Поэзиялық шығармаларды талдау

Поэзияда не бар, қалай бар, сол сияқты үшінші бір нәрсе бар, дәлірек айтсақ, бейнелі ой бар>> . Ақынның не деп отырғаны – шығарманың мазмұны да, ал қалай деп отырғаны оның формасы. Поэзиялық шығармалардың осы үндестікті аша білуіміз керек. Сондағы осы мазмұн мен форма арасындағы үндестікті шәкірттерге қалай танытқан жөн, оны қалай ашу керек, бұл методика саласындағы үлкен проблема.

Шығармадағы мазмұнды форманы таныту жолдары алуан түрлі. Ол шығарманың жанрлық ерекшеліктеріне, композициялық, сюжеттік құрылымына, тілдік ерекшеліктеріне қарай түрленіп отырады. Ал соның бірінде есте ұстайтын нәрсе – шығармадағы ой мен өрнек тұтастығын естен шығармау. Мазмұнын бір бөлек, формасын бір бөлек таныту көркем әдебиеттің табиғи ерекшелігіне жат та, қиянат.

Ұлы Абай: <<Сыртын танып іс бітпес, сырын көмей>>, <<Жұртым-ай шалқақтамай сөзге түсін, ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін>> деген жолдар арқылы өлеңнің күрделі ішкі құрылымына, стильдік ішкі бітіміне үңілуді үндейді. Абай өз туындысында осы биік эстетикалық поэзиясын берік ұстаған.

Мұғәлім ақындық өрнекке шәкірт көңілін үнемі аударып отыруы керек. Мүсінші ақын сөзден нелер үздік зер салады. Кейде олар дыбысқа жан бітіреді. Сол дыбыстар сазы тамаша сөйлейді. Ақындық ойды білдіреді, соған қызмет етеді. Ақын Қ.Аманжоловтың мына бір жолына үңіледі:

Сарыарқа, самалды тау, сырнайлы өзен,

Сағындың сен де мені, айтпай сезем…—

деген жолдарындағы дыбыс үндестігі қандай әсем. Ақын <<с>> дыбысын қайталау арқылы Сарыарқасының келісті келбетін де, соған деген өзінің сүйіспеншілігін де, туған жерінің өз перзентіне деген мейірімен де, тамаша өрнектей алған. Ақын <<Ақсәуле>> өлеңінде дыбыс қайлаталау арқылы өлеңнің эмоционалдық сазын үстеген:

Сен үшін келдім сақтап, сүген Сәуле…

Ақсәуле, аспанда аймен таласасың…

Ақсәуле арнадым мен арманымды.

<<С, а>> дыбыстарын қайталау арқылы ақын тыңдаушысын негізгі мақсатына жетектейді. Оқушысының ой-сезіміне әсер етеді. Мұның бәрі ақын арманы – Ақсәулеге деген сүйіспеншілік туғызады. Өлеңнің эмоционалдық қуатын күшейтеді.

Ұлы Абай поэзиясы да, дыбыс үндестігінің шебер үлгілеріне толы. Ақын дыбыстарды суреткерлікпен сөйлейді. Әсем музыканың сазындай естілетін шумақтар терең ой мен сергек сезім күйлерін шертеді. Мысалы:

Жат есікті және қорып,

Жара салма сен маған.

Жұрт жамандар, жатқа жорып,

Жалынамын мен саған.

Ақын С. Дөнентаев өзінің <<Қазақтарға қарап>> деген өлеңін түгелдей қ дыбыс қайталауға құрған. Ол <<Қамалға қараңғы да, қалың қазаққа>>:

Қайғырып, қатын қабақ қамықпай құр,

Қимылда, құныңды қу қадағалап.

Қақпанға қапылыста қақтығарсың,

Қадамда қиқаңдамай қадақ-қадақ!—

деген ойды айтпақ. Осы оқиға өқушы көңілін аудару үшін <<қ>> дыбысын қайталаған. Негізгі ойын оқушысына осы тәсіл арқылы жеткізген