ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы орыстың музыка мәдениеті

ХІХ ғасырдың 60-70 жылдары Ресейде өнер мен әдебиеттің барлық саласы, сонымен бірге музыкада ұлттық, демократиялық бағыта дамудың жаңа беталасы басталды. Петербургте Мәскеуде тегін оқытылатын музыкалық мектептер, ағайынды композитор, әрі дирижер, пианистер Антон және Николай Рубинштейндер ұйымдастырған орыс музыка қоғамы ашылды. Петербургте, Мәскеуде музыкалық жоғарғы оқу орындары ашылды. Дәл осы кезде тамаша музыканттардың басын қосқан “Қуатты топ” ұйымы құрылды. М.А.Балакиревтің осы ұйыда М.П.Мусоргский, А.П.Бородин, Н.А.Римский-Корсаков, ц.А.Кюй секілді ең таңдаулы композтиорлар болды. Оның идеялық дем берушісі әйгілі өнер қайраткері В.В.Стасов болды. “Қуатты топ”ұйымындағы композиторлардың негізі мақсаты ұлттық музыканы М.И.Глинканың дәстүрібойынша дамыту, байыту болды. Оладың көпшілігі тарихи өмірдің шындығын музыка сыры арқылы ақиқатты көрсетуші еді. М.П.Мусоргскийдің “Борис Годунов”, “Хованщина” операларынан, Н.А.Римский-Корсаковтың “Псковитянка”, “Патша қалыңдығы”, А.П.Бородиннің “Княз Игор” операсынан осыны көреміз.

А.П.Бородиннің “Княз Игорь” операсының негізгі мазмұны орыс халқының ертедегі, 12 ғасырда жазылған “Игор полкы туралы сөз” атты поэмадағы 1185 жылы Игорь Святославич Новгород-Северскийдің көшпелі дала халқына – қыпшақтарға жорығы суреттелетін оқиғасы алынған.

Опера сюжетін құруға, сценарийін жасауға В.В.Стасов өз пікірін ұсынып негізгі идеясын айтыымен-ақ Бородин халық музыка творчествосын эпикалық әндерді, ата-бабасы Орта Азия жерін мекендеп, кейін Венгрияда тұрақтап қалған елдердің шығыс әуендерін жазып алады.

А.П.Бородин “Княз Игор” операын жазуды 1869 жылдан бастапқолға алған. 1847 жылы А.П.Бородин әртүрлі себетемен тоқтап қалған “Княз Игорь” операсын аяқтады.

