Үнтаспалардың түрлері,типтері өлшемдері

Біз дыбыстар әлемінде өмір сүреміз.Қай жерде болмасын түрлі дыбыстардың ортасында боламыз.Өмірімізге етене кіріп,араласып кеткені сонша сағаттың тықылын,адамның жүрегіндегі соғу дыбысын, айналамыздағы түрлі шуларды елемейміз.

Радионың өзі – дыбыс искусствосы. Дыбыс адамның нәзік түйсігіне соғып, ұғым туғызатын эмоциялық құбылыс.Дыбыс өнері өмір шындығын,көркем образдарды естірту арқылы бейнелейді.Бұл оның бейнелеу тәсіліндегі өнердің басқа сырлардан ерекшелігі,өзіне тән ерекше сипаты.

Дыбыстың таралуына қарай екі толқынға жіктейміз : Қатты денелерде көлденең толқындар,бос кеңістікте (ауада) серпінді толқын.Сөйлеген сөз серпінді толқын арқылы тарайды.Дыбыс қабылдағыштар қабылданған дыбыс толқынын энергияның басқа түріне айналдырады.Техникада дыбысты қабылдау үшін электроакустикалық түрленгіштер пайдаланылады.Мысалы, ауада микрафон,суда – гидрафон,жер қыртысында – геофон.

Аса жақсы акустикалық жарақтандырылған бөлмеде дыбыстың естілу шамасы 0 дб. Тыныш бөлмеде 30 дб. Болады.Радио үйінде хабар дайындалатын бөлмелер арнайы акустикалық жабдықталған.Естілуі 10 дб. Ге тең.

Халықаралық комитет радиотолқындарды бірнеше диапозонға бөліп жіктеген:

Алғашқы диапазон – 3 гц. Пен 30 герц аралығы немесе толқынның ұзындығы 100 мыңнан 10 мың шақырымға жетеді.Шеткі төменгі жиілік немесе диаметрлік толқын.Ол тек ғылыми зерттеулер мен астрономияда ғана қолданылады.

Екінші диапазон – шамадан тыс төмен жиілік, 30 бен 300 гц. Аралығы. 10 мыңнан 1 шақырымға жетеді.Мегометр деп аталады да су астындағы қаықтар мен морзе әліппесі арқлы байланысады.

Қазіргі кезде пайдаланбай қалған үшінші диапазон – инфратөмен 300 ден 3000 гц. әлде 1000 мен 100 шақырым орталығы.

Дыбыстың қаттылығы.Бір тонды дыбыстың қаттылығы әр түрлі болуы мүмкін.

Дыбыс жылдамдығы. Барлық толқын сияқты дыбыс толқыны да тербелістің таралу жылдамдығы мен сипатталады.Жылдамдық толқын ұзындығымен және тербеліс жиілігімен байланысты.Дыбыс жылдамдығы әртүрлі ортада түрліше.Темпиратурасы 20 градус суда дыбыс толқындарының жылдамдығы 340 м /сек қа тең.Басқа орталарда ол басқаша болуы мүмкін.