Ә. Дүйсенбиев «Не деу керек өлеңі»

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді

Ең үлкенін жақсысын

Саған таңдап әперді

Не деп барып жеу керек?

 

Балалар жүр көшеде

Естіледі шу айқай

Сенде шықтың көршіңді

Қағып кеттің байқамай

Мұндайда не деу керек?

 

Осы келген бетіңде

Допты қудың, жарыстың

Көшенің сол шетінде

Кезікті бір танысың

Ұмыттың сен не деуді?

 

Үй артында қоқысты

Жатқан көптен үйіліп

Тазалайды қарт кісі

Белі зорға иіліп

Не дегенің жөн еді?

 

Әжең сенің түскі асқа

Қант пен кәмпитті салды мол

Жұрттан бұрын ыдысқа

Ай шай жоқ салдың қол

Жөн еді не айтқаның?

 

Добын апар Назардың!

Деді ағаң бармадың

Тапжылмадың, сазардың,

Аға тілін алмадың

Сен қай сөзді айтпадың?