Тіл дыбыстары және оның түрлері

Тілдердің барлығында да дыбыстарды дауыстылар ж/е дауыссыздар деп екі топқа бөлу ертеден келе жатқан дағды. Дыбыстарды дауыстылар ж/е дауыссыздар деп топтастырудың тіл білімінде ұзақ тарихы болғанымен, бұлайша топтастыруға негіз болатын басты белгілер әлі де болса жете айқындалмай келеді.

Бұл мәселе жайында жалпыға бірдей ортақ көзқарастың жоқтығыда осыдан болып отыр.

Дыбыстарды дыбыстылар ж/е дыбыссыздар деп топтастырғанда, олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары да еске алынады.

Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, дауыстыларды айту үстінде фонациялық ауа:

  1. кедергіге ұшырамай, тосқауылсыз еркін шығарады;
  2. дыбыстау мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады;
  3. Фонациялық ауа баяу шығады.Ал дауыссыздардың артикулияциясы мұнан басқаша болады.Дауыссыздарды айтқанда фонациялықауа:1кедергіге ұшырап, тосқауылмен айтылады
  4. тосқауылдан өту кезінде дыбыстау мүшелеріне күш түседі; 3.Фонациялық ауаның шығу қарқыны күштірек болады. Дауыстылар мен дауыссыздарды артикуляциялық жақтарынан алып ажыратудың жалпылама ортақ белгісін Бодуэн де Куртенэ анықтаған.

Дауыссыздардың кейбіреулері дауыстың қатысуымен жасалса, қайсыбіреулері дауыстың қатысуынсыз жасалады.Осыған орай, дауыссыздар екі топқа бөлінеді: оның бірі – қатаң дауыссыздар, екіншісі – ұяң дауыссыздар. Қатаң дауыссыздар деп дауыстың қатысынсыз жасалған дауыссыздарды айтамыз да, ұяң дауыссыздар деп дауыстың қатысуымен жасалған дауыссыздарды айтамыз.

Егер дауыссыздарды айқанда, дауыс шымылдығы жиырлып қысылмаса ж\е дауыстың қатысы болмаса, онда қатаң дыбыстар жасалады. Мысалы: қ,к,т,п,с ж\е т.б.Егер дауыссыздарды айтқанда,дауыс шымылдығы үн шығарарлық қалыпта болса,онда ұяң дыбыстар жасалады. Мысалы: ғ,г,д,б,з ж\е т.б

Қатаң дауыссыздар мен ұяң дауыссыздар түрлі ділдерде дауыстың қатысуы жағынан ажыратылмайды да, өз-ара жұп-жұбымен айтылады.Тіл-тілде қатаң дауыссыздардың ұяң сыңарлы, керісінше ұяң дауыссыздардың қатаң сыңарлары бар. Мысалы:к-г, п-б, т-д, с-з, ф-в, ж\е т.б

Дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай ауыз жолды ж\е мұрын жолды дауыссыздар болып 2 топқа бөлінеді.Егер жұмсақ таңдай жоғары көтеріліп, жұтқыншақтан мұрын қуысына баратын кіре беріс жолды жауып тұрса, онда ауа ауыз қуысымен өтеді де, осының нәтиежесінде ауыз жолды деп алатын дауыссыздар жасалады.Егер жұмсақ таңдай төмен түсіп, жұтқыншақтан мұрын қуысына баратын кіре беріс ашық болса, онда ауа мұрын қуысына өтеді де, осының нәтиежесінде мұрын жолды деп аталатын дауыссыздар жасалады. ( Мысалы:м,н…).

Артикуляциялық жолын қарай салдыр дауыссыздар шұғыл дауыссыздар ж\е ызың дауыссыздар болып 2 топқа бөлінеді.

Шұғыл дауыссыздарды айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне жабысады да, бірден кілт ажырасып кетеді, осының нәтиежесінде ауа үзіліп, шұғыл шығады.Шұғыл дауыссыздардың осы қасиеті ескеріліп, олар эксплозив дауыссыздар деп те аталады. Шұғыл дауыссыздар мыналар: п,б,т,д,ж,қ,ғ.

Шұғыл дауыссыздардың айтылу ерекшелігін т дыбысының артикуляциялық жолын сипаттаудан да аңғаруға болады.Бұл дыбысты айтқанда, тілдің ұшы күрек тіспен жымдасып, бірден кілт ажырап кетеді де, ауа шұғыл шығады.

Ызың дауыссыздардың дыбыстау мүшелерінің жылдамдасуынан емес, тек өз-ара жуысуынан,соның нәтиежесінде, ауаның сүзіліп шығуынан жасалады. Ызың дауыссыздар кейде фрикатив дауыссыздар деп те аталады.

Олар мыналар:в,ф,ғ,с,ш,х,з,ж,һ.

