Лексикология және оның түрлері мен саларары

Лексикология грек тілінің «сөз» және «ілім» деген сөздерінен жасалған термин.

Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығы – тілдің сөздік құрамын зерттейді. Лексикалық единицалардың жиынтығынан тілдің сөздік құрамын қарайды. Лексикология тілдің лексика – семантикалық жүйесі туралы мәселе, тідің единицалар ішінде сөздің алатын орны, сөзге тән басқа белгілер, сөз бен ұғымның ара қатнасы мен байланысы және т.б. мәселелерді қарастырады.

  1. Тілдің лексикасы және оның ерекшеліктері жеке лексикологияда қарастырылады.
  2. Жалпы лексикология мен жеке лексикология бір-бірімен тығыз байланысты.

Қоғам дамуының барысында жаңа сөздердің жасалып, тілдің сөздік құрамының толығуы, дамуы, кейбір ескірген сөздердің одан шығып қалуы немесе өте сирек қолданылатын сөздерге айналуы – тіл атаулыға тән жалпы заңдылық.

Тілдің дамуы барысында сөз мағынасының өзгеруі, көп мағналы сөздердің жасалуы және синонимдік қатарлардың пайда болуы осылардың барлығы тілдердің барында.

Дүние жүзіндегі барлық тілдерде туынды сөздер сөз тудырудың белгілі бір тәсілдері бойынша жасалады. Сөзтудырудың бір тәсілі – сөздерді біріктіру тәсілі. Сөз тудырудың біріктіру тәсілі әр түрлі тілдерде түрліше дәрежеде көрінуі және әрекет етуі мүмкін.

Сөздердің қосарлану тәсілі түрлі тілдерде бар, әсіресе ол түркі тілдеріне тән қасиет.

Жеке лексикология белгілі бір тілдің сөздік құрамының шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің белгілі бір дәуірдегі, мысалы: қазіргі дәуірдегі қалпы тұрғысынан қарауы мүмкін.

Тарихи лексикология тілдің сөздік құрамының шығуы, замандар бойында қалыптасуы және және дамуы лексиканы қарастырушы арналар және олардың тарихи тұрғысынан зерттелінеді, ал сипаттама немесе синхрониялық лексикологияда, мысалы: «Қазақорыс тілі», «Қазіргі ағылшын тілі» т.б пәндердің лексикология бөлімдерінде аталған тілдердің лексикасының осы заманғы қалпы, сөздің мағналық құрлымы, лексиканы құрастырушы арналармен қат–қабаттар, сөздердің активті және пассивті топтары, сөздік құрамының даму жолдары, лексиканың стилистикалық дифференциалануы, сөздердің қолдану саясы, мағыналардың қарым-қатынасына қарай сөздердің топтасуы /синоним, омоним, антоним/ және т.б. мәселелер қарастырылады.

Синхрониялық лексикологияда тілдің сөздік құрамы өзара байланысты элементтердің лексикалық жүйесі тұрғысынан да қаралуы керек . Осыған орай, сипаттама лексикологияда, қажет болған жағдайда тарихи мәліметтермен түсініктер қазіргі тілдегі лексикалық құбылыстардың табиғатын жете түсінуге көмектеседі.

Историзм принципі диохрониялық лингвистика үшін ғана емес, синхрониялық лингвистика және оның барлық салалары, соның ішінде сипаттама лексикологиялық үшін де қажет.

Тарихи лексикологияның бір саласы – этимология.

Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этимологиялық зерттеулердің жеке сөздердің төркінін ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы өте күшті.

Лексикологоияның енді бір саласы – салыстырмалы лексикология туыстас сөздердің сөздік құрамын, ондағы сан алуан сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып зерттейді. Салыстырмалы лексикология туыстас тілдердің лексикасын салыстырып қана қоймай, олардың тарихи дамуын өөзгеру тұрғысынан қарастырады. Сондықтан оны салыстырмалы­­ – тарихи лексикология дейді. Сол тарихи лексикологияның маңызы мынада: тілдің ерте кездегі шағын сөздік қоры талай замандар бойында, талай өзгерістерге ұшыраса, өсіп өрбіп мыңдаған сөздер қосылып бұл күнде оны тарихи тұрғыдан қарастырып бір-біріменсалыстыра зерттегенде ғана мүмкін болмақ. Салыстырмалы тарихи зерттеусіз, ғылыми зертеудің де ғылыми теориялық топшылаудың да болуы мүмкін емес.

