Халықаралық ғарыш құқығы

Халықаралық гарыш құқыгы — бүл халықаралық құқық субъектілерінің ғарыш кеңістігін, аспан денелерін қоса алғанда, зерттеу және пайдалану қызметтеріне байланысты олардың арасындағы қатынастарды реттейтін қүқықтық нормалар мен қағидалар жиынтығын көрсететін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы. Бүл салыстырмалы түрде алғанда осы заманғы халықаралық қүқықтың жаңа саласы, оның тарихы жердің алғашқы жасанды серігін 1957 ж. жіберуден басталады. 1961 және 1963 жылдардың желтоқсан айларында мемлекеттердің ғарыш кеңістігін пайдалану және зерттеу жөніндегі қызметтерінің қүқықтық қағидалары мен нормаларын айқындайтын БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары қабылданды. Оларға: ғарыш кеңістігін зерттеу, пайдалану еркіндігінің қағидасы; ғарыш кеңістігіне мемлекеттердің тәуелсіздіктерінің таралмау қағидасы; ғарыш кеңістігін ұлттық иемденуге тыйым салу қағидасы жатқызылады.

БҰҰ аясында 1959 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының қосалқы органы -ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарға пайдалану женіндегі Комитеті қүрылды.

Халықаралық ғарыш қүқығының қайнар көздері жүйесін БҰҰ қол астында жасалған мемлекеттердің ғарыштағы бірлескен қызметін реттейтін ғылыми-техникалық сипаттағы кептеген халықаралық шарттары; мемлекеттердің жердегі және әуе кеңістігіндегі ғарышты зерттеу және пайдалануға байланысты қызметін айқындайтын шарттар қүрайды.

Қайнар көздердің бірінші тобына: Ғарыш кеңістігін, Айды және басқа да аспан денелерін зерттеу және пайдаланудағы мемлекеттер қызметінің қағидалары туралы 1967 ж. Шарт; Ғарыш кеңістігіне жіберілген ғарышкерлерді қүтқару, ғарышкерлерді және объектілерді қайтару туралы 1968 ж. келісім; Ғарыш объектілері келтірген залалдар үшін халықаралық жауапкершілік туралы 1972 ж. Конвенция; Ғарыш кеңістігіне жіберілетін объектілерді тіркеу туралы 1976 ж. Конвенция; Мемлекеттердің Айдағы және басқа аспан денелеріндегі қызметі туралы 1984 ж. Келісім жатады.

Халықаралық ғарыш құқығының қайнар көздерінің екінші тобы ғылыми-техникалық бағыт сипатында, оларды Еуропа ғарыш агенттігі; Интерспутник және басқа да көптеген үкіметаралық ұйымдар қабылдаған. Екі жақты және көп жақты сипаттағы мұндай шарттар мемлекеттердің ғарыштағы бірлескен қызметінің нақты және жалпы мәжілістеріне қатысты болады.

Үшінші топтағы шарттар ғарышкерлерді және ғарыш объектілерін құтқару және қайтаруға байланысты жерде жүргізілетін операциялардың құқықтық мәселелерін реттейді. Сонымен бірге, ғарыш объектілерінің немесе олардың құрамдас бөліктерінің жерге қүлауы кезінде келтірілген залалдарды өтеуді қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді реттейді.

Халықаралық қүқықтың қүқықтық нормаларының әрекеті ғарыш кеңістігіне және мемлекеттердің, халықаралық үйымдардың, жеке және занды түлғалардың ғарыш кеңістігін жерде де, ғарыш кеңістігінде де зерттеуі және пайдалануына байланысты қызметіне толық таралады. Халықаралық ғарыш қүқығы ғарыш кеңістігінің өзіндік еркешеліктерін бейнелейді және тиісіңше ғарыш кеңістігін пайдаланудағы мемлекеттер қызметін де белгілейді. Халықаралық ғарыш қүқығының нормалары мен инсти-туттары осы еркешелікті бейнелей отырып, сонымен бірге халықаралық қүқықтың көпшілік мойындаған қағидаларына сәйкес келуі керек.

Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі

Ғарыш кеңістігі — бүл Жер шарының ауа қабаты шегінен тыс орналасқан кеңістік, оның қүқықтық режимі халықаралық ғарыш қүқығымен айқындалады. Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің қүқықтық режимі халықаралық ғарыш қүқығының кейбір жалпы қағидаларына тығыз байланысты және соларға сәйкес қарастырылуы тиіс. Оларға:

  • ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін зерттеу және пайдалану еркіндігі;
  • ғарыш пен аспан денелерін зерттеу және пайдалануға қатысты қызметті халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес жүзеге асыру;
  • ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін үлттық иемденуге тыйым салу;
  • ғарыш кеңістігін ішінара қарусыздандыру және аспан денелерін толық қамсыздандыру;
  • мемлекеттердің ұшыратын ғарыш объектілеріне дербес құқықтарын сақтауы;
  • ғарыш кеністігінде және аспан денелерінде сынақтар жүргізудің ықтимал зияндарының алдын алу;
  • ғарыш кемесінің экипажына авария, апат немес мәжбүрлі қону жағдайларында көмек көрсету;
  • ғарыш кеңістігін және аспан денелерін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдаланудағы халықаралык ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
  • мемлекеттердің кеңістіктегі үлттық қызметінің халықаралық жауапкершілігі жатады.

