Сайрам ауданы тарихи мәдени ескерткіштері

Сайрам- Оңтүстік Қазақстан обылысы Сайрам ауданындағы ауыл, ауылдық окрук орталығы. Аудан орталығы- Ақсу ауданы оңтүстікке қарай 24 км, жерде орналасқан, тұрғыны 28,9 мың адам .

Сайрам – Исфижа жазба деректерде ҮІІ ғ. бас.кезінде Сюань-Цяньның сапарнамасында ел “Ақ өзендегі қала” деген атаумен еске алынған . Кейінірек Махмуд Қашқаридің ХІ ғ. деректерінде “Сайрам –Исфижап аталып жүрген және Ақ қаланың (Ал-Мадинат, Ал-Байда)” атауы болған. Исфижап – аталуы соғды тілінде “Ақ –су” мағынасын білдіреді деген де пікір бар .

Исфижап қаласына осы обылыстың барлық жер –суы Шығыста Талас – Шуға дейін , Солтүстік – батыста Сырдарияның орта ағысына дейін ұласып жатыр . Исфиап округі Сырдария бойындағы Кедер, Сығанақ, Сауран мен Янгикент қалаларын Қаратаудың Солтүстік бөктеріндегі Барадн мен Беруней қалаларын Жетісудың Тараз , Қулан, Мирки (Мерке) ,Суяб қалаларын қамтыды .

Тарихшы Ал- Мақдисий былай жазады: “Хорасан , Сижистан Мауренахрды Әбу- Сайд үш белдеуге бөлген. Біз бір белдеуді ортасынан Жайхун (Амудария) дариясы бөліп тұрған екі жаққа бөлдік . Бұны тағы алты аймақ, төрт өлкеге бөлдік. Бірінші, күншығар жерге жақын және түріктер шекарасына жайғасқан Ферғана, Исфижап , ең үлкен қала Ашрусан, Бұхара еді. Бірақ Исфижап ең үлкен қала астана болып қалды.

Х ғ. географы Ибн Хаукаль былай деп жазады: “Исфижап – шамамен Бинкеттің үштен екісіне тең қала. Ол мадинадан (ортрлықтан) , қамалмен рабаттан (керуен сарайдан) тұрады. Қамал күйреген, ол медине мен рабадта тұрғындар тұрады. Медине дуалдармен қоршалған , рабадты да ұзындығы фарсахқа (20 км.) таяу дуал қабырғасы орап жатыр. Рабаттың өз бағы мен суы болған , ол тегіс жерде орналасқан оны ең жақын деген таулар арасы үш фарсақтай (20 км.)

Мединенің төрт қақпасы болды олар—Нуджкент қақпасы, Фархан қақпасы, Шакван қақпасы және Бухара қақпасы деп аталады. Оның базарлары медина мен рабатқа, ом басқару үйі, абақты мен басмешіт мединаға орналасқан .

Керуен жолдары бағыты бойынша алғанда Оңтүстік беттегі Бұхара қақпасы арқылы қалаға шығыс елдерінің тауарлары әкелінетін.

Шамамен , батыс бетте болған Нуджкет қаласы Талас аңғарына орналасқан Дех Нуджт қақпасының атауымен аталса керек. Бұл шағын қала алқаптың тура даламен шектесетін шекарасында тұрды да ет пен мал саудасы сол арқылы жүрді. Фархан мен Шакван яғни солтүстік қақпалары арқылы шығатын керуен жолы , Сыр бойында орналасқан Отырар, Сауран, Дженд пен Янгикент қалаларын аралап өтетін.

Бұл жерлерде сақтар, масағаттар (масагеттер), соғдылар, кейінірек хундар, қаңлылар, түріктер мекен еткен.

Біздің дәуіріміздің 640 жылы Саремді (Сайрам) турік Қоқан ибн Дулу билеген. Көп уақыт өтпей бұл жерге Қоқан Шенгуй басып кіреді. Жергілікті халық ибн Дулуды жақтап соғысады . Ұрыста Шенгуй жеңіледі де шегінуге мәжбүр болады осы жылы Қытай саяхатшысы Сюан- цзян естеліктерінде жазған болатын.

