Музыкалық аспаптарда ойнауды үйрету

Музыка мұғалімі, ең алдымен, керемет музыкант болуы шарт. Егер ол музыкалық аспапты еркін меңгеру, даусы, есту қабілетінің нәзіктігі, нотаға қарап бірден ойнау және импровизациялық қабілеттілігі жоғары болса, бұл оның қызметтегі шығармашылығының жеңісі болып табылады. Белгілі педагог Д.Б.Кабалевский музыка мұғалімі бойындағы біліктіліктің ең маңыздысы аспапты меңгеруінде деп атап айтқан болатын. Таспаға жазылған шығармаларды тыңдаудан гөрі көз алдында аспапта ойнап көрсетудің құндылығында шек жоқ. Ойнап көрсету тыңдаушыға эмоциялық орта жасайды. Мұғалім өзі орындау барысында кез келген жерде тоқтап, түсіндіріп, кейібр эпизодтарды қайталап немесе жеке тактіні ойнап, сонымен қатар бастапқы шығармаға қайта орала алады. Өзін сұйемелдеп ән салатын оқытушы барлық оқушысына қадірлі және ойнай отырып ән салу қызықты.

Музыкалық аспапты меңгеру, ән салу, дирижерлаумен қатар мұғалімнің теориялық біліммен толы қаруланғаны керек. Білікті музыкант әдебиеттерді, музыка тарихын, оның тілін түсінуі керек. Сонымен қатар музыкалық өнерді қоғам дамуындағы орны мен әдебиет, сурет және басқа мамандықтармен байланысын білуі, яғни өз пәнін толық меңгеруі қажет. Мұғалімнің музыкалық тәжірибесі қоғамдық пәндермен тоғысып психология, педагогика циклін құрып музыка тәрбиелеудің әдістемесін меңгертеді. Бұл тек болашақ педагогикалық еңбектің, ізденістің, өздігінен, дамудың алғашқы жолы ғана болмақ.

Қазіргі таңда мұғалім мамандығы ғылыми ізденіс, зерттеушіліктің обьектісі болып отыр. Педагогикалық зерттеулер, мақалалар, әдістемелік құралдар, оқу құралдарының жарық көре бастауы музыка мұғаліміне ерекше талап қояды. Белгілі педагогтардың зерттеулері, педагогикалық еңбектері мұғалімді зерттеушілік жұмысқа қызықтырып, оған арқау болады.

Орындаушының орнықты әрі ыңғайлы отыруы қолдарын еркін қимылдатып, домбыраны дұрыс тартуына мүмкіндік береді. Сондықтан оқушы алдымен оң аяғын сол тізесінің үстіне қойып, орындыққа тік, еркін отырып жаттығуы қажет. Домбыраны ұстап отырған кезде екі иық төмен не жоғары көтерілмей, бір деңгейде бос тұрғаны дұрыс. Домбыра аспабын тарту кезінде орындаушының бүкіл денесінің, қолдары мен саусақтарының дұрыс қалыптасып, оранласуын және оның аспапты ұстау тәсілдерін үйретеміз.

Сол қолдың қойлымы: Аспапты ұстап отырған кезде домбыра басының биіктігі сол жақ иық деңгейінде болып, саусақтар пернелер үстіне тізбектеле еркін орналасады. Бас бармақ сұқ саусаққа қарай сәл қиғаштау тұрады. Алақанды домбыра мойнына тіремей, шынтақ пен иықты көтеріп немесе бүйірге тақамай керек. Бұл кейін қолдың еркін қозғалуы үшін өте қажет.

Оң қолдың қойлымы: Оң қол қойлымының өзіндік ерекшеліктері бар. Төкпе күй дәстүрінде бас бармақ сұқ саусаққа жақын тұрса, шертпе күй дәстүрінде керісінше алшақтау болады. Бірақ екі орындаушылық дәстүрде де төрт саусақ жартылай бүгулі күйінде бір-біріне жақын тұрып, алақан домбыраның бет қақапағына қарай орналасады. Дыбыстың сапалы шығуы үшін оң қолдың осылай қалыптасуының мәні өте зор. Сонымен қатар домбыра пернелеріндегі орналасуы және нота желісінде жазылуымен таныстырамыз. Ноталардың ұзақтықтарымен, биіктігімен танысу. Соның яішінде домбыра аспабының ойнау тәсілдерімен таныстыратын болсақ,

  1. Бір октавалы гаммалар мен әртүрлі жаттығулар.

