Қазақстаның өлке тарихын зерттеуде тарихи мәдени ескерткіштер

Ұлттық тарих ескерткіштерін қайта жаңгырту үлттық мәдениет үшін айрықша мәні бар мынадай ескерткіштерді: Абат-Байтақ, Айша-Бибі кесенелеріне, Қараман-Ата, Шопан-Ата сағаналарына, Аңыртас және Баба-Ата сарай кешендеріне кешенді ғылыми-мәдениеттану зерттеулерін ұйымдастыру, оларды қалпына келтіру, тұмшалау және абаттандыру, сондай-ақ тарихи және этномәдени ортаны өркендету мен дамыту, Крйлық, Есік, Сарайшың, Берел және басқа да ежелгі, орта ғасырдағы кенттерге, қорғандар мен қоныстарға археологиялық зерттеулерді жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.

Қаэақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті ескерткіштері жинағын баспаға дайындау жөнінде жүйелі жүмыс жүзеге асырылады.

Республика мұражайларының қорында саңталған тарих пен мәдениеттің жылжымалы ескерткіштері түрақты түрде қалпына келтіру жүмыстарын жүргізуді қажет етеді. Осыны негізге ала отырып, ұлттық тарих үшін айрықша мәні бар мүражай қорларын қалпына келтіру мен түзу жөнінде орталықты қүру мүмкіндігін қарау қажет.

Өткеннің көрнекті ғалым ойшылдарының мұрасын зерделеу, сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи мәні бар сирек кездесетін басылымдардың қолжазбаларын, кітаптарды және мүрағат қүжаттарын табу мен сатып алу үшін алыс және жақын шетелдердің мұрағаттары мен кітапханаларына ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдас-тырылады.

Ұлттық мәдениет үшін айрықша мәні бар тарихи-мәдени, сәулет және археология ескерткіштеріне, соньщ ішінде қорық-мұражайлар өңірлеріне оларды сақтау мен мұражайға айналдыру мақсатында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу де көзделеді.

Құжаттық мұраның бірегей үлгілерін сақтау, сондай-ақ оларға еркін қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында өткеннің көрнекті ғалымдарының, ойшылдары-ның, оның ішінде: әл-Фарабидің, Ж.Баласағүнидың, М.Қашғаридың, С.Бақырғанидың, А.Йүгінекидің, М.Дулатидың, Қ.Жалайыридың, З.Бабырдың және басқалардың мұрасын зерделеуді жалғастыру қажет.

Қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи мәні бар қолжазбалардың, сирек кездесетін басылымдар мен кітаптардың «Кодекс Куманикустың», «Қорқыт Ата кітабының» (Дреэден мен Ватикан қалаларында саңтаулы), «Оғыз-наменің» (Парижде сақтаулы), «Бабыр-наменің», «Махаббат-наменің» (Лондонда сақтаулы), Ж.Баласағұнидың «Құтадғу білігінің» (Каирда сақтаулы) көшірмелерін табуды, сатып алуды немесе дайындауды жалғастыру қажет.

Ежелгі қолжазбалардың, кітаптар мен басқа да дерек көздерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін Ұлггық кітапхана жанында ұлттық кітап жәдігерлерін табу мен сатып алу, сондай-ақ кітаптар мен ежелгі қолжазбаларды қалпына келтіру жөнінде орталық құру қажет.

Ақпараттық технологиялардың қарңынды дамуы мен Электрондық құжат айналымы-ның бірыңғай жүйесін енгізу жағдайларында Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының жаңа тасығыштарда сақталуы мен пайдаланылуы өзекті міндеттерге айналып отыр, оларды шешу үшін Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты жанында мұрағат құжаттарының сақтандыру көшірмесін жасау мен қалпына келтіру жөніндегі орталық құрылуға тиіс.

Қазіргі Моңғолияның және әлемнің басқа да елдерінің аумағындағы ежелгі түркі сына жазу ескерткіштерін табу мен олардың көшірмелерін жасау жұмысы жалғасады. Ұлытауда Қазақстанның мемлекеттік тұтастығы мен халықтары бірлігінің нышаны — мүсінтас тұрғызылатын болады. Мәдени және аралас мұра объектілерін күзету аумақтарының шекарасы, өңірлері белгіленіп, Дүниежүзілік мұраның күнілгері тізіміне енген объектілердің деректер базасы жасалып, Қожа Ахмет Иассауи кесенесін басқару мен сақтау жөніндегі менеджмент жоспар жасалады.

