КҮН БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ТІРШІЛІККЕ ӘСЕРІ

Күн-табиғатта бар сансыз көп жұлдыздардың бірі ғана. Күн – энергия көзі және де барлық хайуанаттар мен өсімдік әлеміне тіршілік етуге мүмкіндік жасайды.

Жерден Күнге дейінгі орташа арақашықтық 1496000 км. Күн Жер радиусынан 109 есе үлкен. Демек, Күннің көлемі Жердің көлеміне қарағанда 1300000 есе көп. Массасы Жер массасына қарағанда 333000 есе үлкен және оның төңірегіндегі ғаламшарлардың массасынан 750 есе көп. Барлық Күн жүйесіндегі масса 99,87% Күнге жиналған. Күн бетіндегі гравитациялық үдеу Жер бетіндегіден 28 есе көп және 274 м/с2 тең.

Күн спектірінде Жерде белгілі 70- астам химиялық элементтер бар. Олар: көміртек, оттек, натрий, калий, алюминий, темір.

Күн спектріндегі қоңырқай жұтылу сызықтары фотосфераны қоршаған газ жамылғысының төмеңгі қабатында жарықтың жұтылуынан түзеледі. Бұл газ жамылғысы Ай Күннің шартабақ фотосферасын түгелдей жабатын толық күн тұтылу кезінде жай көзге жақсы көрінеді. Бұл жамылғы фотосферадан жоғары 10000 км биіктікке дейін көтеріледі, түсі қызғылтанып тұрады. Осы себептен ол хромасфера деп аталады.

Күндегі біз көретін сәуленің барлық түрі оның ең сыртқы қабаттарында, яғни атмосферасында болады. Атмосфераның ең терең және тығыз қабаттарында фотосфераның қалыңдығы 200-300 км. Қалыңдығы мен тығыздығының мәні шамалы сияқты көрінгеніне қарамастан, Күннің неғұрлым терең қабаттарында пайда болатын сәуле шығару түрлерінің барлығы үшін фотосфера мөлдір емес. Сандықтан біз оның фотосфералық қабаттарының астына үніліп қарай алмаймыз. Фотосфераның температурасы орташа есеппен 6000 К болады. Дәл осы температура күннің орташа температурасы болып қабылданған

Күннің ішкі жағын қарап, көріп зерттеу мүмкін емес. Сондықтан оның құрылымы жөніндегі мәліметті физиканың неғұрлым жалпы заңдарын пайдаланып, теориядық талдау негізінде аламыз және күннің массасы, радиусы, жарқырауы секілді сипаттамаларды пайдалана отырып, біле аламыз.

Күн ұлғаймайды және сығылмайды, ол тепе тең қалыпта болады. Өйткені күнді сығуға тырысатын күштен іштей әсер ететін наз қысымының күші кедергі келтіреді. Анық шамалау үшін, біз күнді массалар центрі күн радиусындай қашықтықта жатқан тең екі радиустан тұрады деп есептелік. Күн затын сипаттайтын параметрлер барлық жағында бірдей.

Күннің фототүсірілімінде оның фотосферасында пайда болатын қара дақтар жиі көрінеді. Оларды телескоппен де, жай жай көзбен де көруге болады. Бірақ күннің өткір жарығынан көзді бүлдіріп алмау үшін, объектив алдында түрде тығыз қоңырқай сүзгіні орнату керек. Қара дақтардың мейлінше күрделі түзілім екенін жақсы көрінеді, ол көлеңке деп аталатын орталық қара аймақтан және шала көлеңке деген атқа ие болған қараңғы және жарық құрылымдардан тұрады.

Күн көкжиекке жақындап, айналасы қызырлай мұнарлатып тұрған кезде жәй көзбен де көруге болады. Кейде тіпті Жердің сызықтық өлшемдерінен біршама есе асып түсетін ірі күн дақтарын көруге болады. Сондықтан б.з.д. 28 жылдың өзінде де ертедегі Қытайда күн дақтарын бақылау жөніндегі жазбалардың болуына таңғалуға болмайды.

Батыс Еуропада күн дақтарын бақылау кезінде алғаш рет 1610 жылы желтоқсан айында Г.Галилей және оған қатыссыз 1611 Х.Шейнер мен Фабриций ашты. Сол кезде ол ушеуі де дақтар батыстан шығысқа қарай жылжитынын байқайды. Ол Күннің өз бетінше айналатынын дәлелейдейді. Шейнер тіпті күн экваторынан жазығының эклиптика жазығына 70 бұрыш жасап, көлбейтіні анықталды.

Күн дақтарының көлемдері мейлінше әр түрлі. Шамамен елу есеге ұлғайтатын шағын телескоптармен бұрыштық көлденең 4-5 дақтарды көруге болады. Олар шала көлеңкесіз қара нүктелер болып көрінеді. Бірақ шышында олардық сызықтық өлшемдері 180000 км-ге жақындайды. Мұндай дақ көзге жақсы көрінеді. Көз қанықтыратын фотосфераның реңінде дақ бізге қара болып көрінеді. Алайда, дақтардың жарықтығы қоршаған фотосфера жарығынан 5-10 есе аз, ал олардың анық түсі қызғылт. Фотосфера дақтарымен қатар, күн шартабағынын жиектеріне жақын жерде алаулар мейліңше күрделі талшықты түзілістер біршама жиі көрінеді. Кейбір алаулар апталап лапылдайды. Олардың жарығы фотосфера жарығынан шамалап артық, ал температурасы оның температурасынан 200-300К ғана жоғары. Әдетте, дақтар топталып пайда болады. Топтағы ең үлкен дақ Күннің айналу бағытына бағыттас алдынғы жағында орналасады: оның плюсі өзінен кейінгі кіші дақтың полюсіне қарама-қарсы магнит өрісіндей болады. Сонымен қатар, күннің солтүстік жарты шардағы бас дақтың полюсі күннің белсенділігі.