Гаммалар студенттің орындаушылық техникасын арттыруға жаттықтыру үшін беріледі. Оқу барысында оқушыға гаммаларды әр түрлі штрихта, ырғақта, екпінде түрлі аппликатурамен әр тональдықта орнатудың пайдасы мол. Аппликатура (басу, орналастыру) музыкалық аспабын тартқан кезде перне басатын саусақтардың орналасу, алмасу тәртібі және олардың нотадағы белгісі. Орындаушылық шеберлік үшін дұрыс қойылған аппликатураның маңызы өте зор. Аппликатура барлық аспаптарда да арап сандарымен белгіленеді.

Ескерту: Соль ішегінде орындалатын нотаның аппликатурасы нота желісінің үстіңгі жағына, ал ре ішігіндегі астыңғы жағына жазылады.

Шығарма таңдау кезінде, құрамы әртүрлі музыкалық шығармалар, би және ән түріндегі шығармалар болу қажет.

а) біртіндеп шығарманың диапазонын өсіру.

б) кілттік өсу белгілеріне байланысты тональностердің шеңберін кеңейту.

в) күрделі өлшемнің майда ұзақтықтарын енгізу.

Шығармамен жұмыс істеу. Мұғалім шығарманы жазған композитор туралы қысқаша мәлімет береді. Сұхбат өте жылдам және қызықты өтуі қажет. Мұғалім оқушыға шығармада кездесетін қиыншылықтарды алдын-ала ескертеді. Студент оқытушының көмегімен шығарманы жай темпте нотаға қарап ойнап бастайды.

Шағармамен жұмыс істеп бастағаннан оқытушы студенттің көңілін шығарманың характеріне, темпіне, динамикалық-белгілеріне, штрихтеріне көңіл аударады.

Шығарманың қиын жерлерімен жеке жұмыс істеу қажет. Сонымен қатар шығарма бірнеше бөлшектерге бөлінеді (фраза, сөйлем, кезең). Әр бөлшекпен жай темпте талдап, тазалап арнайы жазылған саусақтармен ойналады.

  1. Екі октавалы гамма және арпеджио.

Гамманы ритмикалық әртүрлі штрихтарда ойнау (легато, стаккато, нон легато, мартле, деташе) т.б. Гаммадағы жарты тон, бүтін тон, бірінші, екінші саусақтардың және екі мен үштің, үш пен төрттің аралығын қадағалау. Ля бемоль мажордың төртінші дыбысынан құралатын гамма ре бемоль мажор. Бұл гаммада бес бемоль жазылады. Олар: си, ми, ля, ре, соль бемоль белгілері жазылады.

Ре бемоль мажордың бойындағы си, ми, ля, ре, соль ноталары жарты тон төмендетіліп алынады.

Ескерту: Жоғарыдағы барлық диезді және бемольді мажорлық гаммаларына диез бен бемоль белгілерін кілт түбіне және жақшаға алып жазып көрсетейік. Негізінде диез бен бемоль тек кілт түбіне ғана жазылады.

Арпеджио деп берілген гамманың аккорд дыбыстарының мелодиялық түрін ойнағанда сол қолдың техникалық мүмкіндігін қалыптастыру үшін қолданылатын жаттығуларды айтамыз.

  1. Пицикато немесе тремолоға арналған бір этюд.

Домбыраның пернелерін оның тон және жарты тон дыбыстарын қағыстардың түрлерін, музыка-сауатынан нотаны, позицияларды игеріп алғаннан кейін домбыра тарту техникасын өсіруге кірісу керек. Домбыра тарту техникасын өсіруге арналған мажор минор гаммалары этюдтар сияқты жаттығулар беріледі. Аппликатуралар тек мысал ретінде ғана алынады. Пиццикато штрихымен позицияларды меңгеру барысында сол қол саусақтарының перне басу кезіндегі өз алдына дербес қозғалысына баса мән беру керек. Позицияларды меңгеруге арналған жаттығуларды, этюдтар мен пьесаларды ойнау барысында саусақтарды перне үстінен көп алшақ ұстамау керек.

