Музыка шығармашылығындағы психологиялық процестерінің жүйесі: елестету-сезу

Орыс ғалымы Б.Яворскийдің айтуынша шығармашылық өнер музыканың орындалуы барысында жүзеге асады, ал мұғалім болса оқушының музыканы түсіну, ойлау мүмкіндігін бақылап тұруға мүмкіндік алады. Б.Асафьев: «шығармашылық балалардың музыкалық материалдарды терең түсінуіне және музыкалық қабілетінің дамуына жағдай жасайды»-деп жазды. Музыка психологиясын зерттеуші Б.Теплов болса, «шығармашылықпен айналысуды ең алғашқы күннен бастау маңызды, өйткені, музыкалық мәдениеттіліктің іргетасын өз беттерінше қалауға ықпалын тигізеді» – деп көрсетті. Музыкалық өнердің тарихи-даму процесінде музыкалық әрекеттің үш негізгі түрі пайда болды .Ең алдымен шығармашылық музыка мәдениетінде жаңалық негізінде пайда болды. Құрылған жаңалық орындалуын талап етеді, демек, жаңа әрекеттің түрі орындаушылық пайда болды, оның өзі вокалдық және аспаптық болып бөлінеді. Музыкалық әрекеттің үшінші түрі-қабылдау; ол пайда болғанды меңгеру үшін және бұрынғы өткен тәжірибе негізінде жаңадан жаңалық ашу үшін адамға өте қажет.

20 жылдар кезеңіндегі арнайы музыкалық педагогикалық әдебиеттерінде балалардың әлеуметтік-музыкалық тәжірибені меңгерудің жалпы әдіс-тәсілдері байқалды (көрінді).

Н.Доломанова мен В.Шацкая балабақша тәжірибесіне ән айту, ритмика, музыка тыңдату сияқты музыкалық әрекеттің түрлерін қолдануды ұсынды. М.Румердің ойынша ритмика мен ән айтуға көп көңіл бөліну керек, ал музыка тыңдату әдісі музыкалық жұмыс тәжірибесінде әлі толық өңделген жоқ.

Б.Асафьев ұстаздар арасында кеңінен қолдау тапқан тәсілдерге мән беруді ұсынды: «белгілі бір шығарманы» жанды орындау арқылы таныстыру, сол арқылы музыкалық терминдерді жеткізу, оларды пайдаланудың анық та, айқын түсінікті түрін қарау болып табылады. Ең негізгісі – оларды қызықтыра білу, музыка сабағындағы болып жатқан әрекеттерге эмоциялық қарым–қатынасын дамыту.

Д.Кабалевкий былай деп жазды: «Музыкаға деген қызығушылық, музыкамен әуестену, ұнату–оның ғажайып сұлулығын түсіну үшін қажет шарт. Сонда ғана ол, өзінің тәрбиелік және танымдық ролін атқара алады. Ал, музыкаға қызықпаған, онымен айналыспаған, оны ұнатпаған адамға білім және тәрбие берем деу сәтсіздікке ұшыратпай қоймайды. Бұдан шығатын қорытынды: балалардың музыға деген қызығу сезімін оятпай, олармен музыкалық сабақ өткізем деу–бос әурешілік. Ал музыкану ұнату оған қызығу сезімдері балалар музыкалық өнердің нағыз көркем үлгілерін сезінгенде ғана пайда болмақ».

Балалар музыкалық шығармашылығын дамыту теориясының негізін қалаушы Б.В.Асафьев – музыка сабағында балаларға берілетін білім, дағды, әсер ету қабілетінің мәденитін қалыптастыруды қадағап отыруға ерекше назар аударды. Ол әрбір баланы тұлға деп қарап, оған өз мүмкіндіктерін көрсету мақсатында, өздерінің сезімдерін, ойларын, музыкалық тілінде жеткізу үшін көңілінен шығатын жұмыстарымен айналысу қажеттілігін айтты. Балаларды музыкаға тартып құштарландыру, олардың музыкалық іс-әрекетке деген қызығушылығын оятып және қолдап отыру, музыкалық тәрбие үрдісінде педагогтың алдына негізгі де, басты мақсат болуы керек. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай, жеке музыкалық дамуына арнайы педагогикалық жағдай жасау үрдісіне дұрыс жетекшілік деген сөз.

Шығармашылықты дамытуға ең қолайлы кезең жасөспірімділіктің алғашқы шағы. Өйткені, бұл кезең олардың әсерленгіштігі, сезімталдылығы, тартымды ойындарға, ертегілерге, фантастикалық әңгімелерге қызығушылығы және логикалық ойлаудың қарқынды дамуына септігін тигізеді. Егер балалық шақтан жасөспірімдер шағына ауысуына өзгеретін болса, онда олардың шығармашылық белсенділігі, әсіресе, музыкалық шығармашылық қабілеттері төмендейді.

Музыкалық психология саласындағы кейінгі еңбектерде музыкалық тәрбие беру барысында музыкалық аспаптарда ойнау (Божди, Яворский) әрекеті және музыкалық шығармашылық мәдениет қазыналарын жасау (Асафьев, Каратыгин, Брюсова) қолдануға көңіл бөлінеді.

