Тілдік қатынастың басты тұлғасы: Сөз

Сөз — лексикалық жағынан да, грамматикалық жағынан да, сөзжасам тұрғысынан да жан-жақты зерттеліп келе жатқан тілдік тұлға. Сондықтан біз сөздің бұл жақтарына тоқталмай, тілдік қатынасқа байланысты сипатын азды-көпті сөз етеміз. Жалпы бұл-арнайы зерттеуді, жан-жақты талдауды қажет ететін мәселелердің бірі.

Сөзді қатысым құбылысына қатысты қарастырғанда, негізінен, оның сөйлеу мен сөйлесуге байланысты ерекшеліктеріне назар аударуға тура келеді. Мұнда ол адамдардың тілдік қарым-қатынасында жүзеге асатын, пікірлесуге негіз болатын, өзара түсінісуге мүмкіндік жасайтын қатысымдық элемент тұрғысынан сөз болады.

Сөздің сөйлеу процесіндегі орны мен қызметі көптеген лингвистердің назарына іліккен. Сол себепті сөздің әр түрлі ерекшеліктеріне қатысты берілген анықтамалардың мазмұны түрліше болып келеді. Мысалы, көрнекті лингвист-ғалым Фердинанд де Соссюр: «…Слово, несмотря на все трудности, связанные с определением этого понятия, есть единица, неотступно представляющаяся нашему уму нечто центральное в механизме языка» — дейді. /297, 1977, 143/.

Сөздің басты-басты ерекшеліктерін сөз ете келіп, лингвист ғалымдардын көпшілігі сөздің сөйлеу процесіне қатысты түрліше тілдік, қатысымдық қасиеттерді меңгеретініне ерекше назар аударады. Мысалы: А.А.Леонтьев бұл туралы: «Именно слово является минимальной функциональной единицей речевого восприятия» — /203, 1961, 185/ десе, тура осы пікірді П.В.Чесноков айна қатесіз былай қайталайды:» …можно считать слово минимальной функциональной единицей речевой деятельности вообше»-дейді. /305, 1966, 285/.

Сол сияқты Б.Н.Головин: «Слово — это наименьшая смысловая единица языка, свободно воспроизводимая в речи для построения высказываний» /87, 1978, 70/ — деп, сөздің ойды жеткізудегі маңызын атап көрсетуге тырысса, Ю.В.Фоменко сөзден басқа единицалардың тілдік қарым-қатынастағы ролін мүлде жоққа шығарады: «Коммуникативная деятельность человека протекает не на базе фонем, слогов и морфем /не говоря о слогосочетаниях/, а на базе слов» /299, 1990, 42/.

Жалпы Ю.В.Фоменконың сөзге қатысты келген тұжырымдарының көпшілігі А.И.Смирницкийдің пікірімен ұштасып жатады. А.И.Смирницкий оны ғылыми тұрғыдан жан-жақты сөз етсе, Ю.В.Фоменко ол көзқарасты қабылдап қана қоймай, қайталайды.

Мәселен, сөз туралы А.И.Смирницкий: «Не случайно человеческий язык нередко называют языком слов: ведь именно слово, а их общей совокупности, как словарный состав языка, являются тем строительным материалом, без которого немыслим никакой язык, и именно слово изменяется и сочетается в связной речи по законам грамматического строя данного языка» -/275, 1955, 10/-деп, сөздің нақтылы ерекшеліктерін көрсетуге тырысса; Ю.В.Фоменко: «Слово — это номативная единица языка, используемая как строительный материал для предложения» /299, 1990, 41/.

Сөздің негізгі екі қасиеті: формасы мен мазмұны, яғни дыбыстық таңбасы мен мағынасы да қатысымдық процесте түрліше қарастырылады.

Сөз белгілі бір контекст құрамында ғана нақтылы мағынаны білдіріп, өзіндік мазмұнға контекст арқылы ғана ие болады деген пікірді жақтаушылар: Г.Штейнталь, К.Фосслер, Ж.Вандриес, П.Вегенер, А.Гардинер, Л.Блумфильд, Л.Ельмелев, С.Шауман т.б.

Керісінше, сөздің мағынасы контекске қатысты анықталмайды, ол мағыналық жағынан дербес, сөз тек өзінде бар мағынаны сөйлем құрамында жұмсайды, яғни сөздің мағынасы контекске тәуелді емес деген көзқарасты дәлелдеушілер: Р.А.Будагов, Н.С.Дмитриева, М.Бурмаков, ФАЛитвин, Ш.Балли, А.Мейе, А.Мартине, В.З.Панфилова, М.Г.Арсеньева, А.Р.Лурия, Г.В.Колшанский т.б.

Сөз — сөйлеу, пікір алысу үрдісіндегі ең басты тұлға. Сөз жеке тұрғанда, заттың, сынның, қимылдың т.б. атауы болып, номинативті қызмет атқарса, тіл арқылы қарым-қатынаста белгілі бір жағдайға, ортаға байланысты жұмсалып, қарым-қатынастық қызмет атқарады. Тіптен контекссіз дербес қолданылып, грамматикалық тұлға ретінде әр түрлі дауыс ырғағымен айтылса да әрі хабарлау, әрі қабылдау мәніне ие болады.

Осындай жағдайлардың барлығында сөз белгілі бір ойды білдіре келіп, екінші адамның санасы арқылы қабылданады. Қандай болсын хабарды, деректі, ойды қабылдаған адам оған жауап қайтаруға тырысады.

Тілдік қарым-қатынаста жұмсалып, қатысымдық байланысқа түскен сөз айтылар ойға қатысты нақтылы мағынаны білдіреді және басқа тұлғалармен біртұтас жұмсала келіп, тиянақты ойды, мазмұнды көрсетеді.

Әрине, тиянақты ойды жеткізетін басты тұлға — сөйлем, мағынаны білдіргенімен, тұтас ойды білдіре алмайды деген пікір тууы мүмкін. Сөйлем — негізгі қатысымдық тұлға бола келіп сөзден құралады. Сөз жеке тұрғанда бірнеше мағынаны /тура ауыспалы, синонимдік т.б./ білдіргенімен, сөйлемнің құрамына енген кезде, айтылар ойға қатысты нақтылы бір мағынаны көрсетеді де, ортақ мақсатқа-жеткізілер мазмұнға қызмет етеді. Мұндай жағдайда сөздің атаулық тұлғадан гөріқатысымдық тұлғаға тән белгілері басым роль атқарады.

К.Аханов сөз бен сөз тіркесін сөйлемнің құрылымдық элементтері деп таниды: «Сөйлем ойды айтып жеткізудің негізгі құралы болып саналады. Мұнан, әрине, сөз бен сөз тіркесінің коммуникативті қызметке қатысы жоқ деген ұғым тумауға тиіс. Мұндай қызметті олар да атқара алады.