ҚР мәдени мұра іске асыру концепцияы

ҚР Президентінің 13.01.04 Жарлығымен бекітілген «Мәдени мұра» бағдарламасы Қазақстанның мәдениеті мен руханилығын жедел дамыту мүддесін көздейді, тарихи-мәдени сабақтастықты іске асыруға бағытталған. Оны жүзеге асыру қоғамның бұдан әрі өзін-өзі тануына және ынтымағының артуына әкеледі. Бұл процеске әлемдік қауымдас-тыққа енудің негіздері болып есептелетін жан-жақты білімділік, өзара түсіністік, ұлттық және мемлекеттік сана тұғырының мықтылығы да өзгеше реңк дарытады.

Мемлекеттік бағдарлама теориялық-методикалық, ұйымдастыру, қаржылық, салааралық үйлесім мәселелерін бірігіп шешкен жағдайда ғана нақты нәтиже бермек. Мұндай шешімдер ҚР Мемлекеттік хатшысы жанындағы Қоғамдық кеңес деңгейінде қабылданады. Қоғамдық Кеңестің өкілеттігі мен жұмыс тәртібі осы органның айрықша ролі және оған жүктелген жауапкершілікті ескере отырып анықталады.

  1. Қоғамдық Кеңестің бірінші кезектегі міндеттері 2004-2006 жж. мәдени-тарихи сабақтастықтың басымдықтарын анықтау және ынталандыру жүйесін, Бағдарламаның нақты шараларының тиімділік бағасын белгілеу болып табылады. Бұл мәселелер бойынша қабылданған шешім «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына жан-жақты және мазмұнды іс-әрекеттік сипат береді.

Мәдени мұраның тарихи диапазонын белгілеу де негізгі басымдықтың бірі. Оның сабақтастық және зерттеулік бағыттағы жұмыстарды іске асырудағы маңыздылығы сөзсіз. Қоғамдық Кеңес соңғы екі мың жарым жыл көлеміндегі фактілерге, яғни, қола дәуірінің соңы және темір дәуіріне айрықша көңіл бөлуді сұрайды. Бұл ретте, біздің назарымызға себеп-салдарлық байла-ныстар, негізгі тарихи оқиғалар оралады: Еуразия даласына көш-пенділердің шығуы, «осьтік дәуірдің» рухани атмосферасына бұл жағдайдың әсері, қазақ хандығы мен «дала өркениетінің» жарқын да қайғылы тағдыры, Ұлы Жібек жолы бойына орналасқан қалалардың өмірге келуі, гүлденуі, солуы, жаңа өмірі, империя құрамында отарлықта болуы, егемен ел ретінде жаңа даму жолын іздестіруі және т.б. Уақыттың осы біртұтас және кеңістікті қозғалысында бізді әрине, қазақ тарихы қызықтыратыны айтпаса да түсінікті.

Сабақтастық нақты және тұтастай алғанда өзара әрекеттестікпен тығыз байланысты. Этникалық тарих – дүниетану, басқа халықтар мәдениетімен, сенімімен өзара бірлестікте жасалады. Қазақтар және бабаларымыздың өз көршілерімен әрбір жер пұшпағына қатысты және бізге мұраға қалған байланыстарын сөз еткенде бұл аспектіні назарда ұстаған жөн. Орталық Азия аймағы сияқты тарихи-мәдени тұтастықты да көңіл мен ой көзінен тыс қалдыруға болмайды.

Біз қарқынды өзгерістер заманында өмір сүріп жатырмыз. Біздің өзімізді-өзіміз тану процесінде ата-бабалар қалдырған іс-тәжірибе ғана емес, әрбір халықтың тарихи жағдайдан шығуда қолданған озық жетістіктері, туған тілді жаңарту әрекеті де ерекше көмектеспек. Бұған қоса, «өзге тұрмыстан» шығып, «өзін-өзі тану» сияқты қазақтық және қазақ тектес мәдениеттің тарихи тәжірибесі де айрықша ықылас тудырмақ.

