Қаржылық және банктік іс-әрекетті мемлекеттік реттеу

Қаржы- бұл ақшаның болуымен серттелген қоғамдық нысан. Қаржылық қатынастар қоғамдық дамудың қажеттілігіннен туындаған мемлекеттің еркімен емес, бәлкім қоғамдық даму қажеттілігінің өзінен туындайды.

Қаржылық қатынастар бөліп тұратын сипатта болады. Мемлекет оларда әрі меншік иесі ретінде, әрі әкімшілік құқық субъектісі ретінде шығады.

Қаржылық қатынастардағы мемлекеттін дәл әкімшілік субъектісі ретіндегі қызметі әкімшілік құқықтың қаржы және несиемен басқару институты болып саналады.

Қаржымен басқару үшін мемлекет оларға тиісті әкімшілік-өктем уәкілеттіктер бере отырып, арнайы атқарушы органдарды құрады. Бұл жуйе мемлекетке ақша айналымын реттеумүмкіндігін береді. Қоғамда алынған кірістер бүтін мемлекеттік тетіктің уәзіптенуін ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету мүддесінде қажетті түрде қайта бөлінуі тиіс.

Қаржы мемлекеттік билікті жүзеге асырудың негізі болып есептеледі. Және , керісінше, билік пен құқықтық мәжбүрлеу мемлекетті тиісті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету үшін қажет болады (мысал, салықтарды жинау үшін).

Солай етіп .мемлекеттік қаржы бұл құрал, әрі сонымен бір қатарда – мемлекет іс-әрекетінің объектісі де болып тұрады.

Ақша еркіндік пен билікке жетуді қамтамасыз етуін есепке алатын болсақ, мемлекеттің қаржылық саладағы субъектілердің уәкілеттіктері мен іс-әрекетінің мөлшері мен шектерін белгілеу бойынша мемлекеттің іс-әрекетіне (кімге, қанша, қай мақсаттарға бөлу іс-әрекетіне ) ерекше мән беруі табиғи.

Қ Р-сы Үкіметі істеп шыққан бюджеттің Парламентке ұсынады және ол бекітілгеннен соң оның орындалуын қамтамасыз етеді, оның орындалуы туралы есеп береді және Қ Р-сында бірыңғай қаржылық, несиелік, және ақша саясаты өткізілуін қамтамасыз етеді.

Осы уакілеттіктерді жүзеге асыру тиісті қаржыландыруды талап етеді. Сондықтан , бюджет құрылған кезде бюджеттік қаражаттарды жұмсаудағы хабардарлық шектерін нақты анықтау қажет. Бұл мәселені шешу Үкіметтің ұйымдастырушы құрылымы және өкілеттіктерімен ілесетін болып тұр. Олардың өзгеруі әлеуметтік–экономикалық және саяси өмірдің шарттары өзгеруімен серттеледі.

Бұған сәйкес, ҚР-сы Президенті қаржымен басқаруды жүзеге асырушы орталық органдарының құрылымын жетілдіру туралы жарлықтарға қол қойды. Дегенмен, мұнысына қарамай, қаржылармен басқару өрісіндегі басқару органдар жуйесінің негізгі буыны болып Министрлік қалды. Министрліктер мен ведомстволардың құзыреті олардың бастықтарымен шығарылатын нұсқауларда, бұйрықтарда және басқа да нормативтік актілерде жүзеге асырылады. Шетел мемлекеттердің құқықтық жуйелерінде олардың орнының мәні жоғарылауда.

Шетел мемлекеттері заңшығаруындағы басқарушылық қадағалауды жетілдіру шаралары арасында оөзінің тиімділігімен төмендегілер әсіресе ажыратылып тұрады:

-жеке тұлға құқықтары мен бостандықтарына тиетін ведомстволық актілерді міндетті түрде жариялау;

-ведомстволық актілерді әзірлеу мен қабылдау тәртібін заңда қатаң белгілеу:

-мұндай актілерді Парламенттен өткізу;

-Парламент немесе сот шешімі бойынша олардың әрекетін тоқтату немесе тоқтатып тұру .

