Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік

  1. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін Қазақстан Респубоикасында түрлі жауаптылық қолданылатыны жайлы білу және оның ауырлығына қарай бөлінетіні ескерілуі қажет.

Жауаптылық – жүріп-тұру нормаларын орындау міндеттілігі сияқты оларды бұзғаны үшін қолайсыз салдарды алып жүру міндеттілігінен көрініс табады.

Жауаптылық институты – біздің қоғамдық өміріміздің барлық аясынан өтеді. Экология мәселесі бойынша бұл – мемлекеттің, адамның, қоғамның болашақ ұрпақ және табиғи пайдаланушы алдындағы жауапкершілігі.

Экологиялық жауаптылық – бұл кешенді әлеуметтік-экономикалық және құқықтық инститіт. Экономикалық жауаптылықтың жалпы түсінігінен басқа, алдағы уақытта, экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершіліктіңерекшеліктерін, экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауптылықтың ерекшеліктерін алып көрсетеміз.

Экологиялық жауаптылықтың екі түрлі нысаны бар – экономикалық және заңды. Мұндай нысанға бөлу, оның қатынасының сипатымен реттеу әдістеріне байланысты. Экономикалық немесе эколого- экономикалық жауаптылық ластанушының материалдық мүддесінің құқықтық қызметіне негізделеді және экономикалық әдістермен реттелінеді. Ол қоғам мен табиғат арсындағы қарым-қатынастың «ластаушы-өтейді» деген қағидасынан шығады. Заңды жауапкершілік құқыққа қайшы әрекеттерден туындайды және әкімшіліқ құқықтық әдістермен реттеледі. Бұл нысанлар қолсылып, жалпы экологиялық жауапкершілік институтын құрайды. Заңдылық жауапкершілік табиғатты құқықтық қорғаудағы маңызды құралы болып табылады, оның тағайындалуы табиғатты қорғауға байланысты заңдарды дұрыс орындауы қамтамасыз етуден тұрады. Құқықтық тәртіпті сақтаумен қатар заңды жауаптылық адамдарды табиғат ресустарына, жерді, суды, жер қойнауын, орманды, өсімдіктер әлемін, жануарлар дүниесін, ауаны қорғауға байланысты шаруашылық қатынасқа тәрбиелеуді мақсат тұтады. Заңдылық жауапкершілікті-құқықтық нормада көрсетілген негіздері бұзғанда пайда болатын қолайсыз салдар деп анықтауға болады. Табиғатты қорғауға байланысты заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық заңды жауапкершіліктің жалпы қағидаларына сүйенеді. Бұндай қағидаларға, құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік үшін жауаптылық, кінәсі үшін жауаптылық, заңдылық, жауаптылықтан бас тарту тарту принципі жатады.

  1. 2. Қазіргі кездегі құқықтық тұжырымдамалық негізінді табиғатты қорғау мемлекеттің арнайы функциясы болып табылады. Экологиялық – экономикалық жауапкершіліктің құқықтық жауапкершіліктің басты айыпмашылығы, біріншіден, келтірілген зиянның құқықтық шарасы арқылы құрылады, екіншіден, құқық бұзушылық айғактар болып табылады. Ең алдымен экологиялық құқықтық жауапкершілік – едәуір, ауқымды шартты түрі. Ол қоршаған ортаны қорғауға байланысты кең кешенді, заңды жауапкершіліктің түр болатын — әкімшілік, қылмыстық, азаматтық – құқықтық, материалдық және тәртіптік.

Келтірген зиян туралы факті анықталса, онда экологиялық жауаптылықтың туындауының жалпылама негізі болып табылады. Оның қоғамға қауіптілігінің ауырлығына байланысты қылмыстық және әкімшілік жаза шараларын айырып көрсетуге болады. Сөйтіп, оның нормативті дәрежесі келтірілген зиянға байланысты құқықтық және құқықтық емесе экономикалық жауаптылықтың арасындағы шектеуліктерді анықтаушы құрал ретінде қолданылады. Келтірілген жағдайлар бұл экологиялық – экономикалық құбылысты құқықтық реттеу арқылы арнайы қарау қажеттілігін туғызады.

Зиян – арнайы ұғым. Зиян экономикалық, экологиялық, құлықтық (моралдық), мемлекеттік, мемлекет аралық халықаралық т.б. болады. Бұған қарамастан зиянның жалпы ұғымның негізінде экономикалық факторлар жатады. Осының негізінде зиянның ұғымы экономикалық қатынастарды реттеуші азаматтық заңдармен реттелуі тиіс. Азаматтық заңдар бойынша зиян біртекті ұғым, ал «залал» және «шығын» оның құрамдас бөліктері болып табылады.

«Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 1 бабында «қоршаған ортаның сапасы — қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы» деп көрсетілген.

Табиғи қоршаған ортаның сапасына экологиялық жүйенің үнемі және тұрақты, табиғат пен адам арасындағы зат және энергия алмасу процесін қамтамасыз етуді және өмірді қалпына келтіруді жатқызамыз. Табиғат сапасы табиғаттың өзімен өзін реттеу және өзін зиянды заттардан тазарту арқылы қамтамасыз етіледі. Табиғаттың өндірістік циклі ауытқымайтын процесс принципінде құрылады. Ол бойынша соңғы берілген өнім, келсі циклдегі өнімнің шикізаты ретінде қолданылады. Адам өндірісі табиғат өндірісіне қарағанда қалдық технологиясында құрылған. Аздаған процентте өндірілетін соңғы өнім, келесі циклге шығуына қызмет етпей қалдыққа жіберіледі. Табиғи ортаға адамзат өндірісінің әсері, адамның өзі тұратын ортаның сапасын реттеу туралы көптеген сұрақ қойылады. Қоршаған ортаның сапасын нормалау экологиялық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығын қорғауға кепілдік беретін, қоршаған ортаның ластануына дол берілмеуін табиғи ресурстардың толықтырылуы мен ұтымды пайдалануын қаитамасыз ететін қоршаған ортаға ықпал етудің ғылыми негізделген шекті жол берілетін нормаларының мақсатын көздейді.

Қоршаған табиғи ортаға әсер ету шаралары норма болып табылады. Шекті мөлшердегі норма деп қоршаған табиғи ортаға әсер етудің шекті мөлшердегі нормасын айтамыз.

Әсер ету дегеніміз – ортаға физикалық, имиялық, биологиялық өзгерістер енгізетен адамның экономикалық, рекрециялық, мәдени мүдделерін жүзеге асырумен байланысты антропогендік қызмет. Табиғи ортаға теріс әсердің ең көп тараған түрі – қоршаған табиғи ортаны ластау болып табылады.

«Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңда қоршаған ортнаы нормалаудың негізгі міндеттері көрсетілген, олар:

қоршаған орта сапасын өлшемдерін белгілеу және оның адам денсаулығына, табиғи ресурстарды қорғауға, толықтыруға және ұтымды пайдалануға ықпалын анықтау;

қоршаған ортаға зиянды әсердің жол берілетін шекті шамалары мен деңгейлерібелгілей кіреді.

Қоршаған орта сапасының белгіленген нормативтерін асыра көрсетуге немесе уақытша және төмендетілген номалармен алмастыруға жол берілмейді.