Мемлекеттік басқару мен әкімшілік құқық

Зангер-ғалымдардың жалпы мойындауынша,конституциялық азаматтық,қылмыстық құқықтармен бір қатарда әкімшілік құқықта құқықтық жуйенің ең ежелгі және тіреуші салаларының

бірі болады.

Бұл құқық саласының атауы латинша ‘’Administratio’’-“жетекшілік”,”баскару” сөзіннен шыққан.Бұл құқықтың маңызы мен орны ұйымдасқан қоғам басқарусыз жасай алмауымен ескеріледі.Өйткені ,К.Маркстың айтуынша “Жекелеген скрипкашы өзімен-өзі басқарады,ал оркестр дирижерде мұқтажболады”.Бұнда “оркестр” болып коғамымыз, ал “дирижер” ретинде мемлекттік басқаруды (реттеуді) жүзеге асырушы мемлекеттік администрация (әкімшілік) тұрады.

Мемлекеттік әкімшіліктің атқару билікті бүкіл ҚР-сы аумағында жүзеге асыруы атқарушы органдары арқылы іске асады. Бұл атқарушы органдар қоғамдық өмірдің экономикалық, әлеуметтік–мәдениеттік және әкімшілік-саяси өрістермен баскарып отырады. Сол кезде олардың негізгі мақсаты болып заңдардың жүзеге асуын қамтамасыз ету тұрады.

Демек, мемлекеттік басқару- бұл әлеуметтік-мәдени, әкімшілік–саяси және шаруашылық құрылыспен күнделікті және тікелей жетекшілік ету процесінде заң негізінде

және оны атқару мақсатында жузеге асырылатын іс-әрекет.

Атқару билік деп басқалардың мінез-құлқына оны белгілеуші ықпал етудің мүмкіндігі мен қабілеттігін, оларды өзіне бағындырудың құқығы мен мүмкіндігін айтамыз. Ол тек арнайы субъектілердің (атқарушы органдардың) іс-әрекетінде жүзеге асады. Егер осы арнайы субъектілердің заңды -өктем өкілеттіктері азаматтардың, әр түрлі қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұжымдардың (атқару билік субъектісі емес) мінез-құлқын басқару үшін қолданылса, оны басқару саласындағы сыртқы әкімшілік – құқықтық реттеу деп айтамыз. Ол мемлекеттік басқаруды жузеге асырумен тікелей байланысты болады.

Ішкі әкімшлік-құқықтық реттудің мазмұны болып бірыңғай жүйені (мысалы ,нақты саланы басқаратын министрлік пен оның жергілікті бөлімшелерінен тұратын жүйені) құрұшы өзара бағыныштылық қатынастардағы атқарушы органдар арасында қалыптасатын әрекеттестік тұрады. Осы әрекеттестік баскару жүйесін құруға, құрылымын, функцияларын белгілеуге, құқықтарымен міндеттерін бөлуге байланысты болады.

Мемлекеттік басқару мемлекеттің басқа түрдегі іс-әрекетінен онда арнайы субъектілер — аткарушы органдар мен лаузымды адамдар — әркашанда, шартты түрде қатынастардың бір тарапы болуымен ажыратылады. Олардың қатысуынсыз болатын қатынастар әкімшілік құқықтың пәніне жатпайды.

Өткенде адамдардың сана-сезімінде, әкімшілік құқық пен мемлекеттік басқару тығыз байланысына сүйене, бұл құқық саласы атқару биліктің күш беретін аспабы, мемлекеттік органдардың қызметкері деген түсінік қалыптасқан еді. Тоталитарлық (барлығын камтитын) қоғамда әкімшілік құқықтың жүйесі мемлекеттік билік тірі қалу мүддесіне бағындырылған еді. Осы мүддеге сүйене, әкімшілік құқыққа ерекше және бірлестіруші маңыз берілген болған: ол арқылы мемлекет пен оның органдарының өздері мен азаматтары арасындағы байланыстарды жүзеге асырып отырган еді.