Жалпықазақстандық өзара тұтасу және қазіргі заманғы қазақ мәдениетін барынша түсіну мүддесі тұрғысынан қарағанда, Қазақстан екінші отандарына айналған этникалық топтардың да тарихи-мәдени мұраларын назардан тыс қалдыруға болмайды. Типологиялық ұқсастық жағына қарай Қазақстан тектес әлем аймақтарының да мәдени процестік тәжірибелерінің маңызы зор. Мысалы, XX ғасырдың екінші жартысындағы латын-америкалық мәдени процесі, сондай-ақ, тоталитарлық, отарлық санадан босатқан әлемдік гуманитарлық іс-тәжірибелер.

Тарихи-мәдени сабақтастықты іске асыруда осындай және басқа да мазмұнды басымдықтар есепке алынады.

  1. Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудағы негізгі қаржы шығындары тарихи-мәдени, сәулеттік және қазба ескерткіштертеді зерттеуге, сақтауға және қалыпқа келтіруге байланысты жұмсалмақ.

Коғамдық Кеңес бұл жұмыстар өз дәрежесінде іске асуы үшін мына негізі шаралар жүргізілуі тиіс деп есептейді:

  1. Астана мен Алматы қалалары, облыстарындағы тиісті құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, тарихи-мәдени мұраларды қорғауды және пайдалануды іске асыратын мемлекеттік басқару құрылымын құру.

Бұл мемлекеттік органды құрудың қажеттілігі – Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жиі өзгеріске ұшырап отырған кезінде еліміз территориясындағы ауқымды құрылыс-тық-монтаждық жұмыстарды жүргізу және жер қойнауларын қар-қынды игеру, қолданыстағы заңды және нормативтік-құқықтық базаны қайта қарау жөнінде шаралар қабылдау, Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің Мемлекет-тік тізімін жаңартумен түсіндіріледі.

Осы мемлекеттік орган ескерткіштерді анықтау, есепке алу, мемлекеттік қорғауға ұсыну, өңдеу, консервациялау, Қазақстан Республикасының мәдени және тарихи ескерткіштерінің Жинағын дайындау және шығару, заңдарға сәйкес тарихи-мәдени мұралар жағдайы мен пайдалануына тиімді бақылау жасау, мем-лекеттік бағдарламаларды жасау және іске асыру, ескерткіштердің пайдаланымы мен сақталымының ғылыми-негізделген ұстанымдарын нақтылау, ғылыми-реставрациялық кәсіпорындардың мате-риалдық-техникалық және кадрлық базасын нығайтуға жауапты болады. Бұл – мемлекеттік басқаруды орталықтандыру және жергілікті үкімет органдарының дербестігін арттыру жағдайында ерекше көкейтесті болып отыр.

  1. Республикалық бюджеттен қаржыландыру көзін қарастыра отырып, тарихи және мәдени мұраларды қорғау мен пайда-лану саласындағы тиісті нормативтік-құқықтық актілер (ереже, тәртіп, нұсқаулар және т.б.) жасау, тарихи-мәдени мұра, мәдениет, жер, сәулет, қала құрылысы, құрылыстық қызмет, жеке меншік, жекешелендіру, Алматы қаласының ерекше статусы сияқты мәдени және тарихи ескерткіштерге аз да болса қатысы бар заңдарға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
  2. Таза археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу археологиялық ескерткіштердің жойылуына әсер етуі және алынған көне артефактілердің мұнан әрі сақталым жағдайын ауырлататындығы себепті, (бұлар бүгінгі күні республикалық және облыстық музейлерде аса көп мөлшерде жинақталған) «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыратын Шаралар жоспарында қарастырылған археологиялық зерттеулерге бөлінген қаржы қоры есебінен археологиялық және сәулеттік қазба ескерткіштерді консервациялау және музейлендіру жұмыстарын атқару тарихи және экономикалық тиімді екендігі ескерілуі шарт.

