БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Білім сапасын ақпараттық – коммукациялық технологиялар арқылы арттыру Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық жүйеге шығу» — делінген. Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, яғни жан-жақты,азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту тұр.

Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін – өзі дамытудағы адамгершік тұлғасынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. ХІХ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру мақсаты. Барлық сала компьютерлендіріле бастады. Сонымен бірге еліміздің ертеңі болар жас ұрпақ компьютерді терең меңруі тиіс.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдар заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялық қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Интеративті әдістерге мыналар жатады: презентациялар пікірталастар;

Топпен жұмыс;

Миға шабуыл әдісі;

Сын тұрғысынан ойлау әдісі;

Викториналар;

Зерттеулер;

Іскерлік ойындар;

Рөлдік ойындар;

Білім берудегі интеративті технология сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады, қызықтандырды. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып,таңқалып, шабыттанын отырып білім алады деп ойлаймыз. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялар байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет деп елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндік береді. Сондай – ақ оқушының танымдық іс – әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндігін арттырады. Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге қазақ тілі мен әдебиет сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасалуы. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми – зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХІХ ғасыр – информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан – жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талаптеді.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педогогикалық технологиялпрдың тиімділігі жоғары деп есептейміз.