ҚР мәдени мұра бағдарламасы

Қазақстанның мәдени мұрасының қазіргі жай-күйі сан ғасыр-лық дәстүрлерді сақтау мен одан әрі дамыту жөніндегі шаралар кешенін қолдан келгенше қамтамасыз етілумен, тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштерінің ашылуымен, кесенелерді, ескі мешіттерді, ежелгі кенттерді тұмшалаумен, қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың жандануымен, олардың негіэінде жаңа тарихи-мәдени мұражай-ңорықтардың құрылуымен сипатталады.

Қазақстанда қазіргі уаңытта тарих, археологая, сәулет жэне мүсін өнерінің жылжымайтын ескерткіштері 25 мьщнан астам, 11 мың кітапхана, 147 мұражай, 8 тарихи-мәдени қорық-мұражай, 215 мұрағат бар деп есептеледі.

Тарихи және этнографияльщ бейіндегі мемлекеттік мұражайлардың, Қазақстан тарихындағы есте қалатын оқиғаларға арналған мемориалдарды тармақталған желісі жасалды.

Казақстанның тарихы мен мәдениетінің қайталанбас ескерткіші — Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі 2003 жылғы маусымда ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мура тізіміне енгізілді.

Астана қаласының мәдени инфрақүрылымын жақсарту жөнінде шаралар қолданылды: республика астанасында соңғы жылдары Қазақ музыкалық комедия театры, мұражайды, кітапхананы және концерт залын қамтитын Президенттік мәдени орталығы ашылды. Үлттық кітапхананың қурылысы аяқталды. Киноконцерт залы мен цирктің құрылысы жүргіэілуде.

«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы», «Мәдениет туралы», «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Казақстан Республикасының Заңдары қабылданып, күшіне енді.

Сонымен қатар, мәдени мүраны қорғау мен дамыту саласында қалыптасқан ахуал осы бағыттағы қызметті одан әрі дамыту мен жандандыруда кезек күттірмейтін кешенді шараларды қолдануды талап етеді.

Қазақстанның ұлттың тарихы үшін орасан зор мәні бар көптеген тарихи,

археологиялық және сәулет объектілері шұғыл көмекке мұқтаж. Олардың арасында — Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанбаб кесенесі, Кызылорда облысьшдагы Асан-Ата және Айқожа кесенелері, Алматы облысындагы Жаркент мешіті, Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрбат ауылындағы тарихи-сәулет ескерткіштері, «Әзірет Сұлтан», «Жидебай-Бөрілі» қорық-мүражайларының тарихи-сәулет және археология ескерткіштері, Маңғыстау қорығы және «Ордабасы» қорығы және т.б. секілді тарих пен мәдениеттің қайталанбас ескерткіштері бар.

Олардың көпшілігі осы уақытқа дейін урбандалу, индустриялану және техно-кратизациялану салдарынан болатын бұзылып-бүлінуден қорғалмаған.

Ежелгі уақыттан бергі заттық емес, рухани мәдениеттің ескерткіштерін, соның ішінде ежелгі түркі жазу ескерткіштерін зерделеу, пайдалану, қазіргі авторлардың шығармаларындағы дәстурлі мифологемалар мен бейнелердің өэгеруі жүйесі мен әдістерін дамыту жеткіліксіэ.

Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап қаэаң тілді оқырман үшін философия, тарих, заңгерлік жэне басқа салалардағы әлемдік ғылыми ой-сананың негізі қаланған еңбектерді, сондай-ақ көркем әдебиетті басып шығару іс жүзінде тоқтап қалды.

Осымен байланысты өскелең үрпақты қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны жан-жақты зерделеуде ақтаңдақтарды жабу, сондай-ақ қазак; халқының сан ғасырлық рухани тәжірибесін қорыту мақсатында мемлекеттік тілде тарихи, көркем, ғылыми толық дестелерді шығарудың мәселелері ерекше өзекті болып отыр.

Қағаздан, желімнен, теріден, қатырма қағаздан және т.б. органикалық материалдардан жасалған жазба мүраның, қүжаттардың табиғи сарғайып-ескіруі орын алуда. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының қорында, елдің мұрағаттары мен қоймаларында саңталған аса көрнекті ауызекі кәсіби дәстүрде орындаушы-музыкант-тардың фоножазбаларының табиғи жай-күйіне де айрықша назар аудару керек.

Осы Бағдарламаның аясында жоғарыда белгіленген мәселелерді кешенді түрде шешу Казақстан халқының мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және кеңінен таныстыру жүйесін одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

  1. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Бағдарламаның мақсаты елдің рухани және білім беру саласын дамыту, мәдени мұрасының сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыэ ету.

Алға қойған мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:

— елдің маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту;

— мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі таңдағы ұлттың мәдениетті, ауыз эдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің тұтастай жүйесін жасау;

— ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту, көркем және ғылыми толық дестелерді шығару;

— әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің таңдаулы жетістіктерінің негізінде гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау.

