Адам құқықтары туралы Халықаралық Билль

БҰҰ жарғысының адам құқықтары туралы ережелеріне толықтыру болып келетін адам құқықтары туралы Билль адам құқықтарының жалпы декларациясынан, адам құқықтары туралы екі пактіден және азаматтық саяси Пактіге арналған екі факультативті хаттамадан тұрады.

Адам құқықтарының жалпы декларациясы.

Сан – Францискода өткен конфренцияда БҰҰ жарғысына “адамдардың негізгі декларациясын” қосу туралы пікірлер айтылған, бірақ олар қабылданған жоқ. Бұл мәселе БҰҰ – ның бір інші жиналысында қайта көтерілген болатын. Осыдан кейін, адам құқықтары туралы қайта құрылған комиссияға Адам құқықтары туралы халықаралық бильді дайындау берілді. Комиссияға декларацияны заңдыміндеттемелік келісімгке қарағанда кепілдемелі түрде қабылдау оңай болатынын түсінді. Сондықтан ол бір інші

декларациямен, одан соң бір немесе бірнеше келісімнің жобасымен жұмыс істеу туралы шешім қабылдады. Бұл жұмыстың нәтижесінде Жалпыға бірдей құқықтар декларациясы жасалды. Ол декларацияны БҰҰ Бас Асамблеясы 1948 ж. 10 желтоқсанда қабылдады. Бас Ассамблея бұл күнді Адам құқықтары күні деп тағайындады.

Әлеуметтік – экономикалық құқықтырға Жалпыға бірдей декларація мынадай құқықтарды жатқызады: еңбек құқығы, жұмыссыздықтан қорғалу құқығы, еңбек үшін әділ ақы төлеу құқығы, демалыс алу және демалу құқығы, білм алу құқығы, әлеуметтік қамтамасыз етілу құқығы. Бұл құқықтар декларацияның 22, 28 – баптарында көрсетілген. Жалпыға бірдей декларацияны қабылдау халықаралық қатынастардың жаңа бір кезеңі болды. Жалпыға бірдей декларація БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары ретінде қабылданд, сондықтан БҰҰ жарғысына сәйкес кепілдемелі түрде жазылған. Бірақ оның ережелеріне баға беру де, халықаралық құқықта келісімдермен бірге заң шығару процес інде, мемлекеттердің халықаралық практикасында дәстүрдің пайда болуы, кейіннен міндетті нормана айналатынын есеру керек. Осыған ұқсас, қазіргі кезде Жалпыға бірдей декларацияда көрсетілген құқықтар мен бостандықтар, заңды міндетті немесе келісімді нормалар ретінде қарастырылады.

Саяси және азаматтық құқықтар туралы Пакт. Бұл Патіде жазылған саяси және азаматтық құқықтар заң жүзінде талданып жазылған. Жалпыға бірдей адам құқықтары туралыдекларайиясында Азаматтық және саяси құқытар Пактісіне айтылмаған құқықтар жарияланды, олардың ішінде жеке меншікті иелену құқығы, саяси баспана сұрау және саяси баспана алу құқығы, сонымен қатар азаматтықт иелену құқығы. Жеке меншік иелену құқығыныңпактіге кірмеген себебі, БҰҰ – дағы иделогиялық және саяси блоктардың жеке меншіктің анықтамасы мен шекарасы туралы бір ойға келе алмағандықтарынан болды.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіні Адам құқықтары жөніндегі комитет құрып бекіткен, келісім бойынша мише мемлекеттерді өздеріне алған міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін түрлі міндеттер белгіленген. Бұл міндеттер пактіде көзделген баяндамалар жүйесі мен өтініштерді қарастыратын және мемлекетаралық механизмдерді басқарудан тұратын.

