ХІХ ғасырдың І жартысындағы батыс-еуропалық музыка (2-бөлім)

Берлиоз Гектор – франция композиторы, дирижер, музыка жазушысы. Париж консерваториясынан Ж.Ф.Лесюэр мен А.Рейхтің класы бойынша бітірген. Берлиоз – француз музыка романтизмінің аса көрнекті өкілі., бағдарламалы романтикалық симфонизмінің негізін салушы. Берлиоздың симфониялары мен вокалды-оркестрлік шығармалары және жеке адамның тағдыры, азаматтық және революциялық ақырыптарды қозғап, өз заманының мәселелерін толғайды. Берлиоз өнері әдебиеттегі юго бейнелей өнеріндегі Делакруа творчествосымен туыстас. Бірқатар ірі шығармаларында Берлиоз революция тақырыбын жыр етті. Шекспир, Гете, Байрон шығармаларының кейіпкерлерін бейнеледі.Өмірінің соңғы жылдарында шығармаларында, әсіресе “Трояндықтар” деп аталатын опералық диалогиясында Берлиоз классикалық дәстүрді қатты ұстанады.Үлкен сутеркер дирижер ретінде Ресейдіжәне т.б. елдердіаралап, концерттер берді. 1847, 1867-68 жылдары Ресейде болды.Оркестрлік аспаптау туралы трактат, мемуарлар, мақалалар да жазған.

ХІХ ғасырда фортепианолық музыка, әсіресе би пьесалаы, полонез, мазурка, вальс жанрлары дамыды. Музыкада концерттік жанрмен театр өмірінің жанданып, жалпы поляк музыка мәдениетінің жоғары сатыға көтерілуі ұлы композитор әрі пианист .Шопенді дүниеге әкелді. Шопендәстүрін поляк классикалық ұлттық операсының негізін салушы С.Монюшко жалғастырды.