Вербальды емес қарым-қатынас

Жоспары:

1.Вербальды емес қарым-қатынас түсінігі.

  1. Вербальды емес жүріс-тұрыстың негізгі құрылымының жалпы сипаттамасы.

3.Кинестика және оның компоненттері. (ым, ишара, поза, жүріс, көз контактісі, авербальды әрекеттер) қарым-қатынас процесінің факторлары ретінде.

4.Қарым-қатынастың кеңістік уақыттық ұйымдастырылуы.

5.Жеке адам аралық қарым-қатынастағы вербальды емес жүріс тұрыстың поли қызметтілігі

6.Адамның экспрессивті репертуары түсінігі.

  1. Вербальды емес қарым-қатынас өзара әрекеттестікпен топ аралық қарым-қатынастың ерекшелігінің көрсеткіші ретінде.

Лекцияның мақсаты: .Вербальды емес қарым-қатынас түсінігі, вербальды емес жүріс-тұрыстың негізгі құрылымының жалпы сипаттамасымен танысу.

Лекцияның мәтіні:Адам аралық қатынас дегеніміз қарапайым да күрделі проблема. Күнделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес.

Адам арасындағы қатынастардың түрі келесіндегі – жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама–қарсылықты және дау–дамайлы. Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жек көрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен күдіктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орыны мен міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала өз ата – анасын сыйлауы да, жеккөруі да мүмкін, өз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен сүйіспеншілік танытса, екіншісін көргісі келмейді. Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелері арасында олардың сол топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.

Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.

Тең құқықты қатынастар – қатынас мүшелерінің құқтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.

Адамдар арасында қарама – қарсылық мүшелерінің құқтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.

Адамдар арасындағы қарама – қарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.

Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақтарда қарама – қарсылықты қатынастар бой тіктейді.

Адамдардың бір – біріне деген өшпенділігі болған жерде дау – дамайлы, жанжалды қатынастар өрбиді.

Адамдар арасындағы, тіпті кейде бір тұлғаның да бойынан көрінетін адамдық қатынастар түрі міне осындай. Бұл қатынастардың бәрі өмірде адамдардың бір – біріне беретін бағалары мен мінездемелерінде, әр адамның басқаға бағытталған іс–әрекет, қылығында, өзара байланысқан ойы мен сезімінде көрініс береді.

Тұрақты да келелі қатынастар жүйесі қалыптаспаған ортада адамның өрелі өмір сүруі өте қиын, себебі әр – бір жеке адамның да, топ пен ұжымның да қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды. Балалық шақта орныққан адам аралық қатыстарға орай адам азаматтық қасиеттерін тіктейді. Ересектердің төңірегіндегілермен қатынасынан сол ортаның көңіл – күйі айқындалып, алға қойылған мұрат – мақсаттардың сәтті орындалуы не кедергіге ұшырауы мүмкін.

Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс – бұл – остракизм, қоғамнан аласталу, яғни кейбір адамдардың көпшілік арасында сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерілеп қалуы. Мұндай адамдар көшіліктің жек көрушілігіне тап болып, назардан тыс қалады, еленбейді. Осыдан өзі қатарларынан оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершілік қасиеттерінен айырылып, қауымдық өмір тіршілігінен айрылғандар да кездеседі.

Адам аралық қатынастардың ерекшелігі олардың эмоциональды болуында. Адам өзі тектеспен араласа отырып, бір – біріне болған айрықша сезімдер мен ықыластарға кезігеді. Жеке аралық қатынастар, әдетте, субъектив сипатта болып, әр адамның шын мәніндегі тұлғалық оң не теріс қасиеттеріне сай келе бермейді. Олар әрқашан адамның көңіл — күйіне байланысты, бір адамның екіншісіне деген сезім толғанысының ауысуымен өзгеріске келіп тұрады. Көңіл – күйдің бір сәттік болуынан, жеке қатынастар құбылмалы келеді – бүгінгітәп – тәуір сыйлы қатынас күн өтпей – ақ кері сипатқа енуі баршаға аян құбылыс.

Қызметтік қатынастар жеке қатынастарға қарағанда біршама тұрақты, олар әдетте, көңіл – күйге байланысты өзгере бермейді. Мұндай қатынастардың әрбір тұлғаның көңіл – күйіне бағына бермейтіндігінен, оларды ресми қатынастар деп атады, яғни мұндай өзара байланыстар қатынасқа түскен адамдардың әрқайсысының жеке ерекшеліктері мен психологиялық кейпіне тәуелді болмауы қажет.

