Тұқымды өсімдіктердің өсуі мен дамуы

1.Кез келген өсімдіктің, кішкене батпақ өсімдігі – балықоттан бастап, ормандарымыздағы алып қайыңның барлығының тіршілігі тұқымнан басталады. Сыртынан тұқым қалың тұқым қабығымен қапталған. Бұл тұқымның ішкі бөлігін кебуден және зақымданудан сақтайды. Қабық астында кішкене болашақ өсімдік – ұрық орналасады. Оның ұрық тамыршасы, сабақшасы, бүршікшесі және тұқым жарнақтары болады. Тұқым жарнағы – бұл ұрықтың алғашқы жапырағы. Өздерің білетін үрмебұршақта тұқым жарнақ екеу, бұлар жақсы жетілген, ішкі жағында қоректік заттар қоры шоғырланған. Тұқым ұрығында екі жарнағы болатын өсімдіктер қосжарнақты деп аталады. Мысалы, қызанақ, емен, алма және т.б. көптеген өсімдіктер.

Ал, жуа, күрыіш, құртқашаш, бидай тұқымдарының құрылысы мүлдем басқаша. Бұлардың ұрығында бір ғана тұқым жарнағы болады. Мұндай өсімдіктер дара жарнақты деп аталады. Бұларға пальма, қамыс, қияқ, архидеялар, сондай-ақ сүйсін сияқты сирек кездесетін орман ағаштары жатады.

Барлық қос жарнақты өсімдіктердің тұқым жарнақтарында қоректік заттар қоры жиналмайды. Көбісінің (көкнәр, жөке, бөртегүл) тұқымында эндосперм (гр. “эндо” – ішкі, “сперма” – тұқым) болады. Бұл қоректік зат жинайтын ерекше ұлпа.

Толық пісіп жетілген тұқымдар қолайлы жағдайлар туған кезде ғана өне алады. Су тұқымдағы қоректік заттарды ерітеді. Тұқым ұрығы қоректік заттарды тек еріген күйде ғана сіңіре алады.Тұқым өнбестен бұрын, судың белгілі мөлшерін бойына сіңіріп, бөртеді. Бөрткен кезде оның көлемі ұлғаяды. Бөрту үшін жұмсалатын судың мөлшері өсімдіктер тұқымының құрамына қарай әр түрлі болады. Майлы өсімьіктердің тұқымдары 30-40%, крахмалға бай өсімдіктердікі 50-70% су сіңіреді. Өнген кезде тұқым өте қарқынды тыныс алады. Егер тұқымды суда қалдырса, ол бөртеді де, ауа жетпеген соң өне алмай, шіриді. Кейбір батпақты жер өсімдіктерінің тұқымдары және күріш тұқымы судың астында да өне алады. Олардың өнуіне суда еріген ауаның өзі де жеткілікті.

Тұқымға қайнаған су құйса, ол өнбейді, өйткені оның құрамында ауа болмайды.

Жылу жеткілікті болса, тұқым жақсы өнеді. Олар белгілі бір температурада өне бастайды, қаулап өнеді, өнуін тоқтатпайды. Қарабидай, сұлы, арпа, зығыр жоңышқа, беде тұқымдары 00-50 –та өне бастайды, 50-100 –та қаулап өседі. Қияр, жүгері, қызан, асқабақ және басқа өсімдік тұқымдары 100-140 –та өнеді.

Көптеген тұқымдардың өнуіне жарық та, қараңғы да бөгет болмайды. Сарғалдақ, темекі, пияз, сәбіз, шырмауық, қоңырбас сияқты өсімдік тұқымдарының өнуі үшін жарық қажет.

Демек, тұқым қолайлы жағдай туғанда ғана өнеді. Егер осы негізгі жағдайлардың көпшілігі боып, біреуі болмай қалса да, тұқым өнбейді. Тұқым өнбесе, өсімдік те өспейді.

2.Қазіргі таңда өсімдіктерді қорғау мақсатында қорықтар мен бау-бақшалар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар орманды сақтау, көгалдандыру жұмыстары да қолға алынып жатыр. Көгалдандыру мен жайылымдарды сақтау үшін біріншіден, жер бетін лас нәрселерден тазарту керек; екіншіден, топырақ құнарлылығын сақтау керек; үшіншіден, ұлы өсімдіктермен тұрақты күрес жүргізу керек.

Қазақстан орман шаруашылықтарында жыл сайын 90 мың гектарға ағаштар отырғызылады.Онда табиғи өсімдіктердің 5 000 мыңнан астам түрлері өседі. Олардың ішінде дүниежүзінде кездеспейтін реликті (ертеден келе жатқан түрлер) өсімдіктер де бар. Мысалы, Шарын өзенінің аңғарында өсетін ақүйеңкі тоғайы планетамыздың басқа түкпірлерінде кездеспейді.

Республикамыздың табиғи өсімдіктерінің 400 астам түрі қала парктерінің, көше бойларын және жекелеген алаңдарды көріктендіру үшін қолданылады. Өсімдік әлемінің түрлерінің көп болуы адамдарға байланысты. Олар өсімдіктерді қолдан өсіру арқылы және олардың түрлерін көбейтуге дұрыс пайдаланбау нәтижесінде кейбір бағалы өсімдік түрлерін жойып жіберуге де мүмкіндігі бар.Мысалы, адаиның дұрыс қарамау нәтижесінде дүниежүзіндегі өсімдіктердің 30 мың түрі жойылып кетті, қазір оның 25 мың түрі құрып кету дәрежесінде тұр.