Әлеумсттік-психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы

Жоспары:

1.Әлеуметтік психологияның дербес ғылым ретіндс қалыптасуының алғы шарттары.

2.Алғашқы әлеуметтік-психологиялық теориялар («Халықтар психологиясы» М.Лацарус, Г.Штейнталь, В.Вундт «Көшпілік іісихологиясы» Г.Тард; В.Макдугаллдың «Әлеуметтік жүріс-тұрыс инитинкт» теориясы).

Лекцияның мақсаты: Әлеумсттік-психологиялық идеялардың қалыптасу тарихының ғылыми – теориялық негіздерін оқып үйрену.

Лекцияның мәтіні:Әлеуметтік психологияның пәні екі бөлек ғылымның -социология (әлеуметтану) жөне психологияның (жантану) жігінде пайда болып, XX ғасырдың басынан өз бетінше дербес ғылым ретінде қалыптасуда.

Сондықтан да, бір жағынан, социология ғылымы әлеуметтік психологияны өзінің бір тармағы деп есептесе, екінші жағынан, ол – психология ғылымының бір саласы деп есептелінеді. Оның бірнеше себептері бар. Негізінде, қоғамдық өмірдегі көптеген қүбылыстарды зерттеу, екі ғылымның да-психология мен социология ғылымдарының жетістіктерін пайдаланғанда жемісті болуы мүмкін. Қоғамдық зандылықтар, адамдар іс-әрекеті, адамдардың мінез-құлқы, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болса, екіншіден адамдардың қарым-қатынасында, іс-әрекетінің барысында ерекше байланыс, өзара әсерлесу, ерекше қарым-қатынас типтері пайда болады, ал оларды талдау психология білімінің жүйесін білмейінше мүмкін емес екені анық.

Әлеуметтік психологияның екіжақтылығы, бұл пәннің осы екі ғылымның – психология мен социологияның қойнауынан дамып, жеке пәнге айналуымен байланысты.

Әлеуметтік психологияның жеке тұлға психологиясымен де түйісетін жерлері бар.

Екеуінің де негізгі қарастыратыны – индивид, жеке тұлғаны зерттейтін психологтар индивидтердің ішінара жекедаралық механизмдері мен олардың бір – бірінен ерекшеліктеріне көңіл аударса, әлеуметтік психология индивидтерден тұратын адамдар тобы тұтастай алғанда бір-бірін қалай бағалайды, біріне-бірі қалай әсер етеді деген мәселемен айналысады.

Әлеуметтік психологияның дербес ғылым ретінде пайда болуын 1908 жыл деп санайды, осы жылы ағылшын психологы В.Макдугалдың (1871-1938) «Әлеуметтік психологияға кіріспе» еңбегі Европада басылып шықса, Америкада социолог Э.Росстың «Әлеуметтік психология» деген еңбегі де жарық көрді. Дегенмен де 1897 ж Дж.Болдуиннің психологиялыққұбылыстарғаамерикалықжәнеевропалық дәстүрлер сақталынуда.

Өз дамуында әлеуметтік психология зерттеу пәнін анықтауда көптеген қиындықтарға кез болды. Егер де XX ғасырдың бас кезінде зерттеушілер көбіне қоғамдық көпшіліктік психологияны зерттеуге көңіл бөлсе (топтар, көпшіліктік еліктеулер, ұлттар, психологиялық тұрпат, т.б.), ал ғасырдың орта шеніне таман, негізінен, шағын топтар, адамдардың әлеуметтік бағдары, топтарға әсер ету тәсілдері мен әртүрлі адам-аралық қатынастарға үңіле бастады. Қазіргі уақытта адамның әлеуметтік мінез-құлқының жалпы теориясын құру проблемасы өте өзекті. Адамның социумдағы мінез-құлқы зерттеуге де, болжауға да күрделі құбылыс болғандықтан, әлі де болса ондай теория жасалыну үстінде.

Қазіргі таңда толығымен мақұлданған әлеуметтік психологияның пәнінің анықтамасы жасалына қойған жоқ. Көбінесе, әлеуметтік психологияның пәні әртүрлі әлеуметтік топтарға біріктірілген адамдардың қарым-қатынасының заңдылықтарын, және де сол топтардың өзінің психологиялық сипаттамаларын зерттейтін ғылым деген көзқарас басым.

Американ психологы Д.Майерстің анықтауынша: «әлеуметтік психология – адамдар бір-бірі туралы қалай ойлайды, бір-біріне қалай әсер етеді және бір-біріне қалай қарайтынын зерттейтін ғылым.

  1. Әлеуметтік – психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы

Әлеуметтік психологияның дамуының алғышарттары негізінен басқа кез-келген ғылыми пәннің дамуына ұқсас, оның мазмұны, алдымен философия ғылымының қойнауында қалыптаса бастаған, бірте-бірте дербес ғылымға айналды, бірақ ол процес тікелей емес, басқа екі ғылым арқылы (социология мен психология) іске асырылды.

Американ зерттеушісі О.Клейнбергтің көрсетуінше, әлеуметтік психологияның көптеген проблемалары ежелгі философия жүйелерінде пайда болған.

Бақылау сұрақтары:

  1. Әлеуметтік-психологиялық идеялардың қалыптасу тарихы
  2. Әлеуметтік психологияның дербес ғылым ретіндс қалыптасуының алғы шарттары.

3.Алғашқы әлеуметтік-психологиялық теориялар