Радиожурналист өнімі – хабар

Радиожурналистің өнімі – радиоға жазылған хабарлары,яғни радиоға дайындалған материал.Радиохабарлардың басты компаненттері – жанды дауыс,оқиғаның суреті, және музыка болып табылады.Демек жанды дауы, радиоматериалдардың жаны,өзегі іспетті.Ол қандай хабарларды болмасын деректі,танымды етеді.Радиожурнаистің мәндеті дыбысты жазып алу ғана емес,соны тыңдаушысының көз алдына елестету эффектісі өте қажет.

Сөйлеушінің сөзін магнитті пленкаға жазып алу процесінде журналистке үлкен творчествалық шеберлік қажет,адамдармен тіл табысып,оларды сөйлете білу үлкен өнер.Кейіпкердің ой өрісін,тындырған ісін,тұрмыс – тіршілігін,әзіл – қалжыңын, оның өзіндік сөйлеу стилін, қысқасы сол адамның табиғи болмысын өмірдегі өз қалпында тыңдаушы қауымға әңгімелей отырып жеткізе білу – радиожурналист үшін басты міндет.Танысатұрып қалтаңа салынған портативті магнитафонды қосып,түймеңді ұстаған болып минимикрафонды қосып қойып әңгімеге тарту мен әжептеуір көлемді келген репортерді алдына қойып,сорайған микрафонды аузына қойып әңгімеге тарту дегеннің айырмасы жермен көктей.Бұл жерде жақсы,ыңғайлы техниканың маңызы зор.Творчествалық сапар барысында тілші сан алуан адамдармен кездеседі.Олардың мамандығы,ой — өрісі, жеке басының қасиеттері әртүрлі.Мақсат – сол адамдармен тіл табысып,түрлі тәсілдер арқылы қайткенде микрафон алдында сөйлесу.Ауызбен – ауыз еркін сөйлетіп алған адамның даусын тыңдау дегеннің өзі бір ғанибет.Ол неғұрлым табиғи жақын,таныс болып шығады.

Дайын,жазылып берілген текспен сөйлеткен деген радиожурналистке жат нәрсе.Дауыс текссіз табиғи болған сайын хабардың тыңдаушы жүрегіне жол табары сөзсіз.Объктіні зерттеу,ол туралы білу талап етілетіжурналистен.Тапқырлыққа қоса тіл байлығы,шешендік өнер өте қажет элементтердің бірі.Орыстың ұлы ғалымы,химик,географ,физик,математик,философ,ақын, әдебиет зерттеушісі Ломоносов шешендік сөзді ғылым ретінде зерттегн екен. Сонда оған бес қасиетті парыздайды :

  1. Табиғи дарын ( сөйлегіштік,оратырлық туа біткен қасиет).
  2. Білім (көп оқу,білу).
  3. Біреуге еліктеу.
  4. Ылғи жаңа сөз табуға жаттығу.
  5. Басқа ғылымдарды жақсы білу.

Міне,өзінің тілдік байлығын,сөздік қорын қалай жақсарту керек дегендер осы тәсілдердің бірін пайдаланса,сөйлей білу,сөз мәдениеті деген қамамалды еркін ала алмақ.