Халықаралық дауларды шешудің халықаралық құқықтық құралдары

Бірінші әллемдік Гагга конференциясында қабылданып, 1907 жылы 2-ші әлемдік Гагга конференциясында толықтырылған “Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі” Конвенция халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі алғашқы әмбебап акт боллып есептеледі. 1928 жылы 26 қыркүйекте Ұлттар Лигасы қабылдап, 1949 жылы 28 сәуірде БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен бекітлілген халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі жалпы акт қабылданды.

Дауларды бейбіт жолмен шешуге қатысты маңызды ережелер бекітілген БҰҰ Жарғысында ерекше орынға ие (соның ішінде 33 бап). Бұл ережелердің одан әрі дамуында БҰҰ Бас ассамблеясының бірқатар қарары мен декларациялары қабылданған, оның ішінде 1982 жылы Дауларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі Манила деклорациясы.

Аймақтық келісімдер арасынан 1948 жылы Дауларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі Америкаралық келсім- шартты алуға болады. (Богота пакті), ондай-ақ 1958 жылы Еуропа Кеңесі қабылаған Еуропа конвенциясы, 1982 жылы қабылдаған СБСЕ шеңберіндегі Бітімгершілік және арбитраждық бойыша конвенция, сонымен қатар дауларды бейбіт жолмен шешу ережелернен тұратын аймақтық ұйымдардың да жарғылары (ЛАГ,ОАГ,ОАЕ,СНГ).

Тікелей келіссөздер жүргізу дауларды шешудің бейбіт жолдары жүйесінде ерекше орын алады. Жалпы алғанда, келіссөздерсіз ешқандай халықаралық дауларды шешу мүмкін емес.

Халықаралық дауларды бейбіт түрде реттеу жөніндегі барлық келісімдерде

Қандай да бір мақсатқа жету үшін келісөздер бірден бір алғашқы қадам ретінде қарастырлады. Ол 1899 жылы және 1907 жылдардағы Халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу жөніндегі Гагга конвнциясында. БҰҰ Жарғысында (33-бап), 1949 жылы халықараллық дауларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі Жалпы актісінде,1982 жыл Дауларды Бейбіт жолмен шешу жөніндегі Манила декларациясында және т.б көрсетілген. 1924 жылы 30 тамыздағы Мапромматис ісі бойынша Халықаралық әділ соттың тұрақты палатасының шешімімен, сондай-ақ 1960 жылы 12 сәуірдегі Үндістан аумағы арқылы өту құқығы жөніндегі дау туралы БҰҰ-ның Халықаралық Сотының шешімінде дау соттың іс қараауының объектісі болғанға дейін оны келісөздер арқылы шешу қажттігі тікелей көзделген

Көпжақты конвенцияларды кез келген мәселелер бойынша кеңестер жүргізу міндеті бар. Ол мақсаттқа қатысты немесе конвенция ережелерін жүзеге асыру барысына қатыты туындауы мүмкін. Мысалы, 1972 жылы Бактереологиялық қаруларды жасауға және өндіруге тыйым салу және жою жөніндегі конвенция.

Мұндай конвенцияларды бұрынғы тәсілдер деп қарастыруға болады.

Кеңес беру бірқатар келсім шарттарға дуаларды бейбіт жолмен шешудің тәсілдері ретінде тікелей қарасытырлған (мысалы, 1982 жылы Теңіз құқығы бойынша БҰҰ конвенциясының 283 бабы).

Халықаралық ұйымдардың жарғыларды Дауларды Бейбіт жолмен шешудің тетіктерін қарасытырады.

Халықаралық дауларды Халықаралық ұйымдар органрымен қарау саяси тәсілдер арқылы жүргізіледі. Шешімдер ұсыныс сипатына ие.

Дауларды БҰҰ шегінде Бейбіт жолмен реттеу. БҰҰ Жарғысымен Бас Ассамблея және Қауіпсіздік кеңесі дауларды шешуге байланысты құзыретке ие органдар болып табылады. БҰҰ жарғысының ҮІ тарауына сәйкес “Дауларды Бейбіт жолмен шешу”, бұл бірінші кезектегі Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін даулар жөнінде сөз болып отыр.

