ЖЕТІСАЙ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ӨСУ ЖОЛЫ

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жетісай қаласында орналасқан. Жетісай театры өз шымылдығын 1969 жылдың 18 қаңтарда қазақ әдебиетінің классигі Б.Майлиннің «Жалбыр» музыкалық драмасымен ашқан болатын. Режиссері Қасымхан Шанин, басты рольде Жеңіс Қарғабаев ойнады. Театрдың ашылуы аудан көлемінде ғана емес, бүкіл Оңтүстік Қазақстандағы елеулі оқиға болды десек жаңылмаймыз. Жетісайтеатры Республикамызда өзіндік шығармашылық қолтаңбасы бар, биік көркемдік дәрежедегі өнер шаңырағы екендігі анық. Оның дәлелі, 1978 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №383 қаулысымен Жетісай қазақ – музыкалы драма театры Қазақ ССР-нің халық артисі, СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қ.Жандарбековтың аты берілуі болатын. Куні кешегідей көрінгенімен 45 жыл театр ұжымы үшін үлкен бір шығармашылық белес болып табылады.

Осы уақыт ішінде театр қазақ, өзбек, орыс, қырғыз және шет елдер драматургтерінің 200 ден аса драмалық, комедиялық, трагедиялық сан алуан дүниелерді сахналастырды, сан мыңдаған көрерменнің ықыласына бөленді. Республикамыздың көптеген облыстарында көршілес ТМД елдерінде болып, талғампаз Астана, Алматы көрермендерімен де бірнеше рет жүздесіп жоғары бағаланған театр.

Бүкілодақтық театрлар байқауының екі рет дипломанты атанса, Алматыда он күндіктің қортындысы бойынша Қазақ ССР жоғары советінің «Құрмет грамотасымен» наградталды. М.Әуезовтың 100 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалінде режиссер Т.Қыстаубаевқа «Үздік қойылым» номнациясы берілді.

Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойында Ә.Құлдановтың сахналастырылған О.Дастановтың «Әзірет Сұлтан» қойылымы ерекше аталып, көрермендер көңілінен шықты. Ақын драматург И.Сапарбайдың «Шіркін,Шәмші» драмасы Өзбекстанның Әндіжан қаласында өткен халықаралық театр фестивалінде жоғары баға алды. Қырғызстанның Ош қаласында өткен туысқан елдер театрының фистивалінде Шахимарданның «Кішкентай Сұлтан» қойылымымен қатысып фестиваль сертификатын иеледі.

2005 жылы Жетісай драма театры Қызылордада өткен Қ.Жандарбеков пен Қ.Байсейітовтердің 100 жылдығына арналған XIII республикалық Қазақстан театрлары фестивалінде лауреат атанып, Қ.Жандарбеков атындағы сыйлықты иеленді. Фестивальге театр ұжымы У.Азимнің «Алпамыс» драмасымен қатысқан болатын.

Сондай құрметті сенімге ие болған шалғайдағы театр хақымыздың әсемдік әлеміне көркемдік кеңістікке, азаматтық дәстүрге баулып, рухани жетістіктер жолында аянбай тер төгіп келеді.

Театрдың іргетасын өңірдің біртуар саңлықтары, Қасымхан Шанин, Мұхтар Өтебаев, Тасболат Баймбетов секілді өнер десе ішкен асын жерге қоятын кісілер қалады. Мәскеу мәдениет институтының түлегі марқұм Алтынбек Оңалбаев ширек ғасырдан астам уақыт Жетісай театрының бас режиссері қызметін тапжылмай атқарды. Олардың ұлағатты істері мәңгі есте. Бар болмысы театр үшін жаралған дарынды: А.Ысырайлов, С.Саурықов, Ш.Қожамұратова, Ы.Иманқұлов, М.Омарбекова, Ш.Хакімжанов, Т.Қыстаубаев, З.Меңлібаев, З.Оспанова, Сәния және Тасболар Бәйімбетовтер, Ә.Жәбішев, Р.Қошпанқұлов, Қ.Қамбаров, Ж.Қарғабаев, Ә.Омарова, Қ.Бекмұратова, К.Молдәулетовтар аталған театрдыңалғашқы артистері.

Театр сахнасына өздерінің қолтаңбаларын қалдырған режиссерлер А.Оңалбаев, Т.Әшімов, Ы.Иманкұлов Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Т.Қыстаубаев Қазақстан халық артисі, Тасболар Бәйімбетов Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Е.Оразымбетов Қазақстан халық артисі, Ө.Тастанбеков,Ж.Есенбеков, Ә.ҚұлдановҚазақстанның мәдениет қайраткері, Ғ.Арынов, С.Тасменова, И.Ниязбеков және тағы басқа режиссерлер сан жанрлы қойылымдарды сахналауда толыққанды сахналық дүниелердің жарыққа келуіне режиссердің көп күш салғаны өнер сүйер көпшілік қауымға белгілі.

