Отырар ауданының тарихи мәдени ескерткіштері

Есте жоқ ерте заманнан бастап, Сыр бойында қыстап, көктем шыға малын Сарыарқаға, Оңтүстік Сібірге қарай, күзге таман – қайтадан Сырға қарай айдап бағып күнелтуді дәстүрге айналдырған дала тайпалары өзара тікелей қарым-қатнаста болып келгендіктен, бірте-бірте тұтас халықтын нышандарын орнықтыра түскен. Бұл үрдіске көшпелі Ұлы дала мен отырықшы Мәуреннаһырдың шегіне орналасқан ежелгі Отырар мен оның ықпалында болған отырықшы егінші қоныстарда үлесін қосқан. Олай дейтініміз, мұнда сол кезден-ақ көшпелілердің де, отырықшы елдің де қатысуымен өзіндік ерекшеліктері бар соны мәдениет қалыптаса бастаған. Ежелгі Отырар арқылы көшпелі қазақтың ағы атасы отырықшылық әлемінен танысқан, сауда саттыққа үйреніп, халықаралық қатнастар шеңберіне іліккен.

Ежелгі Отырардың қазақ тайпаларының тектестік сезімін оятуда, олардың тұрмыс- салтынан, әдет-ғұрпынан, тілінен, дәстүрлі өнерінен көрінетін біркелікті нығайта түсуде атқарған қызметін жоққа шығаруға болмайды. Егер орта ғасырлық Сайрам, Тараз, Құлан, Қойлық секілді сауда орталықтары өздерін өмірге келтірген көне керуен жолына иек артып, қала тіршілігін ұйымдастыруда, сауда-саттыққа, қорғаныс ісінде көбіне соғдылардан тұратын көпестер серіктестіктерінің кіріптарлары болса, Ежелгі Отырар дала тұрғындар үшін де, қала халқы үшінде өз үйі, өз ошағы болып қала берген. Өйткені қала бекісінің ішінде де, айналасында да осы өлкені ежелден мекендеп келе жатқан қаңлы қыпшақ, қоңырат сияқты тайпалардан құралған өз қосындары басым болған. Егер даладағы елді жау шауып, соғыс өртінің сасық иісі шыға қалса, қала халқы да дала тұрғындарымен бірігіп, ортақ жауға қарсы тұрған. Ал қала бекінісіне өрмелеп шығуға тырмысқан жаумен бетпе-бет кездесетін сәтте “ат құлағында ойнайтын” дала шабандозы да, дүкендерінде жауып үлгірген шілеңгер де, малын оқшау жерге иіріп тастап мұнда келген бақташы да, шәкіріттерін үйлеріне таратжқан ұстазда жауынгерлермен қатар тұрып шайқасқан.

Отырардың ұлылығы, міне, осында жатыр.

Екі мың жылға жуық өмір сүріп, қанатын кең жайып, шарықтаған шағында екі жүз гектардай жер көсіліп жатқан Отырар да, Кіңдік Азияның ортағасырлық қалалары секілді,негізгі үш бөліктен бұрыштарында, қақпа үстінде күзет мұнаралары болатын бекіністі қамалы бар Хан Сарайы, қазына, уәзірлік мекемелері, сарай мешіті, күзет гарнизоны орналасқан Ордадан (Арк, Кремль); оған тіркестіре орналастырылған айналасы мығым қорамен қоршалған круен сарай, мешіт-медресе, ханака (ақысыз мейманхана) шеберханалары, ұстаханалары, құдандары, базарлары, моншалары, мөлтек мешіттері болатын қарапайым халық пен қолөнершілер тұрағы – тысқықаладан (рабад) тұрған. Отырардың негізгі сутартқышы да осы бөлігінде болған.