Әлемдік мәдениеттің көрнекті ойшылдарының, әдебиетшілері мен қайраткерлерінің таңдаулы шығармаларының кең ауқымын қазақ тілді оңырманға таныстыру және гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толықңанды қорын жасау мақсатында әлемдік ой-сананың таңдаулы жетістіктерінің негізінде іргелі әдеби-көркем және ғылыми басылымдарды әзірлеп, шығару ңажет.«Фольклортану, әдебиеттану және өнертану» — қаэақтың халық ауыз әдебиетін біріктіретін «Бабалар сөзі» кітабының дестесінде беріледі, ол жүздеген жылдар бойына ңалыптасып, қазаңтардың халық ауыз әдебиетінің бай мұрасын бейнелейтін ертегілерден, аңыздардан, эпостық шығармалар мен тарихи дастандардан тұрады.

Тағы бір орасан зор құндылық «Қазақ әдебиетінің тарихы», ол бірнеше ғасырлар бойына Қазақстанда қалыптасқан, көркем әдеби ойдың шығу тарихы туралы әңгімелейді, Қазақстанның жазушылары мен ақындары шығармашылығының негізгі үрдістері мен ерекшеліктерін ашып көрсетеді.

«Көркем әдебиет» — осы бағытта әлемдік классиканың жетістіктері орын алған. «Әлемдік әдебиет кітапханасы» дестесі Еуропа, Америка, Австралия, Африка, сондай-ақ Азия елдерінің алдыңғы қатардары әдеби шығармашылығын қамтиды.

«Философия» — қазақ халқының бай философиялық мұрасынан мағлұмат беретін шығармалардың таңдаулы үлгілерін тұтас біріктіруге жасалган алғашқы қадам, ол «Қазақ халқының ежелгі уақыттан осы күндерге дейінгі философиялық мұрасы» дестесін шығару болады. Ұлы Даланың көрнекті ұлдарының — Қорқыт Атадан басталып Абай мен Шәкәрімнің дүниетанымында жалғасын тапқан философиялың көзқарастар, шындығында, әлемдік ізгі рухани мәдениеттің маржандары болып саналады. «Әлемдік философиялық мұра» дестесі Батыс пен Шығыстың ежелгі уақыттан осы күндерге дейінгі көрнекті ойшылдарының философия тарихы туралы іргелі еңбектерін, неғұрлым белгілі шығармаларын қамтиды, олардың алдында философиялық мектептер мен бағыттардың қысқаша сипаттамалары, авторлардың өмірбаяны берілген.

«Тарих ғылымы» — «Қазақстанның тарихы бойынша жазба деректер» жобасы Қазақстанның ежелгі уақыттан осы күндерге дейінгі тарихы бойынша жазба деректердің мемлекеттік тілдегі бірнеше дестелерін басып шығаруға дайындықты көздейді, олардың ішінде Геродоттың, Птолемейдің еңбектері, сондай-ақ аса маңызды араб, парсы, түркі тілді, қытай, моңғол, орыс және батыс жазба деректері қамтылган.

«Әлемдік тарихи ой-сана» дестесіне әлемнің көрнекті ойшылдары мен ғалымдарының адамзат өркениеттерінің, мәдениетінің, ел-дер мен халықтардың даму проблемаларына арналған трактаттары кіреді.

«Археология, тарих және мәдениет ескерткіштері» дестесі — «Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы» кітаптарында Қазақстанның археологиясы мен тарихының жылжымайтын ескерткіштерінің тарихи және көркемдік қүндылығы, сондай-ақ халыңтың тарихы мен ңолөнері иллюстрациялармен ңысқаша баяндала отырып, мол мәліметтер береді. Қазақ халқының тарихи мұрасын зерделеудің түтастай жуйесін жасауга ықпал ететін альбомдар дестесі де қызығушылық туғызады. Олардьщ арасында «Қазақстанның археологиясы», «Қазақстанның петроглифтері» бар.

«Мәдениеттану» — «Әлемдік мәдениеттану ой-санасы» жобасына мәдениеттанудың «мәдениет» және «өркениет», «мәдени құндылықтар» және «мәдени құбылыстар», «мәдениет субъектісі» және «мәдени мұра», «мәдениеттегі дәстүрлер мен жаңалықтар», «мәдениеттің типтері» және басқалары секілді негізгі ұғымдарына арналған өткеннің ойшылдарының көптеген трактаттарының аудармалары мен қазіргі ғалымдардың монографиялары енген.