III. «Бағдарлама» және «Шаралар жоспары» фольклорлық шығармалар, ұлттық және әлемдік гуманитарлық ой, көркем әдебиет шығармаларын шығаруға айрықша маңыз береді. Бағдарлама басымдықтарына сәйкес ұсынылған шығармаларды қайталау және дайындалатын материалдардың антологиялық тұтастығы үшін тізімдерді салыстыру керек. «Шаралар жоспарын-да» басылымдар шығару мен аударма жұмыстарына жұмсалатын мүмкін шығындар жұмыс мәнін, мәтін ерекшелігін ескермей атүсті жасалған, олар мыналар: эвристика (тұпнұсқаларды анықтау), археография (тұпнұсқаларды сипаттау), ғылыми редакциялау, мәтінге түсініктеме беру, және т.б. Оған қоса, 3.4. (Тарихи ғылымдар) позициясындағы 41-49 пунктерін қаржыландыру үш жылға жоспарланған, оның «Тарихи ғылымдар» секциясы дайындаған нұсқамалық тізімге түк қатысы жоқ десе болады. ЮНЕСКО-ның «Орталық Азиядағы өркениет тарихы» алты том-дық басылымдарын қазақ және орыс тіліне аудару қарастырыл-маған. Қазақ тіліндегі басылым құрылымына классикалық шетел-дік жұмыстар ғана емес, отандық гуманитерийлердің де үздік еңбектерін қамту керек. Бұл Қоғамдық Кеңестің секциялық редак-ция алқасының қызметін реттеуі қажеттігін көрсетеді, тұтас қар-жыландыру туралы шешім қабылдайды. Осы Алқа құрылымында ішкі және халықаралық авторлық құқықты білетін мықты заң қызметкерлері болуы керек.

Кәсіби шеберлігі жоғары мамандар даярлау мақсатымен Қоғамдық Кеңес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің «Иностранная филология» кафедрасында және «Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы» кафедрасы базасында ең қысқа мерзімде Аударма бөлімін ашуды ұсынады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия факультетінің жаңа мамандықтар тізіміне «Шетел тілін меңгерген мәдениеттанушы», «Шетел тілін меңгерген философ», осы университеттің филология факультетіне «Көркем аударма» мамандықтарын өндіруді ұсынады.

Баспаны немесе баспаларды дұрыс таңдау да ең басты маңызды мәселенің бірі. Жоспарланып отырған басылымдардың көлемі мен қоғамдық маңызын ескере отырып, баспалар таңдауда субъективизмнен алшақ болу керек. Баспаны таңдау құқығын өздері дайындаған мәтін ерекшелігін жақсы білетін секция басшыларына беру қажет. Соған қарамастан, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шығарылатын кітаптар біртұтас логотипті, аса көркем безендірілген, полиграфиялық көз тартарлық дүние болуы шарт. Соған қоса, бұл кітаптарды оқырман сатып ала алатындай болу керек.

ІҮ. Тұрақты шығыстанушылық археографиялық экспедиция құру. Экспедиция міндеті – Қазақстан облыстары мен аудандары және одан тыс жерлердегі құжаттар мен қолжазбаларды сақтайтын әртүрлі орындарды ұзақ мерзімді және жүйелі зерттеу. Дәстүрлі материалдарға жазылған жазба түпнұсқалардан басқа ежелгі және орта ғасырлардағы сәулет құрылыстарындағы және бейіттердегі, тау-тастардағы жазбалар да зор ынта-ықылас туды-руда. Экспедиция материалдары кейін «Қазақстанның тарихи және мәдени шығыстанулық ескерткіштер жинағына» негіз болмақ. Экспедиция құрамы кәсіби іріктеліп алынған кешенді, көп саладан хабары бар мамандардан құралады. Экспедицияның мемлекетаралық сипатын ескере отырып, бұған КР Мемлекетттік хатшысы, Сыртқы Істер Министрлігі көмек көрсетуі керек.

