Музыка-психологиялық білімдермен түсініктер дамуының негізгі тенденциялары

Музыкалық психология жас ғылым делінгенмен, оның қайнар көзі ертеде деп жоғарыда айтылды. Сол кездің өзінде ақ музыканың тірі жанның, тіршіліктің сезіміне, көңіл-күйіне әсер ететіндігін білген. Антикалық (көне) аңыздар мен мифтерден музыкалық терапияны қолдану туралы көптеген мысалдар келтіруге болады. Ежелгі грецияда бұл Апполон өнер қорғаушысы (покровитель), жақтаушысы мен оның ұлы Аскеплия емдеуді жақтаушы есімдерімен байланысты. Музыканың адамға әсері негізінде ежелгі гректер ладтарды былайша бөлді.

  1. дорийлік – қатал, сұрапыл.
  2. фригийлік – ынтықтыратын, жігерлендіретін.
  3. медийлік – қайғы-мұңға батыру.

Философтар музыкалық шығармалардың медицинаға пайдалылығын зерттеп, классификациялады. Атақты Гиппократ ауруларға музыкатерапия курсын белгілеген. Ибн Сина жақсы ән аурудың қозуын бәсеңсітіп, оның ойын бөліп, тіпті тәтті ұйқыға да батырады дейді. Европалық медицинада музыканың емдік факторына ерекше көңіл бөлінді. 13 ғ ауруханаларда арнайы музыка қолдану арқылы емдеуге жеке бөлмелер бөлген.

20 ғ екінші дүние жүзілік соғыстан кейін осы сала кеңінен дами бастады. Англияда Ж. Альвин Музыкалық терапия мен емдік музыка қоғамын құрады. Венада «музыка және медицина» атты симпозиум өтті. АҚШ музыка мен медицина арсындағы қарым-қатынасты зерттейтін комитет құрды. Музыканы хирургияда, кардиологияда, акушерлікте, стомотологияда, нервтік психикалық ауруларды емдеуде қолданады.

Россияда музыкалық терапияның анықталуы мен дамуы И.Догель, И.Тарханов, В.Мострицкий, Ц. Спиртов сияқты ірі ғалымдардың есімімен байланысты.

Музык.ая жизнь (№4 1991) журналында «Исцеление музыкой» деген Д.Левипаның статьясынан үзінді келтірейік.

Москвадағы № 9 мектеп санаториясындағы психоневрологиялық аурумен ауыратын балаларға музыканы емдік фактор ретінде қолдануға мүмкіндік туды. Мұнда туа қалыптасқан травма, инфекциялық аурулардан, ауыр тұрмыс салдарынан психика жүйесі бұзылған 300-дей оқушы бар. Балаларда ұйқының бұзылуы, үнемі бас ауру, тез шаршау сияқты сиптомдар тән. 0965 жылдан бастап мен олармен музыкалық терапия сеансын жүргізе бастадым. Дәрігерлердің ұсыныстарымен балалардың талғамын ескере отырып, бірдей жасарлықтағы 10-12 адамнан тұратын топ ұйымдастырдым. Сеанс аптасына 2 рет түскі астан кейін дүйсенбі және жұма күндері өтті. Яғни, аптаның басында, балалардың апта бойғы еңбегіне дайындық ретінде ал аптаның соңына олар шаршаған, еңбек ету қабілеті төмендеген кезде, ойы үйіне қайтуға елеңдеп тұруына байланысты өтті. Сабақ 20-30 мин. тұрады. Сеанстың нәтижелі болуы дұрыс таңдалған музыкалық материалға және ретіне байланысты. Бетховен, Бах, Шопен, Григ,Шуберт, Моцарт,Чайковский, Грибоедовтердің шығармалар жинағынан тұратын 11 программа құрылды.

Музыкалық терапия сеансына қатысатын балаларға дәрі-дәрмек мөлшері азайды, тәрбиешілер баланың тәртібінде бір-біріне деген қамқорлық пайда болғанын, шыдамдылық таныта бастағанын байқады. Оның математика, орыс тілі сияқты қиын сабақтарға зейіні артты; сабақты бұрынғыдан жақсырақ меңгеретін болды. Сеанс барысында педагогтың сөзі, даусының күші, интонациясы, сондай ақ музыка маңызды.

Екінші статья «Скажите доктору» «А-а-а» (Журнал «Не может быть» № 3, 1993). Физикадан дыбыс-вибрация екені белгілі. Біз вибрацияны тек құлағымызбен емес, бүкіл денемізбен қабылдаймыз. Әйнекті пышақпен тырнағанда шығатын дыбыс өте жағымсыз. Ғалымдар бұны апатты ескертетін маймылдың дауысына ұқсас екенін дәлелдеген. (вибрация-ішкі ырғақпен үйлеспейді). Ал егер вибрация ішкі ырғақпен үйлесетін болса, ол шынында да адамдарға жағады. Мысалы: ән айтатындардың гландылары тезірек жазылады. Бірақ барлық адамның қолынан ән айту келе бермейді. Еж. Индустар ән айтуды күліп тұрып дауысты дыбыстарды айтумен теңестіреді. «И-и-и» деп ұзақ, біркелкі, бір тыныста, бір биіктікте айтылса ми жақсы жұмыс істейді, бүйрек қызметі жақсарады; «Э-э-э» -ішек құрылысына әсер етеді; «А-а-а» – жұтқыншақ пен көмейге массаж; «О-о-о»- кеуденің орта бөлігін қалыпқа келтіреді; «О-и-о-и-о-и»- жүрекке массаж ретінде, бұл жаттығуларды күні бір рет 3-4 рет қайталаумен жасауға болады.

