Сын есімдер

Сын есім – заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, иісін т.б. қасиеттерін білдіретін сөздер.

Қазақ тілінде сын есімдердің сұрақтары – қандай? қай?

Бұл айтылғандар – сын есімнің мағыналық жағы.

Тұлғалық жағынан сын есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.

  1. Негізгі сын есімдерге – түбір сын есім жатады. Түбір сын есмі жұрнақсыз, басқа сөздермен бірікпей, қосарланбай, тіркеспей, жеке тұрып-ақ сындық мағына береді. Мысалы, көк,сары, кең, жылы, терең, таза, алыс.
  2. Сын есімнің туынды түріне сын есімдердің бірігуі, қосарлануы, зат есім мен сын есімдердің тіркесуі арқылы және сын есімге, басқа сөз таптарына түрлі жұрнақтар қосылуы арқылы жасалған сөздер жатады. Мысалы, 1. Көкпеңбек еріндері қимылдайды. 2. Төбеміз кішкене-кішкене жақпар тастар. 3.Ақ, сары, қара, ала көк, ауыз жолды, көп балалы, жібек көйлекті.

Дара және күрделі сын есімдер

Дара сын есімдер деп құрамы бір ғана сөзден тұратын сындық мағыналы сөздер аталады: әдемі, жақсы, күлкішіл, ұзын, қоңыр, таңғы т.б.

Күрделі сын есімдер деп ең кемі екі сөзден құралып, бір сындық ұғымды білдіретін сөздер аталады: күрең қызыл, қара ала, қара сұр, ақ сақалды т.б.

Күрделі сынның жасалу жолдары:

  1. Сапа сындарының бір-бірімен тіркесуі арқылы күрделі сын жасалады: қызыл ала,қоңыр күрең,қара сұр, қара көк , көк алат.б.
  2. Сапалық сыны мен қатыстықсынның тіркесуі арқылы жасалады: қалың қамысты (көл), ақ қанатты (құстар) , кең маңдайлы көк көйлекті(қыздар) т. б.
  3. Есім сөз бен қатыстық сын есімнің тіркесіарқылы жасалады: түлкі тымақты (кісі), қос ішекті( домбыра), былғары етікті (жігіт), қасқыр ішікті(азамат) т б.
  4. Қатыстық сын менқатыстық сынның тіркесі арқылыкүрделі сын есім жасалады: қазақы мінезді (жігіт), толықша денелі(әйел), сәнді киімді(қыз), өткір көзді)жігіт), сапалы білімді(азамат) т. б.

5.Сын есімдердің қосарлануы арқылы күрделі сын есім жасалады: үлкен-үлкен, жақсылы- жаманды, үлкен-кіші.

Сын есім мағынасына қарай сапалық және қатыстық сын есім болып бөлінеді:

Сапалық сын есім деп заттың түрі, түсін, сапасы мен сынын, көлемі мен аумағын білдіретін бір морфемалы сөздер аталады: ақ, көк, үлкен, жақсы,биік, жаман, қызыл, кең, тар, жалпақ т.б.

Сапалық сын есім сын есімнің негізгі түп қазығы, негізгі ұйытқысы. Өйткені сапалық сын есімдерге кішірейту, ұлғайту, жұрнақтары және үстеме буындар жалғанып түрленеді.

Қатыстық сын есімдер деп бір зат пен екінші заттың қатысын, байланысын білідіретін сын есімдерді айтамыз. Мысалы, Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар дегендегі балалы, баласыз деген сөздер үйдің баласы бары-жоғын білдіріп тұр.

Қатыстық сын есімдер қай сөзден жасалса, сол сөздің мағынасымен байланысып кейде сол сөзге синоним сияқты болып тұрады. Мысалы, Аталық борыш, синонимі атаның борышы.