Қауіпсіздік Кеңесі осындай дауларды шешуде ерекше орынға ие. Қауіпсіздік Кеңесі жарғысының 34 бабына сәйкес, ол кез келген дау бойынша зерттеу жүргізуге өкілдігі бар. Осы негізде Қауіпсіздік Кеңесі Халықаралық тергеу әрекеттерін жүргізеді. Іздестіруді- Кеңестің өзі немесе осы мақсатта құрылған комиссиялар бірге жүргізуі мүмкін. Кеңе- іздестіру жүргізу барысында даулардың фактілік жағын анықтап қоймай, сондай-ақ Халықаралық бейбітшілікпен қауіпсіздікке қауіптілік дәрежесін анықтайды. Сол үшін де іздестіру дәстүрлі тергеу тәртібінен өзгеше.

Қауіпсіздік Кеңесі даулардың сипатын бекітіп, бірқатар әрекеттер жасауы мүмкін. Қажет деп тапқан жағдайда ол таптардан дауды шешуді талап етуі мүмкін, сондай-ақ заңдылық сипаттағы даулар жалпы ережелер бойынша Халықаралық сотқа тараптар арқылы берілллуі тиістігін назарға алады.

Дауларды ЕКҚҰ шеңберінде бейбіт түрде реттеу.

ЕКҚҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтасытық жөніндегі ұйым) шеңберінде төрт элементтен тұратын дауларды шешуге қатысты жүйе жасалынған . Олар : ЕКҚҰ-ның дауларды реттеуге қатысты тетігі (Валетта тетігі), бітімгершілікке байланысты ЕКҚҰ комисиясы, бітімгершілік пен төрелікке қатысты сот .

Дауларды реттеу бойынша ЕКҚҰ тетігінің негізінде Бейбіт жолмен шешу қағидаттарымен дауларды реттеу бойынша ЕКҚҰ тәртібінің ережелері. Ол 1991 жылы ақпан айында Валетта дда қолданылып, 1992 жылы желтоқсан айында кеңестік Стокгольындағы отырысында өзгерістер мен қолдау тапқа.

Валетта тетігі келісім және бітімгершілік органының міндеттерін атқарады. Мұндай тетік бірнеше мүшелерден тұрады. Оның міндеттері Орталыққа Венадағы қарама қайшылықты ж ою үшін тапсырылады. Тізімге осы міндетін жүзеге асырғысы клетін қатысушы мемлекеттер тағайындаған тұлғаларға дейін кіреді. Тетікті қалыптастырған кезде оныың құрамын дау тараптары болып табылатын мемлекет азаматтары кірмйді.

Бітімгершілік комиссиясы ЕКҚҰ жүйесінің екінші элементі болып саналады. ЕКҚҰ-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы дау, егер оған тараптар келісетін болса, комиссияға берілуі мүмкін. Бірақ ереженіің ІІ-ші тарауында көрсетілгендей, қатысушы мемлекеттер кез келген уақытта комисяның бітмгершілік әдістерінің шарттарымен келіскендігі жөнінде хабарлай алады. Бұл жағдайда комиссияға бір жақты тәртіпте шағымдануға болады.

Төрелік трибунал тарпатрадың ұсыныстарымен немесе тараптардың біреуінің шағым берген күнінен бастап 30 күн мерзім өткеннен соң құрыллуы мүмкін. Конвенцияға қатсушы мемлекеттер соған сәйкес арызды жасап, төреллік трибуналдың міндетті юрисдикциясының мойындауы мүмкін.

Төрелік трибунал нақты дауды шешу үшін дауласушы тараптардың арбитраларынан және сот президиумы тағайындаған арбитрлллардан тұруы мүмкін. Трибунал дауды Халықаралық құқыққа сай шешеді, сондй-ақ ex aegio ct bono ісінде тараптардың келісімі мен шешеді. Арбитраждың шешімі соңғы шешім және ол шағымдануға жатпайдды.

АМЛ- дың тәжірибесінде даулар мемлекет және үкімет басшылары шақырып отыратын конференцияларда қарасырылып отырған. Бітімгершілік дауларды шешу үшін комиссия құру тәжірибесі енгізілді. Оның құрамына Лигаға басты қатысушы, Кеңес төрағасы АМЛ-ға мүше мемлекеттердің өкілдері кіреді. Африканың Бірлік ұйымының хартиясы даулы мәселелерді, келісөздерді, бітімгершілікпен, арбитраж арқылы шешу керек деп үшінші бапта көрсетілген. Осы жөніндегі комиссияға арнайы органның ролі бөлініп беріледі. Бірақ тәжірибеді оның қызметінің маңызды шамалы болып қалды. Басты рөлді оның басқарушы органдар-мемлекет пен үкімет басшыларының Ассамблеясымен Министірлер Кеңесі жүзеге асырады.