«Этнография және антропология» — «Қазақтың халықтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» иллюстрациялы кітап-альбомдары дестелерінде халықтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сипатталып, қазақтардың мәдени құндылықтары мен қолөнері туралы мәліметтер беріледі.

«Заң ғылымы» — «Қазақтар құқығының ежелгі дүниесі» кітаптарының дестесінде белгілі билердің қазақ халқының бірлігін және оның аумағының тұтастығын сақтауға, қоғамды имандылық тұрғысынан сауықтыруға үндеген шешендік сөздері, нақылдары мен ңарасөздері жинақталған, оларда адамды сүюдің, татулық пен әділдік ңағидалары, сондай-ақ қаэақтар құқығының ережелерінің жазбала-ры мен жинақтары берілген.

«Әлеуметтану» — бұл бағыт «Әлемдік әлеуметтану ой-санасы» дестесінде беріліп, ол қоғамда тұлғаның қалыптасуы мен оның әлеуметтенуі, әлеуметтік институттардың қалыптасуы мен әлеуметтік үдерістердің мәні мәселелері жөніндегі көптеген зерттеулерге, сондай-ақ әлеуметтану ілімінің қазіргі таңдағы теориялары мен мектептеріне арналған.

«Саясаттану» — «Әлемдік саясаттану ой-санасы» дестесінде Ежелгі дүниенің, Орта ғасырдың, Жаңа және Жаңаша уақыттың негізгі саяси және құқықтық доктриналары туралы мағлұмат беретін, сондай-ақ саяси-қүқықтық идеологаяның даму сатыларын оның дүниетанымдық негіздерімен және теориялық мазмүнымен бірлікте бейнелейтін түрлі дәуірлердегі дүние ойшылдарының мәтіндері жинаңталған.

«Психология» — «Әлемдік психологиялың ой-сана» дестесі әлемдік психологиялық ой-сананың жүздеген жылдар бойындағы шығу тарихын бейнелеп, ғылыми психологаялық ой-сананың не-ғүрлым танымал өкілдерінің еңбектерін қамтиды.

«Экономика ғылымы» — «Экономика классикасы» кітаптарының дестесі ғалымдар мен ойшылдардың экономика жөніндегі теориялық мұрасына арналады, ол қоғам дамуының, шаруашылың жүргізу нысандары мен экономикалық идеялардың диалектикалық бірлігін бейнелейтін әдіснамалық тәсілге негізделген. Осы дестенің әрбір томы классикалық, кейнстік, институционалдық, монетарлық және басқа да жетекші экономикалық мектептердің негізгі қағидалары мен есімдері туралы мағлұмат беретін ақпараттық материалдар мен мәтіндерді қамтитын болады.

«Тіл білімі» — осы багыттың дестелерінде қазақ әдеби тілінің дамуы жөнінде неғұрлым толық мәлімет беретін және оның лексикасының баюына ықпал ететін қазақ тілінің түрлі түсіндірме сөздіктері, синонимдер сөздігі, диалектологиялық және этимологиялық сөздіктер берілген.

«Мұрағат және кітапхана ісі» — «Қазақ элитасының жазған хаттары мұрасы» жинагына Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатында және Ресей Федерация-сының мұрағат корында табылған қазақ қогамындағы ел басқарушылардың — ұлттық ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның көрнекті қайраткерлерінің хаттарының ауқымды кешені енеді.«Энциклопедиялар» — осы барыттың дестелері ңазақ мәдениетінің тарихы, ерекше әдеби жанрлар мен өнердің бағыттары туралы мағлұмат беретін әдебиет, мәдениет және өнер жөніндегі энциклопедиялар мен энциклопедиялың анықтамалықтардың алуан түрлі ауқымын қамтиды. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі «Қазаңстан Республикасы» энциклопедиясы жан-жақты сипаттамаларды, статистикалық материалдарды, бай иллюстрацияларды, фотосуреттерді, схемалар мен диаграммаларды қамтиды.

«Бейнелеу өнері» — Қазақстан бейнелеу өнерінің бағалы үлгілері осы бағыттың фото- және бейнелеу альбомдарында көрініс табады. «Қазаңстан суретшілері» атты жеке дестеде Ә.Қастеев, О.Таңсықбаев, С.Калмыков және басқалар секілді қазіргі заманның талантты шеберлерінің шығармашылығьша арналған бейнелеу альбомдары шығарылады.