Тілдің лексикологиядағы әрбір сөзде белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналық жақтардың семасиологияда қарастырады. Семасиология сөздердің мағыналарын өзгеру жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып саналады. Семасиология – лексикологияның ең басты және маңызды саласы, өйткені оны зерттейтін мәселесі – мағынаны әрбір сөздің «жаны» десе болады. Семасиологияның лексикографиялық жұмыста да /сөздіктер жасау жұмысы/ маңызы айрықша. Сөздіктерде сөздің мағналық жақтары талданады. Семасиологиялық топшылаулары мен қорытындылары сөздік жасау ғылыми және практикалық тұрғыдан дұрыс жолға көмектесіп,бағыт-бағдар сілтейді.

Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы – ономосиология деп аталады. Семасиология сөздердің мағыналарын, семантикалық заңдарын зерттесе ономосиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір аталуының себебі неліктен екендігін қарастырады. Анығырақ айтқанда сөз семасиологиялық тұрғыдан қарастырғында, оның мағналық жағына назар аударылады. Сонымен ономосиология заттармен құбылыстардың аталуы, белгіленуі туралы ілім дегенді білдіреді.

Ономосиологияның диолектологияға да қатысы бар. Ономосиологияның диолектологияға қатысы әсіресе лингвистикалық географиядан айқын аңғарылады. Әр түрлі тілдердің диолектологиялық қатнастарының лексикологиялық картасы ономосиологиялықнегізде жасалады да, бір заттың немесе құбылыстың диолектрлердің атауларынан таралуын көрсетеді. Ономосиологиялық айрықша бір саласы – ономастика, жалпы есімдерді зерттейді. Ономастика өз ішінде екі салаға бөлінеді: бірі – антропонимика, кісі заттарын зерттеу обьектісі етіп алса екіншісі – топонимика, географиялық атауларды зерттеу оъектісі етіп қарастырады.

Шындық болмыстығы заттар мен құбылыстар жеке сөздермен ғана емес, тқрақты сөз тіркестерімен де аталады. Тіл- тілдің лексикасында жеке сөздердің айрықша синоним ретінде сөздердің тіркесімен болғанымен мағынасы жағынан жеке сөздермен келіп, бір бүтін лексикалық единица тәрізді қызметатқарады. Осымен байланысты лексикологияда мағнасы жағынан дара сөздермен сәйкес келетін фразеологиялық сөз тіркестері де қарастырылады. Мысалы, жүрегі тас төбесінен шықты /қорқу/, қас пен көздің арасында, қас қаққанша, ауызды ашып жұмғанша /лезде/, қаны қайнау /ашулану/, он саусағынан өнері тамған немесе ағаштан түйін түйген /өте шебер/, үріп ауызға салғандай /сүйкімді/ т.б. деген фразеологиялық сөз тіркестері әбден лексикаланған да мағнасы жағынан бір сөз тәсілді болып кеткен. Осылар тәріздес сан алуан фразеология тұрақты сөз тіркестерінің түрлерін, олардың құрамы мен құрлысын жасау жолдарын қарастырады.

Тілдің әр түлі жақтары бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатыны сияқты, оларды зерттейтін тіл білімінің де әр түрлі салалары бір –бірімен әрдайым өзара байланыста болады. Мысалы: лексикологияның тіл білімінің арнаулы бір саласы ретінде фонетика және грамматикамен мынадай байланысы бар: тілдегі әрбір сөз дыбыстардың белгілі бір тіркесімен айтылады. Дыбыс тіркестері сөздің сыртқы жамылғышы да, сөздің мағынасы оның мазмұны болып саналады. Қандай бір сөз болсын, дыбыс тіркестерімен айтылып, белгілі бір мағынаны білдіреді. Сөздің дыбыстық жағын зерттейтін фонетиканың лексикологиямен байланысыда осыдан келіп туады. Тіл- тілде сөздің дыбыстық құрамының өзгеруі немесе екпіннің ауысып түсуі сөз мағынасына әсер етіп оны өзгертеді. Туыстас тілдердің лексикасын өзара салыстыра зерттеу немесе белгілі бір тілдің лексикасын тарихи тұрғыдан зертеулер салыстырмалы тарихи фонетиканың деректеріне негізделеді.

Тіл білімінің лексикология әсіресе грамматика саласымен тығыз байланысты.

Тілдегі сөздерномативті қызмет пен бірге грамматикалық қызметте атқарады. Сөздер жеке дара күйінде емес, өзарабайланысында қолданылады. Сөздің белгілі бір грамматикалық қызметі оның мағынасына да әсер етелді.

Сөздің грамматикалық байланысы туған қосымша мағнасы грамматикалық байланысты мағына немесе синтаксистік шартты мағына деп аталады. Тілдің даму тарихында бір жағынан лексикалық единицалардың грамматикалық процесі жүріп жатса, екінші жағынан сөздердің тіркестерінің бірі