Сол сияқты позициядан позицияға көшкенде де саусақтардың позициялық қалпы сақталуы керек.

Тремоло (дірілдеу) – бір немесе бірнеше дыбыстың өте жиі қайталануы. Ол дыбысты ұзақ ұстап тұруы үшін немесе әуенді әрлеу үшін қолданылады.

Домбырада тремоло штрихы түрлі әдіспен орындалғанымен, негізінен оның екі түрі қолданылады.

  1. Жеке сұқ саусақпен орындау. Бұл тремолоны домбыраның шанақ түбіндегі түйме тұсынан оң қол білегімен қаусыра ұстап, алақанды төмен қаратып орындау керек.
  2. Екінші сұқ саусақпен бармақ арқылы орындалатын тремололар қолдың әртүрлі қимыл қозғалысымен орындалады. Мәселен тремоло штрихының бірінші түрінде қозғалыс саусаққа берілсе, екіншісінде буынға беріледі. Тремоло штрихына әр ішекте жеке жаттыққан тиімді.
  3. Әр түрлі жанрда екі күй.

Шығармамен танысу барысында мұғалім мен студент арасында өзара талдау жүргізіледі. Сұхбат барысында мұғалім белгілі бір мақсатпен шығарманы бастан –аяқ ойнап көрсетуі қажет. Шығармаға жай ырғақта талдау жүргізілуі керек. Талдау барысында студент шығарманы жақсы естіп, дыбыс бояуларына назар аударады. Шығарманың қиын жерлерімен жеке жұмыс жүргізілуі қажет. Студент шығарманы жақсы меңгерген кезде жеке бөліктерімен мұқият жұмыс жүргізуі және динамикалық белгілерге (piano, forte,crescendo, diminuendo) арнайы көңіл бөлуі керек.

  1. Күрделі бір пьеса.

Студенттің меңгеру қабілетіне байланысты, домбыра аспабына өңделген халық әнін немесе күйін ұсынамыз. Халық әні мен күйлеріде классик, қазақ шығармалары сияқты әр қолмен жеке жұмыс жасаймыз және екі қолмен бірге қосып ойнаймыз.

  1. Мектеп репертуарынан екі ән.

Студентті мектеп әндерімен таныстыру. Алынған шығарманың ноталық текстін оқу. Нота текстімен жұмыс жүргізу барысында саусақтардың дұрыс қойылуын қадағалау. Динамикалық және шапшаңдық белгілермен жұмыс жасау.

  1. Әртүрлі ойнау тәсіліне арналған екі күй.

Әртүрлі қағыстар кездесетін жылдам екпіндегі күйлерге төкпе күйін алсақ болады. Төкпе күйдегі буындар мен кіші сағаны меңгеру үшін әуелі ашық ішектердегі (ре-соль) дыбыстардан басталатын күйлерді үйренген дұрыс, Содан соң жабық ішектен басталатын күйлерді қолға алған жөн. Әрбір шығарманың нотасының басында оның екпіні көрсетіледі. Екпін жай, орташа, жылдам болып үш топқа бөлінеді. Жылдам екпіндер: жылдам, шапшаң, ширақ, қыздыра, өте тез, өте жылдам, аса жылдамдықпен.

Шертпе күйде сол қол саусақтарын пайдалану әдістері көбінесе төкпе дәстүріндегідей болғанымен оның айтарлықтай өзгешеліктері бар. Олар негізінен мыналар:

а) бұл дәстүрде 1,2,3-саусақтар жиі қолданылады.

ә) 3,4-саусақтармен ішекті бір мезгілде қатар басу көп кездеседі.

б) бас бармақ сирек пайдаланылады.

Қобыз аспабының ойнау тәсілімен таныстыру: оң қол мен сол қолдың орналасуы. Қобызшы орындыққа отырғанда орындықтың алдыңғы шетіне жақын, жотасын орындық арқалығына тіремей, денесін алға қарай қобыз ұстауға икемдеп отырады. Қобыз шанағын екі тізесінің арасына азғана солдан оңға қарай қисайтыңқырап ысқыш тартатын оң қолының емін еркін қозғалуына ыңғайлы етіп отырады. Қобыздың тиегі баланың аяғынан жоғары тұруы қажет.

