ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы батыс-еуропалық музыка

ХІХ ғасырдың 10-20 жылдарынан бастап неміс музыкасында романтизм қалыптасты. Оның көрнекті өкілі Австрия композиторы Ф.Шуберт болды. 1848-49 жылдардағы революция тұсында көрнекті музыканттар шықты. Олар Ф.Медельсон-Бартольди, Р.Шуман, Р.Вагнер. 1848 жылдан Германияда тұрған вегер дирижеры, пианисті және композиторы Ф.Листің неміс музыка өнеріне жасаған әсері ерекше. Ол неміс музыкасындағы жалған академизм мен кәсіпшілікке қарсы күресті. Бетховен бастаға классикалық дәстүрді ілгері дамытушы И.Брамс замандастарының жан дүниесін музыка тілімен аша білді. Генрмания музыкасында Вагнер мен Брамсқа байланысты бірте-бірте екі тенденция пайда болды. Оның біріншісіне Р.Штраус, екіншісіне М.Регер творчествосы жатады. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Герман музыкасы идеялық-эстетикалық жағынан жан-жақты толықты. Музыкалық театрлар мен концерттердің репертуары баий түсті. Ұлы Қазақ революциясының ықпалы мен 20 жылдары музыкалық қозғалыс жанданды. Фашистік диктатураның орнауы неміс мәдениетін, соның ішіенде музыка өнерінде тұншықтырды. Композиторлар, сыншылар, орындаушылар, шетелдерге кетуге мәжбүр болды, олардың көпшілігі конлагерьлерге қамалды.

Бір дауысты және көп дауысты ән мідениті ежелден австрия творчествосына тән нәрсе. Австрия музыкасының қалыптасуына кең байта австрия монарзиясының ұрамынаенген көптеен халықтар (венгер, чех, соловак, хорват т.б.) мәденитімен олардың ұлттық дәстүр-салты, фольклорлық тұрмыс жанрларына елеуліәсер етті. Европаның дәл ортасына орналасқан Австрия Германия мен Италияның кәсіби өнерімен тікелей байланысты болды. Осмының нәтижесінде тұрмыстық музыкалық комедия зингшпиль туады; вокалдық лириканы алуан түрі тарайды. 18 ғасырдың екінші жартысында Й.Гайдн, В.Моцарт бастаған Венаның классикалық мектебі туады.К.В.Глюк Венаның опера өнерінде реформа жасайды. Вена классикалық мектебінің эстетикалық үрдістері әсіресе, Л.Бетховен творчествосында аса жоғары сазын табады. Вена классиктері көп халықтың музыка саласындағы жетістіктерін вторчестволықпен одан әрі дамыта отырып, опера өнерінде жаңашылдық жасады. Симфониялық шығарманың, квартет, фортепианолық концерттің классикалық түрлерін туғызып, көркем реалиятік шеберліктің эстетикалық негізі ретіндесонаталық үлгіні одан әрі дамытады.Симфония мен әндер, камералық-ансамбльдік музыканың алуан түрін жазған Ф.Шуберт творчествосында музыкалық романтизм жан-жақты көрініс табады. Шуберт жеңіл әуенді тұрмыс-салт музыкасына үлкен назар аударған. Жеңіл музыка жанры Й.Ланнер, И.Штраус (әкесі) және И.Штраус (баласы) творсчествосында өзгеше сазбен жаңа бағытта дамиды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында (А.Брукнер, Г.Малер) және камералық-вокалдық жанрдың жаңғыру кезеңі басталды. Австрия музыкасында И.Брамстың орны ерекше.