Сайрамға ҮІІІ ғ. араптар ықпалын жүргізіп, ислам діні таралады. Сайрам мен оның төңірегіндегі қалалар мен қыстақтар халқын мұсылмандандыру Құтайба ибн Мүслім және Ысқақ пан әскерлерінің 714 жылы Шаш пен Сайрамға басып кіруінен басталады. Отқа табынушылар көптеген қарсылықтардан соң ислам дінін қабылдау мен бірге араб жазуында үйренеді .

Исламға дейін Сайрамда болған Ыдырыс пайғамбар мешіті, Қызыр пайғамбар ата-аналар зиараттары және сарай құрылыстары, жер асты үңгірлері бүгінге дейін сақталып қалған.

Келе – келе Сайрам ислам дінін таратуда , өз төңірегіндегі халықтардың саяси, эканомикалық және мәдени өмірін қалыптастыруда зор рол атқарды. Қарлұқтар көсемі Қадырхан ІХ ғ. бас. Сайрам (бұл кезде Исфижоп, Исфижап деп те атала бастаған) әкімі болып, қаған деген атақ алған еді. Тарихшы және географ Якубий ІХ ғ. бұл өлкеде диқаншылықпен қолөнер жақсы дамыған деп жазады. “Дүние жүзі базарында” атап айтқанда Бағдат қаласындағы базарда , Марф, Хорезм, Исфижаптан келген кісілер сауда жасайтыны да айтылған.Осы кезде Исфижаптан Хорезімге дейін үнемі сауда керуені қатынаған . Осы жерден қазан, кетпен, шырақ , құрал – жабдықтары , қол-өнер бұйвмдары, маталарды артып әкететін болған.

1893-1894 жВ. В Бартольд,1923-1926жП.П Иванов, 1925ж. Г. И Пацевич, 1947-1951ж Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедитциясы жетекші А.Н Бернштам, 1979ж бұрынғы Шымкент педагогикалық институты (қазіргі халықаралық қазақ-түрік университетінің) зерттеген.

Әбу-Райхан Беруний “Қонуний Масъудий” кітабында әлемді жеті белдеуге бөледі де Исфижапты Самарқанд, Шаш, Ферғана, Хорезімдердің қатарында бесінші белдеуге кіргізеді және өз картасында көрсетеді. Біз көрген ҮІ—ҮІІІ ғ- р, ХІ-ХІІ ғ-р, ХІҮ-ХҮ ғ-р, ХҮ-ХҮІІ ғ-р, карталарында Исфижап белгіленген . Якут Хамавийдің жазуынша Исфижап Мәуренахрдағы үлкен қала болып, Түркістан шекарасына жайғасқан. Оның кең аумағы және қалаға ұқсас бірнеше қыстақтары бар еді. Сол бесінші белдеуде Исфижап ең көркем , ең таза, құнарлы жері бар , әдемі талдары бар, сарқырап аққан сулары бар қала еді. Қорасан және Мауренахр қалалары ішінде тек Исфижап қана салық төлемес еді. Себебі , ол шекарада орналасқан , ақша қаражаттарын қорғаныс құрал- жабдықтарын сатып алуға жұмсайтын.

Ежелгі Орта Азия қалаларындағыдай, Исфижап орталығында да дуалмен өрілген Шахристан болған . Онда қала әкімдері, дінбасылары, олардың қызметшілері, отбасылары тұрған. Жер асты ұралар қазылған . Шахристаннан екі-үш шақырым қашықтықта екінші дуал қоршап тұрған. Қаланың бұл бөлігінде тұратындар әскербасылар, байлар, молдалар, орташа басшылар және басқалар Шахристанға қызмен еткен. Қаланың үшінші дуалы Цитадельде егінжайлар, баулар қоралар, аулалар, диқан мен шаруалардың тұрар жайлары орналасқан .