Ызың дауыссыздардың айтылу ерекшелігін х дыбысының артикуляциялық жолын сипаттаудан да аңғаруға болады. Бұл дыбысты айтқанда, тіл мен таңдай нық жабыспай, тек бір-біріне жуысады да, ауа сүзіліп ызыңмен шығыды.

Тіл-тілде ызың дауыссыздар мен шұғыл дауыссыздардың ерекшеліктерін бірдей қамтыған дауыссыз дыбыстарда кездеседі.Мұндай дауыссыздар аффрикат дыбыстар деп аталады.

Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық жолы мен артикуляциялық орнына қарай жіктеліп,

топ-топқа бөлінуін жете білудің дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өз-ара үндеу заңдылығынтүсіну үшін үлкен мәні бар.

Тіл білімінде дауыссыз дыбыстар консонтизм деп те аталады.

Дыбыстылардың жасалуының анатомия-физиологиялық жалпы жағдайының ерекшелігі мынада: сөйлеу каналында салдыр тудырарлықтай елеулі кедергінің болмауы ж\е ауа ағысының баяу өтуі.

Ауа ағысының баяуы дауыстылардың жасалуының қажетті ж\е басты шарты болып саналады.

Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі 3 түрінің қатысы мен қалпына қарап, атап айқанда,1)тілдің қалпына ,2)еріннің қалпына ж\е 3) жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.

  1. Тілдің артқы таңдайға қарай жиырлып, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дыбыстар(а,ы,о,ұ) жасалса,оның таңдайдың алдыңғы жағына жуықтап айтылуынан жіңішке дауыстылар(ә,е,і,ө,ү,) жасалады.

Дауысты дыбыстыларды жуан дыбыстылар ж\е жіңішке дауыстылар деп 2 топқа бөліп қараудың түркі тілдерінде сингармонизм заңдылығын танып білуде үлкен мән бар.

  1. Еркін қатысына қарай дауыстылар еріндік ж\е езулік болып 2 топқа бөлінеді. Еріндік дауыстылар еріннің алға сүйірленуінен жасалса(о,ө,ү,ұ), езулік дауыстылар еріннің кейін тартылып, езудің жиырлуынан жасалады.

Дауысты дыбыстарды еріндіктер ж\е езуліктер деп 2топқа бөліп қараудың түркі тілдеріндегі еркін үндестігін танып білуде үлкен мән бар.

  1. Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық ж\е қысаң дауыстылар болып 2-ге бөлінеді. Ашық дауыстылар жақтың кең ашылып, иектің төмен түсуінен жасалса(ә,а…),қысаң дауыстылар жақтың болар-болмас ашылуынан жасалады (ұ,ү,ы,і). Ашық дауыстылар мен қысаң дауыстылардың аралығындағы дауыстылар о,ө,е, дыбыстары.

Дыбыстыларды ашық ж\е қысаң деп бөлу-шартты нәрсе. Дауысты дыбыстардың көпшілігі ашық дауысты дыбыс (а) пен қысаң дауысты дыбыстардың (ұ)аралығынан орын алады.Ондай аралық дыбыстар не ашық дауысты,не қысаң дауыстыға бейімделуіне қарай 2 топтың біріне шартты түрде телінеді.

Дифтонгтар- дауыстылардың айрықша бір түрі. Дифтонг деген термин 2 дауысты деген мағананы білдіреді.Оның артикуляциясы да күрделі болады.Әрбір дифтонг дауысты дыбыстың элементінен басталып,дауыстының элементімен аяқталады да, екі дауыстының тіркесінен құралады.

Дифтонгтардың негізгі екі түрі бар:1- шынайы дифтонгтар, 2- жалған дифтонгтар.

Сонымен дауыстылардың табиғаты түрліше болады.Тіл білімінде дауысты дыбыстар жүйесі вокализм деген терминмен де аталады.

Фонема дегеніміз де- тіл дыбыстары, бірақ ол тіл дыбысты болғанда ,сөздің жігін өзгертіп, марфемалардың жігін ажырататын дыбыс. Фонема тіл дыбыстарынан бөлек тұрмайды, қайта, олармен тығыз байланыста болады. Фонема да- тілдің материялдық единицасы.

Фонема дегеніміз ұғымы мен тіл дыбыстары дегеніміз ұғымы әр упқытта бір-бірімен сәйкес келе бермейді. Фонема бір дыбыстан ғана емес, сонымен бірге екі дыбыстанда құралуы мүмкін. Керісінше кейде екі фонема бір дыбыс түрінде айтылады. Мысалы, орыс тіліндегі детский деген сөзде т мен с фонемасы бір ғана дыбысы түрінде айтылады.

Фонема теориясының алғаш рет негізін қалаған лингвист-орыс ғалымы Иван Александрович Бодуэн де Куртенэ (1845-1929).