Ү. «Шаралар жоспарына» енбеген, бірақ, оны іске асыруда маңызы бар жобалар жұмысы үшін «Мәдени мұраның ұлттық қорын» құру қажет, ол бюджеттен тыс қаржы қорын тартуға көмектеседі.

Ол жобалар мынадай:

  1. «Педагогика» – 19-20 ғасырлардағы қазақ ағартушыларының» педагогикалық идеяларын, әлемдік педагогикалық ой жүйесін қамтыған және халықтық педагогиканың айрықша маңызы ескерілген болуы қажет.
  2. «Әлемдік саяси және құқықтың таным-ой классиктері»;
  3. «Қазақ дүниетанымы және оның тарихи-мәдени мұрасы»;
  4. Көркемдік дәстүр – ауызша шығармашылық, әуен әуесқойлары, халықтық өнер шеберлеріне қолдау көрсету;
  5. Казақ әдебиетінің көркем туындыларын әлемнің негізгі тілдеріне аудару және олардың шетелдерде басылып шығарылуына көмек көрсету;
  6. «Тамаша адамдар өмірінен» атты сериялы басылым кітаптарды қазақ тілінде шығару;
  7. Бағдарламаның әрбір бағыты бойынша сөздік жасау және оның қазақ тіліндегі негізгі түсініктемесін беру;
  8. Мәдени мұраны сақтау мен зерттеуді үйлестіретін Біртұтас Компьютерлік Орталық құру;
  9. Археологиялық зерттеулер жүргізу және жазба түпнұсқалармен жұмыс жасау үшін қазіргі замандық құрал-жабдықтар алу;
  10. Тарихи-мәдени мұраны насихаттау және Бағдарламаны іске асыруды ақпараттық жабдықтау;
  11. Мерзімді басылымдар мен жәдігер кітаптарды факсимильді басып шығару;
  12. Орталық Азия аймағы елдері мен Қазақстанның жаңа саяси тарихының архивін құру;
  13. Тарихи-мәдени маңызды оқиғаларға байланысты жер-мекендер көрсетілген Қазақстан картасын шығару;
  14. Мәдени мұра мәселелеріне арналған қазақ және орыс тілінде тоқсан сайын жарық көретін «Мирас» альманахын шығару.

ҮІ. «Шаралар жоспарының» 3.15 позициясы бойынша 66-71 пункттердің орындалуын (энциклопедиялық сөздіктер мен анық-тамалар) жеке баспагерлерге жүктеу қажет, себебі, бұл басылымдарға сұраныс бар және ол айтарлықтай кіріспен іске асуы ықтимал.

Осылайша үнемделген 70 млн. теңгені Бағдарламаның аса маңызды мақсаттарына қолдану керек. Мұндай ең маңызды міндеттің бірі – ҚР Ұлттық кітапханасының сирек кітаптар қорын және ҚР Мемлекеттік архив материалдарын қазіргі замандық тасымал құралдарына көшіру арқылы сақтап қалу. Бұл үшін «Шара-лар Жоспарының» 32 пунктін мынадай редакцияда беру керек: «ҚР Ұлттық кітапханасы жанынан жәдігер басылымдарды анықтау, алу, өңдеу және сандау (компьютерге түсіру) Орталығын құру (45 млн. теңге бюджеттік қаржы)».

Архивтік құжаттарды реставрациялау мен сақтық көшірмелеу жұмыстары жөніндегі Орталық қызметін қаржыландыру үшін 33 п. бюджетін 25 млн. теңгеге өсіру өзгерісін ендіру керек.

ҮІІ. Коғамдық Кеңес Бағдарламаның басымдық мазмұнын дәл анықтау есебінен ішкі бюджеттік қаржылық мүмкіндіктерді іздестіру, «Мәдени мұраның ұлттық қорына» бюджеттен тыс қаржы қорын тарту үшін ҚР аймақтарындағы мемлекеттік органдармен және «Мәдени мұра» Бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерінің іске асырылуына мүдделі барлық қоғамдық бірлестіктер, волонтерлармен өзара тығыз байланыс орнататын болады.