Чайковский Петр Ильич – орыс композиторы, дүние жүзілік классикалық музыканың көрнекті өкілі. Москва консерватоиясының профессор. Тау-кен инженерінің жанұясында туған. 1850-1859 жылы құқықтану училищесінде, 1861-1862 жылдары орсы музыка қоғамының музыка класында және 1862-1865 жылыПетербург консерваториясында оқып білім алды. А.Г.рубинштейнмен Н.И.Зарембаның мәкірті. 1866 жылы Москваға келіп “Қысқы ойлар”, атты бірінші сифониясын, 1868 жылы “Воевода” атты операсын жазды. АН.Островский, П.М.Садовский, Н.Г.Рубинштейн т.б. орыс мәдениетінің қайаткерлерімен жақын болуы Чайковскийдің идеялық-көркемдік көзқарасының қалыптсауына зор ықпал етті. 1868 жылдан Чайковский “Құдіретті топ” композиторларымен творчсетволық қарым-қатынаста болып, М.А.Баакиревтің кеңесімен У.Шекспирдің “Ромео мен Джульетта” трагедиясының сюжетіне увертюра-фантазиясын жазды. 70 жылдары жазған “Опричник” (1872), “Ұста Вакула” (1874),”Аққу көлі” (1876) балеті, 2-3 симфониялары сияқты т.б. шы,армаларынан Чайковский творчествосының жан-жақты дамығаны айқын байқалады. Ол өз творчествосында, сәіресепрограммалық симфонияға зор көңіл бөлді. Компзиторлық қызметімен қатар Москваның музыкалық-қоғамдық өмііне де бесене араласты. 1868 жылы Чайковский музыка сыншысы ретінде таыла бастады гармония туралы Ресейдеі тұңғыш оқулықты жазды. Композитор творчествосындағы маңызды кезеңнің бірі – 4-симфониясы (1877) мен “Евгений Онегин” (1878) операсы болды. Осындан кейін “Орлеан қызы” (1879), “Мазепа” (1883) опералаы мен “Москва” (1883) кантатасы, бірнеше сюита, концерттері өмірге келді. 1885 жылы Москвадағы орыс музыкалық қоғамы бөлімінің директоры болды. Бұл кезде оның есімі Ресейге ғанамес, шетедерге де танылды. Өмырының соғы жылдары Чайковский диижерлік өнере көп көңіл бөлді. 1887 жылы 13 қаңтарда Үлкен театрда өзінің алғаш қойылған””Зер кбіс операсына дирижерлік етті. 1887-1893 жылдары дирижер ретінде Ресейдің көптеген қалаларында, Батыс Европада, гастрольдік саарда болды. 1891жылы АҚШ-қа барып, бінеше симфония, концерттерге дирижерлік етті. 1892 жылы француз институтының құрамындағы Әсемдік өнер академиясының корроспондент мүшесі, 1893 жылы Кембридж униврситетінің құрметті докторы болып сайланды. 1880-1893 жылы аралығында “Сиқырлы сұлу” (1887), “Қарғаның мәткесі” (1890), “Иоланта” (1891) опералары мен “Ұйқыдағы ару” (1889), “Шаттауық” (1892) балеттерін, 5 симфониясы (1888) мен 6 симфониясын ( “Патетикалық”, 1893), “манфред” пограммалық симфониясын У.Шекспирдің “Гамлет” трагедиясының сюжетіне жазған увертюра-фантазиясын(1888), фортепиано мен оркестргеарналған 3- концертін т.б. жазды. Петербургте автордың басшылығымен тұңғыш рет 6-симфониячсыорыдалды. Чайковский 10 опера, 3 балет, 2 драмалық спектакльдерге музыка, 6 симфония, 30-ға жуық оркестрге арналған шығармалар, 4 концерт, 3 кантата, 3 квартет, трио және сексте, 100 ден астам фортепианоға арналған пьесалар, көптеен романстар, әндер т.б. жазды. Өз халқын, туған Отанын жан дүниесімен беріле сүйген патриот-суреткер Чайковсикй ХІХ ғасырдағы алдыңғықатарлы орыс мәдениеті қайраткерлері мен тығыз байланыста болды. Оның еалистік творчестволық принцптерінің қалыптасуына 60 жылдардағы демократиялық-қоғамдық қозғалыс игі әсер етті. Чайковский творчествосының негізгі тақырыбы – адамның бостандық, тәуелсіздік және бақыт үшін күресі болды Чайковский творчествосының ең бсты жанры симфониялық шығармалар.Л.Бетховенен кейін дүние жүзілік симфония өнерінің дамып жетілуіне Чайковский творчествосының маңызы зор болды. Симфониялық музыканың асқан шебері атанған композитордың бұл саладағы еңбектерінің шыңы – 6-симфониясы (“Патетикалық”). Адамға деген сүйіспеншілік сезімге, сондай-ақ өмір қайшылықтаына қарсы наразылыққа толыбұл шығарма сол кездегіалдығы қатарлы демократиялық орыс өнерінің озық үлгілеріне жатады. Чайковский өз операларында небір тамаша ұмытылмас образдар галереясын жасады. “Евгений Онегин” операсында композитор қарапайым адамдар өмірінен “құпия, бірақ күшті драма” жазу идеясын іске асырды. Чайковский творчествосы балет өнері дамуында жаңа кезең болды. Оның шығармалары барлық елдерге кеңінен тараған. Кеңес дәуірінде Чайковский шығармалары халық игілігіне айналды. Москва және Киев консерваториясы, Пермь операжәне балет театры, Москвадағы концерт залы, көптеген музыкалық училищелер композитор есіміменаталды. 1958 жылдан Москвада П.И.Чайковсикй атындағы пианстер байқауы өөткізіліп тұрады. Клинде композитордың мұражай-үйі Воткинскідегі мемориал мұражайы бар. 1939 жылдан Қазақтың опера және балет театрында Чайковскийдің опералы мен балеттері қойылып келеді.

