Мемлекеттік меншікті басқару

Мемлекеттік меншікті ұйымдастырудың бастаушы ережелері, оны республикалық және коммуналдық түрлерге бөлу, ҚР-сы Конституциясында көрсетілген. Сол негізінде, объектілердің мемлекеттік немесе коммунальдық меншікке жатуын есепке алған жағдайда, мемлекеттік және жергілікті бюджеттер қалыптастырылады.

Конституцияға сәйкес, мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру Үкіметкке жүктеледі. Ол мемлекеттік меншіктегі объектілерді республикалық немесе коммуналдық меншікке бекіту құқығына ие. ҚР-сы Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы № 777 қаулысымен әкімшілік – аумақтық бірліктерге әлеуметтік инфраструктура мүлкі және қала- аудандар халығының өмір суруін қамтамасыз етуші кәсіпорындар – сауда, т.б. объектілер берілді.

ҚР- сы 1996 жылғы “Мемлекеттік меншікті жекешелендіру (мемлекеттік меншіктеншығару) және реструктуризация бағдарламасында” республикалық меншіктен коммунальдық меншікке өткізілген объектілердің тізімі, сондай ақ мемлекеттік меншіктегі объектілердің реестры (тізімі) бекітілді.

Республикалық кәсіпорындар ат-атымен жасалған тізімі – Үкіметпен ал коммунальдық кәсіпорындардың тізімі – әкімдермен бекітіледі. Республикалық мүлікті “Мемлекеттік мүлік жекешелендіру Департаменті (соңғы кезде Қаржы Министрліғінің мекемесіне айналдырылған) басқарады.

Республикалық кәсіпорындарға нақты мақсатта істелуі үшін қарауларына тиісті мүлік бөліп беріледі.

Кәсіпорындар мүлкі оларға тікелей басшылыққа немесе шаруашылық қарауға берілуі мүмкін. Қарауындағы мүлікке болатын қүзырлы кәсіпорындардың уставтарында белгіленеді.

Жекешелендіру ҚР-сында мемлекеттік және жекеменшікке толық құқықты болатын субъектілерді, базар шаруасын қалыптастыру үшін керек. Оны өткізудің қосымша жағымды жағдайлары: экономиканың жекелеген секторларында мемлекеттік монополия жасалады, мемлекеттік кәсіпорындардың саны кемейтіледі. Ұлттандыру кәсіпорындардың жетіспеушіліктерін, капитал кемістіктерін мемлекет жағынан толықтыру болып, осы кәсіпорын- ды сақатп қалуға бақытталған болады.

Республикамызда құқықтық аспаб ретінде қолданылады.

Мемлекет өз шаруашылық қызметінде әр түрлі ұйымдастыру– құқықтық нысандардан пайдаланады:

  • мемлекеттік кәсіпкерлік субъектісі болып шаруашылық қарау құқығына ие мемлекеттік кәсіпорын тұрады. олар көбінесе, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін құрылады. Олардың мүлкін және кірісін пайдалану мәселерін бақылауды мемлекет өзі бақылайды.

Мемлекеттк кәсіпорындар банкроттыққа ұшыраса, кәсіпорынның өз қаржылары есептесуге жетпей қалған тағдырда, мемлекет оның кредиторлары алдында өзі жауапты болады.

  • қазыналық (мемлекетке тән) кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер.

“Мемлекеттік кәсіпорын тұралы” заң күшіне ие, Президенттің жарлығында көрсетілген салаларда ғана құрылады. Олардың мүлікке қарау құқығы көп қысқартылған болып, мемлекеттік органдар олардың шаруашылық қызметіне де араласуға құқылы (жетекшілерін тағайындауға, мемлекеттік тапсырысты міндетті орнатуға). Олардаң кез келген мүліктің түрі алынуы мүмкін.

Бұл түрдегі кәсіпорындар мен мекемелердің қарыздары үшін мемлекеттің жауаптылығы белгіленген.

Шаруашылық серіктестіктер нысаны мемлекеттік мүлік серіктестіктердің іс- әрекетінде үш бағытта қолдану мүмкін:

  • акционерлік қоғамдарға айналдыру – оларда мемлекеттік бақылауды төмендету, акционерлердің мәжілісіне көбірек өкіметтілік беру жолымен қамтамасыз етілді. Жетекшілерді тағайындау, бақылаушы кеңестің құрамын сайлау құқығы акционерлердің жалпы мәжілісіне беріледі. Дегенмен, акционерлік қоғамның қызмет өрісі өзгіруіне тыйым салынып, олар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру да қатысуы міндетті болып қалады.
  • Мемлекеттік мүлікті серіктестіктердің іс- әрекетінде қолданудын екінші бағыты – мемлекеттік акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік акционерлік компанияларға бірлестіру болып тұрады.

