Журналистиканың міндеті

Журналистиканың міндеті – қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету. Өйткені, кез келген қоғам мүшесі үкіметте, парламентте, жергілікті басқару органдарында немесе елдің өзге аймақтарында не болып жатқанын өздігінен барып біле алмайды. Сол үшін де журналистер бар. Алайда, қазақстандық журналистика, өзге де посткеңестік елдердегі секілді, әлі де үгітші мен насихатшының қызметін атқарып келеді.

Сондықтан, қоғамды ақпаратпен қамтамасыз етуден бұрын, оқырманға алдымен өз ойын таңуымен ерекшеленеді. Газет мақалаларындағы алғашқы абзацта айтылуы тиіс мақала діңгегі – лидтің (lead) орнына журналистің өзіндік ойы, пікірі, таңданысы, тебіренісі алатынын жиі кездестіруге болады.

Бізде, газет «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» емес, керісінше

БАТЫС ЖУРНАЛИСТИКАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕР МЫНАЛАР:

  • Өз ойынды оқырманыңа таңушы болма! Сенің міндетің ақпарат беру.

Атқарушы билік, сот, заң билігі мен қоғам арасындағы модераторсың, бірақ, сен қоғамға сабақ үйрететін мұғалім, қоғамды емдейтін дәрігер емессің! Сен тек қана ақпаратпен қамтамасыз ететін маман иесісің.

  • Дау-жанжал жайлы ақпарат таратсаң, микрофоныңды екі жаққа да

теңдей ұсын!

  • Таратқан ақпаратың дәлелді болсын! Өздігіңнен тон пішпе! Бол-

жам жасама! Өзіңнің не ойлайтыныңды емес, өзіңнің не білетіңді

(дәлелелденген, анықталған, зерттелген, көзің жеткен

ақпаратты) ғана репортажыңа енгіз.

  • Бір ақпарат алсаң, оны екінші, тіпті реті келсе, үшінші ақпарат көзінен

тексеріп ал!

  • Тексерілмеген ақпаратты жазушы болма!
  • Скептик бол! Таратылған ақпаратқа бірден сенудің орнына, күдікпен

қара! Бәлкім, ақпараттың сыртында бір нәрсе жасырынып тұрған

шығар!!!

  • Ұялшақтықты ұмыт!

«Зерттеуге әрдайым дайын бол» дейтін Батыс журналистері кейде ғылым мен журналистиканың зерттеу әдістерін бір-біріне ұқсатады.

«Зерттеуге әрдайым дайын бол» дейтін Батыс журналистері кейде ғылым мен журналистиканың зерттеу әдістерін бір-біріне ұқсатады. Америкалық журналист Маргарэт Фрини: «журналист – ақпаратқа әуес, табанды (төзімді), білімді, жауапкершілігі мықты, еркін (ешбір саяси көзқарас немесе партияның қолбаласы емес), сәл нәрсеге сене кетпейтін скептик және жаңалықты кез келген жерден аңдай алатын қырағы һәм де ұқыпты болуы тиіс», дейді.

Ақпаратқа әуестік немесе кез келген нәрсені білгісі келетін қасиет журналистік зерттеулерге мұрындық болады.

1. Төзімділік – сіздің алдыңыздағы есік жабылып, ақпараттан құрқалдырған кезде қажет қасиет.

2. Скептик болуыңыз – ақпаратты жан жақты талдауға көмектеседі.Толық картинаға көз жеткізбейінше, әртүрлі ақпарат көздерінқопарудан жалықтырмайды. Естіген нәрсе түгілі, көзбен көргеннәрсенің өзін толық зерттемейінше тыным таптырмайтын қасиет.

Журналистика тілші жұмысынан басталады

Журналист мамандығын өмірге әкелген нәрсе – адам табиғатының жаңалыққа құмарлығы. Адамзат дамып, заман өзгере келе бұл сұранысты өтеу ісі де сан-салалы күрделі сипатқа ие болды. Баспасөз ақпарат құралы ғана емес, күрес қаруына да айналды. Бірақ жұртшылыққа қызықты, маңызды және пайдалы ақпарат беру оның негізгі қызметі болып қалды. Өйткені, журналистика саласындағы табыс жаңа бірдеңе білгісі келетін адамның сұранысына жауап беру ісіндегі шеберлікке тікелей байланысты. Осы себепті газетте ақпараттық сипаттағы материалдарға көбірек орын беріледі. Газетте мұндай мате риалдармен тілші айналысады. Өкінішке орай, қазақ баспасөзі ақпараттық журналистика дәстүрін әлі қалыптастыра алмай отыр. Бізде «журналистика – оқиғаға сараптама жасау, баға беру, азаматтық позиция білдіру» деген түсінік басым. Оқырманға мәлімет беретін материал жазатындар, журналистиканың басты функциясы осы екенін түсінетіндер аз. Бәріміз «пікір айтсақ, сараптама жасасақ» дейміз. Бірнеше сөйлемнен тұратын хабарды «өз ойымызды» білдірмей жазғымыз келмейді. Журналистік қызметін кеше бастағантілші бүгін әлдебір танымал адамды немесе шенеунікті «өлтіресынап» жатады.