Қазіргі таңдағы халықаралық құқықтың жүйесі

Құқық нормасы жалпы субъектілер тәртібінің, норманың реттеуші әсері шеңберінде қамтылатын барлық субъектілеріне қатысты ортақ міндетті тәртібінің стандарты. Жоғарыда келтірілген анықтама ішкімемлекеттік құқыққа тән, дегенмен мұндағы “құқық”деп ортақ міндеттілік сипатындағыдұрыс заңдардың нормалары жайында айтылса керек. “Халықаралық құқықтың нормасы” ұғымының “жалпы құқық нормасы” ұғымынан біршама айырмашылығы бар. Олардың айырмашылығы мынада, яғни халықаралық құқықтық қатынастардың негізгі реттеу тәсілі болып, екі жақтың келісімге келуі (консенсус) танылады. Осығансай, халықаралық құқықтың негізгі қайнар көзі екі жақтың келісімін бекітетін акт болып табылады яғни халықаралық шарт. Сонымен, халықаралық шарттың нормалары бүкіл халықаралық жария құқықтың нормативтік механизмінің едәуір үлкен бөлігін құрайды. Соған сәйкес халықаралық шарттың нормалары ретінде көрсетілген “халықаралық құқық нормасы” ұғымының сол бір бөлігінде тәртіп ережесінің ортақ міндеттілігі жайында айтылуы мүмкін емес-ті. Әрине, халықаралық нормалардың құрылуы, халықаралық шарттың негізіне ғана жүрмей, сондай-ақ халықаралық құқықтық әдет-ғұрыптардан, халықаралық құқықтың негізгі қағидаларынан (jus cogens нормалары), құқықтың ортақ қағидаларынан т.б. шығып қалыптасады.

Аталған нормалар (яғни мұндағы халықаралық құқықты әдет ғұрыптар мен халықаралық құқықтың ортақ қағидалары негізінде қалыптасатын нормалар) халықаралық құқықтың барлық субъектілеріне қатысты ортақ міндетті реттеуші әсеріне ие.

Осы арада jus cogens нормалары түсінігінің мазмұнын айта кету қажет. Бұл нормалар ретінде негізгілері, халықаралық құқықтағы бастапқы тамырын реттеуші нормалары түсіндіріледі. 1969 жылғы Халықаралық шарттар құқығы жайындағы Вена Конвенциясына сәйкес, (53 бап) jus cogens нормасы, мемлекеттердің халықаралық қауымдастығымен жалпы қабылданатын және мойындалатын да норма ретінде анықталады. Бұдан ауытқуына жол берілмейді де, оның өзгеруі тек халықаралық құқықтың дәл осындай сипатындағы келесі нормамен ғана жүзеге асуы мүмкін. Бұл ұғымның халықаралық құқықтық тәжірибеге келуі доктриналық қайнар көздерінен басталады (яғни ғалымдар шығарған). Бүгінгі таңда ол халықаралық жария құқық ғылымында жалпыға танылған болып саналады. Алайда бұл нормалар мемлекеттердің, олардың мазмұны мен заңды күшіне орай,еркімен санасу жолымен де қалылыптасады. Бұл нормалардың жалпы халықаралық құқық нормаларынан айырмашылығы – оларда бекітілген тәртіп ережелерінің едәуір жоғары маңыздылығының дәрежесі болып табылады. Нормалардың өзі, халықаралық құқық қайнар көздерін объективтілеудің дербес, заңды бір формсы ретінде алға жылжымайды. Соған қарамастан, халықаралық құқықтың өзге нормалардан айырмшылығынан келтірілген ең маңызды ізі jus cogens нормаларының ең жоғарғы заңды күші болып табылады. Мысалға мемлекеттер өз еріктерінің автономия қағидасына негізделе отырып, өздерінің келісімдерінде (мысалы, екі жақты келісімдерінде) сан алуан нормалары мен өзтәртіптерінің құқықтары мен міндеттемелерінің нұсқауларын және т.б. бекіте алады. Алайда олардың халықаралық құқықтың императивті нормаларына (jus cogens) қайшы келген жғдайында жоғарыдағы шартты ережелер өте шамалы ғана болып есептеледі. Біздің пікірімізше, jus cogens нормаларына тән бір мысал, олар халықаралық жария құқықтың қағида нормалары болып табылады: күш қолданбау және күшпен қатер төндірмеу, агрессияға тиім салу, дауларды бейбіт жолмен шешу, мемлекеттердің егемендігін құрметтеу және олардың ішкі істеріне аралдаспау, адам құқығын қорғау және т.б. Дегенмен қазіргі халықаралық құқықта мұндай нормалардың жоқ екенін айтуға болады. Екінші жағынан алып қарағанда, сондай тізімді қалыптастыру бізге мүмкін еместігі айқын көрінеді, дегенмен халықаралық қатынастардың тарихи аспектісіндегі даму динамикасы өмірдегі стандарттардың әрқашан жаңартылып отыруын, оның өзгерілуін, толықтырылуын т.б. талап етеді.

