. Басымдылық
  4. Өз — өзіне сенімділік
  5. эмоциональды тұрақтылық
  6. Стресстік жағдайларға бейімділік
  7. Ақ жарқындылық.

Құлықтылық көзқарас тұрғысынан алғанда лидер болатын адам белгілі бір құлыққа ие болуы қажет. Осы тұрғыда лидерлердің классификациясымен стилдері жасалған. Олар К.Левин бойынша авторитарлы, демократиялы және либеральды болып бөлінген.

Конформизм латынша – конформик ұқсас- деген мағынаны білдіреді. Бұл адам пікірлерінің ұстанымдарының құлқының сыртқы орта әсерімен өзгеруі. Конформизм дегеніміз- топтық қысымның индивиттің пікірі мен құлқына ұстанымдары мен құндылықтарына әсер ету процесі. Конформ екіге бөлінеді – сыртқы конформ (бейімділік, кешірімшілдік), ішкі конформ (мақұлдау, келісу т.б.)

Адамдар арасындағы қатынастар олардың жеке мінез-құлығына да байланысты. Әрдайым ұнамды арақатынастардың орнығуына адамдағы қайырымдылық қасиеттер пайдалы. Ал сенімсіздік, күмәншілдік, өшпенділік, тұйықтық пен өзімшілдік-қалыпты қатынастар орнығуына кері әсерін тигізеді.

Ой-өрісі кең дамыған, тәжірибесі бар адамдар өз қатынастарын меңгере алады, бірақ бұл көптің қолынан келе бермейтін іс, себебі көп жағдайда аралық қатынастардың мәнін соларды түзуші адамдардың өздері де түсіне бермейді, ал түсінбеген затты саналы басқару мүмкін емес.

Жас ұлғайған сайын қатынастар тек тұрақталып қана қоймастан, адамның оларды басқару қабілеті де артады. Мұндайда адамға жәрдемге келетін оның даралық ерекшеліктеріне қосымша өмірлік тәжірибесі. Әрқашан адам аралық қатынастарды жеңіл де ұтымды реттейтін-адамдар арасында кәсіби қызмет бабымен жұмыс жүргізетін, сендіре әңгіме айта білетін, әлеуметтік жетекшілікке ыңғайлы мамандар болады, мысалы: саясаткер, мекеме және өндіріс басшылары, мұғалімдер, дәрігерлер мен актерлер. Адам аралық қатынастарға ықпал жасай білу қабілетін қатынастар психологиясын үздіксіз үйрену арқылы жетілдіре, дамытып баруға болады.

Адамдар арасындағы қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың бірін-бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалуына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір адамның екіншісінің образы жөнінде топшылаған ой-пікірі. Екінші адамның тұлғалық образын оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекет-қылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. Ал психологиялық бейне әр қажетсінуінен, қылық мотивтерінен, мінез-бітістерінен, әрқандай өмірлік жағдайлардағы көңіл –күй толғаныстары мен әрекеттерінен көрінеді. Бұлардың бәрі “Ат кісінесіп, адам сөйлесіп” дегендей әңгімелесу барысында назарға алынып, санада жіктеліп, бекиді де адамның жеке, нақты бағасын беруге негіз болады.

Бөгде адамның бейнесін қалыптастыру арқылы біз оған болған қатынасымыздың сипатын айқындаймыз, оның даралық ерекшеліктерін тануға мүмкіндік аламыз. Адамды жөнімен танып, дұрыс бағасын беріп, оның әрекет-қылығының мақсаттары мен түрткілерін айқындап, ол тарапынан болып қалар жауапты әрекеттерді күні бұрын болжастыра, біз бұлардың бәрін өз қажеттіліктеріміз және мүдделерімізбен салыстырамыз, әңгімелесудің қолайлы жолдарын болжастырамыз, осы арқылы екі тарапқа да ортақ ниеттерді табумен тұлғалар арасындағы қызметтік қатынастарға кірісеміз. Сонымен, қызықтырған адамның мінез бітістерін біліп алып, енді оған бағытталған өз әрекет-қылығымыздың формасын таңдастырамыз. Қайткенде де, біз таңдаған әрекет-қылық түрі ол адамның даралық қасиеттеріне сәйкес болғаны жөн. осының нәтижесінде екі адам ортасында толық өзара түсінік, жайлы да берік аралық қатынастар орнығады.