Вагнер Вильгелм Рихард – неміс композиторы, дирижер және музыка жазушысы. Хормейстр болып жұмыс істеген, театрлардың музыкалық бөлімін басқарып, дирижер ретінде де коп концерттерге шыққан. 1843-49 жылы Дрездеде опера капельмейстрі болды. Дрездендегі 1849 жылы мамырда болған көтеріліске қатысқаны үшін 13 жыл бойы қуғынға түсті. 1872 жылдан Байреттте тұрып, 1876 жылы Байрет театрын шашады. Вагнер – дүние жүзіндегі ең атақты композиторлардың бірі, опера жанрын жаңартушы ұлы суреткер. Оның 40 жылдары жазған “Кезбе голландық”, “Тангайзер”, және “Лоэнгрин” сияқты шығармалары – ұлттық романтикалық музыка театрының даму жолындағы жаңа бір кезең екенін көрсетті. 19 ғасырдың ортасында болған революцияның қозғалыс ықпалымен Вагнер жасаған опеалық реформа оның “Өнер және революция”, “болашақтың көркем шығармалары”, “Опера және драма” сияқты еңбектерінде теориялық мағына жағынан тиянақталды. Вагнердің опералық творчествосында “Нибелунг сақынасы” сияқты монументтікциклдері ерекшеорын алады. Бұл тетралогияның драматугриясы музыканы үздіксіз өрістетуге,операны симфонияландыруа жәе летмотивтік жүйеге негізделген. Вагнер өзінің операларында драмалық бейнелеу әдістерін молынан пайдаланады. Әсіресе оркестрдің роліне ерекше мән береді. “Нюренберг мейстерзингерлері” атты реалистік күлкілітұрмыс-салт опеасы – композитор творчествосында шоқтығы биік туынды. Вагнердің кейінгі кездерде жазған эстетика-публистикалық еңбектерінен, кейбір музыкалық творчествосының идеялық мазмұнына керісінше әсер еткен “Парсифаль” мистериялық операсынан реакциялық тенденциялар да байқалады. Вагнер опера және симфония дирижері ретінде Европаның көп елдерін аралып, концерттер берген.

Й. Брамс – неміс композиторы, пианист, әрі дирижер. Музыкант жанұясында туған. Композиция мен фортепиано бойынша Э.Маркесеннен сабақ алды. 50 жылдардан әуесқойлар хорында дирижер болды. 1862 жылдан Венада тұрып, ән капелласы мен музыка әуесқойлар хорында әуелі пианист, кейіннен хор дирижеры болып қызмет етті. 70 жылдардың ортасынан бастап бүтіндей творчестволық қызметпен шұғылданды. Брамс неміс музыкасының классикалық дәстүрін жүйелі түрде терең дамыта отырып, оны жаңа романтикалық мазмұнмен байытты. Оның музыкасы жеке адамның еркіндігін, табагдылық пен қаһармандықтыжыр етті. Тереңтебреністі байсалдылық, әуеннің алуан ырғақтылығы — оның музыкасына тән қасиет. Неміс және австрия халық музыкаларымен бірге Брамс венгер, славян, әуендерінде де кеңінен пайдаланылды. Брамстың музыкалық мұрасы бай, операдан басқа барлық жанрларды – симфониялық, вокалдық, ансамбльдің және фортепианолық шығармалар жазды. Вокалдық творчествосында философиялық лирика мен тұрмыстық ән жанрлары мол орын алады. “Венгер билері” мен фортепианолық валсьтері халыққа кең тараған. Ол екі серенада, хорлар, вакалдық ансамбльдер, оркестрге арналған увертралар т.б. жазған. Хорға арналған ең ірі шығармасы “Неміс реквиемі”.

Иоганн Штраус – австрия композитор, скрипкашы және дирижер. Компзитор И.Штраустың баласы. Кезінде “вальс королі” атанған. Алғаш 184 жылы Венада өз оркестрімен концерт берді. Гастрольдік сапармен көптеен елдерде болды. Дарынды композитор “вена вальсінің”, вена “би” опереттасының классикалық жаңа түрлерін туғызды. Ол 500-ге тарта оркестрлік билер мен, пьесалар, вальсте (оның ішінде “Вена ораманының етегілері атты вальсі бар”) атты галоптар, полькалар, кадрилдер, 16 оперетта (“Жарқанат” 1874ж, “Венциядағы түн” 1883ж, “Цыган бароны” 1885ж) т.б. жазды. Комозитордың орыс тақырыбына арнап жазан “Петербурпен қоштасу” вальсі (1858), “Павлов орманында” полькасы (1869), “Орыс деревнясы” (1873) бар. Штраустың таңдаулывальстеінің (“Көгілдер әсем Дунайда”) әуендері Австрияда халытық әуеге айналды. Штраус оперетталары аса жоғары көркемдік құндылығымен ерекшеленеді.