Халықаралық құқық нормаларын топтастыру. Халықаралық құқық нормаларын, жалпы құқық нормалары секілді түрлі себептерге орай топтстыруға болады. Біздің ойымызша, ең өзектілері мыналар болып табылады:

  1. Реттеуші ықпалының мазмұны бойынша: – реттестіруші норалар: осыған сай қатынастардың қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін, тәртіп ережелерін бекітетін нормалар; – қорғаушы нормалар, нақты жағдайларға қатысты алдын ала қарастырушы заңды жауапкершіліктің шаралары, яғни мұндағы халықаралық құқықтық сипатындағы жауапкершіліктер. Көп жағдайларда, екі түрі бірдей нормаларында жинақталады, алайда сирек кездеседі.
  2. Реттеуші ықпалының сипаты бойынша:-императивті-абсолюттік, анықталған тәртіптің апелляциясыз қалыптасқан моделі бар нормалар (көбінесе оны орындамағадығы үшін санкциясы бар нормалар); – диспозитивті нормамен көрсетілетін, тәртіп моделін таңдап алу мүмкіндігін ұсынатын нормалар.
  3. Осы шеңбердегі халықаралыққұқық нормасының реттеуші ықпалының жүзеге асырылатын уақыт мөлшеріне байланысты: – тұрақты күші бар (мысалы мерзімсіз сипатының нормалары); – уақытша күші бар, сонымен қоса, өзінің заңды күшін мерзімді растайтынын талап етуші нормалар.
  4. Императивті сипаттағы нормалардың мынадай түрлерге бөлінетінін тағы бір атап көрсету қажет, яғни олар: – қарапайым императивті нормалар; – jus cogens императивті нормалар, бұлардың түсінігі жоғарыда айтылған болатын.

Құқық жүйесі мен халықаралық құқық (жекеше алып қарастырғанда ) жүйесі жайындағы мәселелер маңызды болып келеді. Екі ұғымды айта кетуге болады, яғни ұлттық құқықтың жүйесі (яғни ішкі мемлекеттік құқық жүйесі) мен халықаралық құқық жүйесі. Бұл ұғымның әр қайсысы бірдей болып табылмайды, сонымен қатар, олар әртүрлі кеңістікке ары қарай жүреді. Ұлттық құқық жүйесі салаларға, институттар мен нормаларға бөлінуін көрсетеді; яғни жария құқықтық, жеке құқықтық, қылмыстық құқық және т.б. Ұлттық құқық жүйесі, әрбір жеке алып қарастырылатын мемлекетке тән нәрсе. Халықаралық құқық жүйесі бір ғана хлықаралық құқықтың мемлекетаралық сипатынан туындайды. Бұл жүйеде жалпы және ерекше бөлімдерге бөлінуі көрсетіледі, осы шеңберде қандай да бір салаларға жататындығын, институттарға бөлінуі, ең ақыры нормаларға келіп тірелді. Мұның үш тармаққа бөлінуі халықаралық құқықтың ерекше бөліміне қатысты болп саналады. Жалпы бөлімінде, тек негізгі кіріспелік сипатындғы тараулары жайында айтылады, алайда олардың біразы халықаралық құқықтың нақты нормаларын қайткенмен де біріктіре түседі. Соған сәйкес, олардың шеңберінде халықаралық қатынастардың нақты реттелуі жүзеге асырылады, мысалға халықаралық шарттардың құқығы, халықаралық құқықтағы жауапкершілік, халықаралық ұйымдардың құқығы. Толық айтқанда, қазіргі халықаралық құқық, тұрып қалған жүйені көрсете отырып, салаларға қарасты түрлерін кіргізеді.

Жалпы бөлім ішінде:

  • Халықаралық құқық ұғымы, тарихы, қызметі, қағидалары;
  • Халықаралық құқық субъектілері;
  • Халықаралық құқық қайнар көздері;
  • Халықаралық шарттар құқығы;
  • Халықаралық ұйымдар құқығы;
  • Халықаралық құқықтағы жауапкершілік.

Ерекше бөлім ішінде:

  • Халықаралық қауіпсіздік құқығы және дауларды бейбіт жолмен реттеу;
  • Дипломатиялық және консулдық құқық;
  • Адамның халықаралық құқықтары мен халық мәселесі;
  • Халықаралық қоғамдық құқық;
  • Халықаралық экономикалық құқық;
  • Халықаралық теңіз құқығы;
  • Халықаралық әуе құқығы;
  • Халықаралық экологиялық құқық;
  • Халықаралық ғарыш құқығы;
  • Халықаралық қылмыстық құқық.