Рубинштейн Антон Григорьевич – орыс пианисі, композитор, дирижер, педагог, музика қоғамының қайраткері.Орыс музика қоғамын ұйымдастырушылардың бірі. Н.Г.Рубинштейннің ағасы. 1837 жылы А.И.Виллуан (фортепианодан) мен З.Денне (теориядан) сабақ алды. 1840-1843 жылы Әвропа елдерінде концерт тер берді. 1844-48 жылы Берлин де (композциядан) оқыды. 1854-58 жылдары концерттік қызмет пен шұғылданды. 1859 жылы Петербургте Орыс музика қоғамы және музыкалық кластар ұйымдастырды. Музыкалық кластар негізінде 1862 жылы тұңғыш орыс консерваториясы құрылды.1862-91 жылдары осы консерваторияның директор-профессоры. Өмірінің соңғы жылдарын Дрезденде өткізді. Рубинштейн белгілі композиторлар Ф.Лист, ф.Мендельсон, К.Сен-Санспен творчесвтолық-достық қатынаста болды. Ол Ф. Лист пен қатар пианим өнерінің асқан шебері еді. Ресейде алғаш пианистер мектебінің негізін салды. Композитордың лирикалы-романтикалық бағыттағы шығармалары көркем әрі әуенді. Рубинштейн өз творчествосына шығыс халқының сазды колоритін пайдалану арқылы музыка мұрасын байыта түсті. 14 опера (“Дмитрик Донский”, “Демон”, “Нерон”, “Көпес Калашников” т.б.) оратория (“Жоғалған жұмақ”), 6 симфония, симфониялық поэма ( “Иван Грозный”, “Дон Кихот”), фантазия (“Россия”) балет, фортепианолық және камералық т.б. музыкалық шығармалар жазды.

Рубинштейн Николай Григорьевич – орыс пианисті,, дирижер, педагог және музыка қоғам қайраткері. А.Г.Рубинштейннің інісі. Музыкалық білімді Берлин мен Ресейде алды. 1855 жылы Мосвка университетінде алды. 1860 жылы Москвада Орыс музика қоғамы бөлімін және музыалық клстар ұйымдастырды. Бұлардың негізінде 1866 жылы Москва консрвтоиясы ашылды. 1866-81 жылдарысы консерватоияның директор-профессор болды. Шәкіртеі: С.И Танеев, А.И.Зилоти, т.б. Рубинштейн – фотрпаинолық пьесалардың, романстардың т.б. музыкалық шығармалардың авторы. Оның товрчествосы Москва музыка өмірінің дамуына игі әсер еті. П.И.Чайковский оған “Ұлы артистің жарқын бейнесі” атты фортепианолық триосын арнады.