Бірақ өмірде жеке қызмет қатынастар өзара кіріге байланысқан, сондықтан оларды нақты айырып, таза күйінде қарастыру мүмкін емес. Біріншіден, әр адам өзінің даралығымен қызметтік қатынастарға әрқашан ерекше мән мен сән беріп отырады, екіншіден, әрқандай тұлға нақты қатынастарға өзінің жеке ниет, ой, толғаныс және сезімдерімен кіріседі, ал бұлардың бәрі адамның басқалармен болған қызмет қатынасына әсерін тигізбей қоймайды.

Қарама – қарсылықты қатынастар негізінде толық үйлесім болмағанымен, оған қатысқан адамдар бір – бірінің әрекеті мен ниетін түгелдей шектемейді. Бірде келіссе, бірде қарсы тұрып, алға қойған мақсатқа жетуі жолында қажетті қатынасын үзбейді. Қатынас түгелдей елемеу мен дау – дамайға бармайды. Кейде екі адам бір ортада бола тұрып, бір – біріне деген ыстық та, суық та шырай сезінбейді, яғни өзара қатынас жасауға ешқандай қажеттілікті таппайды, мұндайда олар арасындағы қатынас бейтараптық сипат алады.

Қоғамдық — әлеуметтік жағдайларға байланысты бір ортаға түсіп қалған адамдардың бірі екіншісінен өзін алшақ ұстау қажеттігі де туындап қалады. Мұндай кезде адамдар бір – біріне тікелей жек көрушілік танытып, арадағы мәселе бойынша ешбір келісім мүмкіндігін таба алмайды да, іздемейді де. Мұның бәрі ортадағы жанжалды қатынастың ушығуынан.

Адамдар арасындағы және бір ерекше қатынастар түрі – бүл екі ұшты, амбивалентті қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебі бір адамдағы екіншіге деген өзара тікелей қарсы екі бірдей эмоцияның жек көрушілік пен құрметтің қосарлана жүруі. Осыдан мұндай қатынастағы адамдар өздерінің көңіл төркінінде жатқан ниеттерінің нендей жағдайда екенін айырып алуына біраз қиналады.

Адамдар аралық қатынастар негізінде адамдардың бірімен – бірі өзара әрекетке, тілдесуге болған өмірлік қажеттілігі жатыр. Тұрмыстық не қоғамдық қажетсінуден бірін – бірі керексінген адамдар өзара қатынасқа келіп, ал ол болмаса бір – бірінен бейтарап қалады. Өмірлік маңызды қажеттіліктері бола тұрып, оларды қанағаттандыруда кедергілік ететін қалыптар да болады. Бұл жағдай да қатынастар үзілмейді, бірақ мұндағы қатынастар өшпенділік не жек көрушілікпен ұштасады.

Адамдар қажетсінулерінің арасында өз мәні бойынша ізгі адамгершілік сипатты байланыстар да болады. Мұндайды психологияда альтруистік қатынас деп атайды. Альтруист адамдардың барша ойы, іс — әрекеті әрдайым тек жақсылыққа, қай жағдайда да жәрдем етуге бағышталады.

Адамдар арасындағы үйлесімді қатынастар өмірді сирек кездеседі, сондықтан мұндай қатынастарды адамдардың мәңгі арман еткен мұраты ретінде қарастырған жөн. Бұл қатынастар типіне тұрмыста кезігетін /сүйіспеншілік қатынасты жатқызуға болады. Егер бір адамның екіншісіне психологиялық тартымы болса, бірін бірі адамгершілік сезіммен қабылдаса, екінші адамға қолынан келген жақсылығын аямаса, міне мұндай қатынасты — үйлесімді қатынас деп бағалау әбден жарысымды.

Адамдар аралық қатынастар сипатына ықпал етуші факторлардың бірі психологиялық үйлестік үйлесімсіздік. Көп жағдайда адамдар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірін – бірі керек етеді, бірақ көзқарас, ниеттеріндегі болмашы айырмашылықтардан өзара қатынастарын қалыпқа түсіре алмайды. Мұндай толық психологиялық үйлесім таба алмаған жандар арасындағы біршама ұнамды қызметтік қатынас болғанымен, уақыт өтумен бірте – бірте өрім түскен арақатынастағы жеке психологиялық үйлеспеушілік олардың ресми байланыстарың кедергісіне айналады.

Адамдар арасындағы қатынастардың өзгеруіне мүмкін болар себеп – бұл нақты адамдар қатынастарының туындап, дамитын әлеуметтік – психологиялық орта сипатының ауысуы. Екі немесе одан да көп адамдар бірін – бірі өте қажетсінеді, орталарында толық психологиялық үйлестік болған, бірақ кенеттен өзгерген әлеуметтік – саяси жағдай оларды әртүрлі партиялар мен ағымдарға енуінен екі жікке бөліп тастайды. Мұндай жағдай жастарда кездесіп тұрады. Өзара келісімді жас жұбайлардың өмірі кенет олармен психологиялық үйлесім таппаған жақын туысқандарының ықпалынан құрдымға кетеді. Мейлі, бұл жас жұбайлар арасындағы қатынастар арасындағыдай шапағатты жалғасын табуы қиын.