Олардың кейбірінің мазмүнын қарастырып көрейік. Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін зерттеу және пайдалану еркіндігі.

Ғарыш кеңістігінің қүқықтық жағдайы, ең алдымен оған бірде-бір мемлекеттің тәуелсіздігі таралмайтындығына байанысты. Ол халықаралық қүқық нормаларына сәйкес, барлық мемлекеттердің зерттеуі үшін ашықнемесееркін болады. Барлықмемлекеттердіңғарыш кеңістігіне баруға теңцей қүқықтары бар. Барлық мемлекеттердін ғарыш кеңістігін игеруге және осындай игерудің нәтижелерін алуға мүдделі екендіктері сөзсіз. Мемлекеттердің ғарыш кеңістігін жәнс аспан денелерін игеру қызметі ғарышты зерттеу нәтижелерін тек бейбіт мақсаттарға пайдалануға жәрдемдесуі тиіс.

Ғарыш пен аспан денелерін зерттеу және пайдалануга қатысты қызметті халықаралық қуқықтың қагидаларына сәйкес жүзеге асыру. Халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған қағидалары бір мемлекеттің шегінде ғана міндетті емес, сонымен бірге ешкімнің тәуелсіздігі жоқ кеңістіктерде де міндетті болып табылады. Ішкі істерге қол сүқпау, мемлекеттердің дербес теңдік, ездеріне жүктелегн халықаралық міндеттемелерді адал орындау, күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасау немесе оны қолдануға тыйым салу және басқа да қағидаларды орындамай түрып, ғарыш кеңістігін және аспан денелерін бейбіт игеру мүмкін емес.

Ғарыш кеңістігін және аспан денелерін улттық иемденуге тыйым салу. Бүл қағида алғаш рет БҰҰ Бас Ассамблеясының 1961 ж. қарарында түжырымдалған болатын. Ғарышты зерттеу және пайдалану еркіндігін жариялаумен тікелей байланысты бүл қағида қандай да бір мемлекет тәуелсіздігінің таралуын жоққа шығарады. Батыстың халықаралық қүқықтық әдебиеттерінде ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін жеке адамдардың, жеке меншік компаниялардың және халықаралык үйымдардың иелену қүқығының мүмкіндігі туралы мәселенің қызу талас тудырғанын айту керек. Алайда мүндай позиция Ғарыш жөніндегі 1967 ж. шарт пен Мемлекеттердің Ай мен басқа да аспан денелеріндегі қызметі туралы Келісімнің тиісті ережелеріне қайшы келеді.

Дамушы мемлекеттердің талап етуі бойынша 1979 ж. Келісімде, халықаралық құқықта алғаш рет аспан денелері және олардың табиғи ресурстары «адамзаттың ортақ мұрасы» деп жарияланды.

Ғарыш кеңістігінде және аспан депелерінде сынақтар жүргізудің ықтимал зияидарының алдын алу. Ғарыш жөніндегі 1967 ж. шарттың IX бабы оның қатысушылары үшін екі міндеттеме бекітеді. Бірінші міндеттеме мемлекеттердің ғарыш кеңістігін игеру кезінде басқа мемлекеттерге кедергілер келтірмеу міндеттеріне қатысты. Екінші міндеттеме Жерді және ғарыш кеңістігін ғарыштағы қызметтің зиянды салдарынан қорғауға бағытталғаа

Пайдаланылып болған ғарыш аппараттары, зымырандар және олардың құрамдас бөліктері, қызу жүргізіліп жатқан ғарыштағы зерттеулер, ғарыш объектілерін үшыру көлемінің өсуі, мүның бәрі ластанудың артуына әкеп соғады.

Ғарыш женіндегі 1967 ж. Шартта бекітілген осы қағида қоршаған ортаға әскери немесе басқа да дүшпандық ықпал ету құралдарын қолдануға тыйым салу туралы 1977 ж. конвенцияда одан әрі дамытылады. Конвенциялық нормалар ауа райына және климатқа кез келген ғылыми-техникалық, оның ішінде ғарыштық қүралдарды әсер ету үшін қолдануға, егер мүндай қүралдар табиғи үшін үзақ мерзімге зардапты салдар туғызатын болса, тыйым салуды көздейді. Ғарыш жөніндегі Шартта ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану жөніндегі басқа мемлекеттердің қызметіне ықтимал заңды кедергілер келтіруі мүмкін қызмет немесе сынақтарға қатысты халықаралық консультациялар жүргізу рәсімі белгіленген.