Музыкалық психология-музыканың адамға әсер етуін зерттейтін өнер психологиясының бір саласы. Музыкалық психология музыкалық қабілеттің, музыка жазу, орындау, қабылдау және музыкаға оқып үйренудің психологиялық механизмінің; музыканы көпшіліктік қатынаста қолданудың (концерт, спектакль, кино); жұмыс өнімділігіндегі музыкалық әсердің, музыканың адамға есемдік әсерінің (муз. терапия); музыканттың кәсіптік шеберлігінің (профессионалдығының) артистік қасиетінің көрерменге әсері ,көрерменмен байланысы, қарым-қатынасы (общение с публикой) жасөспірімдердің қалыптасуындағы эстетикалық,өнегелік, тәрбиелік маңыздарының , жеке адамның творчествалық потенциалының жоғарлауындағы музыка әсерінің қалыптасуындағы, дамуындағы, анықталуындағы мәселелерді зерттейді. Музыкалық әрекеттің (муз. ой деятельности)психологиясы музыкалық психологияның бір бағыты болып саналады. Ол музыканы тыңдай білу, орындай білу және жаза білуді қарастырады.Музыкалық психология білім саласы ретінде 19 ғасырдың ортасынан басталып жеке, өз алдына дербес ғылым болып бөлініп шықты. Бастапқыда ғалымдар дыбыстың жеке қасиеттерін (высоты, тебра, громкости) және есту мүшелерінің күрделі психологиялық құбылыс деп зерттеп бастаған.

Зерттеулердің болымды нәтижесі сезім мүшелерінің қызметінің әр түрлі физикалық объект арқылы әсер етуінің объективті (ақиқатты әділ)мәліметті анықтауы болды. Бұл Г. Гельманға естудің (слух.ң) резонансты (ашық,жақсы естілу)және обертонды (жаңа өң беретін қосымша дауыс құбылысы) теориясын дәлелдеуге, Э.Вебер мен Т. Фехнерге- негізгі психофизика заңын тұжырымдауға (мазмұндауға) мүмкіндік берді.Кейінірек музыка психологтарының назары музыкалық естуде болды. (О.Абрахан, Ф. Брентано) одан кейін музыкалық қабілеттер мен музыкалық қабылдау (К. Штулепод, К. Сигиф, Л. Мясещев) зерттеле бастады.

Кәсіптік (профессионалды) музыкатану мен психологиялық деңгейде орындалған зерттеулердің жеткіліксіздігі музыкалық психологияның дамуына қиындық туғызады. Ғылым ретінде музыкалық психология қозғалысының бірі болып музыкалық терапия пайда болды. Оның негізін Н.К. Рерих атындағы «за мир через культуру» атты халықаралық ұйымның президенті Поль. Вайнцвайг қалады. П.Вайнцвайг 1943 жылы туған, білімі әлеумет. Психологы. Торонтодағы сойиология университетін бітірген, докторлық дисертациясын (70ж ) қорғағаннан кейін, мәдениет, бизнес және әлеуметтік-саяси ғылымдар саласын белсенді жетілдірді. Бірнеше кандидаттық университетте сабақ беруі президенттің таңдаулы қызметі болды. Поль Вайнцвайг – білім, өзін-өзі тәрбиелеу, семьядағы және жұмыстағы қарым-қатынас, жасы үлкен-кіші арасындағы дағдарысты шешу сияқты сұрақтарға жауап беретін «Вайцвайг ТВ ток-шоу» телевизиялық сериалдардың авторы және комментаторы (түсінік беруші).

Біздің іс-әрекетімізде, сезім мен ойымызда әрдайым ішкі ырғақ (внутренный ритм) болады. Организмде вибрацияның (тербеліс) әр түрлі ырғағы болады. Бұл ырғақтар бір-бірімен үйлесімді болса адам бірқалыпты қозғалыста болады. Ал егер, тән мен жан ырғағы синхрондығын жоғалтса, яғни вибрациялардың бірі жай, бірі тез қозғалыста болса координация (үйлестік, келісімділік) бұзылады. Мысалы: мидың белгілі бір ырғақтары жәй болса (адам тез шаршайды, жалқаулығы басым болады.) немесе тез болса (қорқақ, ашулы, ызалы болады) ой күңгірттенеді, творчествоға деген қабілет, жинақылық жоғалады. Белгілі бір музыкалық ырғақтар тыңдаушының өмірсүйгіштігін, шабытын, көңілінің жайбарақаттығын құмарландыра алады.