Үшінші дуал 5-8 шақырым жерден өткен. Ал төртінші 40- есікті дуал 50-60 шақырымға созылған. “Ескі Сайрам қаласы өте үлкен қала болған , Қырық есігі бар дарбазасы болған”

Тарихшы Әл-Мақдисийдің жазыуынша “Исфижапта ІХ ғасырдың ортасында өзінің теңге жасап шығаратын ұстаханасы болған”(“Ахсанат мақасан асарида”)

919-920 жылдары Исфижапта Ахмет Саманий атымен теңгелер болғаны мәлім. Сайрамның орта ғасырда да үлкен және әсем болғадығын Қазақ ССР тарихының І-том, 355-бетіндегі мына сөздер дәлелдейді. Тарихи деректерге қарай Тараз және Исфижап қалаларының аймағы Самарқанд пен Шаш қалаларының көлемінен кем болмаған. Қала аумағы- 10 лиге,(1 ли-0 .3 , 0.5 шақырым) тең еді . Қалада қолөнер-теміршілік, құйма-балқытушылық, құмыра балқытушылық дамыған. Бұл жерде найза, пышақ, шанышқылар, қылыш, күрек, қалқандар, қақпандар жасалған. Арап тарихшысы Мақдисий Хғ. Қарахан дәуіріндегі сауда- саттық жөнінде былай жазады. Шаштан ешкі және қой терісіне жасалған егерлег, оқ салғыш алып шығар еді. Ферғана және Исфижап түріктерінен ақ мата, құралдар, қылыш, мыс, темір бұйымдары шығарылып сатылар еді.

Тарихшылар “Тараз –саудагерлер қаласы”, “Исфижап- бүкіл дүние саудагерлер үшін ортақ”, деуі тегін емес. Мал тиген көптеген керуендер Сайрамнан Қытай, Үндістан, Иран, Сирия, Мысыр, Византия, Ресей және басқа-басқа елдерге барып, базарында сауда саттық жасар еді.Бұларда жемісті ағаштардың көп түрі, бидай, бақша өнімдері, мақта, арпа, тары егілуі, табиғаттың байлығы шаруашылық заттары дүние жүзі билік басындағылардың назарын аударды.

Махмут Қашқари жазған : “Исфижаптан Баласағұнға дейін арғу қалалары бар еді. “Р исолада” айтуынша Исфижапта ІХ-Х ғасырларда Сұйық Тегін (70ж), Қарабура хан, Чағыр Тегін, Арыстан хандар билік еткен. Бірақ билік еткент жылдар анық көрсетілмеген.

Бұған ибн Ал-Асирдің “Ал-Камил –Фаттарих” кітабында “Бірақ , Қаратегін Бустта 937 жылы қайтыс болды да, Исфижапқа алып барып Қаратегін қорғаны деп әйгілі болған жерге жерленді” .

961 жылы “Мансұр ибн Қаратегін қайтыс болған соң, Хорасан әскерлері Нишопураға қайтып кетті және Мансурды алып келіп Исфижапқа , атасының жанына жерлейді.

Белгісіз ғалымның 983 жылы жазған “Худуд әл-алам” кітабында, Исфижап – Түркістан шекарасындағы кең және көрікті жерде – киіз босылады, қой бағылады . Исфижап қаласына дүниенің барша өкілдерінен саудагерлер келеді. Исфижап пен Сырдарияның арасында кең жайлау бар, ол Исфижап, Шаш, Фарабқа тиесілі. Ол жеррде түріктердің 1000 киіз отауы көрініп тұрады”.

Тарихымызға куә боларлық кітаптардың бірі – бұдан 2600 жыл бұрын жазылған діни кітап. Онда Орта Азиядағы басқа ел, қалалары қатарында Сайрам жайлы да жазылған.

Сайрамның жасы 2,5 мың жылдан асады екен. Бұл кітапта Сайрам деп жазылған . Себебі , басқа ел халық сөздерін, атауларын қазіргі сауатты заманымызда да қате жазу болып тұратынын ұмытпаған жөн . Иранда Сайрамды- Сайргим деп жазған.