Ғарышқа үшудың қауіпсіздігі үшін ғарыш кеңістігінің зиянды ластануының алдын алудың маңызы зор. Өйткені, ғарыштағы қызмет ғарыштық кеңістіктің езіне де, жердің қоршаған ортасына да белгілі бір ықпал етеді. Бүгінгі таңда ғарыш кеңістігінің ластану проблемасы оның үшуға қауіп төндіруі түрғысынан қарағанда әлсіз жасақталған деуге болады. Ғарышқа үшулар соқтығысу, улану қаупіне және басқа да ақталмаған сынақтарға үшырамауы тиіс. Жердің айналасындағы ғарыш кеңістігін ластанудың алдын алу жөніндегі заңи міндетті нормаларын жасаудың объективті қажеттігі туындады. Ғарыштың техногендік денелерін ластау проблемасы 50-жылдардың аяғында Жердің алғашқы жасанды серіктерін үшырғаннан кейін бірден пайда болғанын айту керек. Бүл проблема БҰҰ Бас Ассамблеясы Бас Хатшысының «Ғарыштағы қызметтің қоршаған ортаға ықпал етуі»1 деген баяндамасынан кейін халықаралық деңгейдегі ресми мәртебеге ие болды. Халықаралық астронавтика академиясының2 мәліметтері бойынша бүгінгі тавда Жер

айналасындағы орбитада каталогқа кіргізілген 8600 объекті бар екен, оның 500-ге жуығын ғана әрекет ететін ғарыштық ұшу аппараттары деп қарастыруға болады. Осы объектілердің кез келгенімен соқтығысып қалу ғарышкерлер үшін қауіп төндіреді.

Ғарыштың техногендік ластануын азайту жөніндегі шаралардың екі аспектісі бар: біріншідеқ ғарыштық қоқыстың әсер етуінен қорғау (олармен соқтығысуға жол бермеу) және екіншіден техникалық қоқыстың жинақталуын болдырмау шаралары.

БҰҰ-ның ғарыш жөніндегі ғылыми-техникалық комитеті 1995 ж. ғарыш қоқысының проблемасы жөнінде техникалық баяндама дайындауға кірісті.

Ғарыш кеңістігін ішінара қарусыздандыру жоне аспан депелерін толық қарусыздандыру. Бейбіт кезеңде ғарыш кеңістігінде ешқандай әскери қимылдарға жол берілмейді: Жердің жасанды серіктерін басқа мемлекеттердің аумағында барлау сипатындағы әскери мәліметтерді жинау үшін қолдануға тыйым салу; басқа мемлекеттердің аумағын суретке түсіруге жол берілмейді. Барлық аспан денелері, Айды қоса алғанда бейбіт мақсаттарға ғана қолданылады. Оларда әскери базалар, қүрылыстар және бекіністер салуға, қарудың кез келген түрін сынауға және әскери маневрлер жүргізуге тыйым салынады. Ғарыш кецістігіндегі тыйым салынған әрекеттерге: бейбітшілікке қауіп төндіру, бейбітшілікті бүзу мақсатындағы немесе қауіп төндіру немесе қауіп төндіруді күшейту мақсатындағы насихат не басқыншы-лық актісі; ғарыш кеңістігін ластау және басқа мемлекеттердің ғарыштағы қызметіне зиянды кедергілер жасау; бөтен заттарды және басқаларды тасымалдау салдарынан жердің қоршаған ортасының тиімсіз езгеруіне қарсы шаралар қабылдамау.

Мемлекеттердің гарышпшгы қызметіиің негізгі багыттарына мыналар жатады:

  1. Жасанды серіктер көмегімен тікелей теледидар хабарларын та-рату.
  2. Жасанды серіктерді қолдана отырып, жерді қашықтықтан барлап қарау.
  3. Ғарыштық қүралдарды қолдану туралы халықаралық келісім-шарттар.
  4. Медициналық және биологиялық бақылаулар мен тәжірибелер жүргізу.
  5. Ғарыш кеңістігін геостационарлық орбита ретінде пайдалану.
  6. Басқа планеталардың ресурсын зерттеу мүмкіндігі және оларды пайдалану мүмкіндігін зерттеу.
  7. Жердің биоөрісін қорғау проблемаларын зерттеу.
  8. Ғарышта энергияның ядролық қайнар көздерін пайдалану.
  9. Ғарыш метерологиясын мемлекеттер мүқтажына пайдалану.

20—824

305