Музыкалық-ырғақтық дағдыларды қалыптастыру

Қазақ биі ұлттық өнердің басқа түрлері сияқы халық тұрмысында, әдет-ғұрпында берік орын алған. Музыкалық фольклорда өлең айту, би билеу , би леп жүріп ән йту, ән би түрлері сақталған. Мысалы, еңбек қимылын көрсететін «Өрмек би», аңшылар өмірін бейнелейиін «Қоян би», әзіл-оспақ пен күлкі құрылған «Ортеке», «Қара жорға», «Тепен көк» .т.б халық билері. Ертеден келе жатқан бұл билер Қазақстанда театрландырылған бидің қалыптасуына арқау болды.

Қазақ хореография өнері драмалық опералық спектаклдердегі би көріністері ретінде қалыптаса бастады. 30-жылдардың басында профессинолды балет өнері дүниеге кеді. Осы кезеңде профессионалды театр құрылып, ежелгі қазақ билері жаңа түр, мазмұнмен толыға түсті.1933 жылы қазақ драма театрының жанынан музыкалық студия ашылып, ол 1934 жылы қазақтың музыка театры болып қайта құрылды. Оның алғашқы қарлығаштары қазақ драма театрының әншілері музыкалық дрма техникумының студенттері. КазПИдің көркемөнерпаздарының әншілері мен бишілері болды. Музыкалық студия негезінде қазақтың опера және балет театры құрылатын болғандықтан, онда балет бөлімі ұйымдастырылды. Мұнда А.Едзова, Х.Жиенқұлова, Ж.Әукенова, В.Қармысова, М.Ходжыбекова т.б. М.П.Арцибашеваның басқарумен би сабағынан дәріс алды.

1934 жылы 13 қаңтарда қазақтың тұңғыш режиссеры Ж.Шаниннің жетекшілігімен және композитор И.В.Коцыктың балетмейстлер А.Ардобуспен М.П.Арцыбашеваның қатысуымен музыкалық студия ұжымының орындауында «Айман-Шолпан» музыкалдық спектаклі қойылды. Көрермендер бұл спектакльде өздеріне таныс, көңілдеріне жақын ат жарыс, көкпар, бүркіт салу сияқты өмір көріністерін би өнері арқылы көріп тамашалады. 1934 жылы 7 қаңтарда Б.Майлин мен Коцыктың «Шұға» музыкалық драмасы қойылды.

Қазақ би өнерінің дамыуна елеулі еңбек еткен балетмейстр А.Александров болды. Ол 1918 – 24 жылдары Птроградтың эстрада театрында, 1925-33 жылдары үлкен театрда қызмет етті. 1933 жылы Қазақстанға келіп, тұңғыш ұйымдасқан музыкалық студияның балетмейстрі болды. Ол Е.Г.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» опералары мен Коцыктың «Шұға» музыкалық би драмасының би көріністерін сондай-ақ қазақ филормониясы үшін «Ортеке», «Мерген», «Қара жорға», «Көкпар» билерін қойды.1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігіне арналған концерттің бағдарламасын жасады. Алматы хореография мектебінің балет бөлімін ұйымдастырған Александров ұлттық хореография білім беруді классикалық би дәрежесіне сай көтерумен қатар жас артистердің табиғи дарынын, олардың өзіндік творчестволық ерекшеліктерін жете аңғарып, дамыта білген. Александровтың көп қырлы творчествосы қазақ балет тарихынан елеулі орын алды. Осы кезеңде ұлттық сахналық хореографияның өзіндік ерекшеліктері қалыптаса бастады. Сонымен қатар халық билері қайта өңделіп, оның орындаушылық дәстүрі айқындалды. Осыған орай музыкалық театрда би репертуары қалыптасты. Билердің ұлттық лексикасы балет театры өнерінің одан әрі дамуына жол ашты.

1936 жылы Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігінде қазақтың билері де орындалды. Халықтың байырғы және сахнаға лайықталып өңделген билері көрермен көңілінен шықты. Бұл жетістіктерді Мәскеу баспасөзі кезінде атап өтті. Ұлттық өнердің мазмұнын байыта отырып, туысқан халықтардың өнері мен танысу, тәжірибе алмасу, оларды творчестволық жолмен игеру, қазақ балет өнерінің өркендеуіне бірдін-бір мүмкіндік туғызды.

1937 жылдан Музыка театры – Қазақтың опера және балет театры деп аталды. Осы кезде театр халық творчествосының байлығын пайдалана отырып, репертуары және негізгі эстетикалық принцптері жағынан орыс сахна өнерінің мәдениетін игере бастады. Әсіресе қазақ музыкалық театрының 1935 жылы Қазақстанға гастрольдік сапармен келген орыстың көшпелі театры мен творчестволық байланысының маңызы ерекше болды. Кейіннен бұл көшпелі театр тұрақталып, қазақ музыка театрына қосылды. Ол біріккен театрдың репетуарына А.П.Бородиннің “Княз Игорь” операсынан, “Қыпшақтар биі”, Ш.Гуноның “Фауст” операсынан “Валььургия түні”, Р.Глэрдің “Қызыл гүлі” мен П.И.Чайковскийдің “Аққу көлі” балеттерінен концерттік нөмірлер орын алды. 1936-37 жылдары қазақ сахнасында классикалық балеттер П.Чайковскийдің “Аққу көлі” мен Л.К.Делибтің “Каппелясы” қойыла бастады. Дегенмен театрдың негізі мақсаты ұлттық балет жасау болды. 1938 жылы халық поэмасының негізінде жазылған қазақтың тұңғыш ұлттық балеті В.В.Великановтың “Қалқаман-Мамыр” қойылды. Оны қойған үлкен театрдың бишісі әрі балетмейстрі Л.В.Жуков болды. Фольклор негізінде сюжеттің айқын әлеуметтік үні әр актідеге оқиға желісінің дамуы музыкалық образдың шынайылығы балеттің сәтті шығуына мүмкіндік туғызды. Жуков шығармадағы ұлттық стильді сақтай отырып, халық биін классикалық бимен ұштастыра білді.Ол орыс балетін насихаттаумен қатар, ұлттық балет кадрларын тәрбиелеп, қазақтың хореографиялық өнеріне мол үлес қосты.

1940 жылы И.Н.Надировтың “Көктем” балетін балетмейстер А.И.Чекрыгин қойды. Москва хореография училищесінің түлектері А.Ахмадиева мен К.Айдарова балет спектакльдерінің басты партияларын орындады. А.И.Чекрыгиннің талантты шәкірттерінің бірі Тапалова сондай-ақ А.Бекбосыновта өзінің творчестволық өнер жолын “Көктем” балетінен бастады

Қазақ балет өнерін өркендетуде А.В.Селезнов жемісті еңбек етті. Селезнов Алматы мемелекеттік хореография мектебіне басшылық жасады. Мамандандырылған қазақ балет труппасын дайындау кезінде нақтылы жұмыстар жүргізді. 1941 жылы осы мектептің 1-6 сынып оқушыларының күшімен Б.В.Асафьевтің “Бақшасарай фонтаны” мен А.Аданның “Жизель” балеттері қойылды.