Халақаралық экономикалық құқық

Мемлекеттер арасындағы экономикалық, оның ішінде, өзара сауда қарым-қатынастарын халықаралық реттеу тарихы ғасырлармен есептеледі. Сауда қатынастарының рухани және құқықтық қағидаты болып әрқашан бостандық танылғандықтан, ол ежелден халықаралық шарттардың түбірлі мәселесі болып саналды. Jus commercii-дің негізгі қағидаты осы бостандық болып табылады.

Халықаралық экономикалық құқық ұғымы. Халықаралық экономикалық құқықты халықаралық құқықтың субъектілері арасындағы экономикалық қатынастарды реттейтін қағидаттар мен нормалар жиынтығмен сипатталатын саласы деп анықтауға болады.

Халықаралық экономикалық құқықтың пәні – халықаралық құқықтың субъектілері арасындағы екіжақты және көпжақты халықаралық экономикалық қатынастар. Экономикалық сауда қатынастарына, сондай ақ өнеркәсіп, ғылыми-техника, көлік, байланыс, энергетика аясындағы коммерциялық қатынастарды жатқызуға болады.

ХЭҚ субъектілері. Егер ХЭҚ халықаралық жария құқықтың саласы деген ойды өрбітсек, онда ХЭҚ субъектілері нақ сол халықаралық құқық субъектілерінің өзі дегеніміз жөн юолар еді. Осыған орай, сөз жоқ, мемлекет сыртқы экономикалық, азаматтық-құқықтық, коммерциялық қызметке тікелей араласуға құықлы. “Саудаласушы мемлекет” халықаралық құықтың субъектісі бола отырып, мемлекеттің ұлттық құқығының да субъектісі бола алады, мысалы, шетелдік контрагенті мелекеттің ішкі юрисдикциясына бағындырып, онымен мәмілеге отыру.

Халықаралық функционалдық құқық субъектілікке мемлекетаралық экономикалық және өзге де ұйымдар өз құрылтай құжаттарының некгізінде ие бола алады.

Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері ретінде халықаралық құқықтың қайнар көздері қабылднды.

Қайнар көздері халықаралық ұйымдардың шешімдері болып саналатын нұсқамалық нормалардың көптігі халықаралық экономикалық құқыққа тән сипатщ. Бұл нормалардың ерекшлігі – олар императивті емес. Олар нұсқау беріп қана қоймайды, әсіресе осы нұсқаулық нормлар болмаған кезде заңсыз болып саналатын әрекеттердің заңдылығын жариялайды.

Халықаралық шарттар. Халықаралық экономикалық құқық нормаларын дайындау тұрғысынан келсек, көпжақты халықаралық шарттар жасау аса маңызды. Дәл осы көпжақты шарттар халықаралық құқықтың өзегін құрайды.

Әмбебап халықаралық экономикалық шарттарға мысл ретінде, 1947ж. Тарифтер мен сауда бойынша бас келісімді (ГААТ) және ГААТ модификациясымен, сондай-қ Бүкіл әлемдік ауда ұйымының құрылуына байланысты 1994ж. Маракештік келісімді, сонымен қатар кең таралған көпжақты шикізт туарлары бойынша келісімдерді, халықаралық сауд құқығының бір ізге келтірілуі санаткерлік меншікті қорғау, көлік және байланыс бойынша конверцияларды алуға болады.

Сауда-экономикалық қызметтестік туралы ұзақ мерзімді келісімдр қызметтестіктің нақты аясы ман нысаны анықтайды: өнеркәіп обьектілерін салу және қайта құру; құрал-жабдықтарды және өзге де тауарларды өндіру және жеткізу; пакеттерді және лицензияларды сату және сатып алу; бірлескен кәсіпкерлік т.б. Келісімдердің орындалуын бақылау және жәрдемдесу мақсатыда әдетте тараптардың өкілдерінен аралас комиссия құрылады.

