Қазіргі заманғы музыка сабағына қойылатын талаптар

Педагогика ғылымы мектептегі өнердің тәрбиелік орны мен негізін былай айқындайды: Баланы өнер арқылы ашық ойлауға терең сезінуге үйрету керек. Музыка –эстетика саласынан оқушыларға тұрақты білім беру дегеніміз-өнер жөнінен, оның ішінде музыка саласының білім беріп, ән айту, музыкадан күйлер тыңдау дағдыларыннан үйретіп, музыканың өзі практикалық іспен, еңбек пен пайда болатын сезіндіру, дүние әлемінің тынысын байқау, аңғару, оқушының сана сезіміне әсер етіп, оларды білгірлікке, тапқырлыққа өнерге деген сүйіспеншілігін одан ары тереңдетіп, адамгершілік бағытында тәрбие беру.

Қазіргі күнде мұғалімнің алдында оқушыларды өз заманымызға сай, мәдени талғамы зор, музыкадан сусындаған , музыкалы талғамы оянған жан-жақты жарасымды жандар тәрбиелеу міндеті тұр. Музыка өнерінің келешегі біздің бірлесе отырып бәтуалы жұмыс жасауға байланысты. Музыка оқытушылары қазір музыканың оқыту ісінде жаңа , жетілген әдістер тау керек деген қорытындауға келеді. Өткен ғасырларда музыкалық тәрбиеге көңіл бөлу мен демалысты неғұрллым жақсы өткізуге бағытталатын.

Музыка тәрбиесін ұйымдастыратын негізгі тұлға музыка мұғалімі, ұстазы, оқытушысы болғандықтан-ол өзінің музыканы–педагогиканы таңдап алған мамандығының шебері болуға ұмтылатын, музыканы әдіс-тәсілдерімен қаруланған музыканы аспапты меңгерген музыкалы – өнер иесі болу керек.

Музыкалық білім берудің ғылыми зерттеу әдістері мыналар:

-теориялық зерттеу әдістері;

-эмпирикалық зерттеу әдісі;

-экспериментті зерттеу әдістері;

-проблемеалы зерттеу әдістері.

Теориялық зерттеу әдістері- белгілі бір теориялық ережелерге сай, жалпылып, тектестіріп, жаңа ереже жасау.

Эмпирикалық зерттеу әдістерінде жаңа теориялық ереженің іске асуын бақылау, сипаттау, бағалау.

Мектептегі музыкалық тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – музыка сабағы. Музыка сабағында балалар ән салу, балалар аспабында ойнау,музыка тыңдау тәрізді іс әрекетпен айналысады музыка сабағындағы әрбір іс – әрекеттерді өткізу барысында, мұғалім оның не үшін қажет екенін айқын сезініп, берілетін тапсырманың қандай маңызы бар екендігіне есеп беруі тиіс. Музыка сабағын ұйымдастыру формасы: басқа пәндер сияқты музыка сабағында да оқушылар ерекше қабілетілігіне, икемділігіне, қызығушылығына қарай бөлінбейді. Бәрі бірдей тәлім алуы тиіс, сонымен қатар сабақтың ұзақтығы, жаңа материалдары түсіндіру, пысықтау, өткен сабақтардан алған білімін тексеру т.б.

Музыка сабағы саналық пен эмоциялықтың бірлігін қамтамасыз етіп, сабақтың әрбір элементін оқушылардың белсенділігін қызығушылығын арттыру тиіс. Мұғалім оқушыларды музыканы тыңдап, ән айтуға, оны қадырлей бағалай білуге, белгі бір шығарманың тәрбиелік мәнің сезіне білуге тәрбиелеу керек. Ол үшін де мұғалім белгілі бір шығарманы тындарда алдын ала айтар әңгімесі, әнді үйретпес бұрын өзі орындап оның әдемілігін, мәнін жеткізе білуі үлкен роль атқарады. Мұғалімнің аса сезімталдықпен айтқан әні, әңгімесі балаларды музыканы қалай болса солай тыңдай салуға емес, оны саналы түрде қабылдауға тәрбиелейді.

Музыка сабағында саналық пен көркем эмоцияның бірлігін қамтамасыз етіп қана қоймай, көркемдік пен техникалық пен бірлікпен іске асырылуына назар аударған жөн. Музыка сабағы өнер сабағы болғандықтан оның әр компонентінің көркем болуы талап етіледі. Бұл тек айтылатын ән мен орындалатын жаттығуларға да тән нәрсе. Әр бір дыбыс өте әдемі , мәнерлеп айтылуы тиіс. Өйткені, ол музыкалық дыбыс. Мәнерлеп орындауға дағдылану үшін техникалық жұмыстар қажет.