Адамның эмоционалдық жағдайын бағалай отырып, біз оның нақты көңіл-күйіне сәйкес қарым-қатынасты дамытып, тереңдете түсуге мүмкіндік аламыз және өзіміздің, оның және төңірегіндегілердің мүдделеріне орай ол адамға тиімді психологиялық ықпал етудің жолдарын іздестіріп, пайдаланамыз. Егер біз қатысқан адамдарымыздың әртүрлі тұрмыстық жағдайлардағы әрекет-қылығын күні бұрын болжастыра алсақ, оның мінез-құлығын қажетті бағытта басқаруға және онымен ұнамды адам аралық қатынастар алып баруға қосымша мүмкіндіктерге ие боламыз.

Бөгде адамның тұлғалық дәрежесі жөнінде біз оның дене құрылымы, психологиялық және қылық-әрекеттік белгілері бойынша топшылаймыз. Бұл белгілер адамның сырт көрінісінен, киімінен, әрекет-қылығынан, сөзінен, бет әлпеті мен ым-ишарасынан байқалады. Адамның сырт көрінісі мен психологиялық бейнесі арасында тікелей де толық байланыс болмағанымен, бұлардың екеуі қандай да өзара ықпалды қатынаста. Әрқандай адам жөніндегі біздің бірінші пайымдауымыз осы келбет пен сөз, қылық көрінісінен туындайды. Ғылым ежелден-ақ адам мінезі мен дене құрылысының өзара байланысты екенін дәлелдеген (Э. Кречмер, У. Шелдон т.б.). дене құрылымы ерекше бітіске ие болған адамдар, мінезі жағынан да өзара ұқсамас. Осы тұрғыдан барша адамдар үш типке жатады: астеник, пикник, атлетик. Пикник типтес адамдар-көңілді, үйіршең, әңгімешіл, әрқандай қиыншылыққа жасымайды: астеник адамдар – көбіне тұйық, оңашаланғанды ұнатады, ұдайы ойға шомып жүреді; ал атлетиктер – ұстамсыз, дүлей келеді.

Адамның ішкі жан дүниесі оның сөзі мен тілінен айқын көрінеді. Қандай сөздер мен тіркестерді қолдануына қарап, сөз ырғағы мен әуенін талдай отырып, сөйлеу процесіндегі тыныстары мен жеделдігіне орай жеке адамның ерекшеліктерін байқаймыз. Адамның сөйлеу мәнерінің біразы тума беріледі де, көбі оқу-тәрбие барысында пайда болады.

Кейбір қатынастарға байланысты адамдардың психологиялық бейнесі тұрақты келеді де, көбіне ауыспалы болады. Адамның сырт көрінісіне орай оның образы біршама өзгеріссіз сақталады. Осыдан біз адамды көпшілік ішінде ажырата білеміз. Және бір тұрақты сақталатын қасиеттер – адам мінезі, қылық-әрекеті мен әдеттері заманнан ажырасқан адамымызды танимыз.

Кейде кездейсоқ ұшырасқан адамымыз көптен таныс сияқты болып көрінеді. Ал тілдесе келе, оның әрекет-қылығына мән бере, тіпті басқа біреу екеніне көз жеткіземіз. Кейде, керісінше, алғашқыда танымасақ та, адамның мінез бітістерінен, әрекет-қылығынан бұрыннан бізге таныс белгілерді байқап, жақындасуға тырысамыз. Осыдан, біздің санамызда бекіген адам бейнесінде үлкен рөл ойнайтын – мінез бітістері, екінші орында – адамның сырт көріністері.

Уақыт ағымына берілмей, ұзақ мерзім сақталатын белгілер – адамның қажетсінулері, әрекет-қылық мотивтері мен қызығулары. Бұлар бойынша біз адамды тануымыз мүмкін, бірақ бұл үшін аталған белгілер сол адамның сырт көрінісі мен мінезінен біраз байқалуы тиіс.

Жоғарыда бөгде адамды тану, білу мүмкіндігін әңгімеледік, ал енді адам өзін-өзі сарапқа сала ала ма,жоқ па деген сұраққа жауап ізделік. Бұған оң да, кері де жауап айту мүмкін. Егер адам өзін-өзі түк танымаса, онда оның қауым ортасындағы әрекет-қылықтары алдын ала өзіндік болжастыруға келмей, тұрақсыз кейіпке енер еді. Сонымен бірге, мұндай адамның қатынас қылығы мен іс-әрекетттері ақыл оралымынан алшақ, төңірегіндегілердің ісімен сәйкестік таппайды. Егер адам өз әрекетін сырт көзбен бағалай алмаса, оның іс-қадамдары кейбір жағдайларда оғаш көрінеді. Егде адам бала сияқты былдырласа немесе бала жасына келмей үлкеннің ұстамдығын танытса, төңірегіндегілер мұндайларды не жай күлкіге алады, не сайқы-мазаққа телиді.

