Жердің планета ретінде жалпы сипаттамасы

1.Жер Күн жүйесіне тиесілі планеталардың бірі екендігін,ол сол ғарыш денесінен дәйім айналып тұратындығын, яғни онымен тұрақты байланыста болатындығын, алайда өзінің даму барысы тек өзіне ғана тән заңдылықтардан туындайтындығын сіздер астрономия пәнінен білесіздер. Геология ғылымының ең басты мақсаты Жердің ішкі құрылысы мен құрамын зерттеу және оның жаралу, геологиялық тұрғыдан бағдарлы түрде даму заңдылықтарын анықтау болып табылады.

Жер – күн жүйесінің үшінші планетасы. Жердің Күннен айналу қашықтығы орта есеппен 149,5. 106 км, айналу периоды 365,2564 жұлдыздық тәулік, орбитадағы қозғалу жылдамдығы 29,76 км/с, жер массасы 5,975. 1027г, бұл мөлшер Күн массасының 1/333 432 бөлігін құрайды.

Жердің ішкі құрлысының осындай пішімі планетамызды байырға жұмыртқамен салыстыруға болатын сияқты. Шынында да жұмыртқаның сары уызының, ақұлпасының және сыртқы қабығының өзара орналасу реті мен мөлшерлік қатынастары Жер планетасының нақ осы ретпен орналасқан ядросының мантиясын және литосферасын еске салады.

Жердің ядросы мен оның қатты қабықтары, өз кезегінде, өзін құрайтын заттардың физикалық сипаттары тұрғысынан анық ерекшеленетін тағы да бірнеше жекелеген қабаттарға дараланады. Мәселен, жер ядросы екі бөліктен-қатты заттардан тұратын ішкі ядродан және сұйық күйдегі сыртқы ядродан – тұрса, жер мантиясы үш сфераға — төменгі мантияға, ауыз су белдеміне және жоғарғы мантияға – жіктеледі; жоғарғы мантияның төменгі деңгейінде ішінара балқыған заттардан тұратын астеносфера оқшауланады; атмосфераны көмкеріп жататын литосфера қабаты да екі бөліктен тұрады, оның төменгі деңгейі литосфералық мантия деп аталса, беткі бөлігі жер қыртысын құрайды; жер қыртысы, өз кезегінде, шартты түрде тағыда үш қабатқа – базальтты, гранитты және шөгінді қараптарға-жүктеледі. Жер планетасының бұл ерекшеліктері оның ішкі құрлысының кәдулігі пиязға ұқсас екндігін, яғни оның болмысы “бір-біріне кигізілген” концентрлі шарлардан тұратындығын көрсетеді.

2.Жер планетасы-жер-күннен санағанда 3-ші планета ол өз осінен 23 сағат 56 минут 4,1 секундық периодпен, ол күнді әллиптік орбитадан 356, 24 тәулік ішінде айналады оның өз осінен айналуы күн мен түннің ауысуын, ол күнді айнала қозғалуы жыл мезгілдерінің ауысуын қамтамасыз етеді. Эволюциялық даму барысында жердің құрылысы түзіледі. жердің ортасында радиусы 1500 км тең ядросы орналасқан, ядромантия мен, ал мантияны радиусы 6000 км болатын жер қыртысы құрайды. Жер қыртысына жердегі барлық су обьектілерін біріктіретін гидросфера кіреді жер өзімен бірге қозғалатын газды атмосферадан қоршалған.

Жердің өз бөлігінен айналуы нәтижесінде күн мен түннің ауысуы.

Әлемдік дене ретінде Жер өз білігін айналады. Сонымен бірге өз орбитасымен Күндіде аиналып отырады. Ол бүкіл күн жүиесінің құрамында Галактика ядросының төңірегінде айналады және бүкіл Галактикамен бірге әлемдік кеністіктегі қозғалысқа қатысады. Осылардын ішінде Жер бетіндегі түрлі құбылыстардын дамуына Жердің өз бөлігін айналуы және орбита бойынша Күнді айнала қозғалуы басты орын алады. Егер Жер шарының солтүстік полюс жақтағы үстінен қарайтын болсақ, оның батыстан шығысқа қарай, сағат тілінің айналу бағытына қарама – қарсы бағытта, өз білігінен айналып тұрғанын көрер едік. Күн мен түннің ауысып отыруы нақ осы айналудың әсерінен болады.

Жердің өз білігін айналуының Жердегі тіршілік үшін маңызы.