Кәзіргі дәуірде Қ Р-сында тәүелсіз құқықтық мемлекетті құру талаптарына сәйкес, әкімшілік құқық пен мемлекеттік басқарудың негізгі мақсаты және приоритеті есебінде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын камтамасыз ету Конституцияда белгіленіп отыр. Бұл мақсаттарға жету үшін заңды институттарды жаңадан құру және өзгерту қажет болып тұр. Осыған сәйкес, кәзіргі қалыптасқан әкімшілік құқықтың міндеттерін төмендегідей анықтаса болады: -таптық, саяси күреспен, этникалық, топтық тағы басқа да соғылысулармен, жеке тұлғалардың дауласуларымен қоздырылған аса күрделіт әлеуметтік жағдайға азаматтық татулықты, тыныштықты орнату, келісім жасау, әр түрлі мүдделерді есепке алу, бір-біріне көну принциптеріне негізделген , тұрақты және қатаң (анық,камтамасыз етілген,кепілденген) нормативті бастауларды енгізу ;

— жеке тұлғаның статусын,жүріс-тұрыс бостандығының сенімді және кепілденген кеңістігі мен өлшемін (меру и простор) камтамасыз ету және қорғау.

Қ Р-сының Конституциясында адамның абсолютты және ажратылмайтын құқықтары концепциясы (белгілі құбылыстар жайындағы көзқарастар жүйесі) жузеге асырылған. Осыған сүйене, әкімшілік құқық өз әрекеттерін тек жария мүдделер өрісімен шектеуі, абсолютты құқықтар мен бостандықтар өрісіне араласпауы тиіс. Осы концепциялар заңдардың мазмұны мен қолдануын, заңшығару мен атқару биліктердің әрекеттерін белгілеу тиіс.

Экономикалық, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік өрістер жаңадан құрылып жатқан кезде әкімішілік құқықтың ролі жоғарылауы табиғи. Өйткені, көпшіліктің мүдделерін тек конституциялық, азаматттық құқықтың нормаларымен гана қамтамасыз етуге болмайды. Жаңа институттарды, қаржы, банк, кеден, салық тағы басқа сол сияқты құқық салаларын жаңадан қалыптастыру кезінде әкімшілік –құқықтық нормалар басқарушы методикалық орталықтың ролін атқарып, олардың қалыптасуына, дербес салаларға айналуға көмектеседі. Бұл жағдайда оның методикалық көмегі өзгеше мәнге ие.

Әкімшілік– құқықтық нормаларымен Ұкімет және басқа да мемлекеттік органадардың құқықтық статустары қамтамасыз етіледі. ҚР-сы Конституциясында, басқа заңдарында күшті атқару билік концепциясы салынған. Оған сәйкес, биліктің негізгі ресурстары (қорлары): қаржылар, мемлекттік қызметкерлердің аппараты, күш беретін министрліктер мен мекемелер Ұкімет карауына берілді.

Әдетте, әкімшілік-құқықтық нормалар ұйымдастырушы, жүйеқұрушы міндеттерді атқарады. Мысал, әр бір “салалық “заңда саладағы басқару органдардың статусы, басқару тәртібі, әкімшілік ықпал ету шаралары белгіленетін нормаларды ажыратуға болады, яғни, әкімшілік құқыққа жататын нормаларды табуға болады.

Әкімшілік құқық ең тығыз конституциялық құқықпен байланысты. Құқықтың жетекші саласы бола тұра,конституциялык құқық тұлғаныңнегізгі құқықтары мен бостандықтарын,атқару, билікті ұйымдастыру мен үәзіптенудің принциптерін, басқару субъектілердің орны мен биліктің басқа тараулары субъектілерімен арақатынасын бекітеді. Ал әкімшілік құқық конституциялық құқықтың нормаларын басшылыққа алып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жузеге асыру тетігін, атқару билік жүйесінің әр түрлі буындарының құзыретін нақтылайды,басқару қоғамдық қатынастардағы қатысушылардың құқықтық статусын, мемлекеттік –басқару іс-әрекеттің нысандары мен әдістерін, оның салалық, салааралық және регионалды ұйымдастыру негіздерін белгілейді.

Азаматтық құқық пен әкімшілік құқық сыртқы жақтан ұқсас мүліктік сипаттағы қатынастарды реттеп отырады.

Олардың арасында айырмашылық неден тұрады ? Азаматтық кодексте бір тараптың екінші тарапқа әкімшілік немесе өзге де өктем бағынышытылығына негізделген мүліктік қатынастар оның нормаларымен реттелмейді деп анықталған. Бағыныштылыққа негізделген мүліктік қатынастар әкімшілік құқық нормаларымен реттеледі. Демек, реттеудің заты бірдей болған жағдайда бұл екі құқықтық саланы өзара құқықтық реттеу әдісінің ол немесе басқа элементтері (шартты бастаулардың немесе әкімшілік өкімдердің) басымдылығына қарай ажыратуға мүмкін. Атқару билік органдарының құқықтық актілерінен азаматтык құқықтар мен міндеттер туындау мүмкіндігі де азаматтық кодексте ескерілген.