Мемлекеттік акционерлік компаниялардағы акциялардың мемлекеттік пакетіжәне мемлекеттік кәсіпорындардың мүліктеріне қарау құқығы мемлекеттік мүлікті басқару бойынша мемлекеттікорганға қалдырылады.

  • Экономиканың мемлекеттік емес секторын дамытуға бағытталған. Мемлекет өзінің Үкіметі, әкімдері арқылы серіктестіктерден ұпай сатып алып, жай акционер ретінде ғана басқаруға қатысады. Бұның мақсаты қосымша кіріс алу.

Республикалық қазына республикалық бюджет, табиғи ресурс, және мәдениеттік ескрткіштері, қорғану шаруалығы, республикалық бюджеттен сырт қорлардың қаржылары, құнды металл мен бағалы тастардың мемлекеттік қорларынан құрастырылады.

Жергілікті қазына жергілікті бюджет қаржылары басқа (мемлекеттік, коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілмеген) мүліктен құрастырылады. Оларға осы аумақтағы тарихи және мәдениеттік ескерткіштері, коммуналдық бюджеттен сырт қорлар қаржылары да жатады. Бюджет Парламент және Үкіметтің саяси мақсаттарына жету мүмкіндігінің қаржылық кепілі. Оның екінші функциясы – мемлекетті, Конституцияға сәйкес, қаржымен қамтамасыз ету. Үшінші функциясы – бақылау (есептерді, бюджеттің дұрыс орындалуын бақылау).

Конституцияға сәйкес, мемлекетті қаржыландыру және оның алдында тұрған міндеттердің орындалуы салықтарды жинау есебінен қамтамасыз етіледі.

Бюджетті басқару – бұл жеке меншікті оған Үкімет, орталық және жергілікті атқарушы органдар араласуыннан қорғаудың құқықтық құралы.

Бюджеттық жоспарды түзудін негізгі ауыртпалығы қаржы Министрлігінің бюджетті басқармасына және оның аумақтық органдарына түседі. Олар болашақта берілетін қаржылардың көлемін орталық және жергілікті атқарушы органдар өзара келісуін қамтамасыз етеді. Осы кезде мемлекеттік кіріс пен шығыстардың анық номенклатурасы белгіленеді.

Бюджет заңмен, заң күшіне ие жарлықпен, жергілікті маслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.

Бюджет орындалуын, яғни қаржыларды жинақтауды, белгіленген шығыстарды қаржыландыруды жүзеге асыру орталық Үкімет пен жергілікті атқару органдарға жүктеледі.

Республикалық бюджет Үкіметпен дұрыс орындалуын парламент пен республикалық бюджеттың атқарылуын бақылау бойынша Есеп комитет бақылауы тиіс.

Есеп комитетінің жылдық есебі өзінің сипаты бойынша Үкімет пен Қаржы Министрлігінің есептері бойынша қорытынды деп есептеледі.

Есеп комитеті тікелей Президентке бағынышты. Парламент жағынан қаржылық бақылау нәтижесі бұл жылдық есепті қабыл алудан немесе қабыл алмауда тұрады.

Мемлекеттік бюджеттен сырт фондтардың қаржылары : ҚР-сының негізгі бюджеттен сырт фондтарына зейнетақы фонды, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру фонды, міндетті денсаулық сақтау, сақтандыру фонды, жол фонды, жұмыс бастылығына көмектесу фонды кіреді. Олардың қаржылары бюджет құрамына кірмейді және басқа мақсаттарда жұмсалуы рухсат етілмейді, – арнайы заң шығарылмаса.

Бұл фондтармен басқаруды Үкімет ұйымдастырады: ережелерін, ставкаларын, төлем тағайындалудын шарттары мен тәртібін белгілеу арқылы.

Табиғи ресурстар: қонституцияның 6 бабына сай, бұларға жер, оның қазба байлықтары, сулары, өсімдік және малдық дүние, басқа табиғи ресурстар кіреді.