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Пакт. Бұл Пактіде Жалпыға бірдей декларацияға қарағанда экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтардың тізбегі көбірек және толықтау көрсетілген. Пакт келесі құқықтарды мойындайды:

— еңбек құқығы;

— әділетті және қолайлы еңбекке құқық;

— кәсіподақ құру мен мише болу құқығы;

— әлеуметтік қамтамасыз етілу құқығы және әлеуметтік сақтандыру құқығы;

— отбасын қорғау құқығы;

— тән және жан саулығында ең жоғары табысқа жету құқығы;

— мәдени өмірге қатысу құқығы.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактіге факультативті хат -тама. Бұл келісім бөлек құжат ретінде қабылданып, азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактінің іске асырылуын қамтамасыз ететін қосымша шараларды толықтырады. Ол Пактінің бұзылуының құрбаны болдым деген жеке тараптарға, Адам құқықтары туралы комитетке жеке шағым беруге мүмкіншілік береді. Шағымдар тек Пактні мойындаған мемлекеттерге қарсы беріле алады.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактіге екінші факультативті хаттама. Ол 1989 ж. 15 желтоқсанда қол қойылу үшін ашылып, 1991 ж. 11 шілдесінде күшіне енді. Хаттаманың талаптарына байлынысты он азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіге толықтыру ретінде қарастырды. Ол өлім жазасына арналған. Бұл хаттаманы мойындаған мемлекет юрисдикциясында бірде – бір тұлға өлім жазасына кесілмейді және әр мемлекет өз юрисдикциясында жатқан аумақта өлім жазасын қолданбауға мүмкіндігінше шара қолдануы керек.

Адам құқытары туралы билль, мемлекеттердің адам құқықтары жөнідегі прогресін өлшейтін эталон ретінде мойындалды. Адам құқытары туралы бильдің ережелері көптеген мемлекеттердің конституциясына, олардың ішінде Қазақстанның конституциясына да енді.

1997 ж. 31 мамырда Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактіні 133 мемлекет, ал Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Пактіні 136 мемлекет бекітті. ҚР қазіргі кезде дам құқықтары туралы билль құжаттарына кіру туралы мәселені қарастырып жатыр.

Қазақстан адам құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын жүйенің орнатылуы.

Адам құқықтарын қамтамасыз ету және қорғауды заңды жарилау – азаматтық қоғамға жол салған қоғамның

және мемлекеттің маңызды мәселелерінің бірі юолып табылады.Бұл проблеманың түрлі аспектілері Қазақстанда түрліше шешіледі. ҚР адам мен азаматтың кәдімгі құқықтары мен конституциялық құқытарын белгілеуде алға жылжыды. ҚР Конгституциясының Жалпыға бірдей адам құқықтары туралы декларацияны қайталайтынын айту жеткілікті. Сонымен қатар, ағымды заңдарда да адам құқықтары туралы императивті ережелер бар.

Адам құқықтарының Қазақстанда іске асырылуына ҚР Президентінің қарамағында адам құқықтарының Комиссиясы көмектеседі. Бұл комиссия мәртебесі жағынакн мемлекет басшысының қарамағындағы косультативті-кеңесші орган болып табылады. Комиссия жұмысының үйлестірілуі ҚР мемлекеттік кеңесшісіне берілген. Комиссия ҚР Президентіне, оның адам құқықтары мен бостандықтарын кепілдікпен қамтамасыз етуге байланысты конституциялық міндетін орындауға көмектесуі керек, сонымен қатар ол адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау тетіктерін жандандыруға күш салысуы керек.

Қазақстанда адам құқықтарын қорғауға арналған үкіметтік емес ұйымдар да бар. Солардың ішнде қазақстандық адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюро, Адам құқықтары жөніндегі Алматы-Хельсинки Комитеті, “Қазақстанның құқықтық дамуы”, “Әйелдер мен құқықтар”, кәсіподақтар конфедерациясы бар.

Бұл үкіметтік емес ұйымдар адам құқықтарымен айналысатын органдардың жұмысына белсене қатысады, қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру тетітктерін жандандыруға байланысты ұсыныстар енгізеді, республиканың жекелеген азаматтарына нақты көмек көрсетеді.

Халықаралық құқық – ұлттық құқықтың адам құқықтары аспектілеріндегі нормалардың қалыптасуына әсер етеді. Қазақстан оны конституциялық және күнделікті заңдарында көрсетті. Осымен Қазақстан өзінің азаматтарын құқықтармен қамтамасыз етіп қана қоймай, халықаралық қауымдастық алдында адам құқықтарын сақтауға міндет алады.