Біріккен сөздер

Біріккен сөзекі я одан да көп сөздер бірігіп, бір ұғымды білдіретін және бір сұраққа жауап беретін сөз.Мысалы, тасбақа тас+бақа,Талдықорған Талды+қорған, орын + басар – орынбасар, көк+өніс – көкөніс, бала+бақша – балабақша, жан+ұя – жанұя, бал+мұздақ – балмұздақ т.б. Қазақ тілінде орыс тіліндегі байланыстырушы дауыстылар сияқты сөзді біріктіретін морфемалар жоқ. Сөз ешбір қосымшасыз бірігеді. Біріккен сөз екі түрлі: 1) кіріккен сөз, 2) біріккен сөз.

Кіріккен сөз деп сыңарлары түрлі дыбыстық өзгеріске түсіп, бір-бірімен дыбыстық жағынан үндесіп, ықшамдалып, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздерді атайды.Мысалы, биыл-бұл жыл,бүгін-бұл күн, қол+қап – қолғап, алып+бер — әпер, қайын+іні – қайын, ендігіден+әрі – ендігәрі, қара+ала+құс – қарлығаш т.б.

Біріккен сөздер деп құрамындағы сыңарлары дыбыстық құрамын сақтай отырып, бір лексикалық мағына беретін біртұтас сөзге айналған сөздер аталады.Мысалы, сая+жай – саяжай, ақ+қу – аққу, ай+балта – айбалта, көк+жөтелкөкжөтел т.б.Біріккен, кіріккен сөздер бірге жазылады. Біріккен сөздер сөздік қорды байытады.

Біріккен сөздердің жазылу емлесі.

1.Түбір сөздері ешқандай өзгеріске ұшырамай, сол күйінде, өзгеріссіз жазылады. Мысалы: асқабақ, Мергенбай, Ақтөбе, Жетісу, жетіжылдық т.б.

2.Дыбыстық өзгеріске ұшыраған мына сөздер айтылу қалпында жазылады. Мысалы: күздігүні, белбеу, қолғабыс,Жанғазы т.б.

3.Еш, бір, әр, кей, әлде сөздері есімдіктермен бірге жазылады да,есімдермен бірікпей бөлек жазылады.

Еш Бір Әр Кей Әлде
Ешбір біраз әркім кейбіреу әлдекім
Ешкім бірнеше әрқашан кейбір әлдеқашан
Ешқашан бір адам әрқайсы кей адам әлдеқайда
еш адам бірталай әр адам    

  1. Қара торғай (құс аты), ақшелек (ауру), Қаракүйе (құрт), соқыртеке (ойын) т.б. сөздер алғашқы мағынасын өзгертіп, жаңа мағынаға ие болғандықтан,бірге жазылады.