П.Ф.Лесгафтың антропологиялық принципі

Жоспар:

  1. П.Ф.Лесгафтың педагогикалық көзқарасы
  2. П.Ф.Лесгафтың педагогикаға қосқан үлесі
  3. П.Ф.Лесгафтың антропологиялық принципі

Лекцияның мәтіні:

Адамның физиологиялық дамуына байланысты ғылым жетістіктерін ескере отырып, педагогикалық теорияны жаңарту идеясын жүзеге асырған Петр Францевич Лесгафт (1837-1909) болды.

Оның пікірінше, тәрбиелі адам саналы және ақылды болуы тиіс. Ондай адам өз іс-қылығына сын көзбен қарап, өткен мен болашақтың тәжірибесін пайдалана алады. Өзінің іс-әрекетінің және бақылаған құбылыстың себеп-салдарын түсінеді. Ақыл-ойы дамыған адам өзінің қара басының мүддесінен жоғары көтеріліп, қоғамды жетілдіруге қызмет етуі қажет.

П.Ф.Лесгафт биология саласындағы атақты ғалым, педагог, ірі қоғам қайраткері. Ол дене тәрбиесінің даму тарихын және оның теориясын жазды. Ол дене тәрбиесінің басты ұстанымдары менжағдайларын зерттеді. Өзінің екі томдық “Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесіне басшылық” (1888-1901) деген еңбегінде дене тәрбиесінің әр түрлі жүйесін терең сынап, осы жөнінде өз теориясын жасады. Оның пікірі бойынша, дене тәрбиесі оқушының жан-жақты жетілуін қамтамасыз етуге қатысты барлық істердің, жұмыстардың жүйесінен тұрады. Сондықтан да дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбие түрлерімен тығыз байланысты.

Оның үйретуінше, дене жаттығулары мінез бен ақыл-ой қабілетін дамытатын бірізді, тізбекті болуы қажет. Дене қозғалыстарының жүйесі баланың табиғи дамуына сәйкес келіп, бұлшық еттердің бүкіл тобын қамтуы керек. Дене жаттығулары дене шынықтыру мұғалімінің ұқыпты түсіндіруі арқылы жүргізілуге тиіс деді.

Лесгафт ақыл-ой жұмысының дене шынықтыру жаттығуларымен және ойындармен алмасып отыруын талап етті. Сонымен қатар, ол балаларға ауыр гимнастикалық жаттығуларды орындатудан сақтандырды, көбіне табиғи қозғалыстарды: жүгіру, жүру, секіру, ойын, т.б. ұсынды.

Лесгафт адам дамуын 5 кезеңге:

— қимыл-қозғалысы реттелмеген (жас нәрестеге тән);

— рефлексті-тәжірибелі (сөйлегенге дейінгі);

— шынайы еліктеу — ( мектепке дейінгі кезең);

— идеялы еліктеу (20 жасқа дейін);

— сындарлы-шығармашылық (ересек өмір кезеңі) кезеңдерге бөледі.

Лесгафт әр кезеңнің өзіне тән тәрбие түрі болады, алдыңғы үш тәрбие кезеңінде төменгі факторларға: тазалық сақтау; тәрбиешінің оқушылар алдындағы сөзі мен ісінің бірлігі; тәрбиеленушіге ешқандай қысым көрсетпей, баланың жеке басын құрметтеу факторларына айрықша назар аудару қажет деп есептейді.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақ-тапсырмалар:

  1. Александр I -нің мектепті өзгерту саясаты қандай болды?
  2. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі мектептердің типтерін, атап, сипаттама беріңіз.
  3. Лицейлердің ерекшелігі неде және онда қандай білім көлемі берілді?
  4. 1832-1842 ж. ж. Ресейдегі білім деңгейінде қандай жетістіктер орын алды?
  5. XIX ғасырдың 60-шы жылдарында Ресейде қандай қоғамдық педагогикалық ағымдар болды және оның өкілдерін атаңыз.
  6. Гимназия мен прогимназия жарғысының білім мазмұнына қандай ықпалы болды?

Реферат тақырыптары:

  1. В.Я.Стоюниннің педагогикалық идеяларындағы ұстанған бағыты.
  2. К.Д.Ушинскийдің негізгі еңбектерінің мәнін ашып көрсет.
  3. Л.Н.Толстойдың педагогикалық тұжырымдамасын-дағы бастауыш білім мәселелері.
  4. XX ғ. басындағы бастауыш және орта білім беру ерекшеліктері.
  5. П.Ф.Каптеревтің педагогикалық тұжырымдамасының бүгінгі педагогикамен сабақтастығы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. История педагогики и образования. От зарождения воспитания в первобытном обществе до конца ХХ века.: Учебное пособие для педагогических учебных заведений / Под ред.РАО А.И.Пискунова. – М.: ТЦ Сфера, 2001.
  2. Джуринский А.Н. История педагогики; Учебное пособие для студентов педвузов. – М.:Гуманитарный издательский центр ВЛАДОС, 1999. С.305-306, 350-353, 355-358.
  3. Латышина Д.И. История педагогики (История образования и педагогичес кой мысли); Учебное пособие. – М.:Гардарики, 2002.
  4. Российская педагогическая энциклопедия в двух томах. – М.:Большая Российская энциклопедия, 1993. С.417, 441-443.
  5. Журавлева Л.С. Хроника общественно-педагогического движения в России (1895-1917). //Сов.пед. 1990.№ 12.-С 112-115.
  6. Коджаспиров Г.М. История образования и педагогической мысли: таблицы, схемы, опорные конспекты. Учебное пособие М., 2003.- 224с. [С 7; 119-120; 121-140].
  7. Антология педагогической мысли России XVIIIв. – М., 1985.
  8. Антология педагогической мысли России первой половины ХІХв. –М., 1987.
  9. Антология педагогической мысли России второй половины ХІХ-начало ХХ в. –М., 1990.
  10. Гончаров Н.К. Педагогическая система К.Д. Ушинского. –М., 1974.
  11. Данилов М.А. Дидактика К.Д. Ушинского. –М., 1948.
  12. Егоров С.Ф. История педагогики в России. –М., 1999.
  13. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы: Мектеп, 1984.- 256 б.