Екпін және оның түрлері .

1.Екпін және оның элементтері.

2.Түрлі тілдердегі екпін мен интонацияның ерекшеліктері.

3.Орыс және қазақ тілдеріндегі дыбыс , буын , екпін, интонациялардың ерекшеліктері.

Сөз құрамындағы буындардың айтылуы біркелкі бола бермейді . Ол буындардың біреуі , басқаларына қарағанда , айқынырақ ажыратылып , көтеріңкі айтылады. Мұндай қасиетке , әдетте , екпін түскен буын ие болады. Осыған орай , екпін түскін буынды екпінді буын деп атайды. Екпін түскіен буын басқа буындардан негізгі үш тәсіл арқылы ажыратылады.

Буының біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы арқылы ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық екпін деп аталады.

Динамикалық екпін фонациялық ауаның қарқыны , буынның күшімен байланысты болады да, басқа буындардың ішінде бір буынның көтеріңкі айтылуына негізделеді. Динамикалық екпін көптеген тілдерге караған . Екпіннің бұл түріне ие тілдер мыналар : славян тілдері, түркі тілдері , герман тілдері. Тіл тарихында динамикалық екпіннің музыкальды екпінді ығыстырып шығаруы кездеседі. Мысалы, көне грек тілі музыкальды екпінге ие тіл болса , жаңа грек тілінің екпіні – динамикалық екпін.

Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы арқылы ерекшеленіп , дауыс шымылдығының дірілінің жйілеуіне негізделеді. Екпіннің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін деп аталады. Екпіннің бұл түріне ие тілдер: қытай , корей , дүнген , япон , серб , литва , т.б. тілдер.

Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстының созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл квантативті екпін деп аталады.

Тілде екпіннің түрлері араласып келеді де, оның бір түрі басым болады. Кейбір тілде динамикалық екпінге квантативті екпіннің қосылуы мүмкін . Мұндай лебізді екпін негізгі болады да, квантативті екпін қосымша , көмекші қызмет атқарады. Мысалы , орыс тілі лебізді екпінге ие тілдердің тобына жатады. Солай бола тұрса да , оған квантативті екпіннің қатысы бар . Орыс тілінде сөз құрамындағыекпін түскен буын , біріншіден, жоғарғы қарқынмен , көтеріңкі айтылса, екіншіден, ондағы дауысты дыбыс басқа буындардағы дауыстыға қарағанда созылыңқы айтылады. Демек , орыс тіліндегі екпін түскен буын квантативті болады.

Неміс тілі де – лебізді екпінге ие тілдің бірі . Мұмымен бірге , неміс тіліндегі екпіннің муэыкальды сипаты бар. Бұл тілде екпін түскен буын екпінсіз буыннан тонның өте-мөте жоғары көтерілу сипатымен ерекшеленіп ажыратылады. Алекпіннің сандық жағының неміс тілінде пәлендей ролі болмайды, өйткені ондағы созылыңқы дауыстылар келте дауыстыларға қарсы қойылады да, фонетикалық қызмет атқарады.

Кейбір тілдерде , мысалы , орыс тілінде , екпін сөздердің әр буынына – алғашқы, ортадағы, соңғы буынына да – түсе береді . Екпін арнаулы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе беретін болса, ондай екпін жылжымалы екпін деп аталады. Мысалы, орыс тіліндегі екпін – жылжымалы екпін .

Кейбір тілдерде, мысалы, түркі тілдерінде , екпін көьінесе арнаулы бір буынға байланып , басқа буындарға жылжи бермейді . Екпін белгілі бір буынға телініп тұрақталса, ондай екпін тұрақты екпін деп аталады. Түркі тілдері тұрақты екпінге ие тілдердің тобына жатады. Түркі тілдерінде , соның ішінде қазақ тілінде , екпін сөздің көбінесе соңғы буынына түседі.

Тіл-тілде сөз екпінінен басқа фразалық екпін де болады. Сөйлеу процесінде бір-бірімен тіркесіп айтылған сөздердің әрқайсысы дербес екпінге ие болуы шарт емес . Кейбір сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы өз алдына дербес екпінмен дараланбай , айтылу жағынан жігі жымдасып , бір ғана екпінге ие болады. Мұндай сөз тіркестеріндегі екпін фразалық екпін деп аталады. Фразалық екпіннің , әсіресе сөздер бір-бірімен қосымшалар арқылы емес , орын тәртібі және дауыс тоны арқылы байланысатын және солар арқылы бірінен бірінің жігі ажыратылатын түбір тілдерде мысалы, қытай тілінде және аффикстер қолданылатын орында көбінесе жеке сөздер қолданылатын француз тілдерінде айрықша маңызы бар

Сөзде белгілі бір буынның екпін түсіп, ерекшеленіп айтылатыны сияқты , кейде сөйлемде бір сөзге ерекше назар аударылып айтылатыны бар. Сөйлемдегі айрықша назар назар аударылып айтылған сөзде ой екпіні болады да , ол сөз басқа сөздерге қарағанда , ерекше әуенмен айтылады. Мұндай екпін логикалық екпін деп айтылады.

Жазба тілде логикалық екпіннің қай сөзге түсіп тұрғаны клнтекстен, оның мазмұнынан аңғарылады. Ауыз –екі сөйлеуде логикалық екпін сөйлеушінің қай сөзге айрықша назар аударуды қажет санап тұрғанын ажыратуға мүмкіндік береді.