Бүгінгі күнде де кейбір мемлекеттер халықтар аты өз тіліне лайықты атай салу ұшырасады. Шыңғыс хан тарихшылары Сайрамды Сай-лан, Қыттай жылнамашылары болса Нушиган, Бейшуйху және басқа да аттармен атаған. Халық арасында кейбір мақалаларда да Саремды- “Сони-айем-екінші заманның басталуы” деп баяндалады. Нұх пайғамбар заманында әлемді ттопан су басады. Нұх пайғамбар даялаған кемеде қос-қостан жануарлар және иман келтірген бір топ адамдар тірі қалған. Кеме саремге жақын жердегі Қазығұрт тауының төбесіне келіп қонады. Аңыздарда сол тірі қалған жануарлар Саремда- “Сони- айем”- екінші өмірді бастаушылар деп айтылады.

Бұл кітапшада (Авесто) айтылған “Рисола” нұсқасында да көптеген ғалымдар кітаптарында да Саремда- Сайрам- “Сайлық тастақ сай”, Исфижап –“екі дария аралығы”, Мадинатал Байзо –“Ақ қала”, Урункент – “Ақ қала” аттары болғандығы атап айтылған.

Сайрамда “Қаңқа” деген жер болған екен, бұл жердегі Төрткүл төбелерді өзара байланыстыратын жер асты жолы болған.

Сайрамдағы кейбір бұйымдарда Исламнан да ілгері пайғамбарларға арналған жәйлар, жазулар , белгілердің ұшырауы көңіл аударарлық жәйт.

Сайрамдағы Қожа салық және Бибі Ғияз қабірлерін Қызыр пайғамбардың ата-аналарының қабірлері дейді. Тіпті , Қызыр алейкиссалам мешіті ХХ ғасырға дейін сақталған, күмбезі осы күнге дейін сәуллесін шашып тұр.

Қаланың ортасындағы Ыдырыс мешіті жайллы көптеген аңыздар бар. Адам атаның немересі осы қаланы салып, осы жерде отыз жыл өмір сүрген. Мешіт жанындағы Қызыр мешітіндегі жер асты-шілдехана болған.

Көп ғалымдардың айтуынша, мешіт ққабырғасындағы жазу исламнан бұрын пайда болғаны, оны әлі ешкім оқи алмағандығы таң қаларлық жәйт. Мешіт осы уақытқа дейін бірнеше рет қаланған.

“Рисолада” (арнауда) айтылыуынша , Иса пайғамбар заманында Сайрам және оның төңірегіндегі халықтар отқа , яғни күнді отты ұлылап , оған табыну зардуштий (зароастризм) діндегілер еді. Сонымен қатар биік дуалдар мне қоршалған қорғандар болғандығы да айтылады, бұл ежелгі Сайрамға да қатысты еді.

Сайрамда бұдан үш жыл бұрын табылған бес бөлмелі үйді зер сала қарасақ , бұл ғимаратқа күн ұзарғанда- күн батар кезде жарық тік түсіп, бөлмелерге жарық беретін . Бұны зарадуштийлікке лайық діни орын деуге болады.

Жоғарғы мазардың төменгі бөлігінде табылған екінші-үшінші жер асты үйлері, бұйымдары да екі жарым мың жылдық тарихты баяндайды. Бұл қырлардағы көп бөлмелі жертөле-молалар ежелгі ата-бабамыздың тұратын жайлары болғандығына еш күман жоқ. Ескі Сайрам тарихы жайлы әлі де көп мәліметтер табылатына сеніміміз мол.

Қортынды:

Ежелгі Сайрам қаласы – керуен жолында орналасқан Азиядағы ұлы саяси мәдени оқиғалардың оррталығы. Ежелгі Құшар, Эфталид, Бактриана, Сагдиана, Парфия мемлекеттерінің тарихы және әрбір тарихи кезеңдегі ұлы әскери қолбасшылар Кир, Ксеркс, Ескендір Зулқарнайын (Александр Македонский) Шыңғыс хан, Әмір Темірдің жорығы Сайрам тарихымен тығыз байланысты.