Әкімшілік құқық басқа құқықтың салаларымен: еңбек, қылмыстық, қылмыстық іс-жүргізу құқықтарымен тығыз байланысты. Мысал, еңбек құқығы пәніне байланысты қоғамдық қатынастардың туындауы немесе олардың қысқартылуы, жұмысқа қабылдау немесе жұмыстан босату туралы әкімшілік актілердің шығарылуынан тәүелді болады. Жалпы айтқанда, жаңа құқықтық салалардың қалыптасуында, оларға тиісті қоғамдық қатынастрадың реттелуінде әкімшілік құқықтың маңызы ерекше және үстемдікке

ие болады. Әкімшілік құқықтың осы сипаттары оның Қ Р-сының құқықтық жүйесіндегі жетекші тұрғыға ие болғанын көрсетіп отырады.

Әкімшілік құқықтың пәні болып оның нормаларымен реттелетін мемлекеттік басқару өрісіндегі қоғамдық қатынастар тұрады. Бұл жалпы түсініктемені нақтылап айтатын болсақ, әкімшілік құқық пәніне:

-атқару билік органдарын ұйымдастырумен байланысты;

-әкімшілік билік органдарының азаматтармен, мемлекеттік пен мемлекеттік емес ұйымдармен басқару және әректесуі барысында әкімшілік-өктем өкілеттіктерін пайдалану кезінде туындайтын қоғамдық қатынастар жатады.

Реттеші функциясын жүзеге асырған кезде әкімшілік құқық бұл мақсатта басқару қоғамдық қатынастарға, яғни, оларда катысушы тұлғалардың мінез-құлқына реттеуші ықпал етудің белгілі құқықтық құралдары мен тәссілдердің жиынтығын пайдаланады. Осыған сүйене, оларды қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері дейміз.

Ол әдістерге төмендегілер кіреді:

А) міндеттеу- нормамен белгіленген шарттарда әрекет оның талаптарына толық сәйкес етілуін тікелей міндеттілігін жүктеу;

Б) тыйым салу- қайбір белгілі құқықтың тұрғысынан жол беруге болмайтын әрекеттерді жасаудан бас тартуды талап ету;

В) руқсат ету – тұлғаларға қалаганын істеуге емес, бәлкім нақты нормамен белгіленген шарттардың шеңберінен шыға алмайтын, онымен алдын ала ескерілген жүріс-тұрыс варианттардан біреуін дербес таңдаудың мумкіндігін беру .

Демек, Қ Р-сының әкімшілік құқығы бұл нормативтік- құқықтық актілерде, басқа да мемлекет мойындаған қайнар көздерде (бастауларда) бекітілген, субъектілерінің заңды руқсат етілген немесе құқыққа қайшы жүріс-тұрыстарының мемлекеттік -өктем өлшемі болатын, жалпыға міндетті әкімшілік –құқықтық нормалардың жүйесі.

Әкімшілік құқықтың жалпы және ерекше бөлімдері ажыратылады.

Жалпы бөлімінде: әкімшілік құқықтың негізгі институттары (белгілі бір қоғамдық ережелерді қамтитын құқық нормаларының жиынтығы) оқытылады. Оларға әкімшілік құқығына кіріспе, әкімшілік-құқықтық нормалары мен қатынастары, әкімшілік құқықтың субъектілері, атқару билік органдары, мемлекеттік қызмет, басқарудың нысандары мен әдістері, т.б. жатады. Бұнымен бірдей, осы құқықтық саланың мәні мен орны, атқару билік органдарының статусы анықталады, Қ Р –сының заңдарын орындауды ұйымдастыру, әкімшілік процес пен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданудың шарттары, әкімшілік іс-әрекет тегі заңдылық белгіленеді.

Ерекше бөлімінде: әкімшілік құқық инстуттары мен мемлекеттік өмірдің жекелеген өрістеріндегі (мемелекеттік меншікпен, ағартумен, тағы басқалармен басқарудағы) институттарды бірлестірүші нормалар оқытылады.