Мұндай келісімдердің егізі мен дамуында эконогмикалық, өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық қызметтестіктің ұзақ мерзімді бағдарламалары қабылданды. Бағдарламада қызметтестіктің нақты обьектілері мен аяларының тізімі көрсетілді.

Клирингтік келіімдерде қарама-қарсы сауда, экономикалық операциялардағы түсімдер мен шығындар екі жақты есебінен жүретіні көрсетілді. Клирингтік келісімдер әдетте басқа валютаға еркін ауыспйтын валюта қолданатын мемлекеттерде қолданылады және ол қолма-қол емес түрде есеп айрысу арқылы жүзеге асырылады.

Несиелік келісімдер бір мемлекеттің келесіге ақшалай, тауарлай немесе аралас нысанда қайтарымды негізде қарыз беру сияқты таза күйде болды. Бірақ бүгінгі күні мақсатты немесе шартты несиелер кеңінен қолданысқа еніп жүр. Бұл несиелер несие беруші мемлекеттен белгілі бір туарды сатып алу үшін беріледі, яғни шикізат, азық-түлік, индустриялық, сонымен бірге қару-жарақ т.б.

Екі рет салық салуды болдырмау туралы және шет ел инвестициясын өзара қолдау және қорғау туралы конверциялар. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы көптеген мемлекеттермен осындай шарттарды жасаған. Бұл шарттардың негізгі маңызы – екі жақты тұлғаларына ең көп жеңілдік жасау режимін беру. Бұл режим мемлекеттердің кәсіпкерлеріне өз қызметтерін еркін жүргізуге және одан түскен пайданы кедергісіз алуын, сондай-ақ мемлекетке инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Себебі олардың құқықтары мемлекет ішіндегі шарттармен ғана емес, сонымен қатар екі жақты халақаралық шарттармен де қорғалады.

Халықаралық ұйымдардың шешімдері (нұсқамалары, қаулылары).БҰҰ органдарымен сонымен қатар БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерімен экономикалық қауымдастық мәселелері бойынша бщіршама нұсқамалар қабылданды. Бұл органдар мен мекемелердің шешімдерінің міндетті заңды сипаты болмағаны мен, нұсқамалық күші бар.

БҰҰБА – ның маңызды құжатары болып “ халықаралық экономикалық 0атынастарда сенімді нығайту туралы” (1984ж.) және “Халықаралық қауіпсіздік туралы” (1985ж.) қарарлары саналады.

Халықаралық әдет ғұрыптар. Халықаралық экономикалық құүқық тарихында, жалпы халықаралық құқықта да маңызды қайнар көз рөлін әдет-ғұрыптар атқарады.

Әйткенмен де, халықаралық экономикалық қатнастарды реттеуде әдет-ғұрыптың рөлі шектеулі дейтін көзқрас пен де келіспей болмайды. Өйткені, мемлекеттер өзара қатнастарында ұстанатын қалыптарды сақтау әдет-ғұрып тұрғысынан келгенде шешілетін мәселе емес.

Халықаралық экономикалық қтнастарға халықаралық құқықтың көпшілігі тныған тиісті қағидаттары қолданылатыны сөзсіз.

Халықаралық экономикалық қатнастарға көбінесе халықарлық жария құқықтың негізгі қағидаттары ме қатар, белгілі сауда-сяси режимді пайдалануды қамтамасыз ететін арнайы қағидаттар қолданылады.

Әйткенмен де, халықаралық экономикалық құқық қағидаттары конверциялық сипатқа ие екенін ескерген жөн, ол себепті олардың әрекет етуі әр жағдайда халықралық шартқа енгізілуіне байланысты.

Өзара түсінікті қағидаты. Бұл қағидат құқықтың ұғымында бір мемлекет келесі бір мемлекетке белгілі жағдайлар жасап, талап қойса, үшінші мемлекетке де нақ сол талаптарды қойып, жағдайларды жасау тиістігі н білдіреді. Яғни әрбір мемлекет серіктес мемлекеттің өзге мемлекетке жасаған жағдайы, яғни жеңілдігі өзіне де жасалынуын талап етуге құқылы. Бұл құқық заңды негіздерде жаалып жатқан жеңілдіктерге таралмайды.