Әр кезеңдері театрдың бас суретшілік міндеттерін мойындарына алған Жетісайтеатрыныңжетістіктеріне қуанып кемшіліктеріне күйініп қызығы мен қиындығы қатар жүретін театр өнерінің бар машақаттарын бастан өткерген. Д.Роот, А.Қойшыбаев, ҚР мәдениет қайраткері Б.Сраилов қазіргі таңдағы бас суретші ҚР мәдениет қайраткері , «Еңлікгүл» сыйлығының лауреаты Т.Байдарбеков сахна обрыздарын жасаудағы суреттерін салуда өздерінің бедерлі бояу нақыштарын тарихқа әрқалай таңбалап келеді.

Жоғарғы театрымыздың іргетасын қалаған артистеріміздің ізін жалғастырушылар Ә.Ененбаев ҚР мәдениет қайраткері Р.Бейсебаева, Ұ.БазарбаевҚазақстанның еңбек сіңірген артисі, Ұ.Әкім, К.Сейітметов, Р.Манжігітов, Н.Тілеубергенов,А.Серікбаева,Б:Сүлейменова,М.Жұмаділдаева, А.Бейсебаев,Қ.Жолшыбекова,С.Тастеміров,Қ.Құлыншақ,О.Қалыбековалар әр кезеңде де театрдың ауыр жүгін арқалаған бейнетқор жандар.

Еліміз Тәуелсіздігін алғаннан кейін де бірнеше ауқымдықазақ, өзбек, орыс, қырғыз және шет елдер драматургтерінің 200 ден аса драмалық, комедиялық, трагедиялық сан алуан дүниелерді сахналастырды, сан мыңдаған көрерменнің ықыласына бөленіп келді. Атап айтар болсақ, И.Сапарбайдың «Шіркін,Шәмші!», У.Азимнің «Алпамыс», Х.Хурсандовтың «Өлдік те,құрметті болдық», Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы»,Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпе – Баян Сұлу», Еврепидтің «Троя арулары»,Ш.Құсайыновтың «Әл-Фараби»,Есенберлиннің «Ғашықтар», Т.Ақтанов «Күшік күйеу», С.Балғабаевтың «Қазақша күресі», Ш.Құсайыновтың «Үкілі Ыбырай», З.Найзағараевтың«Мүсінші»,Д.Исабековтың«Пері мен періште»,С.Сматаев пен Т.Теменовтың«Көгілдір такси»,Б.Римованың«Қос мңлық»,Ж.Әлмашұлының«Ай астындағы алтын шаhар»және т.б көптеген қойылымдары айғақ.

Міне сол ұжым баяғы бағытынан айнымай ардагерлер салып кеткенжолмен алға қарай жылжып келеді.Әлбетте кедір-бұдырлысынболады. Режуссура әлсіздігі, артистік құрамның селдіреуі, қаражаттан қысылу жағдайлары. Ол қай театрда да болатын жағдай.Көтерілу ыдырау сэттері болмай тұрмайды.

Ендігі басты назар, сенім – театр жастарында, қазіргітаңдаЖетісай драма театрында жас актерлер мен актрисалар жоқ деуге болмайды.

Жоғарыда аталған аға әпкелерініңізңн жалғастырушы артистеріміз А.Қолдасов,Б.Айдаров,А.Өтебеков,Б.Қалдарбекова,Ғ.Қаппаров,С.Айдарова,Б.Баймағанбетов,Д.Қоңырова,Қ.Қасымбеков,Б.Қаппаров,В.Хаджиев,Ш.Айдынбекова,Д.Имамадиев,Ө.Айдаров, М.Қаппарова,сияқты өнер сүйер жас азаматтарыныңбарындаЖетісай драма театрынның болашағынан үлкен делестерденкөрінуіне сенімдіміз.

ШалғайдағыЖетісай драма театрыөз ісін жалғастыруда. Осы театрда 20 жылдан астам, театрды басшылық жасаған ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкеріТ.Бәйімбетов,К.Молдәулетов,Қ.Мәмеков,Ж.Құдяров,Ш.Кенжеханов,Ә.Мейірбеков,С.Серікбаев,О.Шойғараевсекілді ағаларыныңізін жалғастырушы,қазіргі тыңдаған театрдың директоры және көркемдік жетекшісіБ.Б.СраиловҚР мәдениет қайраткеріқазақ театр өнері саласында ұзақ жылдардан бері жемісті еңбек етіп,театр ұжымының биік белестерге көтеру жолында бар қажыр – қайратын,білімін жұмсап келе жатқан азамат.

2013жылыБ.СраиловбаскаруындағыҚ.ЖандарбековатындағыЖетісай драма театрындаөткен«ТЕАТРКӨКТЕМІ2013»облыстықтеатрлар фестивалінде,Новель сыйлығының лауреаты ЮджинО-Нилдің «Шырмаулық астындағышырғалаң»трагедиясыүшін«Ең үздік қойылым»номинациясын иеленіп,театр шығармашылығынқайта жаңғартып түлетті.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!