Шымкент қаласының тарихи мәдени ескерткіштері

Шымкент атауы 2-түбірден туындаған. Оның алғашқы түбірі”шым” түрік тілінен

Аударғанда біздіңше алқап , екінші түбірі „кент” сөзі иранша қала деген мағынаны білдіреді

Шымкент қаласымен бірге Отырар (Фараб) Ясы (Түркістан) Исаиджап (Сайрам) сияқты қалалар бой көтерді.

Шымкент қонысы Ұлы Жібек керуен жолдарының тоғысында пайда болван, ол Орталық Азияның көне қалаларының қатарына жатады. Шымкент туралы алғашқы жаба деректерде Аса Темірдің 1365-1366 ж.ж. әскери жорықтары туралы жазылған парся тарихшысы Шараф ад-дин Әли Иаздидің (1445ж) „Зафар маме” (Жеңістер кітабы) кітабында айтылады. Темірдің Ташкенттен солтүстікке қарай жасаған бір жорығын сипаттай келіп, тарихшы «олар (Темір әскерлері) өз арбалы керуендерін Шымкенттен тапты» деп жазады. Қыстақтың баяндалып отырған оқиғадан бұрын пайда болғаны анық. Шымкенттің жанындағы қазіргі Сайрам ауданының аумағындағы көне Испиджап жазирасының жасы мың жылдан артық әрі бұл аймақ атамзаманнан бері оңтүстіктен солтүстік пен шығысқа қарай сауда жолдарының торабына айналған.

Ғасырлар барысында Шымкент көптеген тарихи оқиғалардың каәгері болды, олалдың көпшілігі осы жерлерде өтті. Қала талай рет басқыншылардың шабуылына ұшырады. Шыңғыс хан әскерлері көне Шымкент жерін талай рет басып өтті. Шымкент бірнеше ғасыр бойы оның ұрпақтарының иеліктерінің құрамында болып келеді. Ақ орда және көк орда хандарына қарсы табыс пен аяқталған әскери жорықтардан соң Шымкент Темір мемлекетінің құрамына енді. ХVғ. Басында Шымкент ойрат батыс Моңғолдық тайпаларының ал ХVІІғ ортасыннан бастап ХVІІІғ дейін жоңғар басқыншыларының шабуылдарына жиі ұшырап отырды.

Шымкент Қазақстандағы ежелгі қалалардың бірі. Ірге тасы ХІІ ғасырларды Орта Азиядан Жетісу мен Қытайға баратын маңызды сауда жолы үстінде қаланды қала кезінде Моңғолдар мен жоңғарлардың Қоқан хандығы шапқыншылығына ұшырап отырды. Қоқан хандығы құрамынан Шымкент 1864жылы патшалы Россия қарамағына көшті.

Халықтың тұрмыс тіршілігі мен өміріне қауіп қатер төңгізген сансыз соғыстармен өзара тартыс қырқыстарға қарамастан Сайрам жазирасы дамыған егіншілік бау бақша әр түрлі қолөнер өлкесі болып қала береді.

1867жылы Түркістан генерал губернаторлығына қарасты Сырдария облсының уездік қаласына айналды осы кезден бастап Шымкен Европалық Рессеймен Батыс Сібірді Орта Азия мен байланыстыратын маңызды транзит пунктіне айналды. Қаланың бейнесі өзгеріп түзу әрі кең көшелеріне Европалық сипаттары үйлер көптеп салына бастады. 1870ж Шымкентте 5422 адам тұрған өнеркәсіа нашар дамыған негізінен ұсақ қолөнершілікпен айналысқан 1885ж сол кездердегі ірі өнеркәсіп орны Сантонин зауыты (қазіргі «Химфарм») салынады.

Шымкент туралы тағыда дерек бар Моңғол дәуірнен кейін Шымкент одан әрі өсіп, әрі өркендеп, жоғары келтірілген деректерде жазылғандай бірте-бірте ірі қалаға айнала берді оның қалдықтары шымкенттің орталығында, қаланың қазіргі келбетіне көмескі көрінісімен өзіндік ескі қаланың қамалы жақсы сақталған. Қамалдың пішіні доға тәрізді иіліп, айналасындағы жер бедерінен 25м биікке бой созып тұр. Төбесіндегі тегіс алаң қайы бойынша есептегенде доға көлемі 30-45м. Бұрыш-бұрышынан мұнаралар байқалады. Кіре беріс қақпасы оңтүстік беттегі қабырғада. Қамалға жапсарласа Шахристан салынған бірақ қазіргі замандық құрлыстар салынып кеткендіктен оның көлемі шекарасын ажырату қиын. Ескі қаланың қазіргі топографиясын тек қана бөлекше Сібір корпусының тәржінашысы Филип Назаровтың осы бекінісі жөніндегі сипаттамасы арқылы түсінуге болады. Қоқандыққа барар жолында ол бір қатар қалаларға оның ішінде Шымкенткеде сипаттама жазған. Оның айтуынша Бадам өзені бойындағы қала биік дөнес басына салынып жарғабақты биік қабырғасымен көмкеріліп тұр. Қалаға өзен жағынан бір атпен жүріп өтетіндей тар жолмен кіруден басқа амал жоқ. Су қалаға қабырғадан ойлап жасалған терезешілерден кіріп қала ішінен қазылған арналарды толтырады бір қатарына су дермен орнатылған. Үйлері Қытайлардікі тәрізді күйдірілген қыш кірпіштен қаланып терезесіз салынған неге екенін қайдам үй ішіне жарық түсу үшін барлық жерде есктер ашық тұрады.