Әлеуметтік – психологиялық зерттеу бағдарламасы

Жоспары:

  1. Әлеуметтік-психологиялық әсер етудің, белсенді әдістері: мазмұны, типтері, мүмкіндіктері мен шектеулері. Әлеуметтік-психологиялық тренинг және оның түрлері. Топтық пікірталас. Ойын әдісі жәнс оның модификациялары.
  2. 2. Әлеуметтік-психологиялық кеңес берудің спецификасы. Әлеуметтік-психологиялық диагностика және әсер ету психотехникасы.

Лекцияның мақсаты: Әлеуметтік – психологиялық зерттеу бағдарламасы, әеуметтік-психологиялық кеңес берудің спецификасымен танысу.

Лекцияның мәтіні:

  1. Әлеуметтік психология және әлеуметтану.

Әлеуметтік психология және әлеуметтанудың ортақ қызығушылықтары бар, олар адамның өзара қарым-қатынасы және адамдардың топпен қарым-қатынасын қарастырады. Бірақ әлеуметтану көп жағдайда топтарды қарастырады (шағын топтардан бастап үлкен қоғамға дейін). Ал әлеуметтік психология жеке тұлғаны, ол басқалар туралы не ойлайды, олар бір-біріне қалай ықпал етеді, оның басқаларға деген көзқарасы қалай соны қарастырады. Мысалы: ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы. Әлеуметтанудың зерттейтін жағдайы некеге тұрудың, ажырасудың қоғамдағы орнын зерттейді. Ал әлеуметтік психология бұл адамдар бір бірін неліктен ұнатты, олардың өзара қарым қатынасы қандай соны қарастырады.

  1. Әлеуметтік психология және тұлға психологиясы.

Әлеуметтік психология және тұлға психологияда зерттеу ортасы индивид тұлғаны зерттеумен айналысатын психологтар өздерінің назарын адамдардың ішкі механизміне және олардың бір бірінен айырмашылығына көңіл бөледі. Адамдардың неге әр түрлі болатынына жауап іздейді. Әлеуметтік психология назарын жалпы адамдар қауымдастығына аударады. Яғни олар бір бірін қалай бағалайды, бір біріне қалай ықпал етеді, олардың қандай көзқараста екенін ғылыми тұрғыда қарастырады. Әлеуметтану, тұлға және әлеуметтік психология бір бірімен байланысқан ғылым.

  1. Әлеуметтік психологияның негізгі бағыттары
  2. «Мен – басқа» жүйесіндегі ара қатынас. Әлеуметтану барысында пайда болатын тұлға аралық қатынастарды танып білу адамдардың бір бірін тану мен түсіну механизмдерін зерттеу. Бір адамның екінші адамға ықпал етуінің жолдары мен мүмкіншіліктерін айқындау.
  3. «Топ – мен» жүйесіндегі ара қатынас. Түрлі әлеуметтік жағдайлардағы адамның мінез құлқы мен, тұлғалық ерекшеліктерін зерттейді.
  4. «Мен – топ» жүйесіндегі ара қатынас. Жеке адамның әлеуметтік жағдайдағы қоршаған ортаға жасаған белсенді ықпалы. Әрбір адам өз өмірін басқа адамдармен топпен қарым қатынаста өткізеді.

Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістерін екі топқа бөліп қарастыруға болады: зерттеу әдістері және әсер ету әдістері.

Зерттеу әдістерінің өзі – мәліметті (ақпаратты) жинау және оны өңдеу болып екі топқа бөлінеді.

Мәліметті жинау әдістеріне: бақылау, құжаттарды қарастыру, өңдеу (оған контент-анализ де кіреді), әртүрлі сұрау әдістері (сауалнама, интервью), тестілер (сынақ), оның ішінде ең көп таралғаны социометриялық тест (әлеуметтік өлшем ) және де эксперимент (табиғи және лабораториялық). Осы әдістердің көбісі социологияда қолданылатындармен пара-пар (Ядов, 1993). Дегенмен кейбіреулеріне әлеуметтік психологияның ерекшеліктеріне байланысты пайдалану тұрғысынан қысқаша тоқталуға болады.

Бақылау әдісі. Әлеуметтік психологияда негізгі іздестірілетін сұрақтардың бірі — қалай бақылау керек? Бақылағанда не нәрсеге көңіл бөлінеді?

Әлеуметтік — психологиялық зерттеулердің әрбірінде бақылау бірлігі зерттеу затына байланысты нақты түрде шешіледі. Екінші бір маңызды жағдай — бақыланатын жағдайдың уақыт аралығы, бақылау бірліктерін бөліп алудың (уақыты бойынша) көптеген жолдары болғанымен, бұл мәселе аяғына дейін шешілмеген. Бұл әдіс оншалықты қарапайымәдіс болмағандықтанәлеуметтік — психологиялықзерттеулерде табысты түрде пайдаланыла бермеуі мүмкін.

Құжаттарды қарастыру — өңдеу әдісі үлкен маңызы бар әдіс, себебі осы әдіс арқылы адамдардың іс-әрекетінің өнімдерін талдауға болады. Әдістің субъективтілігін (зерттеушінің дара психикалық қасиеттері) жеңу үшін ерекше «контент-анализ» тәсілі («мазмұнды талдау») енгізіледі. Бұл тәсілде мәтінде арнаулы «бірліктер» бөлініп алып, солардың пайдалану жиілігі саналады. Көбіне бұл әдіс әлеуметтік психологияда көпшіліктік коммуникациялық зерттеулерде қолданылады (теледидар, баспасөз т.б.)

