Этнографиялық деректер

Этнология(грек etnos-тайпа,халық, grapho-жазамын)- қоғамдық ғылымның тайпалармен халықтарды зерттейтін бір саласы. Этнология қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін,ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды,тарихи және мәдени қарым-қатынастарының кәсібін, қоғамдық және жанұялық қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақта ғылыми негізінде зерттейді.

Археология деректердің өлкетанудағы атқаратын рөлі. Археологиялық дәуірлер мен кезеңдерге бөлу туралы мағлұметтар. Археологиялық ескерткіштер түрлері. Зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары. Қазба жұмыстарынан материалдарды өңдеу әдістері. Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу, арнайы дайындық жұмыстарын жүргізу. Археологиялық материалдарды мектептегі өлкетану жұмыстарына пайдалану тәсілдері жайлы мағлұматтар жинауына арнайы тапсырма біреудің маңызы.

Алғашқы этнографиялық дереетер туралы мағлұматтар. Этнографияның ғылым ретінде дамуының өлкетану жұмыстарына тигізген әсері. Этнографиялық деректердің түрлері. Өлкетанушылық үшін этнографиялық терминдер. Өз өлкесінің салт-дәстүр, әдет-ғұрып білудің маңызы. Студенттерді өз өлкесінде этнографиялық жұмыстар жүргізуге дайындау. Әр студентке өз өлкесінің этнографиялық деректерімен өлкетанушылық сипаттағы реферат дайындауға тапсырмалар беру.

Орта ғасыр дәуірінің алғашқы кезеңінде Батыс Еуропа елдеріндегі мәдени құлдыраудың салдарынан халықтар туралы этногрофиялық деректер жинастыру жоқтың қасы болды. Тек Византияда Араб халифатында,Қытайда ғана этногрофиялық деректер жинала берді. 1955жылдан бастап этногрофиялық бөлімнің қызметкерлері “Орта Азия және Қазақстан халықтарының тарихи-этногрофиялық атласы” атты көне жылдың үлкен тақырып бойынша деректер жинауға кірісіп, 60 жылдары оның әр түрлі салалары бойынша:қазақ халықтарының этногрофиялық тұрғыдан зерттеу тарихы,ру-тайпалық құрамы, ұлттық киімдері туралы еңбектер жарияланды.

Этнографиялық білімдердің қайнар көзі көне дәуірден басталады. Алайда ғылыми сала ретінде этнография ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптасты. Көне Шығыс жеріндегі Мысыр, Бабыл Парсы мемлекеттері өздерін қоршаған елдерге, халықтарға қызығушылықпен қарап, кейде олардың байлықтарының мөлшерін білу мақсатымен оларға соғыс ашса кейде сауда байланысын орнатты.

Этнография алғаш рет ғылыми пән ретінде Ресейде географиялық ғылымнан бөлінді. К. Леви-Стросс еңбектерінде этнография, этнология және антропология және адам мәдениті оқып танудың 3 кезеңі деп қарастырылды.

1.Этнография даналық зерттеуді жүйелеумен сипаттау.

  1. Этнология – географиялық,тарихи жүйелік бағыттарды синтездеу.

3. Антропология – адамды тануға бағытталған ғылым. Этнос адамға тән құбылыс. Этнос термині грек тілінде халық тайпа ру деген мағынаны білдіреді.