Екінші тараптан, егер адам өзі жөнінде бәрін біле берсе, онда өмірге деген қызығушылықтың да қажеті болмай қалары сөзсіз, себебі саналы адамның бар өмірлік болмысы осы өзін тануға деген жоғары ынта-ықыластан нәр алады. Адамның қалыпты өмірі үшін өзін-өзі біле алмастық та, аса көп білу де сиыспайтын құбылыстар.

Адам өзінің шындыққа келетін сырт көрінісінен басқа өзінің мінез бітістері жөнінде де азды-көпті мәліметке ие, бірақ бұл мәліметтер көбіне адамның өзі жөніндегі ұнамды пайымдауларды қамтиды. Сонымен бірге, адам өзінің кейбір әлеуметтік талапқа сай қажетсінулері мен әрекет-қылығының түрткілерін тануға бейім. Ал өз санасының астарында жатқан немесе моральдық тыйымдарға байланысты санаға жат психологиялық бітістерін тіпті де білмейді.

Адам өзі жөніндегі шындықты басқалардың оның іс-әрекетіне болған қатынасынан байқауына болады. Өз әрекеттері мен сол әрекеттерге берген басқалар бағасын салыстыра, адам жанама түрде өзі қасиеттері мен сапаларын болжастыруына болады.

Іс-әрекеттері нәтижеге жетсе, мақтау алып, не сәтсіздікке ұшырап, сырттың жоғары немесе ұнамсыз бағасына кезігумен әр жеке адам өзінің қабілет деңгейін сезеді. Өмірде жетіскен ісіне қанағаттануын, болмаса қанағаттанбауын ішкі, ниеттегі психологиялық бейнемен салыстыра алса, адам өз қажетсінулері мен мотивтерінің оң не теріс бағытын дұрыс та толық тани алады.

Есте ұстайтын жәйт, өз бағаңды қорытындылауда толығымен басқалар пікіріне құлай түсуге болмайды. Себебі өзіңіз ұнамды қатынастағы адамдар сізді асыра мақтауға дайын тұрса, қалай да жек көретін адамдар сізде бірде-бір ұнамды қасиет көре алмауы мүмкін. Сонымен бірге, әр адам өзінің афферент жағдайындағы әрекетін тіпті де білмеуі мүмкін, себебі мұндай саналық басқарудан айрылған кезде, адам өзіне, басқалар реакциясына объектив баға беріп, әрекетін байқастыру қабілетінен айрылады.

Адамның өзін-өзі тануы төңірегіндегілердің қабылдауы мен бағасына тығыз байланысты, кеңірек айтар болсақ, барша адамдардың өзара түсінісуіне тәуелді. Күнделікті тұрмыстық қатынастар, тілдесу негізінде адамның психологиялық бейнесін түзу үшін келесі тәсілдер қолданылады: бітіс тану, алғашқы әсерлену, жаңалықты әсерлену, жеке адамның бітістерді біріктіре әсерленуі (Р. С. Немов).

Адам образын жасаудың ең көп тараған тәсілі бұл бітіс таңу. Оның мәні: адам төңірегіндегілерді өзіне тән қасиеттер мен сапалар тұрғысынан бағалайды, яғни өз мінез бітістерін екінші біреулерге таңады, оның қылық-әрекетін түсінгімсі келіп, өзін сол адамның орнына қоя салады. Мұндай тәсіл бір адамға біткен мінезді екінші адамға таңа салуда да көрінеді. Осылайша, басқалардың мінез, әрекет-қылық бітістерін өзімізді қызықтырған адамға таңу арқылы да нақты тұлға жөнінде бір жөнді психологиялық мәлімет топтастыруымызға болады.

Алғашқы әсер тәсілі бөгде адамды бірінші көргеннен қалыптасатын образды бекіту үшін қолданылады. Бұл құбылыстың болуы адамға байланысты алғашқы әсердің кейінгі әсерлерге қарағанда күштірек сезілуінен. Назарға алынған адам жөнінде көп әртүрлі ақпаратты бірінен кейін бірі бір ізді қабылдау кезінде біздің санамызда ең алғашқы мәлімет тұрақталып қалатыны ғылымда дәлелденген.