Республика экономикасын қайта құру кезіндегі бюджеттік және салықтық саясат арнайы органдармен жүзеге асырылады . Заң шығаруға сәйкес, қаржылық,несиелік және салықтық қызметтерін қаржылық органдар жуйесі атқарады. Олар салааралық ведомстволар барлығына бірдей өктем уәкілеттіктерге ие.

ҚР-сы Қаржы Министрлігі: мемлекеттік басқарудың орталық қаржылық –экономикалық орган болып тұрады. Ол басқарудың несиелік, валюталық, ақша, салықтық және кеден өрістерінде бірыңғай мемлекеттік саясат жүзеге асуы үшін жауапты болады.

Қаржы Министрлігінің ең маңызды қызметі болып мемлекеттің ең бас құжаты болатын бюджетті құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тұрады.

Мемлекеттік бюджет –бұл әр жылы құрылатын мемлекеттің болашақ шығындар мен табысқа түсетін қаржылардың есебі.

Бюджетке қосылуы қажет болғандарды анықтаудың өзі шексіз талаптарды қандыруға ресурстардың жетіспеушілігінен туындайды. Бюджет заңшығару сипатта болады,сондықтан қажет кездерде оны жүзеге асыру шаруашылық субъектілерге мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары қолданылуына әкеп соқтыруы мумкін.

Бюджетті құру мен оны орындау атқарушы органдардың қызметі. Оны қарастыру, бекіту және орындалуын қадағалау- заңшығару билік органдарының қызметі деп танылады.

Парламенттің қаржылық қадағалауы Үкіметтің есебін қабылдаудан (мақылдаудан) немесе есебін бекітуден бас тартудан тұрады. Есепті бекітуден бас тартуы Үкімет іс-әрекеті нәтижелерінің саяси бағасы болып тұрады.

Қаржы мекемесінің Бас Басқармасы Министрліктің құрылым бөлімшесі болады. Оның және аумақтық органдарының негізгі міндеттері болып:

-мемлекеттік қаржылық ресурстармен басқару;

-республикалық бюджетті орындау бойынша есеп пен есеп берушілікті жүзеге асыру ;

-қаржы айналымы есебін жүргізу және Ұлттық Банкпен бірге ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыздарды өтеу бойынша қызмет көрсету.

Қ Р-сы Ұлттық банктің мемлекетте бірыңғай экономикалық және қаржылық саясат жүзеге асуында маңызы өте үлкен. Ол нарықтардың тұрақтылығын, сыртқы экономикалық баланстың салмақтылығын , ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге міндетті.

Ұлттық Банк экономикалық және қаржылық саясат өткізудің бір құралы болады.

Үкімет мемлекеттік экономикалық саясатты өткізген кезде субсидияларды пайдаланады. Субсидия дегеніміз бұл- мемлекеттік бюджет қаржылары есебінен заңды немесе физикалық тұлға пайдасына оның шығындарын кемейту немесе өтеу, анықталған бір іс-шараға қолайлы жағдай жасау мақсатында , ақша немесе натуралды нысанда берилетін жәрдем ақша. Өндірісті тірілту мақсатында жиі қолданылады.

ҚР-сы Министрлігі мемлекеттік басқарудың орталық қаржылық-экономикалық органы бола тұрып, әкімшілік –аумақтық құрылыстың әр түрлі деңгейлерінде аумақтық бөлімшелерге ие. Ол республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің арасында болатын арақатынастарды белгілеп отырады.

Айтылған бюджеттер арсында өзара есептесу жөніндегі жергілікті өкілетті және атқару органдармен қатынастарды Қаржы мекемесінің Бас Басқармасының бөлімшелері жүзеге асырады. Олар:

  • мемлекеттік билік атқарушы органдарына бюджеттік есеп-кисаптардың жағдайы туралы ақпарат береді;

Қаржы мемкемесінің аумақтық органдары күшімен ремпубликалық бюджет атқарылуының және мақсатты қаржыландыру қорларының қаражаттары жұмсалуының қадағалауын ұйымдастырады.