Ең қолайлы жағдай жасау қағидаты. Бұл қағидат мемлекеттің әріптес мемлкетке үшінші кез-келген елге жасауы мүмкін жеңілдіктерін жасауға заңды міндеттілігі.

Ең қолайлы жағдай жасау режимінің қолданылатын аясы әдетте бір халықаралық шартта ең қолайлы жағдай жасау керектігі туралы нақты ескертпеде айтылады. Бұл ескртпе жайлы нысанда сауда қатнасының барлық аясына емесе жекелеген қатнас түрлеріне таралады; кедендік баждар, транзиттік, сандық, өзге де шектеулер мен тыйым салулар; көліктік режимге, жеке және заңды тұлғалардың слықтық, т.б. құқықтарына.

Ұлттық режим. Бұл режим бойынша шетелдік жеке және заңды тұлғалардлың құқықтарын отандық жеке және заңды тұлғалардың құқықтарымен теңестіріледі. Ол көбінесе біржақты жасалады емесе кйбір сауда келісімдерінде көрсетіледі. Әдетте, бұл сот өндірісін қоса алғанда, азаматтық құқықтың қабілеттілікке қатысты болады.

Екіжақты пайда қағидаты. Бұл қағидат мемлекеттердің арасындағы екіжақты тиімсіз, қулықпен, жанама, тікелей мәжбүрлеуме жаалған қарым-қатнастарды болдырмауды көздейді, яғни табыс бөлу, міндеттемелер жүктеу әділетті түрде, салыстырмалы негізде болуы керек. Осынау күрделі мемлекетаралық оның ішінде экономикалық қатнатарда табыстар мен міндеттемелерді әділ бөлу – сөзсіз әрбір нақты мәміле үшін мызғымас үлгі бола алмайды, сондықтан бұл қағидатты халықаралық құқықтық теңдестірілге қағидаты ретінде түсінген жөн.

Преференциалдық режим. Бұл ақты бір мемлекеттер немесе мемлекеттер топтары арасында әрекет ететін, кедендік баждарға қатысты жеңілдіктер. Мысалға, БҰҰ сауда және даму бойынша конференцияның нұсқамасы негізінде дамыған мемлекеттер дамушы мемлекеттерге қатысты, сондай-ақ дамушы мемлекеттердің өздерінің арасында қолданылатын преференциялар жүйесін алуға болады.

Халықаралық экономикалық қатнстар мәселелерін кең көлемде реттеу алдымен БҰҰ шегінде жүргізіледі.

Экономикалық даму, әлемдік сауда, индустрияландыру, табиғи ресурстарды игеру және осы сияқты басқа да мәселелер бойынша БҰҰ-ның арнайы мекемелрі мен органдарының экономикалық және әлеуметтік қызметін бғыттау. Экономикалық және әлеуметтік кңес арқылы жүргізіледі.

Сауда шегіндегі халықаралық қауымдастық (халықаралық сауда құқығы). 1947ж. мемлшекеттер арасындағы сауда қатнастарын реттеу мақсатында тарифтермен сауда туралы көпжақты бас келісімге (ГААТ) қол қойылды. Оның қатысушыларының саны 1997ж 130 мемлкетті құрайды. Алаламау және ң көп жеңілдік жасау қағидаты бұқның (ГААТ-тың) негізіне айналып, ең негізгі жеңілдіктер дамушы елдерге жасалды.

Ең көп жасалатын жеңілдік қағидатының күшімен, келісім бойынша бір қатысушы елдің екінші қатысушы елге жасайтын кедендік-тарифтер жеңілдігі бірден ГААТ-тың барлық қатысушы елдеріне таралды. Тарифтік жңілдіктер туралы келісімдер кезеңімен шақырылып тұратын ұзақ конференция-раундтарды өткізілді. 1965 ж. бастап ГААТ-тың басшысы бас директор деп аталды.

