Сын есімнің шырайлары

Заттың сыны мен сапасы үнемі бір дәрежеде бола бермейді. Мысалы, ақ, ақшыл, ақшылтым, ақтау, өте ақ немесе көк, көкшіл, көкшілтім көгілдір дегендерде ақ көк түсінің әр түрлі дәрежеде қолданылып тұр.

Осы сияқты заттың сынының әркелкі дәрежеде болуын шырай деп атаймыз. Шырай деген сөздің мағынасы өң, түр, кейіп, көрік, ажар тағы басқаны білдіреді.

Сонымен бір түрлі түр мен түстің, сана мен белгінің, иіс пен дәмнің әр қилы реңдерін шырай деп аталады. Мысалы, ақ, қара, қаралау, көгірек, сұп-сұр (түр мен түс), жақсы, жаман, тәуір (сыры мен сапасы), жақсырақ, жаманырық, тәп-тәуір, үлкен, кіші, ауыр, жеңіл (көлемі, аумағы, салмағы), үлкенірек, кішірек, ауырырақ, жеңілірек т.б.

Сын есімнің төрт түрлі шырайы бар: жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай.

  1. Заттың жай белгісі, түрін, түсін, сапасын,көлемін, салмағын, аумағын, иісін, дәмін, т.б. көрсететін белгіні жай шырай деп атаймыз. Мысалы, биік, жаќсы, аќылды, өнімді.

Жасалу жолы: ешбір ќосымшасыз түбір және туынды сын есімдердіњ өзінен жасалады.

  1. Салыстырмалы шырай – бір заттыњ сындыќ белгісін екінші затпен салыстырѓанда кем не артыќ екенін білдіретін шырайдыњ түрі.

Жұрнаќтары: 1) –ыраќ, -ірек, -раќ, -рек: 2) –лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: 3) –ќыл, -ѓыл, -ќылт, -ѓылт, -ѓылтым, -тым, -шыл, -шіл, -ќай, -ањ, -шылтым, -шілтім, -ѓыш, -ілдір, -ша, -ше, -ќай.

Мысалы: 1) ауырыраќ, жаќсыраќ, кішірек: 2) ќызылдау, жылылау, кішілеу: 3) аќшыл, көгілдір, бозањ, ќоњырќай, ұзынша, сарѓыш, ќышќылтым:

  1. Күшейтпелі шырай – белгілі бір сындыќ белгініњ бір нәрседен өте артыќ не өте кем екенін білдіретін шырайдыњ түрі. Мысалы, сап-сары, жап-жарыќ

Жасалу жолы: негізгі сын есімдердіњ алдынан күшейткіш буынныњ ќосарлануы арќылы жасалады.

  1. Асырмалы шырай – белгілі бір сындыќ белгініњ бір нәрседен аса артыќ не аса кем екенін білдіретін шырайдыњ түрі. Мысалы: өте жарыќ, тым ауыр

Жасалу жолы: сын есімніњ алдынан күшейткіш үстеулердіњ (тым, өте, ењ, наѓыз, орасан, кілењ, аса т.б.) тіркесіп келуі арќылы жасалады.