Халықаралық құқық ғылымның даму тарихы

Қазіргі доктринада халықаралық құқықтың бұл даму кезеңінің атауы көрсетілмеген. Г.И. Тункин феодалдық мемлекеттердің қалыптасуынан бастап, сословиелік, абсолюттік монархия және XVII – XVIII ғғ. Буржуазиялық революцияға дейінгі кезеңдерді қамти отырып, бұл кезеңді феодалдық қоғамның халықаралық құқығы ретінде қарастырады. И.И. Лукашук орта ғасырдың халықаралық құқығы тарихын 2 сатыға бөліп қарастырады, орта ғасырдың басын (VI-XVI) халықаралық құқықтың алғы тарихына, ал орта ғасырдың аяғын (XVI-XVIII) халықаралық құқықтың классикалық сатысына жатқызады. М.А. Сәрсембаев орта ғасырдың халықаралық құқығын біртұтас қарастырады.

Дәуірге бөлудің негізі тарихи оқиғалар екенін назарға ала отырып, орта ғасырдың халықаралық құқығының және халықаралық құқықтық ғылым тарихын 2 кезеңге бөлеміз: бірінші кезең VI-XVIғғ. қоғамның тарихи дамуына сәйкес келеді, яғни 1648 ж. Вестфаль бітімін бекіткенге дейін, екінші кезең XIX ғасырмен аяқталады, яғни Гаага конференциясын жүргізумен қатар.

Көптеген авторлардың пікірлері бойынша, ежелгі ғасыр секілді, орта ғасырда да біртұтас халықаралық құқық болмады. Халықаралық қатынастар Батыс Еуропа, Византия, Ресей, Араб елі, Африка, Үндістан, Қытайда дамыды. Орта ғасырда жаңа тарихи оқиғалардың әсерінен ежелгі дүниеде болған соғыс және бейбіт әдет-ғұрыптары мен заңдарын, халықаралық шарттарды оқытатын халықаралық құқық институттары, елшілдік өкілдерінің институттары әрі қарай дами бастады.

Орта ғасырда жаңа институттар пайда болды: Үшінші мемлекеттер жағынан шарттарға кепілдіктер беретін институт, теңіз аймағын пайдалану институты, «тәуелсіздік» ұғымы ауру және жарақаттанғандарға қамқорлық.

Дүниежүзілік мемлекеттік жүйенің қалыптаспауы, шекараның және феодалдық мемлекеттердің аумақтарының белгіленбеуі, мемлекетте біртұтас биліктің болмауы мемлекет ішінде, сондай-ақ мемлекеттер арасында үзілмейтін соғыстардың болуына әкеліп соқты.

VI-XVI ғғ. Ежелгі ғасырдағыдай соғыстың заңдары мен әдет-ғұрыптары, әскердегілерге де, бейбіт тұрғындарға да қатал болып қала берді. Жаулап алынған қалаларды жеңушілер тонады.

Халықаралық шарттарды бекіту одан әрі дамыды. Ежелгі ғасыр сияқты, халықаралық шарттардың тақырыбы-соғыс пен бейбітшілік мәселесі, мемлекеттер аумақтары шекараларының өзгеруі, сауда, теңізде жүзу, шетел азаматтарын қорғау болып табылады.

Халықаралық сауда және теңіз кеңістігінде жүзудің көбеюі-сауда және теңіз шарттарының көбеюіне себеп болды. Шетел азаматтарын қорғау шарттары нормаларының мазмұнында салық төлеу, қайтыс болған шетел азаматтарының мүлкіне билік ету нормалары қарастырылады. Бұндай нормалар деректерге сүйенсек, барлық феодал мемлекеттеріне емес, тек Ресей, Византия мемлекеттеріне тән.

Теңіз шарттарының пәні-теңізді пайдалану және теңіз жағасындағы мемлекеттердің теңізде жүзу мәселесі еді. Л.Н. Талалаевтың көрсетуі бойынша, орта ғасырда теңіз кеңістігін пайдалану режимін 2 тұрғыда қарастыруға болады. Дамыған теңіз жержавалары Англия, Венеция; Генуя, Испания, Португалия елдері дүниежүзілік мұхиттың бөлігін және жақын жатқан суға өз тәуелсіздік қағидасын ұстанды.

Нидерланды мен Франция ашық теңізде жүзуді және балық аулау бәріне бірдей болу керек деп тапты және дүниежүзілік мұхиттың суына ортақ меншік қағидасын ұстанды.

Орта ғасырда аумақтық сулар институты қалыптасты, ол бойынша судың жағасындағы мемлекеттерге аумақтық су құқығы берілді. Халықаралық шартта пайда болған жаңа институт шарттардың орындалуына кепіл болды. Орта ғасыр тәжірибесі мынадай кепіл түрлерін көрсетті: өзінің атынан жасаған шартқа басшылардың діни анты; мемлекеттердің және Рим Папасының кепілдіктері; монархтың отбасы мүшелерінің кепілі; шарттарды сақтау институтында шарттардың орындалуын қадағалау король мен императорлардың вассалдарына жүктеледі.

Одан кейін елшілік институты дами бастады.

Орта ғасырдағы халықаралық құқықтың дамуындағы ерекшілік-шіркеудің, оның ішінде Рим Папасы, Батыс Еуропадағы халықаралық қатынаста исламның араб елдеріне әсер етуі.

ХХ ғасырдың басы екі дүниежүзілік соғыспен есте қалды, 1917 ж. Ресейдегі Қазан социалистік революциямен және Шығыс Еуропа мен Орта Азия елдерінде жалғасын тапқан социалистік революциялар.