Адамдар қатынасының орнығуы немесе өзгеруіне және бір себепші фактор – бұл адамдардың жас деңгейі. Өмір бойы топтаған тұрмыстық — әлеуметтік тәжірибе адамға, оның төңірегіндегі жандарға, болып жатқан оқиғаларға әсерін тигізбей қоймайды. Жас деңгейі әртүрлі адамдардың бір оқиғаға болған бағасы бірінен бірі алшақ болуы әбден ықтимал, жастық айырма неғұрлым үлкен болса, психологиялық келіспеушілік те соншама болады. Мысалы, жастардың киімі, өнер талғамы үлкендерге ұнай бермейтініне бәріміз де куәміз. Бұл жағдай әулеттер арасындағы қатынастардың мән – мағынасына өз әсерін білдірмей қоймайды.

Ал осы төңірегіндегілермен болған өз қатынасының сипатын адам өзі сезе ала ма, не сезбей ме. Бұл сұраққа жауап бірнеше жағдайларға тіріледі. Біріншіден, бұл нақты адамның ой — өріс / сана– сезімі даму деңгейіне байланысты. Ақыл – есі біршама жетілген адамдар өздерінің төңірегіндегілер мен қатынасын жақсы түсініп, дұрыс қабылдайды. Адам аралық қатынастарды орынды сезіну және бағалау жоғары дамыған рефлекстік қабілеті керек етеді қоршаған ортадан келіп түскен ақпараттық сигналдарды жан – жақты мәндік байланысымен қабылдап, жауап бере алу.

Екіншіден, бұл адамның жасына тәуелді. Егделер балаларға қарағанда өзара қатынасты дәлірек пайымдайды, ұнамды не біржақты келеңсіз қатынастарды оңай бағалап, бейтарап қатынасты да орынды сезінеді. Өмірде екіұшты немесе амбиваленттік және өз ішіне ұнамды да, жағымсыз да сипаттарды бірдей қамтыған қарама – қарсылықты қатынастарды бағалау күрделірек келеді.

Адамдар арасындағы қатынастар сол қатынастардың нақты адам өміріндегі маңызына қарай да бағаланады. Қарым – қатынас адам үшін неғұрлым маңызды болса, оның бағалануында соғұрлым дәлсіздіктер жіберілуі мүмкін. Өзінің төңірегіндегілермен байланысына аса үлкен мән берген адамдар, арақатынастарының ұнамды тараптарын асыра мақтауға бейім келеді. Керісінше, кімде кіммен ұнамсыз қатынаста болса, адам ондайда қарсыласын түбін түсіре жамандауға ниеттенеді де тұрады.

Әрқилы адамдардың өзара қатынастарын тануда көптеген жеке дара ерекшеліктер бар. Кейбір ой – сезімі толысқан, парасатты адамдар өзара қатынастарды жан – жақты пайымдаумен, дұрыс қабылдауға қабілетті, екінші біреулердің жалпы оң пікір айтуға тіпті өрісі жетпейді, ал үшіншілер төңірегіндегілердің өзіне деген бағасын бірде дұрыс түсінсе, бірде оған сана сезімі жетпей қалады.

Ада аралық қатынастар толық қалыптанып, орныққаннан былай біркелкі тұрақты қалыпқа келеді. Егер де қатынастарға тән осы қасиет болмағанда, адамзаттық қауымдар мемлекет, мекеме және топтар түзілмес еді. Себебі қауымдық бірлестіктердің негізгі жалпы адамдардың өзара қатынасының тұрақтылығымен біртекті болжамға келуінде.

Ал жеке тұлғалар арасындағы өзара байланыстар тұрақтылық дәрежесінің біршама кемдігімен ерекшеленеді.

Бақылау сұрақтары:

1.Вербальды емес қарым-қатынас түсінігі.

  1. Вербальды емес жүріс-тұрыстың негізгі құрылымының жалпы сипаттамасы.

3.Кинестика және оның компоненттері. (ым, ишара, поза, жүріс, көз контактісі, авербальды әрекеттер) қарым-қатынас процесінің факторлары ретінде.

4.Қарым-қатынастың кеңістік уақыттық ұйымдастырылуы.

5.Жеке адам аралық қарым-қатынастағы вербальды емес жүріс тұрыстың поли қызметтілігі

6.Адамның экспрессивті репертуары түсінігі.

  1. Вербальды емес қарым-қатынас өзара әрекеттестікпен топ аралық қарым-қатынастың ерекшелігінің көрсеткіші ретінде