Оң қол. Ысқышты дұрыс ұстау. Ысқышты оң қолмен дұрыс ұстау қобызшының алғашқы үйренер тәсілінің бірі. Ертеде ысқышты оң қолдың алақанымен ұстайтын яғни қазіргі контрабас смычогын неміс тәсілімен ұстағандай. Ысқышты бос саусақты қатты қыспай, қолдың салмағымен жұмсақ ұстаған дұрыс. Басбармақтың ұшы қалыптың біткен жеріне ортаңғы саусақ оған қарама-қарсы, қылдың біткен жерімен қалыптың ұшына қойылады, сұқ саусақ бірінші буынмен таяққа алшақтау орналасады. Ал аты жоқ саусақ пен шынашақ ортаңғы саусаққа көмектесіп соның қасына орналасады.

Ысқыш жүргізу. Дыбыс шығару. : Ішекті ысқыштың түбінен бастап тартқанда оң қол кейін кетеді де, ал ысқыш орта шенінен әрі кеткенде шынашақты жазып жібереді. Ысқыш керісінше жоғары жүргізілгенде осы қимыл кері қайталанады. Арлы берлі жүргізілгенде саусақ пен буын өте жұмсақ жеңіл қимылдауы керек. Ысқышты түбімен тартқанда қолды көтеріңкіреп оның салмағын жеңілдетеді, ұшымен ойнағанда ысқыштың таяғын сұқ саусақпен аздап басу қажет.

  1. Ысқыштың қылы ішекке жақсы тиіп , жабысып тұруы қажет.
  2. Ысқышпен ішекті сүйкегенде оның жылдам жүру, жай жүру қатты немесе жай басылуы мөлшерін дұрыс табу қажет.

Сол қол, ішек басу.

Сол қол саусақтарын ішек басуға жаттықтыру, барлық позицияда сол қол саусақтарының ішек басуға икемді , оңтайлы болуы, позициядан позицияға жұмсақ жеңіл көшуі болашақта аспапты жақсы менгерудің бірден бір жолы.

Алғашқы жаттығуда ішекті саусағымен баспай , алдымен ішекке саусақтың дұрысс түсуін жаттықтырған жөн.

Қобыз ойнаудағы жазу белгілері.

Қобыз ойнаудағы ысқыштың түрлі жағдайдағы бағытын , саусақ басу, ішектердің дыбыс күшін білдіретін динамикалық және екпін белгілерін жатқа білу керек.

П-ысқыш төмен

Ү-ысқыш жоғары

Ц.С.-тұтас ысқыш.

Н.П.-төменгі жартысы.

В.П.-жоғарғы жартысы.

С.-ортасымен.

К.Ц.-ұшымен.

К.Д.-түбімен.

Саусақ қоюбелгісі. Ішек белгілері.

0-ашық ішек.І-Е –ми ішегінде.

1-бірінші саусақІІ-А-ля ішегінде.

2-екінші саусақ..ІІІ-Д-ре ішегінде.

3.- үшінші саусақIV-Соль ішегінде

4- төртінші саусақ.

  1. Бір октавалы гаммалар мен әртүрлі жаттығулар.

Соль мажор гаммасын бірінші позицияда таза дыбысты тыңдап, әртүрлі ұзақтықта орындау: бүтін, жартылық, төрттік, сегіздік. Сольішегінде жүргізгенде штрих төмен қарай тартылады.Ре шегіндеде солай ,ля ішегінде ысқыштың түбінен бастағанда оң қол ысқыштың ұшынан жоғары тұру керек.

Гаммалармен жұмыс жасау кезіндегі алдағы саты тек қана қол жүгірту ғана емес, оған әдемі дыбыс болуы, әр түрлі штрихтарда пайдалану арқылы үдете түсу әр түрлі екпінді ойнау. Сол қол қозғаалысының денгейін өсірту үшін мажорлық немесе минорлық гаммаларды әр түрлі октавада ,әртүрлі гаммаларда ,әр апликатуралық үлгілермен орындауы керек. Минорлық гамма мұңды нәзік дыбысты ұяң болып естіледі .Әр бір музыкант деп мажор емес ,минор гаммасында игеру қажет.

Студент табиғи, гармониялық және мелодиялық әуенді ойнағанда есту қабілеті дами береді.