Жер өз білігін бір тәулікте, 24-сағатта бір айналып шығады. Жердің өз білігін мұндай жылдамдықпен айналуының ондағы табиғат құбылыстары үшін шешуші мәні бар. Егер жоғарыда айтқанымыздай, Жердегі 1 тәулік 1 жылға тең болса, онда Жердің Күнге үнемі бір жағы қарап, екінші жағына күн сәулесі түспес еді. Ондай әдеттегі тәулік есебі де жойылып, күндіз, түн жыл мезгілдері дегенді білмес едік. Жердің Күн батпайтын жағындағы ыстық 1000 С-тан асып, Күн түспейтін жағы соншалықты қақаған аяз болып тұрар еді. Мұндай планетаның тіршілікке жарамайтындығы өзінен-өзі түсінікті. Ол ол ма! Жердің Күн батпайтын жағындағы су түгелдей буланып кетер еді, Күн шықпайтын жағындағы су үнемі қатып жататындықтан, ол жағын ғаламат қалын мұз құрсар еді. Бәлкүм, күн мен түннің тоғысқан астарлас өңірінде тіршілікке жайлы, өтпелі қоңыржай орын алатын шығар? Жоқ олай емес. Тура осы өңірде температураның, ауа қысымының күрт өзгеруі салдарынан сұрапыл дауыл, су тасқыны және т.б. түрлі апатты құбылыстар болып жатар еді.

3.Жердің жылдық қозғалысы

Басқа планеталар сияқты Жер де Күнді тұйық сызық құрайтын жолдын бойымен, яғни орбитамен айналады. Жер орбитасы дұрыс шенбер түзбейді, одан гөрі сәл сопақтау . Сондықтан жер жылына Күнге бір рет жақынырақ келеді де ( 3 қаңтар ), бір рет орбитадағы ең алыс нүктесіне ( 5 шілде ) барады. Ең жақын нүктемен (147 млн км) нүкте мен ең алыс (152 млн км) нүктенің арасындағы қашықтық айырмасы-небәрі 5 млн км. Бұл Жердің Күннен орташа қашықтығымен салыстырғанда тым мардымсыз.

Жер Күнді орбита бойымен 365 күн 6 сағатта 1 рет айналып шығады. Жыл есебін оңайлату үшін 1 жылда 365 күн бар деп есептелінеді. Жыл сайын есепке қосылмай қалып отыратын 6 сағат 4 жылда 24 сағат немесе 1 тәулік құрайды. Сонда 3 жыл 365 күннен тұратын жыл «кібісе жылы» деп аталады. Ақпан бұл жылы 29 күнмен, ал қалған 3 жылда 28 күнмен бітеді.

Жер бетіне жылу таралудағы айырмашылық

Жерге Күннен келетін жылу мөлшері Жер білігінің орбита кеңістігінде орналасу қалпына тікелей байланысты. Егер Жердің білігі орбита кеңістігінде тік орналасса, оның барлық жерінде жыл бойы күнмен түн бірдей болар еді. Онда күн сәулесінің жер бетіне түсу бұрышы жыл бойы өзгермес еді, сондықтан жыл мезгілдері де ауыспас еді. Жаз бен қыс, көктем мен күз дегенді білмес едік. Экваторлық белдеуде ұдайы ыстық жаз , орта белдеуде күз немесе көктем, полюске жақын маңда жыл бойы қақаған қыс болып тұрар еді. Осыған орай Жер бетіндегі табиғат белдеулері мен зоналарды да казіргіден басқаша болары анық.

Солтүстік Америка мен Еуразиядағы қалың ормандардың орнын мәңгі жасыл тундыра жайлап алар еді. Қазіргідей қысқа болса да, Күн жылынатын маусым тумайтындықтан, полярлық аймақтарды мәңгі қар мен мұзқалқаны басып жатар еді.

Жердін белгілі орбита кеңістігіне тік орналаспай, 66,50 бұрыш жасап белдеу қиылысады, сондықтан жылу Жер бетіне бұл айтылғаннан басқаша таралады. Жер көлбеулік мөлшері оның күнді айналу жолында тұрақты болады. Соған сәйкес жыл ішінде жер бетінің кез келген нүктесіне Күн сәулесінің түсу бұрышы және түсу уақытының ұзақтығы өзгеріп отырады. Нәтижесінде келетін жылу мөлшері өзгереді, жыл мезгілдеріде ауысады.

Маусым шілде тамыз айларында Жер Күнге Солтүстік жарты шар жағымен қарайды да, планетаның бұл жағына жылу мен жарық молырақ түседі. Сондықтан бұл кезде Солтүстік жарты шарда – жаз, оған қарама-қарсы Оңтүстік жарты шарда қыс болады. Қыркүйек, қазан, қараша, наурыз, сәуір, мамыр айларында Жер шары Күнге қырын түрады да, күн сәулесі мен жылуы екі жарты шарға бөлініп түседі. Сондықтан бұл кездерде екі жарты шардың бірінде-көктем, екіншісінде күз болады.