Рахманинов Сергей Васильевич – орыс композиторы, пианист, дирижер. Дворян жанұсында туған 4-5 жасынан фортепианода ойнады.1882 жылы Петербург консерваториясында В.В.Демянскийден сабақ алды. 1891 жылы Мәскеу консерваториясын фортепиано класы бойынша Н.С.Зверев, пен А.И.Зилотиден, 1892 жылы композиция класын С.И.Танев пен А.С.Аренскийден бітіді. Диплом жұмысы бір актілі – “Алеко” операсы. 90 жылдары жазған шығармаларының көрнектісі – “Пьеса-фантазияллар”, фортепианоға жазылған “Музыкалық сәттер” (1896), симфониялық фантазия “Шың” (1893), 1 симфония, 20-дан астам романстар т.б. 1897-1898 жылы Мәскеудегі жеке меншікті орыс операсының, 1904-06 жылы Үлкен театрдың диижеры болды. 1900 жылы пианист, дирижер ретінде Ресейде және шетелдерде концерттер берді. 1900-07 жылдар аралығында Рахманинов 2-3 концертін, 2 смфониясын, “Сараң сері” мен “Франческа да Римини” операларын, “Көктем” кантатасын, оркестрге арналған поэма, 2 соната, фортепианоға жазылған 23 прелюдия мен 17 этюд-картина, сюита, симфонияжәне көптеген романстар жазды. 1917 жылы желтоқсанда Скандинавияға гастрольге кетеді де, 1918 жылы АҚШ-қа біржола орналасады. 1918-1943 жылдары Рахманинов негізінен концерттік-пианистік қызметпен шұғылданды. Осы жылдары фортепиано мен оркестрге жазылған 4 концертін және “Паганини тақырыбына арналған рапсдиялар”, әндер, вариациялар, симфониялық билер жазады. Рахманинов 19-20 ғасыдағы көрнекті музыканттардың бірі. Оның шығармалары өмірлік шыншылдығымен, әуенінің байлығымен ерекшеленеді. Рахманинов музыкасы орыс халық әндерін, әсіресе оның жанға жайлы әуенділігін бойына сіңірген. Отан орыс табиғатының жалынды жыршысы болған Рахманинов творчествосының негізгі тақырыбына айналды. Рахманинов есімі пианист ретінде Ф.Лист, АГ.Рубинштейнмен қатар аталады. Сондай-ақ Рахманинов өз заманының аса ірі опералық және симфониялық дирижерлерінің бірі болды.

Скрябин Александр Николаевич – орыс композиторы, пианист, 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басындаңы ең ірі өнер қайраткерлерінің бірі. 1892 жылы Москва консерваториясын В.И.Сафонов (фортепианодан) және С.И.Танеевпен А.С.Аренскийдің (композициядан) класы бойынша бітірді. 1898-1903 жылдары консерваторияның профессор. 1904-09 шетелде (Швецария, Франция, Италияда) тұрды. Оның 1-симфониясы (1900), 3- симфониясы (“Құдіретті поэма” 1904), бір бөлімді симфониялық поэмалар, фортепианолық миниатюралары (прелюдия, этюд, ноктюрн) т.б. музыкалық шығармалары бар. Ол 20 ғасырдағы фортепиано мен симфониялық музыканың дамуына елеулі үлес қосты.

Анатолий Лядов1855 жылы 11 мамырда петербургте дүниеге келді. Фортепианодан алғашқы білімді пианист В.А. Антиповадан алған. 1867-1878 жылдары Лядов Петербург консерваториясында профессор Ю.Иогансен (теория, гармониядан), Ф.Беггрова және А.Дубасовадан (фортепианодан), 1874 жылы Римский-Корсаковтан композиция класынан дәріс алды. Лядов консерваторияны жоғары кәсіби деңгейде тәмамдап, диплом жұмысына «Мессиналық қалыңдық» атты кантатасын жоғары дәрежеде орындап шықты.

Римский-Корсаков ұйымдастырған жас композиторлардың «Могучая кучка» тобына қатысып, Мусоргский, Бородин, Стасовтармен танысты. 1880 жылдардың ортасында Лядов петербург музыканттарының «Беляевтың үйірмесі» атты жаңа бірлесітікке мүше болды. Мұнда Беляевтың жетекшілігімен, Римский-Корсаков, Глазунов, Лядов әртүрлі шығармаларды баспадан шығару жұмыстарымен айналысты. 1878 жылдан консерваторияның профессоры болды. Онда ол аспаптық кластардан дәріс берді. Шәкірттері: Прокофьев, Асафьев, Мясковский.