Қала өз заманына қарай жақсы бекітілген . ХҮ-ХҮІ ғ . тарихшы Рузбихан Исфагани былай жазады. Қаланың негізгі бөлігі қоршалған дуалдардың биіктігі сонша йкемделген адамның қолы жете бермейтін, оның анала қазылған ордың тереңдігі сонша, одан аттауға , жақындауға қазақтың аяғы да бармас еді, -дейді.

Қала деп аталатын қалдықтары Сайрам Селосының орталығында сақталған күиреген ескі Сайрам қаласының жұрты кәзір де көргеннің таңңданыс әсерін қалдырады.

Мұның өзі тік бұрыш биік оба, оның биіктігі 6,5-11метр, көлемі солтүстіктен оңтүстікке қарай 500 метр, ал шығыстан батысқа қарай 500 метр. Барлық қабырғаларымен жарыса созылып жатқан биік жол бар – бұл бұрынғы қамал дуалдары. Оның сыртында ббатпақты шұңқырға айналған ордың үздік – үздік қалдықтары сақталған. Жұмыр өркешті қабырғалардың кей жерлеріндегі қалдықтары ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. дейін сақталып келген. Қала шығыс беттегі бұрышта болған.

Жазба деректер бойынша ескі қаланың бір-біріне қарама қарсы салынып қаланы көктей өтетін тура көшелермен жалғасып тұрған төрт қақпасы болған.

Сайрамның Солтүстік қақпалары Бел(Бекілік) –қақпа немесе Белдарбаза аталған олардың қос босағасында сыртқа жұмырланып шығыңқы тұрған қос мұнара болған.

Оңтүстіктегі қақпалары – Базар дорбаза , шығыс қақпалары – Қарамұрт дарбаза , ал батыстағы қақпа – Шымкент дарбаза аталған.

Сайрамның сүниттік –мұсылмандық, ғылыми және мәдени орталық болғаны туралы көптеген атақты ғалымдар жазып кеткен. Олардың ішінде әлемге әйгілі ғалымдар ғалымдар мыналар:

  1. Әбу-райхан Беруни (ХІ ғасыр)-“Қонуний Маьудий”.
  2. Махмұт Қашғари (ХІ ғ)- “Диван-Лұғат ат түрк”.
  3. Әбу- Исхақ әл-Истахрий (ІХ-Х ғ.) –“Тарих кітабы”.
  4. Ал Мақдисий (Х ғ.) – “Ахсан ат тақасим”.
  5. Мухаррири номаълум (Х ғ.) –“Худуд әл-алам”.
  6. Мухаммад Жадид ат Табарий (ІХ-Х ғ.) –Тарихи табарий”.
  7. АлМасъюдий (Х ғ.) – Муруд аз захаб”.
  8. Мақтымқұлы (ХҮІІІ ғ.) — өлеңдері
  9. Шайх Сүлеймен Бұхари (ХІ ғ.) – “Луғати чиғотой ва турки усмоний”.
  10. Еқут Хамавий ( ХІІІ ғ.) –“ Муьжамул булдон”.
  11. Захраддин Бабыр ( ХҮІ ғ.) – “Бабырнама”.
  12. Әбдіраззақ Самарқанди (ХҮ ғ.) – “Матлан Саьдайн ва мажбай бахраиын”.
  13. Ибн әл- Асир (ХІІІ ғ.) –“Бахр асрор”.
  14. Мұса Сайрами (ХІХ-ХХ ғ.ғ.) –“Тарихи эминия”.
  15. Юсуф Саремин (ХІХ-ХХ ғ.ғ.) –лирикалық өлеңдер (ғазал)
  16. Шарафаддин Әли яздий (ХІІІ-ХІҮ ғ.ғ.) –“Зафарнама” жәнебасқа шығармаларда Сайрам қаласы туралы құнды маліметтер қалдырған.

Бұлардан басқа көптеген орыс, қытай, византиялық, ирандық ғалымдар да Сайрам жөнінде жазған.Күні кешеге дейін қала бекініс ролін атқарды және орта ғасырлық шығыс қаласына тән құрылыс жобасын сақтады.