Сөз мағынасының өзгеру себептері мен ауыспалы мағынада қолдану тәсілдері

Сөз мағынасының өзгеруінің, оның жаңа мағынаға ие болуының екі түрлі себебі бар: 1. Сөз мағынасының өзгеруінің тілден тыс немесе сыртқы себептері; 2. Тілдік немесе лингвистикалық себептер. Бұл себептердің біріншісі екіншісіне қарағанда көбірек зерттелген.

Сөз ұғымды білдірудің материалдық формасы бола тұрып, сананың дамуымен байланысты болатын ұғымның өрісі де бейнелейді. Ойлаудың дамуына тән ауысу процестері, мысалы, нақтылықтан абстрактылыққа, жалқылықтан жалпылыққа ауысу және ұғымның дәлденіп жіктелуі сөз мағынасының дамуына әсер етпей қала алмайды. Мысалы, жол деген сөз өзінің нақты мағынасымен бірге 1) “идея бағыты”, 2) “тәсіл” тәрізді абстракты, қосымша мағыналарға ие болған.

Сөз мағыналарының ауысуы, келтірінді мағынада жұмсалуы әр түрлі тәсілдер арқылы іске асады. Сөздің ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылуы бірде метафора мен метономия тәсілі арқылы болса, бірде қызмет бірлігі мен синекдоха тәсілдері арқылы болады. Енді осы тәсілдердің әрқайсысына тоқталайық.

Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір заттың не құбылыстың атауы мен аталуының негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады. Мысалы,орыстың ғылымы, өнері- дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі (Абай) деген сөйлемдегі кілт сөзі “ашатын құрал” дегенді емес “шешуші” деген мағынаны білдіреді. Бұл мағына- кілт кілт өзінің номинативті мағынасы негізінде жасалған туынды мағына. Мәселенің кілті деген сөз тіркесіндегі кілт сөзінің мағынасы да осы аталған мағынамен барабар.

  1. Метафора- әр түрлі тілдердің бәрінде де бар құбылыс. Чех тілінде koryto “корыта” дегенді ғана емес , “арна” дегенді де білдіреді.
  2. Метонимия. Бір заттың немесе құбылыстың атауының екінші затқа не құбылысқа олардың өзара іргелестігі, шектестігі негізінде атау болып ауысуы және, осыған орай, сөздің ауыспалы мағынада жұмсалуы метонимия деп аталады. Мысалы; Үйі мәз боп қой сойды, сүйіншіге шапанға (Абай).
  3. Синекдоха. Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы синекдоха деп аталады.

Егер бүтіннің орнына бөлшек, жалпының орнына жалқы қолданылатын болса, сөз мағынасы кеңиді. Мысалы; кейде семьяңда неше адам бар? –деудің орнына басың нешеу? Дейміз. Бұл арада бас сөзі бөлшек ретінде бүтіннің орнына қолданылып дыбысталуды білдіреді, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер омонимдер деп аталады.

Омонимдер әр түрлі тілдерде бар. Мысалы; түркімен тілінде:бағ 1-“бақ, бау- бақша”, 2- “бірдеменің бауы”.

Мағыналары бір-біріне жақын, өз ара мәндес сөздер синонимдер деп аталады. Өз ара мәндес сөздерден: синонимдік қатар құралады. Синонимдік қатардың құрамына екі кейде одан да көп сөздер енеді. Мысалы; 1. Адам-кісі, 2. Күш-қуат-әл-дәрмен, 3. Қадірлі-құрметті-ардақты-аяулы-қымбатты; 4. Болдыру-шаршау-титықтау-тұралау, құрғау-кебу-тобарысу, 5. Тез-жылдам-шапшаң-лезде-сәтте т.б.

Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Мысалы; ескі-жаңа, алыс-жақын, ақ-қара, ащы-тұщы, бар-жоқ, арзан-қымбат, ашық-жабық, ыстық-суық, өмір-өлім,алғыс-қарғыс, жастық-кәрілік т.б.

Табу негізінен алғанда этнографиялық ұғыммен байланысты. Мұнымен бірге оның тілге, тілдің тарихына да қатысы бар.

Ерте замандарда адамдар әр түрлі қате түсінік, теріс ұғымның дінге сенушіліктің салдарынан кейбір заттардың аттарын тікелей айтуға тыйым салып, оларды басқаша айтатын болған. Бұл құбылыс әдетте табу деп аталады.

Бір затты немесе құбылысты тікелей өз атымен емес, басқа бір сөзбен атаудың себебі мүлдем басқаша болуы мүмкін. Кейбір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу, қолйсыздау болып көрінгенде, олар басқа сыпайы, майда сөздермен ауыстырылып айтылады. Бұл құбылыс эвфемизм деп аталады. Бірақ эвфемизмдер, табу сияқты, қате түсінік, діни ұғымның негізінде емес, айтуға дөрекі, қолайсыз сөзді , сыпайы сөзбен ауыстырып айтудың негізінде шыққан. Мысалы; өтірік айту, дегеннің орнына қосып айту, ұрланыпты деудің орнына қолды бопты, ұрлық-қарлық жасамау деудің орнына ала жібін аттамау деген сөз тіркестері қолданылады.