Консулдық құқық

Қазіргі мемлекетаралық қатынастарды екі негізгі топқа бөлуге болады:

А) саяси қатынастар;

Б) экономикалық және мәдени қатынастар.

Мелекетаралық қатынастарды шартты түрде былай бөліп, бұл аяларда қызмет көсететін шет мемлекеттердің сыртқы қатынас органдарын негізгі 2 топқа бөлуге болады: дипломатиялық өкілдіктер және консулдық мекемелер.

Консулдық мекемелер.Егер дипломатиялық өкілдіктер ең алдымен мемлекетаралық қатынастардың саяси аспектілерімен айналысса, консулдықтар мемлекеттердің экономикалық, құқықтық және олардын туындайтын байланыстарды үзбеу және дамыту үшін құрылады.

Консулдық мекемелерді екі түрге бөлуге болады:

  1. Дипломатиялық өкілдіктердің консулдық бөлімдері;
  2. Жеке консулдық мекемелер.

Жеке консулдық мекемелер мынадай сыныптарға бөлінеді:

  1. Бас консулдықтар;

2.Консулдықтар;

  1. Вице-консулдықтар;
  2. Консулдық агенттіктер.

Консул – ол бір мемлекеттің консулдық міндеттерін орындау үшін басқа мемлекетке тағайындалған лауазымды тұлға.

Консулдық лауазымды тұлғаның төрт сыныбы бар:

  1. Бас консул;
  2. Консул;
  3. Вице-консул;
  4. Консулдық агент.

Бас консул бас консулдықты басқарады, тиісінше косулдық пен вице-консулдықты консул мен вице-консул басқарады, косулдық агенттіктің басында консулдық агент тұрады.

Консулдың міндеттері мынадый жағдайларда тоқтатылады:

  1. Өз мемлекетіне қайта шақырылса немесе отставкаға кетсе және оны басқа консулмен ауыстырса;
  2. Консулды “Persona non grata” деп жарияласа.

Консулды тағайындау және кері шақыру тәртібі.

Консулды тағайындау мен кері шақыру тәртібін ұлттық заң реттейді. Консулдарды Сыртқы істер министрлігі тағайындайды. АҚШ, Ұлыбритания және кейбір мемлекеттерде консулдарды мемлекет басшылары тағайындайды. Мекендеу мемлекеті консулдың тағайындалуы туралы хабарландырылады.

Консулдық корпус. Консулдық корпусұғымы тар және кең мағынада қолданылады.

Тар мағынада консулдық аймақта орналасқан консулдық мекеме басшыларының жиынтығын айтамыз. Кең мағынада консулдық аймақта орналасқан барлық шетел консулдық лауазымды тұлғалардың және олардың отбасылары мүшелерінің жиынтығы. Консулдық корпусқа құрметті консулдар және дипломатиялық өкілдіктердің консулдық бөлімдерінің қызметкерлері кіреді.