Соғысқа қатысқан барлық елдердің қайғысы объективті түрде соғыс және бейбітшілік мәселесін, адамның құқығын қорғау, халықтардың (ұлттардың) құқығын өзі шешуін бекіту, мемлекеттердің бейбіт халықаралық қатынаста болу мәселелерін жоспарда бірінші орынға қойды.

Бұл жеткен халықаралық қатынас деңгейі халықаралық деңгейде мәселерді шешу үшін халықаралық ұйымдарды құруға қол жеткізді. «Мемлекеттік бейбіт ынтымақтастықты қамтамасыз етуге шақырған бірінші саяси ұйым» 1919 ж. Бірінші дүниежүзілік соғыс жеңімпаздары елдерінен құрылған Ұлттар Лигасы болды. Ұлттар Лигасының құрылуының негізгі мақсаты –«әділет пен шындыққа негізделген, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен бейбітшілік қамтамасыз ететін халықаралық қатынастарды қолдау болып табылады».

Халықаралық құқықтық дауларды шешу үшін ҰлттарЛигасы Статутына сәйкес Халықаралық әділетті тұрақты палатасы бекітілді. Палата бірінші халықаралық сот болып табылады».

Құрылған ұйымның, оның ішінде оның Жарғылық құжаты- Статуттың кемшілігі, заңгерлердің пікірілері бойынша, соғыстың жүргізілуіне тыйым салатын нормалардың жоқтығы, яғни Екінші Дүниежүзілік соғыс агрессиясын жою мүмкіндігінің болмауы.

Жоғарыда келтірілген фактілерге байланысты айта кету керек, Ұлттар Лигасы-Версаль жүйесі шегінде құрылған. Бұл –бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен одақтас мемлекеттер (Антанта елдері) бекіткен саяси режим. Версаль жүйесі 1919 ж. Версаль бітім шартымен құрылған, онда соғыс кезінде келтірілген зиянды өтеу мәселелері, Германия аумақтық шекарасын өзгерту және жеңген мемлекеттердің мүддесіне сай, дүниежүзілік саяси картаның кезекті өзгеруі қарастырылды.

Осылайша, бейбітшілік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатымен құрылған Ұлттар Лигасы интеграциялық саяси процестің негізін қалады, бірақ мемлекетаралық дауларды соғыссыз және агрессиясыз шеше алмады және жаңа дүниежүзілік соғыстың алдын ала алмады.

1928 ж. Париж шарты, соғыстан бас тарту ұлттық саяси құрал ретінде, барлық дауларды бейбіт жолмен шешу, сонымен қатар жалпы мемлекеттер мүдделеріне байланысты интернационалды саясатты шешу үшін соғысты ашуға болады деген ережені бекітті.

Ұлттар Лигасының Статусы және Париж шарты мемлекеттерге қауіпсіздік кепілін ұсына алмады.

Халықаралық құқықтың дамуына 1917 ж. Қазан революциясы да әсер етті. Ерекше орында 1917 ж. Бейбітшілік туралы декрет болды. Онда әділетті демократиялық бейьітшілік пен халықтың құқығын өзін-өзі таңдауы жарияланды. Тонаушылық соғыстар адамзатқа қарсы қылмыс деп есептелді, ал біреудің жерін басып алу-құқыққа қайшы әрекет болып саналды.

Декретте декларативті сипатта ғана емес, сонымен қатар халықаралық қатынас жүйесінде ғаламдық өзгертулерді қарастыратын ережелер бекітілді.

Айта кету қажет, Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейініг дүниежүзінің құрылымын анықтау мақсатында қабылданған құжаттардың бірі-1917 ж. Бейбітшілік туралы Декрет.

Жоғарыда көрсетілген Ұлттық Лига Статуты, 1928 ж. Париж шарты және жеке мемлекеттер немесе одақтас мемлекеттердің қабылдаған басқа да құжаттар осы мақсатты көздеген еді.

Дауларды бейбіт жолмен шешуді мақсат еткен бірқатар жаңа конференцияларды жүргізуге себеп болған –фашистік Германия бастаған Екінші дүниежүзілік соғыс болды.

40-жылдардың басында Гитлерге қарсы мемлекеттердің қатысуымен Мәскеу (1943 ж.), Тегеран (1943 ж.) және Қырым 1945 ж.) конференциялары өтті. Конференцияның негізгі тақырыбы бейбітшілікті қолдау болды. Конференцияда соғыстан кейінгі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдайтын тең және тәуелсіз мемлекеттер арасында халықаралық ұйымды құру қажеттігі шешіліп, сонымен қатар болашақ ұйымның Қауіпсіздік кеңесінде дауыс беру тәртібі анықталды.

Ялта конференциясында соғыстан кейінгі Шығыс Еуропа және Қиыр Шығыс елдерінің құрылымы анықталды.

Халықаралық құқықтық ғылымның дамуы халықаралық құқықтың жалпы мақсаттары мен негізгі институттары арқылы жасалынды. Халықаралық құқық ғылымының дамуындағы маңызды қадамы халықаралық құқықты жүйеге түсіру жөніндегі Гага конференциясы болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын қабылдаған күн, яғни 1945 ж. 24 қазан қазіргі заманның халықаралық құқығының даму кезеңінің басы деп саналады. БҰҰ соғыстан кейінгі уақытта мемлекетаралық қатынастардың ойдағыдай дамуына, жалпы адамзаттық құндылық пен адамның құқығын бекітуге үлкен әсерін тигізді.