Сұрау әдістері (сұрақ — жауап) көптеген әдістердің ішінде әлеуметтік психологияда ең көп таралғандары. Әсіресе үлкен топтарды зерттегенде анкеталар (сауалнама) және интервыо пайдаланылады. Осы әдісті қолданғанда негізгі әдіснамалық проблема- сұрақтарды дұрыс құрастыра білу өнеріне байланысты. Шарт-сұрақтарды құру логикасы (қисыны), ғылыми болжамға қажетті мәліметті алу және оның неғүрлым сенімді болуы.

Әрбір сұрақты құрастыру, оларды белгілі ретпен орналастыру, бөлек блоктарға топтастыру және т.б. бойынша көптеген ережелер бар. Әдебиетте сұраунаманы құрастыруда кездесетін типтік қателіктер көрсетілген. Сұраунаманы құрастыру — өте қиын да маңызды жұмыс, себебі ол нашар құрастырылса, алынатын нәтиже де дұрыс болмайды.

Ерекше үлкен проблема — интервьюді қолдану, бұл жерде интервьюер (сұрақ қоюшы) және респондент (жауап беруші) арасында өзара әсерлесу пайда болады, осы жағдайдың өзі де әлеуметтік — психологиялық құбылыс. Интервью кезінде әлеуметтік психологияда сипатталатын бір адамның екінші адамға әсері, адамдардың бір-бірін қабылдау зандылықтары, қарым-қатынас нормалары – бәрі де көрініс береді. Осы айтылған сипаттамалардың қайсысы болса да алынатын мәліметтің сапасына әсерін тигізуі мүмкін. Оңдай проблемаларды шешудің жолдары әлеуметтік психологияда қарастырылған, тек сол әдістерді игеруге байыппен қарау қажет.

Әлеуметтік психологияда көбінесе топтық сынақтардан (тест) гөрі, жеке тұлғалық сынақтар қолданылады. Психологияның бұл саласында пайдаланылатын тестілер, көмекші әдістерге жатады. Соңдықтан да олардың нәтижелері басқа әдістер арқылы алынған деректермен сәйкестенуі керек және де бұл әдіс (тест) көбіне жеке тұлға проблемасын зерттеуде көрінеді. Топтарға арналған тест ішінен кең таралғаны әлеуметтік өлшем, ол шағын топтарды зерттеуде қолданылады.

Эксперимент әдісі әлеуметтік психологияда негізгі зерттеу әдістерінің бірі. Эксперименттің негізгі екі түрі бар: табиғи және лабораториялық. Екеуіне де ортақ жалпы ережелерге:

  • Экспериментатордың тәуелсіз айнымалы шамаларды енгізуі мен оны бақылауы және тәуелді шамалардың өзгеруін бақылауы;
  • Эксперименттік және бақылау топтарын бөліп қарастыру шарты жатады.

Барлық аталған әдістердің әлеуметтік психологиялық зерттеулерде қолданылуындағы өзіндік ерекшелігі — зерттелінуші мен зерттеушінің өзара әсері. Бұл әсер интервьюде айқынырақ көрінгенімен, шын мәнінде барлық әдістерде де орын алып отырады. Оны есепке алу қажеттігі әрқашан айтылып жүрсе де, бұл проблеманы түпкілікті қарастыру әлі алда сияқты.

Әдістердің екінші тобы — материалды өндеу әдістеріне барлық статистикалық тәсілдер (коррекциялық анализ, факторлық анализ), логикалық және теориялық өңдеулер (типологиялар тұрғызу, түсіндірулерді тұрғызудың әртүрлі тәсілдері, т.б.) жатады. Құндылықтар проблемасы осындай әдістерді пайдаланғанда аса маңызды мәселеге айналады.

Аталған проблема сапалы зерттеу әдістері мәселесімен астарлас, әлеуметтік психология да, социологияда да кең талқылануда (Ядов, 1995).

Әлеуметтік — психологиялық зерттеу жүргізу үшін, алдымен бағдарлама құрған дүрыс. Әрбір нақты зерттеуде шешілетін міндеттер, зерттеу объектісі, зерттеу проблемасын тұжырымдау, қолданылатын ұғымдарды нақтылау және де пайдаланылатын барлық әдістерді анықтап алу қажет. Дұрыс құрылған бағдарлама негізінде ғана шын мәніндегі ғылыми нәтижелер алуға болады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Әлеуметтік-психологиялық әсер етудің, белсенді әдістері: мазмұны, типтері, мүмкіндіктері мен шектеулері.
  2. Әлеуметтік-психологиялық тренинг және оның түрлері.

3.Топтық пікірталас.

  1. Ойын әдісі жәнс оның модификациялары.
  2. Әлеуметтік-психологиялық кеңес берудің спецификасы.
  3. Әлеуметтік-психологиялық диагностика және әсер ету психотехникасы.
  4. Әлеуметтік – психологиялық зерттеу бағдарламасы