Ал енді жеткізіліп жатқан ақпараттағы адам қасиеттерінің тізімі молдау болып, мәлімет бөліктерін хабарлау барысында біршама уақыт үзілісі болса, алғашқы ақпарат соңына қарай ұмытылады. Бұл жағдайда алғашқы әсерленуге қарсы құбылыс – жаңалықты әсерлену тәсілі іске кіріседі, яғни талдауға түскен адамның образы ол жөніндегі ең соңғы мәліметке орай құрылады.

Ықтималды болжай әсерлену деп келесі құбылысты түсінеміз: адам миы болашақ оқиғаларды алдын ала болжастыру қабілетіне ие. Осыдан тұлға басталған іс-әрекеттің бағдарын, қарқындылығы мен ақырғы нәтижесін күні бұрын жоспарлайды. Әлі қолда жоқ бүтін затты оның бөліктері бойынша ойда белгілі бір формаға келтіріп, жан-жақты сипаттамасын бере алады.

Оқиғалар мен құбылыстарды дәл болжастыру қажеттілігі адамдардың өзара түсінуі мен бірін-бірі қабылдауына өте қажет. Мысалы, адамға тән белгілі бітістері бойынша оның әлі белгісіз, бірақ онда болуы тиіс қасиеттерін де анықтауымыз мүмкін: батыр адам әрқашан адал да аңғал болатынына ешбір күмәнданбаймыз, сондай-ақ, қорқақ-әрдайым өтірікші, мәдениетті-ой-өрісі кең, қайырымды-үйіршең, сенгіш, өшпенді адам-әрқашан тұйық, күмәншіл келеді. Егер өмір жағдайлары адамның әлі белгісіз қасиеттері жөніндегі біздің болжамымызды растайтын болса, онда болжастыруға деген біздің сенімімізді бекіте түседі не керісінше де болуы мүмкін. Адамның болжастыру қабілетіне өмірлік тәжірибе өзі түзетулер енгізіп, нақтылап барады.

Асыра сілтеу әсері адам жөніндегі алғашқы бағаның кейнгілеріне күшті ықпал етуінен пайда болады. Мұндай әсерден бірінші берілген мінездеме қатып қалған, өзгермес күйге түседі. Егер қандай да адам бір көруден бізге ұнамды тарапынан танылып қалса, кейін де біз осы бағамыздан танбай, басқа бір сын көзқарастарды ол адамға жолатпауға тырысамыз. Керісінше де болуы мүмкін: алғашқы тілдесуден ұнамаған адам кейін қай күйге түсіп жолықса да, баяғы көрушілігімізден арылуымыз қиын, санамызда қалыптасқан алғашқы келеңсіз образ басқаларын ығыстырып, өз орнын бермеуге тырысады.

Психологиялық бейне жасауда ең күрделі де маңызды тәсіл-жеке адамның бітістерді біріктіре әсерлену құбылысы. Оның мәні мынада: әрбір адам сан-қилы тұлғалармен көп мәрте кездесе жүріп, қабылдау және бағалаумен жадында олардың сырт көрінісі, психологиялық және әрекет-қылығы туралы пайымдау бекітеді. Көп қайталап кездескен бұл әсерлер бірігеді де, солардың ішінде бірі, мысалы, адамның сырт келбеті белгілі бір психологиялық ішкі қасиетпен ұштастырылады. Осы біріккен образ негізінде екінші бір адамды кездестіргенімізде, одан оның сырт пішініне қарап, өзіміздің санамызда орныққан осы пішінге сәйкес қасиетті іздестіреміз. Мысалы, қабағы түксиген адамдар көбіне тұйық, ауыр мінезді келеді. Міне осы жалпылай, біріктіре түзген ішкі бейнемізді қабағы түксиген нақты адамдардың бәріне бірдей баламалай саламыз. Адамдардың психологиясындағы жалпылық олардың іс-әрекетінде жалпылай кездеседі, ал іс-әрекеттегі жалпы қасиеттер адамдардың жалпы сырт тұлғалық бейнесінен көрінеді. Осылай жалпылай біріктіріп, образ жасау қасиеті жас өспірімдік шақтан орнығып, кейін өмір бойы түзетулермен реттеліп барады. Осы тәсілді жақсы игеруден адам психологиясы құрылымының бір белгісі: әрекет-қылығы, дүниетанымы немесе мінезі-бойынша сол адамның басқа да қасиеттерін бағалаушы адам өзінде қалыптасқан бірікпе образ арқылы ашуға бейімделеді. Егер осы бірікпе образ жасау тәсілі адамның сырт көрінісі мен ішкі дүниесі арасындағы байланыстың шындыққа жақын екенін дәлелдей алса, онда бұл адамдарды бағалауда, олардың әрекет-қылығын күні бұрын болжастыруда таптырмас құралға айналады, ал кері жағдайда жаңсақ әңгімелерге тап қылады.