Бақылаулар Күн дақтарының жылжу жылдамдығы әр түрлі екенін, олардың күн экваторынан полюстеріне қарай сайын баяулайтынын көрсетті. Бұл күннің аймақтық айналасы мен оның газ тәрізді күйде болатынын дәлелдейді. Доплер эффектісінің аймақтары 25 тәулік, орталық аймақтары 27 тәулік, полярлық аймақтары 30 тәулік ішінде бір айналатынын анықтады.

Сонымен қатар, бақылаушылар күн дағының уақытқа да тәуелділігін дәлелдеген еді. Күндегі дақ құбылысының өлшемдері Вольф саны болып табылады. Ол күндегі осы процессті бақылау тәжірибесінде еңгізуге швейцар астрономы Р.Вольтің есімімен аталған. Егер дақтар тобын g, ал дақтар санын f арқылы белгілесе, онда Вольф саны W=10g+f болып шығады. Мәселен, егер күнде дақ болмаса. Онда W= 0 болады. Күннің көрінерлік жұлдыздық шамасы m= 26.8 яғни ол орасан зор энергия шығарады. Көп жылдық бақылаулар болса, күнге абсолют қара дененің заңдарын шығаруға болады. Бұл дақтардың бақылау нәтижесінде олар белгілі уақыт периодына сәйкес заңдылықпен өзгеріске түсіріп отыратынын көрсетті. Бұл уақыт периоды шамамен 11 жыл, сондықтан, бұл уақыт аралығын период емес, белсенділігінін мүшесі деп атасақ дұрысырақ. Әр мүшелінің дақтары Күн экваторында алыста ұ40 гелиогеографиялық ендіктерде пайда болды. Содан соң саны артқан сайын дақ түзілу аймағы экваторға жақындай түсті. Ұ150 ендік шамасында күн белсенділігінің максимумына сәйкес келетін дақтардың мол саны анықталды. Күннің белсенді ағымы күн экваторында аяқталады. Бір қызығы, дақтар міндетті түрде 400 жоғары ендіктерде, сонымен қатар экватор аймағынын жіңішке жолағында пайда болмайдф. Күн белсенділігінің жаңа ағымы басталғанда дақтар тобындағы магнит индукциясының векторы өзінің бағытын кері бағытқа өзгертеді. Сондықтан кейбір астрономдар дақтар магнит өрістерінің полюсы өзгеретін периодты 22 жылдық ағым деп атап, оны негізгі мүшел деп санайды.

Күн белсенділігінің зерттеуде астрономия әуесқойлары көп көп үлес қосады, олардың күн жүйелі бақылаулары астроном мамандар алған мәліметтер мен нәтижелері жылдан-жылға толығып келеді.

Күннің белсендеуі жоғарылаған кезеңде бірнеше интенсивтілігі үлкен магниттік борандар күтуге болады. Ғалымдардың пікірінше гравитациялық магниттік толқынмен сәйкес келгенде тәннің қорғаныс механизмдердің қызметінің бұзылуына сөқтырады.

Әр түрлі диапазондардағы электрлік магнит өрісінің көзі радиолакация, теледидар, радиохабарларын тарату тораптарын антеннелер жүйесі жоғары вольттік және өте жоғары вольттік электр тарату жүйелері болып табылады.

Қаланың шуы электрмагниттік өріспен қоса тәнге әсер етсе қызметтік күйін өзгертіп, жалпы аурушаңдықтың әкеліп соғады. Бұл балаларға, жүкті әйелдерге, денсаулығы нашар адамдарға едәуір әсер етуі мүмкін. Әсіресе, денсаулыққа, көңіл-күйге жоғары вольттік электр жүйелері қатты әсер етеді. Өрістің қуаты оның құрылымына қарай бірнеше оңдаған киловольт/метрге жетеді.

Электр өрісінің биологиялық әсерінен негізгі механизмді тәнде «тоқ ығысуының» пайда болуы, яғни,электрдензардапталған бөлшектердің қозғалысы. Электр өрісінің әсерінен аса сезімтал жүйке жүйесі ұйқысыздық, бастың ауруы, тез шаршағыштық байқалады. Жүрек қантамыр жүйесінің қысымының көтерілуі салдарынан, кейде гипертониялық криз дамуы мүмкін. Сонымен қатар, тәндегі алмасу процесстерінің бұзылуына, қан құрамының өзгереуіне әкеледі. Алғашқы кезде тәнде байқалған бұл аталған өзгерістер айқындалып, астеновегативтік, ангидистониялық потологиялар дамуына әкеледі. Жүрек қызметі әлсіреген науқастарға, балаларға жоғарғы вольтті электр жүйелері өтетін аймақтарда қыдыруға, ойнауға, бақшалар салынуға тыйым салынады. Радиотехникалық объектілерден таралатын электрлік магниттік өріспен қорғау үшін гигиеналық нормативтер бекілген. Тұрғын үйлердегі электр өрісінің денсаулыққа зиянсыз әсері -0,5 кв/м, электр өрісінің зор қуаты байқалған (15 кв/м асатын) жерлерге тек жеке бастын қорғаныс жабдықтарын қолданып жұмыс істеуге рұқсат етіледі.