Соңғы ортағасырларда қаланың хан сарайы орналасқан орталығы мен ішкі қала бірігіп кеткендіктен, тұрған жайлары шектен тыс тығыздалып, бірыңғай бекіністі қамалмен қоршалған. Сөйтіп, қазіргі құландасы 20 гектардай жерге жайылып жатқан.Қазақстан мсн Орта Азияның саяси, экономикалық және мәдени өмірiндегi маңызды рөл атқарған жер өңдеумен айналысқан Қазақстандағы ең iрi ауданның бiрiнің тарихы ғылыми және танымдық қызығушылық тудыруда. Сырдария алқабында Арыс пен қосылар тұсындағы ол аймақ «Отырар шұраты» деп аталады. Ежелгi атауы — Фараб немесе Отытрар округi. Оның орталығы атағы ғасырларды басып өтiп бүгiнгi күнге дейiн жеткен Фараб немесе Отырар, Тарбанд, Тұрарбан, Турар болған. Фараб округiнде ұлы ғалым Әбу Нәсір Әл-Фараби дүниеге келген. 1219
— 1220 жылдары қалаға Шынғыс ханның монғол жасақтары шабуыл жасаған. 1405 жылы Әмiр Темiр қаза болған. Шураттың географиялық орны қазiргi күнгi Оңтүстiк Қазақстан облысының Отырар ауданына сәйкес келедi. Батысында шурат Орта Азияның үлкен екі Сырдария мен Амудария өзендерiнiң арасындаЖатқан қызылқүмен шектеседi. Оазис құрамына кiретiн Сырдаряның оң жағалауы — тегіс, кей жерлерi жоталанып жатыр өсімдік әлемi тым жұтаң ол Қаратау сiлемдерiне жетіп аяқталады, Қаратаудан Бөген, Боралдай, Арыстанды, Шаян және басқа кішкене өзеншелер бастау алып жатыр.
Отырар шураты Оңтүстiк Қазақстанда Әрдайым ыңғайлы стратегиялық орын алған. Отырар арқылы Ұлы Жiбек жолы өткен. Сондықтанда қала туралы барлық ортағасырлық араб-парсы авторлары жазған. Қала атауын бiз Сырдария мен Жетiсу өңiрiндегi қалалардың тiзімінде бiрнеше рет кездестiреміз.
Ертедегi авторлардың кiтаптарында оқи отырып, еріксіз «бірнеше Отырар» болған ба деген ойға кетесің Бір дерек көзiнен, мысалы, Отырар Арыстың Сырдарияға құяр тұсында екенін, кең де кұнарлы жерлердiң ортасындағы оңтайлы орныда тұрғанын білсең, басқа бiреуiнен Отырардың Қаратау бөктерiне жақын, көшпендiлердiң арқа сүйер бекiністерiнiң бiрi болғанын, Отытарардаң Бөген мен Арыс арқылы Таразға, Баласағұнға, ары қарай Шығыс Түркiстанға жол барғанын оқисың… Бiрақ бiр ғана Отырар болған, ал оның әр жерден «табыла беретідiгi» — әр түрлі географиялық ландшафттардың түйiскен тұсында орналасқандығынан Отырар көптеген жолдың торабында тұр. Осы жолдар арқылы Сырдариядан оңтүстіктегi Шашқа, Соғдыға, ары қарай Мерв, Нишапурға, Рейге, Арал маңындағы Хорезм арқылы солтүстiк пен батысқа,Едiл бойына, Қара теѕiз жағалауына және Кавказға баруға болады. Орта Азиядан бұдан ыңғайлы әрi будан кауiпiтi орынды табу қиын… Қаланың басынан өткерген шапқыншылықа толы мыңдаған жылдары текке’кетпедi. Қазiр бiр кездерi гулденiп тўрған қаланың орнында бөн басқан ұйідiлер ғана қалды. Мұнда алғаш келген адам каланың қирандыларын, едді мекендер мен қамалдарды, күзет мұнараларын көріп таң қалады. Арнасы жүздеген жылдар бойы су көрмей, жарылып кеткен терең каналдар курап қалған алқалқапты кесiп өтiп жатыр. Аспап астындағы осынау ашық мұражай бiзге сонау өткен күндердегi ата-бабаларымыздың өмiрiнен бейне бiр сыр шерткендей.
Отырар шұратындағы археологиялық қазба жұмыстарын Қазақстан археологтары 1969 жылдан берi жұргізiп келедi Отырар, Құйрықтөбе, Көк-Мардан, Алтынтөбе, Мардан-Күйік қалашықтары аршылып алынды.
Отырар қаласында қазылып алынғандар — ХVI — ХVIII; ХIV — ХV және ХI — ХII ғасырларға жататын кварталдар, ХIII — ХIV ғасырлардағы құмырашылардың кварталдары, ХIII — ХV ғасырлардағы монша, ХIII — ХIV ғасырлардың кiрпіш кұйдіретін шеберханасы, ХIV — ХV ғасырлардың аяғындағы мешiтпен сарай. ХIV ғасырдың аяғы мен ХV ғасырың басындағы қызықты ғимарат — үлкен мешіт. Оның салынуы Темiрдiң атымен байланысты. Түркiстан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауидің және Отырар оазисіндегі Арыстан-Бабтын кесенелерi Темiрдің бұйрығымен салынған.
Жалы алғанда, Отырардағы мешіт кешенi секілдi ірі архитектуралық ансамбль Қазақстанның ортағасырлық қаласында алғаш рет қазылып алынып отыр.