Бөгде адамның тұлғалық ерекшеліктерін тануда жеке дара және кәсіби ерекшеліктер көп рөл ойнайды. Қайырымды, мейірман, әсерлі адам басқаларды жеңіл түсінеді, қабылдайды, себебі мұндай адамдар, әдетте үлкен де бай қатынас тәжірибесіне ие болумен, басқалардан әрқашан жақсылық қасиеттерді іздестіруге бейім келеді, ал өз өмір жолы сәтсіздіктен қаланып, көпшілікпен тіл табыса алмаған адам басқалардың да оңды образын жасауға қабілетсіз келеді.

Кең әлеумет ортасында жүрген кәсіп, қызмет иелері (педагог, дәрігер, экономист, саясаткер, әдебиетші, өнер адамы) төңірегіндегілерді дұрыс бағалап, қасиеттеріне сәйкес қабылдай біледі.

Бірін-бірі түсінісуде адамдар көбіне шектен тыс өзімшіл, субъективті, асығыс қорытынды жасауға бейімшіл келеді.

Адамның өзімшілдігі оның төңірегіндегілерге баға берудегі өз қабілетін асыра дәріптеуінен келіп шығады. Өзінің кейбір істерге байланысты ой-өрісі мен ептіліктерінің мүлтіксіз жұмыс атқаруға жарайтынын пайдаланып, адам сипаттауда да сол қабілетім жеткілікті дегендей жаңсақ ойдың арбауында қалып қояды да, нәтижеде назарға алған адамы жөнінде қате пікірге тап келеді. Ал онысын өзі сезбейді де, мойындамайды. Мұның түпкі себебі – заттар мен жан дүниелі адамдарға болған қатынастардың өзіндік ерекшеліктерін білмеуден.

Субъектив қателіктің мәні: нақты кезеңдегі өзінің психологиялық кейпіне назар салмастан, адам нақты көріп тұрғанымен естігеніне сеніп қалады, ал көз бен құлақ қабылдауы әрқашан адамның жеке көңіл-күйінің жағдайына тәуелді. Қандай да адамды қабылдауымыз біздің өзіміздің сол мезеттегі жан толғанысымыз, көңіл шарпуымыз бен қажетсінуімізге байланысты келеді. Осы тұрғыдан адам бағалауда өз сезімі мен пікір пайымдауына да толығымен сене беруге болмайды.

Ситуативтік қателік мәні: басқаны бағалай және қабылдай отырып, тұлға өз қабылдау процесінің қандай жағдайда өтіп жатқанын ескермеуі және сол жағдайдың оның өзінің әрекет-қылығы мен бақылауындағы адамның болмасына нендей әсер етіп жатқанын байқамауы мүмкін. Ал адам өзінің бақылау астында екенін сезсе, өзінің әдеттегі, қалыпты қылықтарын бұрмалап көрсетуге тырысады. Бақылаушының өзі де нақты жағдайларға орай әрекетінің формасын өзгертеді. Мысалы, дәрегердің сырқатты өзінің қызмет кабинетінде қабыладауы мен сол адамды кездейсоқ көшеде не демалыс орнында кездестіріп, тануы үлкен өзгешеліктерге ие. Осыдан психологиялық образ қалыптастыру процесіне ситуацияға орай реттеу мен түзетулер ендіріп тұрған шеп болмайды.

Асығыс қорытынды жасауға байланысты қателік мәні: бақыланушы адам жөніндегі пікір мүмкін болған мәліметтердің бәрі жинақталмай, үстірт беріледі. Мұндай қателік болмауы үшін төңірегіндегілерді түсінуге ниет еткен әрбір адам өзін ұстамдылықпен, болжамы нақты деректермен айқындалмағанша, бақылауға алынған тұлға жөнінде ой топшылаудан аулақ болған жөн.

Қателіктердің және бір тобы жалған қарапайымдылықтан келіп шығады. Мұндай қателік өзін-өзі шын мәнінде кім екенін білмейтін, қоғамдлық беделі жоқ, аңғырт адамдарда болады. Бұл типтегі жандар төңірегіндегілердің ішкі жан дүниесі мен әрекет-қылығының мәнін түсінуге қабілеті жетпегенінен, өзін дүниеден хабарсыз, не болса, соған сенгіш кейіпте танытып, кім болса, сонан арбауына түсіп кете береді.