Орта білім мектебінде музыкант–педагогтың зерттеу жұмысының мазмұны мен мүмкіншілігі қаншалықты? Педагогикалық еңбектердің табысты болуы мұғалімнің творчестволық қасиеттеріне байланысты. Әрбір сабақ оқу- тәрбие мақсатымен қатар, әр түрлі кездейсоқ ситуациялар жиынтығын құрайды. Сондықтан мұғалім біліміне ғана арқа сүйемей, нақты әдістемелік тәсілдерді қолдануды меңгеруі тиіс. Мұғалімнің творчестволық интуициясымен реакция жылдамдығымен ерекшеленіп, зерттеушілік талантқа ие болуы керек.

Оқушылардың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, жалпы сабаққа және оның бөлімдеріне деген тапсырмалардың мазмұнына деген ықыласы алдын-ала белгілі болмайды. Осыған орай оқытушы-әрдайым оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттерін, (жинақ) оқушылардың реакциясынан, білімінен, дағдыларынан бақылап отыруы керек, әсіресе музыкант педагог. Өйткені, музыка сабағында музыка тыңдау немесе орындау барысындағы әр баланың эмоциялық жағдайы, оның ойының, елестетуінің, есте сақтауының дамуы мен қалыптасуы маңызды орын алады. Оқытушының сабақтағы оқыту, дамыту, тәрбиелеу сияқты функцияларды орындаумен ғана шектелмей жан-жақты болуы тиіс. Яғни, ол оқушыларды ән айту барысында, музыка жайлы әңгіме барысында, оларды қабылдау барысында, музыкалық аспапта ойнау т.б. музыкалық әрекеттер барысында үнемі бақылауда болуы керек.

Оқытушы міндетті түрде сабақтан тыс уақыттарда алатын музыкалық әсер жайлы, олардың мектептегі есіткен музыка жайлы пікірлерін ескеру керек. Мұндайда әрбір оқушының көзқарасын, талғамын жеке талдаған жөн. Сондықтан оқытушының зерттеу әрекеті, жүйелі жан-жақты, тұрақты болған жағдайда ғана әр түрлі байқауларды салыстырып, олардан нақтылы нәтиже шығаруға болады. Салыстырма қысқа, нақты, жеке сұрақтар мен кең музыкалық тәрбие жоспары бойынша өткізіледі. Мысалы: жоғарғы дыбысты есту, ырғақты сезіну, ладтық сезім сияқты қабілеттің дамуы, сондай-ақ музыкалық ықылас-талғамдары, музыка жайлы пікірлері. Оқу тәрбие жұмысының жүзеге асырылуында оқушылардың жалпы мінездемесі өте маңызды. Мектепте сыныптың, оқушылардың көп болатындығына байланысты оқытушыға әрбір оқушының жеке қасиетін өзіне белгілеп алғаны жөн. Мысалы : О.Апраксина өзінің тәжірибесінде әр түрлі мәліметтер жазу үшін ерекше журнал арнады. Мәліметтің кейбіреуі сабақта жазылса, кейбірі үйде сынып жетекшісімен әңгімеден кейін жазылды. Оқушылардың немен шұғылданатынын біліп, оның ықылас талғамының, қабілетінің басым жағын анықтап болып, оқытушы оның музыкалық қасиетін дамыта алады, музыкалық талғамын, ықыласын қалыптастыра алады.

Баланың жалпы мінез-құлқына оның музыкалылығымен қатар музыкалық ой-өрісі (кругозор) кіреді; қандай музыкалық шығармалар біледі (шығарманың кез-келген жерінен үзіндініанықтай алады). Егер, оқытушы оқу бағдарламасына байланысты өз оқушысының қай жанрға қандай көзқараста екенін, оларға ненің таңсық екенін білсе, оған оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру оңайға түседі.

Оқушының ой-өрістері әр түрлі әдістермен анықталады. 1-2 сыныптарда фронтальный (қарсы алдан) опрос ретінде, яғни, оқытушы балалардан өздеріне таныс музыкалық шығармаларды есіне түсіруін сұрайды, келесі сабақта баланың қаншалықты білетінін білу үшін сол сұрақтарды тексеру ретінде қолданады.

МектепСыныпОқу жылы

 

Оқушының аты-жөні Есту Диапазон Есте сақтау
Қадырбекова Гүлбану

Қасымбекова Динара

Бяекмұратов Сейітжан

3,3,4

5

4,5,5

VI-VII

IX-X

VIII

қысқа-3, ұзақ-5

қысқа-5, ұзақ-4

қысқа-5, ұзақ-5

Жоғарғы сыныптарда оқушылардың өз жауаптарын өздері жаза алатынығынан бұл әдісті қолдану оңайырақ. Тапсырма тек ән сабағында ғана емес үйге де беріледі, кейін сабақта жазбаша тексеріледі. Осы қарапайым әдіс арқылы оқушылардың музыкалық багажын (қорын) алған әсерін, көзқарастарын білуге болады. (білім деңгейіне арнайы тексеріс қажет). Бұдан басқа музыкант-педагог оқушылардың музыка естуін, музыканы есте сақтау, дауыс ерекшеліктерін тексеріп, алынған мәліметтерді таблицаға жазып қою керек.