1880 жылдың соңында Лядов миниатюра жазудың шебері ретінде танымал бола бастады. Ол «Баба-Яга», «Волшебное озеро». «Кикиморе» миниатюралардың, «Балалар әндері» жинағының, «Кеше» симфониялық музыкасының, «Фортепианоның сүйемелдеуіндегі бір дауысты орыс халқының әндері» еңбегінің авторы.

Глазунов Александр Константиновичорыс композиторы, дирижер, музыка қоғамының қайраткері. Республика халық әртісі, музыкамен 9 жасынан айнылысқан. Г.А.Балакиревтің кеңесіменН.А.Римский-Корсаковтан сабық алып, небәрі бір жарым жылдың ішінде компзиторлық пәннің бәрін тәмамдайды. Алғашқы симфониясын 16 жасында жазды. 1880 жылдары Беляев үйірмесінің белсенді мүшелерінің бірі. 1899 жылдан Петербург консерватоиясының профессоры. 1905-28 жылдары оның директоры болып қызмет атқарады. Глазунов – құрылыс мәденитіне белсене араласып, орыс классикалық музыка дәстүрінің эстафетасын музыканттарға жеткізуші, симфониялық музыканың аса көрнекті шебері. Эпикалық кең тыныс, жарқын мелодиялық әуен, оптимизм– композитордың монументтік шығармаларына тән қасиеттер. Композитор отанға деген шексіз сүйіспеншілікті, орыс халқының қаһармандық тарихын жыр етті. Глазунов камералық, балеттік музыкағада көп үлес қосты. Композитор 8 симфония (атақтылары Бесінші, Сегізінші), 3 балет ( «Раймаонда» 1897; «Жыл мезгілдері» 1899; «Бойжеткен қызметші» 1898) симфониялық поэмалары («Стенька Разин» 1885), концерттік вальсетр, симфониялық суреттемелер ( «Кремль», «Көктем») 20 дан астам романстар жазды.

Танеев Сергей Иванович – орыс композиторы, пианист, педагог, ғалым, музыка қоғам қайраткері. 1875 жылы Мәскеу консерваториясын (Н.Г.Рубинштейн мен П.И.Чайковскийдің класы бойынша) бітірді. 1878 жылдан осы консерваторияда ұстаздық етті. 1881 жылдан профессор, 1885-89 жылдары директоры болды. Танеев әртүрлі жанрда қалам тартты. Әсіресе полифония саласындағы зерттеу еңбегінің маңызы зор. Оның “Орестея” операсы, “Иоанн Дамаскин” кантатасы, 4 симфониясы, романстары, хорлары, камералық ансамбльге арналған шығармалыр бар. Шәкірттері: С.В.Рахманинов, А.Н.Скрябин, Р.М.Глиэр.

1880 жылдары Танеев орыс музыкалық фольклорын зерттеп, үйренген. Композиторд ең үздік операларының бірі – “Орестеяны” 1895 жылы аяқтап, опера өнерінің тарихын жаңа қырынан толықтырды. Ежелгі грек драматругы Эсхилдің “Агамемнон”, “Хоэфоры”, “Эвмениды” трагедияларының сюжеті – “Орестея” операсының әдеби мәтіні яғни либреттосы болды. “Ореятеидің” музыкалық стилі әртүрлі салт-дәстүрдің күрделі дамуын көрсеткен.

1896 1898 жылдары композитор төртінші симфониясын жазды. Бұл симфонияны Глазунов Лядов, Римский-Корсаков жоғары бағалаған. Танеев творчествосын бір бөлігін романстар құрайды. Оның “Люди спят”, “В дымке – неведмке” және т.б. романстары бар.Композтиор творчествосының тағы бір биік шыңы 1905 жылы аяқтаған – си бемоль мажор алтыншы квартеті. Асафьев мұны “Танеев шеберлігінің энциклопедиясы” деп атаған.