Сабақ өткізілмес бұрын, алдын ала оның мақсаты мен міңдетін және оларды іске асыру жолдарын, мазмұны мен құрлысын, оқыту әдісітері мен құралдарын тәрбиелік білімділік мәнін дамытпалы мүмкіндіктерін аңықтап алған жөн. Музыка сабаған қандай пәннен кейін қойылғанын да ескерген жөн.

Мектеп оқушыларына музыкалық эстетикалық білім беруде музыка мұғалімінің орны күшті. Қазіргі күнде мұғалімнің алдындаоқушыларды өз заманымызға сай, мәдени талғамы зор, музыкадан сусындаған, музыкалы талғамы оянған жан-жақты жарасымды жандар тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Музыкант педагогтар музыкалық теориялық, рухани әрі техникалық қасиеттерін білумен қатар музыка ілімінің тәрбиелік мәніне: талғам, көзқарас, рухани нәр секілді әсерлерін талдауға жұмылуға тиіс. “ музыкант педагогтар өз пәнінің әсерімен талымы арасынан тепе теңдік заңдылық іздеуіде сондай ”-деп көрсетеді Ақш-тың белгілі зерттеушісі Чарлз Б. Фаулер.

Музыкалық-эстетикалық тәрбиенің барлық салаларын жақсы түсініп, оларды бір-бірімен байланыстыра білген ұстаз оқушыларға музыка өнерінің түрлері арқылы жан-жақты әсер етіп, олардың жақсы мен жаманды айырып, тебіреле білуін, дүниеге көзқарасын, сезім қабілетін адамгершілікке сай қалаптастыра алады. Өнердің қайсы бір салаларына арналған әндер арқылы музыка пәнін оқыту жүйесінде оқушыларға халықтар достығы туралы елім, жерім, Отанға деген сүйіспеншілік, өз халқымыздың тарихын білуге, жаңалықты сезінуге көмектеседі. Мұғалім музыка сабағы арқылы балалардың жанг дүниесіне, нәзік сезімдеріне күшті әсер етіп, қазақ жастарын жоғары адамгершілік қасиеттерге баулиды.

Музыка тәрбиесін ұйымдастыратын негізгі тұлға – музыка мұғалімі, ұстазы, оқытушысы болғандықтан, – ол өзінің музыканы педагогиканы таңдап алған мамандығының шебері болуға ұмтылатын, бұрын-соңды музыкалы әдіс-тәсілдермен қаруланған үнемі “жаңалық” іздеуші бір екі музыкалы аспапта, домбырада ойнайтын, музыкалы-өнер арнаулы оқу орындарын бітірген тұға болу керек.

Мектепте берілетін музыка сабағының маңызы мен мақсаттары өте кең де оларды іске асыратын тұлға-музыка мұғалімі.

Музыка сабағы мен мұлімнің алдындағы негізгі мақсат-шәкіртіне музыканың құдіретті күшін таныту. Сөйтіп оқушылардың санасыеа, ерекше әсіресе олардың сезімі мен ұшқы қиялына пайдалы әсер ету. Сонымен қатар бұл өмірдің түрлі жайттарын адам баласының қолы жеткен табыстары мен оның қолынан туған көркем өнер мұраларын тануға, өмір шындығын сезінуге, әсемдікке ләззаттану мен патриоттыққа,Отанды, елді сүю сезіміне баулиды.

Музыка сабағының мұғалімі өз сабағын жүргізумен қатар, ол сол мектеп аймағының музыка, өнер саласының барынша дамуына ат салысатын білімді тұлға болуын бүгінгі өмір талап етіп отыр. Үйренетін үйірмелерді мектеп басшыларымен келісе отырып ұйымдастырғаны пайдалы.

Музыка мұғалімі тек музыка пінінің мұғалімі болып қоймай ол оқушыларды жан–жақты тәрбиелейтін өнегелі ұстаз болуы қажет. Музыка сабағының мұғалімі өзінің күнделікті жұмысында балаларды тәрбиелеуде педагогикалық, методикалық, дидактикалық негіздері қолданып, “ Менің міндетім жалаң ән музыка үйрету” деген ойдан аулақ болып жастарды адамгершілік негіздеріне бағыттап тәрбиелегені жөн.