Соңғы Уругвай раунд-конференциясында (1986-1993 жж.) қауымдастықты реттеуде түбегейлі өзгерістер болды. Осы өзгерістерден кейін қызметтестік шегінде өнеркәсіп тауарларының саудасымен шектелмей, қызмет саудасына, ауылшаруашылық және тоқыма тауарлар саудасына, интеллектуалдық меншікті қорғаудың саудалық аспектілеріне (ТРИМ) кеңейді.

ГААТ-тың мүше елдері Уругвай рауындының көпжақты сауда келіссөзінен кейін 1993ж 15 желтоқанында өз жұмысын аяқтап, 1994ж. көктемде Марракештегі мәжілістегі Қорытынды Актіге қол қойылды. Сонда Халықаралық Сауда Ұйымын құру туралы шешім қабылданып, 1995ж. 1 қаңтарынан бастап Бүкіләлемдік Сауда Ұйымын (БСҰ) құру туралы мәмілеге қол қойды. Құру кезінде БСҰ-ға 70-тен астам мемлекет мүше болып кірген. БСҰ Женевада орналасқан.

Қазақстанның БСҰ-ға мүше болуына кедергі келтіріп тұрған жағдай оның Кедендік Одаққа мүше болуы деген пікірлер айтылуда, себебі БСҰ-ның талаптарын орындады Қазақстан өзі ғана шешпейді, осы қауымдастыққа мүше елдермен келіс отырып шешеді. Сондықтан бұл мәселе Қазақстанның БСҰ-ға мүше болып енуіне өзінің кері ықпалын тигізіп тұр.

Бүгінгі таңда Орта Азия мемлекеттерінің ішінде Қырғыз Республиксы ғана БСҰ-ның мүше болып табылады.

БҰҰ-ың дербес органы ретінде, 1964 ж. БҰҰ-ның сауда және даму бойынша конференциясы құрылды. ЮНКТАД-тың негізгі мақаты – халықаралық саудадағы, соның ішінде, шикізат, өнеркәсіп тауарлары саудасына, сонымен қатар саудасыме байланысты қаржыландыру аясында жәрдемдесу. Бұнда дамушы елдерге жасалатын сауда преференциялары мен өзге де жңілдіктерге баса назар аударылады.

Халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ Комиссиясы (ЮНСИТРАЛ) – БҰҰ БА-ның көмекші органы. Ол 1966 ж. мына мақсатта құрылды: халықаралық конверциялық және өзге де құжаттардың жобаларын дайындаужолымен халықаралық сауда құқығының дамуына жәрдемдесу.

Мемлекетаралық өнеркәсіптік қауымдастық. Соңғы 10 жылдың ішінде саудаға сіңіріліп кететін халықаралық өнеркәсіптік қауымдстық қарқынды өсіп келеді. Халықаралық өнеркәсіп қауымдастықтың астарында өндіріс саласындағы тікелей кооперациялық байланысты, бірлескен өнеркәсіптік қызметті, сонымен бірге өнеркәіптік шегіндегі шетелдік инвестициясын, технологиялық көмегі түсініледі. Дамушы елдерге техникалық көмек көрсету және индустрияландыруға жәрдмдесу, сонымен қоса өнеркәсіптің дамуы саласындағы БҰҰ қызметін үйлестіру мақсатында 1966 ж. БҰҰ өнеркәсіптік даму туралы ұйымы құрылды. 1985ж. ол БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесіне айналды.

Валюта-қаржы шегіндгі мемлекетаралық қызметтестік. Екіжақты есептесуде, төлемді, несиелендіруді, өзге де қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында валюталық-қаржылық шегіндегі қызметтестік халықаралық экономикалық байланыстың дамуы лүшін айрықша мәнге ие.