Жазу және оның даму кезеңдері

Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазуды да, қазіргі жазуды да зерттеп білудің әрі теориялық, әрі практикалық үлкен мәні бар.

Қазір де біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша тіл де әріптердің тіркесімен белгіленуі деп. түсінеміз. Бірақ алғашында бұлай болмаған. Жазудың тарихына көз жіберсек, әріппен таңбалаудың кейінірек пайда болғанын көреміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып кеді. Жазудың мыңдаған жыл бойына дамып жетілуімен бірге, оның принциптері де өзгеріп отырды.

Жазудың жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады. Ол таңбалар бүтіндей сөзді, не буынды, немесе дыбысты белгілейді. Әрбір жазбаша таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай, жазу мынадай түрлерге бөлініп қарастырылады: 1) Пиктографиялық жазу, 2) Идеографиялық жазу, 3) Буын жазуы (слоговое письмо), 4) Әріптік немесе дыбыстық жазу. Енді осылардың әрқайсысына арнайы тоқталайық.

Бұл – жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу- суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы (рисуночное письмо) деп те атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары (суреттері) пиктограммалар деп аталады. Пиктографиялық жазудың ескерткіштері әр түрлі суреттердің жиынтығынан құралған. Әрбір сурет (пиктограмма) өздігінен бүтіндей хабарды (сообщение) білдіре алады.

Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болады. Идеографиялық жазудың таңбалары идеограммалар деп аталады. Пиктографиядан идеографияға көшу өте баяу болады және пиктограммалардан пайда болған идеограммалардың алғашында пәлендей айырмашылығы да болмады. Идеографиялық жазудың даму барысында идеограммалар пиктограммалардан біртіндеп алшақтап, ақырында олар (идеограммалар) белгіленетін заттың сыртқы формасында дәлме- дәл негізделуден қалып, шартты таңбалар ретінде қолданыла бастаған. Идеографияның пиктографядан ең бастр айырмашылығы таңбалардың формасында емес, олардың мағынасында. Идеографиялық таңба (идеограмма) не жеке сөзді немесе оның атауыш бөлшегін (мысалы, қытай тілінде бір буынды сөздерден құралған күрделі түбір морфемаларды немесе жапон және корей тілдеріндегі громатикалық жақтан өзгеретін сөздердің негіздерін) белгілейді.

Идеографиялық жазудың үлгілерін өте ертедегі қтыай жазуы мен шумер жазуынан (древнейшее шумерское письмо) көруге болады. Қытай жазуының идеографиялық жүйесі осыдан төрт мың жыл бұрын жасалған болатын. Қытайдың жазу жүйесі әрбір таңбаның дыбыстық тілдегі белгілі бір сөзге сәйкес келіп, соған телінуіне негізделген. Қытай жазуындағы таңбалар біртіндеп өзгеріп, жетіліп, белгілейтін заттар мен құбылыстардың шартты таңбаларына айналған.

Жазудың буын жүйесі шығу тегі жағынан да үш топқа бөлінеді.

1) Логографиялық жазудың даму барысында жасалған крит, майя, кипр буын жазулары.

2) Эфиопия, индия (брахма, кхарошти және осылардан жасалған жазулар) буын жазулары.

3) Жапон буын жазуы (жапондық кана) мен лигатуралы- дыбыстық жазу жүйесі (корейлік кунмун).

Әріп жазу буын жүйелі жазудан кейін пайда болады. Таза күйінде консонантты – дыбыстық жазу II-мың жылдықтың екінші жартынсында пайда болса,вокалданған-дыбыстық жазу(вокализованно-звуковое письмо) Біздің дәуіріміздің І мың жылдығының басында пайда болған.

Әріп жазуының пайда болуының дүнйе жүзілік мәдениеттің даму үшін үлкен маңызы болды.Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы- ең қолайлы жазу.Әртүрлі тілдерді бубн саны мен сөздің санынан дыбыстың саны әлдеқайда аз.Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін,әдетте,20-дан 40-қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады. Әріп жазуындағы таңбалардың мұндай шағын мөлшері жазуды меңгеруді,сауаттылыққа үйретуді жеңілдетеді. Әріп жазуы – сөздерді ғана емес,сонымен бірге,олардың дыбыстық жағы мен грамматикалық формаларында дәлме-дәл белгілеу үшін өте-мөте қолайлы жазу.

Әдетте,сөз құрамында айтылатын тіл дыбыстарының жазба тілде қағаз бетіне түсіп жазылуы және соған орай оқылуы үшін олардың белгілі бір таңбалармен белгіленуі шарт.Тіл дыбыстары жазуда графикалық таңба-әріптермен таңбаланады.Бірінен кейін бірі рет-ретімен орналасқан әріптердің жиынтығы алфавит деп аталады.

Ал графика дегеннен белгілі бір тілдегі фонемаларды және олардың тіркесін белгілеу тәсілдерінің жиынтығы дегенді түсінеміз. Л.В Щерба графиканы <<алфавиттің ережелері (қағидалары)>> деп атайды.