  1. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі

Бағдарлама 2004-2006 жылдар аралығындағы кезеңге іске асырылады және мәдени мұраны сақтау мен өркендетудін. негіэгі бағыттары:

— оларды зерделеудің түтастай жүйесін жасау, ежелгі және орта ғасырдағы кенттерге, қоныстарға, қоррандарға археологиялық эерттеулер жүргізу, олардың базасында қорық-мұражайлар құру, оларды туризм инфрақұрылымының жүйесіне енгізу;

— Қазақстанның қайталанбас тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, түмшалау мен пайдалану; — ғылыми білім-білікті кеңінен насихаттау, тарих ғылымының теориялық пробле-маларын әзірлеу, ғылыми, көркем және энциклопедиялық әдебиетті шығару;

— Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті ескерткіштерінің томдарын жинағын баспаға дайындау жөнінде жүйелі жүмысты жүзеге асыру;

— облыстық мемлекеттік инспекциялардың, қалпына келтіру ұйымдарының қызметіне бірыңғай басшылықты қамтамасыз ету, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау саласында бекітілген бағдарламалар мен жобаларды іске асыру міндетіне кіретін тарихи-мәдени мүраны қорғау мен белсенді пайдалану жөнінде республикада ұтымды құрылымды құру туралы мәселені шешу;

— мемлекеттің мәдени мұрасы және ақпараттық ресурсының объектісі ретінде Ұлттық мұрағат қорын пайдаланудың тиімділігін арттыру;

— мемлекеттік тілде ұлттық әдебиет пен жазудың таңдаулы үлгілерін, әлемдік ғылыми ой-сананың жетістіктерін дайындау және басып шығаруды жүзеге асыру арқылы көзделеді. Бағдарламаның іске асырудың осындай негізгі бағыттарына сәйкес.

  1. Қажетті ресурстар және қаржыландырудың негізгі көздері

Бағдарламаны қаржыландыру респубдикалық бюджеттің есебінен жүзеге асырылатын болады. Қаржыландырудың жалпы көлемі — 1933,6 млн. теңге, оньщ ішінде 2004 жылы — 641,65 млн.; 2005 жылы — 631,7 млн.; 2006 жылы — 660,2 млн. теңге. Бағдарламаны қаржыландырудың 2005-2006 жылдарга арналған көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткіштерінің аясында нақтыланатын болады.

Ұлттық әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениеттің, әдебиеттің шығарылуы кейінгі жылдарда аяқталатьш кең көлемді дестелі басылымдарын қаржыландыру мәселелері белгіленген тәртіппен қаралатын болады.

  1. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

Бағдарламаны іске асыру ұлттың рухани-білім беру және зияттық-мәдени деңгейінің көтерілуіне, өскелең ұрпақты әлемге ортақ құндылықтар, қазақстандық отансүйгіштік рухында тәрбиелеуге, қоғамды одан әрі топтастыруға ықпал етеді.

Нәтижесінде:

— тарих пен мәдениеттің 30-дан астам маңызды ескерткіштері қайта жаңғыртылады;

— 32 ежелгі және орта ғасырлық археологиялық кенттер мен қоныстарды ғылыми зерттеу, тұмшалау, абаттандыру, мұражайға айналдыру және туристік мақсатта пайдалану жөнінде жұмыстар жүргізіледі;

— мәдени инфрақұрылым кеңейтіледі, тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттау мен кеңінен таныстыру жөніндегі қызмет жанданады;

— мәдени мұраны зерделеудің тұтастай жүйесін жасау жөнінде шаралар іске асырылады;

— Ұлттық кітапхана жанында ұлттық кітап жәдігерлерін табу мен сатып алу, кітаптар мен ежелгі қолжазбаларды қалпына келтіру жөніндегі орталық, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаты жананда қазіргі заманғы жабдықтармен жарақталған, мұрағат құжаттарының сақтандыру көшірмесін жасау және қалпына келтіру жөніндегі орталық, Президенттік мәдени орталық базасында ұлттық тарих үшін айрыңша мәні бар мұражай қорын қалыптастыру мен қалпына келтіру жөніндегі орталық құрылады;

— 16 бағыт бойынша түрлі кітаптар дестелері шығарылады;

— Қазақстанның мемлекеттік тұтастығы мен халықтары бірлігінің нышаны – мүсін-тас түрғызылады;

— деректер базасы жасалады, ЮНЕСКО-ның күнілгері тізіміне енгізілген мәдени және аралас мұра объектілерін күзетудің аумақтары мен өңірлерінің шекарасы белгіленеді;

— елдің қорларында, мұрағаттары мен қоймаларында сақталған аса көрнекті ауызекі кәсіби дәстүрде орындаушы музыканттардың фоножазбалары қалпына келтіріліп, қазіргі заманғы аудиотаспаларға көшіріледі.